Файл: зім туралы Педагогті.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.04.2024

Просмотров: 194

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.







Ғаламтормен жұмыс істеуге қатысты тапсырма береді. «Ғаламтор немесе басқа да дереккөздерден отбасы және дос туралы шағын өлеңдер ізде. Өзіңе ұнағанын жаттап ал».
Қызығушылықтыояту

Мұғалім сурет салғанда қағаз парағының өлшемінің маңыздылығына тоқталады (22-бет). Сурет қағаз парағынан өте үлкен немесе тым кішкентай не қағаз парағына сәйкес келуі мүмкін.
Сабақтың тақырыбын түсіндіру: Композиция.Бейненіңөлшемменсәйкестігі
Мұғалім «өлшем» дегеніміз не, қағаздың белгілі бір өлшемі бар екенін түсіндіреді. Оқушылар оқулықтың 22-бетіндегі суреттерді қарап шығып, суреттерге сәйкес өлшемдерді көрсетеді. 23- беттегі суреттерге қарап, қағаз парағын ауыстырғанда сурет қалай көрінетінін айтады.
Шығармашылықжұмыс

Портреткежақтаужасаймыз

Мұғалім қағаз өлшемі мен суреттің сәйкестігін түсіндіргеннен кейін, қатырғықағаздан жақтау жасау жолдарын көрсетеді. Ол үшін қандай материалдар мен құрал-жабдықтар керек екенін айтады. Жақтау жасау реттілігін түсіндіреді. Одан кейін оқушылар оқулықтың 24-бетіне сүйеніп, портретке жақтау жасауға кіріседі.
Жұмысдәптеріндегі тапсырманыорындау


Сұрақтарға жауап береді.

Мұғалімді тыңдайды.

Портретке жақтау жасайды.


№1 жұмыс дәптерінің 14–15- беттеріндегі тапсырмаларды орындайды.


(ҚБ) Дескриптор:

  • қағаздан жақтау жасайды;

  • фотосуретін жапсырады;

  • қауіпсіздік ережесін сақтайды.

Қатырғықағаз, желім, таспа, шілтер, қайшы.

№1 жұмыс дәптерінің 12–13- беттері.


№1 жұмыс дәптерінің 14–15- беттері.

Соңы

Меңгергенбілімдібекіту

– Қағаздың қасиеті туралы қандай жаңа нәрсе білдіңдер? Портретті сәндеу жұмысы ұнады ма?

Жасаған жұмыстарын көрмеге қойып, бір-бірін бағалайды.

Жұмыстарын талдайды. Балалар сабақтан не

үйренгендерін айтады.

Мұғалім әдісті өзі таңдайды.

Күн бейнеленген үлестірме қағаздар.





Рефлексия

«Күн және бұлттар»

Мұғалім оқушыларға күлімдеген, ашулы және көңілсіз күннің суреті бейнеленген үлестірме қағаздарды таратып береді. Балалар жауап береді:

  • Күн күлімдесе – сабақтағы жұмысыма көңілім толды.

  • Күн көңілсіз болса – сабақта қиындықтар болды.

  • Күн ашулы болса – көңілім толмайды, көп нәрсені жасай алмадым.

Үйге тапсырма: Отбасы мүшелерінің портретін салып, оны сәндеу.


Оқушылар жауаптың бірін таңдайды.










7–8-сабақтар





Бөлім:

Менің отбасым және достарым

Педагогтің аты-жөні




Күні:




Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қазақ дастарқаны

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

2.1.2.1 бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларын анықтау және олардың айырмашылықтары мен ерекшеліктерін (сипаттамасын) суреттеу

2.1.3.1 шығармашылық идеялары мен сезімдерін (көңіл күйі, мінезі) өнердің суреттеу құралдарымен көрсету

2.3.2.1 өнердің әртүрлі туындыларының негізгі суреттеу құралдары мен орындау материалдарын анықтау

2.2.4.1 қауіпсіздік техникасын сақтап, материалдарды және құралдарды қолдану

Сабақтың мақсаты

Халқымыздың дәстүрлерімен танысады.

Салфеткаға қағаздан сақина жасайды.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Ұйымдастырукезеңі

Қазақ ұлттық әндері қосулы тұрады.

  • Балалар, бәрің бауырсақты жақсы көресіңдер. Солай ма?


Қызығушылықтыояту

  • Сенің отбасыңда қандай мерекелер аталып өтеді?

  • Қандай тағамдар әзірлейсіңдер?

  • Сен көмектесесің бе?



Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Бағалау критерийі: қазақ дастарқанына қатысты дәстүрлерді біледі.

Қазақ ұлттық музыкасы.

Оқулық, 26–27-беттер. 2-сыныпқа арналған CD-диск.








Сабақтыңмақсатынанықтау

Қазақ дастарқаны туралы, салфеткаға қағаздан сақина жасауды айтып береді.

Сабақтың мақсатын анықтайды.







