Файл: зім туралы Педагогті.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.04.2024

Просмотров: 173

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Ұйымдастыру сәтіКесе-шыны, пиала, Оларсыз шай құя ма?

Қасықсыз тамақ жемейді, Бәрінің атын не дейді?

(Ыдыс-аяқ)

Оқушылар жұмбақты шешеді.

Бағалау критерийі: папье- маше тәсілімен ұлттық ыдыс-аяқ түрін жасайды; дайын ыдысты әшекейлейді.

2-сыныпқа арналған CD-диск.







Ерінбеген, еңбек еткен, Онсыз тамақ ішпеген.

(Қасық)

Жаңа сабақты түсіндіруӘшекейлі тәрелке жасаймызҚызығушылықтыояту

Мұғалім қазақ ұлттық ыдыс-аяғын еске түсіруді сұрайды.

Ыдыс-аяқ түрлерін атайды.







Ортасы

Тақырыптытүсіндіру:

Мұғалім папье-машье тәсілімен жасалған ыдысты көрсетеді.

Жаңаұғымдытүсіндіру

Папье-машье қағаз қиындыларын белгілі бір бұйымға желімдеп, оны көшіру арқылы жасалады.

«Папье-машье» сөзінің мағынасын түсіндіріп, жұмыстың жасалу ретімен таныстырады.

Шығармашылықжұмыс

Әшекейлі тәрелкежасаймыз

Тәрелкенің жасалу реті:

  1. Газетті майдалап жырт.

  2. Тәрелкенің ішкі жағына вазелинді молынан жағып шық.

  3. Газет қиындыларын суға малып алып, тәрелкенің майланған жағына жапсыр. Оларды бірінің үстіне бірін нығыздап жапсыр. Тәрелкенің жиегінен асырып желімде. Желім жақпай тағы екі-үш қабат жапсыр.

  4. Соңғы қабатын ПВА желімімен жапсыр. Оның бетіне газеттің құрғақ қиындыларын желімде. Дәл осылай 6 қабат жаса.

  5. Оларды тәрелкеге қатты қысып, 2 күн бойы кептіріп қой.

  6. Желімделген пішін әбден кепкеннен соң, оны тәрелкеден ақырын шығарып ал.

  7. Бетін қолыңмен тегістеген дұрыс.

Шығармашылықжұмыс:Тәрелкеніәшекейлеу

Тәрелкені ою-өрнектермен әшекейлеу жолдарын көрсетеді. Оқулықтағы жұмыс ретіне


Осы тәсілмен жұмыс істеуді үйренеді. Мұғалімнің жетекшілігімен тәрелке жасауға кіріседі.

Оқулықтағы жұмыс ретіне сүйеніп, ыдысқа қағазды желімдейді. Одан кейін екі күн бойы кептіріп, өңдеп, гуашь бояуымен әшекейлейді. Жұмыс істеу барысында тазалық пен ұқыптылықты сақтайды. Ыдысты жасап болған соң, көрме ұйымдастырып, жұмыстарын талқылайды.

(ҚБ) Мұғалім әдісті өзі таңдайды.

(ҚБ) Бас бармақ.

Дескриптор:

  • жұмысты ұқыптап орындайды;

  • жұмыс ретін сақтайды.

Оқулық, 86–87- беттер.
Тәрелке, су құйылған ыдыс, вазелин, ескі газеттер, ПВА желімі, желім жағатын қылқалам, түрлі түсті фломастерлер, гуашь бояулары, қылқалам, әртүрлі өсімдік дәндері.








қарап, тапсырманы дұрыс әрі ұқыпты орындауын қадағалайды.

Таныстыру,талдаужәнебағалауМұғалім әрбір оқушыны тақтаға шығарып, жасаған жұмысын таныстыруды тапсырады. Оқушылар қандай ою-өрнекті қолданғанын айтып береді.

Білімменбілікқоржыны

«Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» бөлімі

бойынша сұрақтарға жауап береді.



Жасаған жұмыстарын таныстырады.

