Файл: зім туралы Педагогті.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.04.2024

Просмотров: 164

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
      1. сабақ





Бөлім:

Өзім туралы

Педагогтің аты-жөні




Күні:




Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Адамның бет әлпеті мен көңіл күйі

Оқу бағдарламасына

сәйкес оқу мақсаттары

2.1.1.1 қоршаған ортамен танысу барысында нысандар мен құбылыстардың визуалды сипаттамасын (түс, пішін, өлшем,

фактура) суреттеу және түсіндіру

Сабақтың мақсаты

Адамның бет әлпеті туралы білетіндерін қайталайды. Түс үйлесімінің не екенін біледі.

Түс пен көңіл күйдің байланысын зерттейді. Түс арқылы көңіл күйді көрсетуді үйренеді.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Ұйымдастырусәті

  1. Адамдардың бет әлпеті туралы не білесің?

  2. Адамдар бір-бірінен несімен ерекшеленеді?


Жаңасабақтытүсіндіру

– Біз бүгін адамның бет әлпетін суреттеуді, түстің көңіл күймен байланысын білеміз.

Сабақта электронды қосымшаны қолдануға болады.

Мұғалімнің сұрағына жауап береді.

Сабақ тақырыбын анықтайды.

Бағалау критерийі: адамның ұқсастықтары мен ерекшеліктерін анықтайды.

Оқулық, 6-бет.
Түрлі түсті фломастерлер, түсті қарындаштар.
2-сыныпқа арналған CD-диск.

Ортасы

ОқушылардыңқызығушылығыноятуМұғалім оқушылармен бірге 1-сыныпта адамдардың және өздерінің бет әлпеті туралы білгендерін еске түсіреді. Ол үшін тақтаға бет пішіні әр түрлі үш оқушыны шығарады.
Топтықжұмыс

Нәтижесінде екі қорытынды жасалады:

  1. балалардың қандай ұқсастықтары бар;

  2. ерекшеліктері қандай?

Оқушылар алдымен тақтаға шыққан балалардың бет әлпетінде қандай айырмашылықтар мен ұқсастықтар бар, бет пішіндері қандай екенін айтады. Одан соң үш оқушының бет әлпетіне ғана емес, сондай-ақ тері, шаш, көздерінің түсіне де зейін қояды.


(ҚБ) Бас бармақ. Егер топтағы оқушылар тапсырманы дұрыс орындаса, мұғалім бас бармағын көрсетеді. Ал егер жауаптары дұрыс болмаса, бармағын жантайтады.








Шығармашылықтапсырма

«Мен жер бетіндегі миллиондаған адамның бірімін» немесе «Мен ерекшемін, өзгелерге ұқсамаймын» тақырыбына шағын әңгіме құрастыру.
АдамжәнеоныңкөңілкүйіОқулықтың 7-бетіндегі суреттерге назар аударады.

  • Балалардың көңіл күйін қалай байқадың?

  • Суретші әртүрлі көңіл күйді көрсету үшін қандай әсерлегіш құралдарды пайдаланған?


Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындауСергітусәті

Жаңаұғымдардытүсіндіру

Сабақтыңтақырыбы:Түс жәнекөңілкүй

Түс үйлесімі (түс гаммасы) ұғымын түсіндіру. Тапсырма: әрбір шеңбердің көңіл күйін анықтау.

  • Қай түстер үйлесімі көңілді деп ойлайсың? Ал көңілсізі мен ашулысы қайсы?

Сенің күнделікті көңіл күйіңе қандай түс үйлесімі сәйкес келеді?
Материалдыбекіту

Г. Ысмайылованың «Қазақ вальсі» және

«Ақтоқты рөліндегі Ш. Жандарбекова» картиналарын көрсету.

  • Түс арқылы көңіл күйді анықтай алдың ба?

  • Суретші пайдаланған түстерді ата.

Өз бет әлпеттеріне ерекше мән бере отырып, әңгіме құрастырады.


Мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

№1 жұмыс дәптерінің 3–4- беттеріндегі тапсырмаларды орындайды.

Мұғалімнің сұрағына жауап береді.


Толық жауап береді. Картиналарда пайдаланылған түстерді атайды.

№1 жұмыс дәптерінің 5-бетіндегі тапсырманы орындайды.


Дескриптор:

  • адамның ұқсастықтарын табады;

  • адамның ерекшеліктерін анықтап, түсіндіреді.


(ҚБ) Бас бармақ

Дескриптор:

  • адамның сырт келбетін бейнелейді;

  • қыз бала мен ұлдың сырты келбетін ажырата алады;

  • құралдарды пайдаланады;

  • адамдардың ұқсастығын анықтайды;

  • түрлі түсті фломастерлер мен қарындаштарды қолданады.


(ҚБ) «Қос шапалақ» тәсілі. Мұғалім дұрыс жауапқа екі рет, дұрыс емес жауапқа бір рет шапалақ ұрады.
Дескриптор:

  • әрбір түс композициясының көңіл күйін анықтайды;

  • палитрада көңіл күйіне сәйкес бояуларды шығарады;

  • жұмыс дәптеріндегі түстік композицияны

салады.


Оқулық, 7-бет.


№1 жұмыс дәптерінің 3–4- беттері.
Оқулық, 8–9- беттер.

№1 жұмыс дәптері.





Соңы Рефлексия

– Бүгінгі сабақтан не үйрендің? Сабақтан алған әсеріңді айтып бер.
«Күн және бұлттар»

Мұғалім оқушыларға күлімдеген, ашулы және көңілсіз күннің суреті бейнеленген үлестірме қағаздарды таратып береді. Балалар жауап береді:

  • Күн күлімдесе – сабақтағы жұмысыма көңілім толды.