(ҚБ) Мұғалім әдісті өзі таңдайды.

Бояулар, қылқалам, дән.

Оқулық, 88–89- беттер.

Соңы

Рефлексия

Сендер папье-машье тәсілімен таныстыңдар. Осы тәсілмен ыдыс жасап, оны әртүрлі бояу, түсті қағаздан қиып алған өрнектермен әшекейледіңдер.

«Баспалдақ»

Оқушыларға 5–7 басқышы бар баспалдақ бейнеленген постер береді. Онда мына жазулар бар:

  • бәрі тамаша;

  • барлық тапсырманы орындадым;

  • мұғалім көрсеткен үлгі бойынша орындадым;

  • кейбір тапсырмаларды орындағанда мұғалімнің көмегіне жүгіндім;

  • тапсырмалардың көпшілігін орындай алмадым.

Оқушылар сабақтағы белсенділіктеріне қарай сәйкес баспалдаққа белгі салады.

Үйге тапсырма: Ұлттық ыдыс-аяқ жасайтын шебер туралы әңгіме жазу.

Осы бөлім бойынша меңгерген білімдерін көрсетеді.


Мұғалім әдісті өзі таңдайды.





26–27-сабақтар


Бөлім:

Қоршаған орта

Педагогтің аты-жөні




Күні:




Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Алуан түрлі жануарлар

Оқу бағдарламасына

сәйкес оқу мақсаттары

2.1.1.1 қоршаған ортамен танысу барысында нысандар мен құбылыстардың визуалды сипаттамасын (түс, пішін, өлшем,

фактура) суреттеу және түсіндіру








2.1.3.1 шығармашылық идеялары мен сезімдерін (көңіл күйі, мінезі) өнердің суреттеу құралдарымен көрсету

2.2.1.1 қоршаған ортадағы белгілі бір визуалды элементтерді әртүрлі тәсілдер және құралдармен бейнелеу

2.2.2.1 әртүрлі әдістер мен тәсілдерді пайдаланып, материалдарды (көркемдік, табиғи және жасанды) және құралдарды қолдану, эксперимент жүргізу

Сабақтың мақсаты

Жануарлардың дене құрылысын зерттейді.

Пастельдің не екенін біледі.

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Ұйымдастыру сәтіКүшігім бар, Күшігім.

Кереметтей саққұлақ, Күзетіп үй есігін Көңілді жүр шапқылап. Құмары бір қанады Құрбыларым келгенде. Бірден танып қалады Бөгде жанды көргенде. Үріп тұрып жөнімен, Қызық оның қашқаны. Қорқып үріп,

Сонымен

Қорқытады ол басқаны.
Жаңа сабақты түсіндіруАлуан түрлі жануарларҚызығушылықтыояту

Мұғалім балаларға әртүрлі жануарлардың суретін көрсетеді.

Өлеңді оқиды.

Бағалау критерийі: үй жануарларына қандай жануарлар жататынын; жануарлардың адамға пайдасын біледі; жануарлардың суретін салу ережелерін үйренеді; жануарлардың сыртқы түрін сипаттай алады.

Оқулық, 92–93-беттер.
2-сыныпқа арналған CD-диск.

Ортасы

Сабақтытүсіндіру

Мұғалім оқулықтағы материалға сүйеніп, оны үй жануарлары туралы қызықты оқиғалармен және олардың пайдасы туралы білетін мәлі- меттерімен толықтырады. Әңгімеге балаларды да тартады, олар үй жануарлары туралы біраз нәрсе білуі мүмкін. Білетіндерімен бөліссін.

Оқушылар әңгімелеу барысында мынадай жайттарға назар аударуы керек: үй

Тапсырманы қара қарындашпен орындаған дұрыс, сонда түзетіп, өшіруге болады.

Мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.





Оқулық, 92–93-беттер.







жануарлары жабайы аңдардан несімен ерекшеленеді; адамдар мен үй жануарларының арасында қандай байланыс болады; адам жануар үшін не істеу керек; ал жануарлар адамға қамқорлығы мен мейірімін қалай қайтарады? Одан әрі оқулықтағы сұрақтарға жауап береді.

Тапсырманы орындағаннан кейін, мұғалім жануарлардың дене құрылысына оқушылар- дың назарын аударады. Мұғалім оқулыққа сүйеніп, материалды түсіндіреді. Алдымен жануарлардың ерекшеліктеріне тоқталады. Топтықжұмыс

Мұғалім үлкен және кішкентай жануарларды атауды сұрайды, жануарлардың түсін, өздеріне тән сипаттарын атап шығады. Оқушылар білетіндерінің бәрін айтсын. Мысалы, пілдің тұмсығы мен құлағы үлкен, керіктің мойны өте ұзын, кірпі мен жайраның инесі бар, қоянның құлағы үлкен және т.б. Одан соң құстардың ерекшеліктеріне назар аударады.

Жануарлар әлемінің алуантүрлілігін талдап болған соң, мұғалім жануарлардың бәріне ортақ нәрсе бар ма деп сұрайды. Балалардың жауаптарын тыңдап, олардың ішінен шындық- қа жанасатын жауаптарды естуге болады, олар жануарлардың барлығының денесі, басы мен төрт аяғы бар екенін айтады. Одан соң құстардың ұқсастықтарын табады. Сонда жануарлардың суретін қиындықсыз сала алады. Қалай? Мұғалім оған оқулықтағы суреттерге қарап, көз жеткізетіндерін айтады. Оқушылар бір сызбаның негізінде мысықты да, күшікті де, одан басқа жануарларды да пішінін өзгерте отырып сала алады.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындауСергітусәті

Тақырыптытүсіндіру


№ 2 жұмыс дәптерінің 16–19- беттеріндегі тапсырмаларды орындау.

(ҚБ) Мұғалім әдісті өзі таңдайды.

(ҚБ) Мұғалім әдісті өзі таңдайды.

(ҚБ) Дескриптор:

  • суреттердің ішінен дұрысын таңдайды;

  • бояумен керіктің суретін салады;

  • жануарлардың суретін салады;

  • үй жануарларын және жабайы жануарларды бейнелейді.

Оқулық, 94–95-беттер.

№2 жұмыс дәптерінің 16–19-беттері.








Жануарлардыбейнелейміз

Жұмыстың жасалу реті:

  1. Алдымен денесі мен басын қарапайым пішіндер түрінде саламыз.

  2. Енді аяғын саламыз.

  3. Суретті толықтырамыз (көзін, мұрны мен аузын, үлпілдек құйрығын саламыз). Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындауЖануарларды түрлі тәсілдерменбейнелейміз

Мұғалім жануарларды дөңгелек, сопақша, тік төртбұрыш тәрізді пішіндермен салуға болатынын айтады.

Оқулықтағы жануарлар суретін көрсету және талқылау.

Жұмысдәптеріндегі тапсырманыорындау


№ 2 жұмыс дәптерінің 20–21- беттеріндегі тапсырмаларды орындау.


№ 2 жұмыс дәптерінің 22–23- беттеріндегі тапсырмаларды

орындау.





№2 жұмыс дәптері, 20– 21-беттер.

№2 жұмыс дәптері, 22– 23-беттер.

Соңы

Рефлексия

– Сендер үй жануарлары туралы жаңа мәліметтер білдіңдер. Адамдар мен жануарлардың байланысын, мысалы, бұрынғы заманда иттер үйді күзетіп, аңға бірге шықса, енді ғылымға да қызмет етеді. Сонымен қатар балалар жануарлардың ерекшеліктерін көрсете отырып, бейнелеуді үйренді.
«Геометриялық пішіндер»

Оқушылардың әрқайсысы сабақтағы белсенділігі мен көңіл күйін саусақтарымен

түрлі пішін жасай отырып көрсетеді.

Мұғалімді тыңдайды.

Мұғалім әдісті өзі таңдайды.







  1. сабақ




Бөлім:

Қоршаған орта

Педагогтің аты-жөні




Күні:




Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Монотипия жасаймыз