  • Күн көңілсіз болса – сабақта қиындықтар болды.

  • Күн ашулы болса – көңілім толмайды, көп нәрсені жасай алмадым.

Оқушылар адамдардың ерекше екенін, олар несімен ерекшеленетінін білді. Олар тек портрет салып қана қоймай, түс арқылы портреттің көңіл күйін де көрсете алады.




Күн бейнеленген үлестірме қағаздар.



      1.   1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

сабақ





Бөлім:

Өзім туралы

Педагогтің аты-жөні




Күні:




Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Сызық, мимика және көңіл күй

Оқу бағдарламасына

сәйкес оқу мақсаттары

2.1.3.1 шығармашылық идеялары мен сезімдерін (көңіл күйі, мінезі) өнердің суреттеу құралдарымен көрсету

Сабақтың мақсаты

Сызық арқылы көңіл күйді қалай көрсетуге болатынын зерттейді.

Мимиканың не екенін, оның көңіл күймен байланысын біледі.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Ұйымдастырукезеңі

Мұғалім тақтаға үш оқушыны шығарып, оларға кез келген сызық салуды тапсырады. Қалған оқушылар сызықтарға қарап, олардың көңіл күйін анықтайды.
Жаңасабақтытүсіндіру

Сызық,мимикажәнекөңілкүй

– Біз бүгін сызық арқылы көңіл күйді көрсетуді, мимиканың не екенін білеміз.

1. Сызықтардың қайсысын орнықты әрі нәзік деп

айтуға болады?


Тақтаға сызық салады.

Сұрақтарға жауап береді.

Бағалау критерийі: портреттегі адамның көңіл күйін түстер мен сызықтарға қарап анықтайды; белгілі бір көңіл күйдегі адамды бейнелеу үшін сәйкес әсерлегіш құралдарды таңдайды.

Адамдардың әртүрлі көңіл күйін білдіретін әйгілі суретшілердің портреттері.

Айшықты фотосурет- тер, әртүрлі көңіл күйді білдіретін балалар жұмыстары.

2-сыныпқа арналған CD-диск.








  1. Қайсысы өкпелі әрі ашулы?

  2. Ал қайсысы көңілді әрі ойнақы?










Ортасы

Тақырыптытүсіндіру

Сызықтық композиция ұғымын түсіндіру. Суреттерді қарап шығу.

Адамдар бейнеленген суреттерді қарап шығып, олардың көңіл күйін анықтау.

  • Суреттердегі басты әсерлегіш құрал не болды?

  • Суретші сызық арқылы адамдардың көңіл күйін бере алды ма?


Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындауСергітусәті

Сабақтыңтақырыбынтүсіндіру

Мимика деген не және оның көңіл күйменбайланысы қандай?

Адамның бет әлпеті үнемі қозғалыста болады, оның өзгеруіне қарай адамның жай-күйін байқайсың. Мұғалім осы сөздердің дәлелі ретінде жүзін суық етіп көрсетеді, одан кейін шаттанып күледі, одан кейін таңырқай қарап, арманның жетегінде тұрған адамның кейпіне енеді.

Оқушылардан бір сәттің ішінде өзінің жүзінен нені байқағандарын сұрайды. Балалар байқағандарын айтқаннан кейін, адамның бет әлпетіне қарап, оның көңіл күйін дәл аңғаруға болады деген қорытынды жасайды. Мұғалім одан әрі тақтаға шығып, «Көңіл күйімді тап» ойынын ойнауды ұсынады.
Сергітусәті
Оқушылар ойыннан кейін оқулықтың 12–13- беттеріндегі фотосуреттерді қарап шығып, оларды талқылайды. Балалар мұғаліммен бірге және оқулыққа қарап, адамның көңіл күйі өзгергенде оның бет әлпеті қалай құбылатынын талдағаны

дұрыс; оқулықтағы смайликтерге назар аудару

Мұғалімді тыңдап, сызықтық композицияларды қарап шығады.

Сұрақтарға жауап береді.

№1 жұмыс дәптерінің 6–7- беттеріндегі тапсырмаларды орындайды.

Оқушылар байқағандарын айтып береді.

Балалар адамның көңіл күйлері жазылған үлестірме қағаздарды таңдайды (көңілсіз, таңырқаған, ашулы, зеріккен, көңілді, қу, арманшыл және т.б.). Балалар тақтаға кезекпен шығып, қағазда жазылғанды бет әлпетін құбылту арқылы бейнелеуі керек. Қалғандары қандай көңіл күйді білдіргісі келгенін табады.

Жеңімпаздарды анықтауға да болады (ең үздік әртіс пен ең байқампаз көрермен).

Мұғалімнің сұрағына жауап береді.



(ҚБ) Бас бармақ.

Дескриптор:

  • әрбір композицияның көңіл күйін анықтайды;

  • сызықтардан композиция жасайды;

  • сызықтық композицияларға түстерді сәйкестендіріп таңдайды.

(ҚБ) Смайлик.

Балалар тапсырманы дұрыс орындаса, мұғалім қуанып тұрған смайликті көрсетеді, егер тапсырма дұрыс орындалмаса, көңілсіз смайликті көрсетеді.

Дескриптор:

  • көңіл күй өзгергенде адамның бет әлпеті қандай болатынын анықтайды;

  • түс үйлесімін таңдайды;

  • мимиканың түс және көңіл күймен байланысы туралы қорытынды жасайды.

Оқулық, 10–11- беттер.

№1 жұмыс дәптері. Оқулық, 12–13- беттер.