Ортасы

Сабақтыңтақырыбынтүсіндіру

Қазақдастарқаны

  • Қазақ дастарқаны неден тұрады? А. Ғалымбаеваның «Дастарқан» картинасын тамашалайды.


Топтық жұмыс. Мақал-мәтелдердіңмағынасынтүсіну

Топтардың әрқайсысы мақалдарды қалай түсінгендерін айтып береді. Сонымен қойылым ұйымдастыра алады. Ол Наурыз мерекесі болуы мүмкін. Онда бұл мерекеге қандай тағам әзірлейтіндерін айтады. Немесе шетелден қонақтар келіп, оларға қазақ дастарқаны мен өнерін таныстыру керек. Оқушылар қойылым барысында тек қазақ дастарқаны мен тағамы туралы ғана емес, қазақ қолөнерінің ерекшеліктері мен ұлттық ыдыс-аяқтары, ұлттық ою-өрнектері, салт- дәстүрлері туралы айтып бере алады.

Оқушылар бір-бірін қайталамас үшін тақырыптарды әр топқа бөліп берген дұрыс.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырманыорындау
Сергітусәті
Қазақ ұлттық тағамы туралы әңгімелесу.
Қызығушылықтыояту

  • Ет салатын ағаштан ойып жасалған ыдыс қалай аталатынын есіңе түсір.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.


Әр топ өздеріне тиесілі тапсырманы орындайды.


№1 жұмыс дәптерінің 16–17- беттеріндегі тапсырмаларды орындайды.

Сұраққа жауап береді.

(Астау)


(ҚБ) Дескриптор:

  • тағам туралы мақал үйренеді;

  • мақалдың мағынасын түсінеді;

  • қазақ дастарқанын сипаттай алады.

Оқулық, 28–29-беттер.

Massaget.kz

«Қонақжай қазақтың берекелі дастарқаны»

№1 жұмыс дәптерінің 16–17-беттері.







М. Бекеевтің «Тымық кеш»,

М. Қаспақтың «Той» картиналарын қарап шығу.

Меңгерген білімдерін бекіту. Жұптықжұмыс

Картиналарға қарап, қазақ дастарқаны туралы шағын әңгіме құрастыру.

Ғаламтор немесе тағы басқа дереккөздерден мәлімет іздеп табу.
Сабақтың тақырыбын түсіндіру.Салфеткаға қағаздан сақина жасаймыз.Қайшымен жұмыс істеу ережесінтүсіндіреді.

Мұғалім сабақтың басында балаларға дастарқан жаю туралы айтады. Оларға дастарқан жаюдың барлық ережесін айтудың қажеті жоқ, ең бастысы, дастарқан жаю – қонақ күтудегі ең маңызды сәт екенін білсе жеткілікті. Одан әрі мұғалім салфеткаға кигізілетін сақиналарды әшекейлеу жолдарын көрсетеді. Балалардың назарын міндетті түрде қауіпсіздік ережесін сақтауға аудару керек. Жұмыстың реті оқулықта көрсетілген. Оқушылар жұмыс ретін сақтап, сондай-ақ оқулықта көрсетілген материал өлшемдерін ескере отырып, жұмыс істегені дұрыс. Ал сақиналарды әшекейлеу жолдары әртүрлі болуы мүмкін, бұл жерде таңдау еркін балаларға беріңіз. Сақинаны жасағаннан кейін, салфетканы бүктеуді үйрету керек.

Оқулықта бір-ақ түрі көрсетілген, ал оның түрі көп. Оқушылардың әрқайсысы ғаламтордан қызықты тәсілдерді тауып алып, жұмыстарына қолдана алады.


Картиналарды салыстырып, ұқсастықтары мен ерекшеліктерін табады.

Қазақ дастарқаны туралы шағын әңгіме құрастырады.
Салфеткаға арналған сақина жасайды.

Жұмыстың жасалу реті:

  1. түрлі түсті қатырғықағаздан өлшемі 3х12 см қағаз қиып ал;

  2. қағаз жиектеріне желім жағып, бір-біріне жапсыр;

  3. түрлі түсті қағазға қара қарындашпен әртүрлі суреттер сал. Ол балық, гүл, құс болуы мүмкін. Суреттердің өлшемі 5 см-ден аспауы тиіс;

  4. суреттерді қайшымен ұқыптап қи;

  5. суреттерді сәнде. Оларды фломастермен өрнектеп, аппликациямен әшекейлей аласың;

  6. әшекейлерді сақиналарға желімде.



Жауаптарын түсіндіреді.





Оқулық, 30–31-беттер. Қолорамалға арналған сақина. Youtube желісі.








Таныстыру,талдаужәне бағалау

– Қалай ойлайсың, бауырсақ қазақ қонақжайлығының белгісі бола ала ма?
Меңгерген білімдерін бекітуМұғалім әрбір оқушыны тақтаға шығарып, жасаған жұмыстарын таныстыруды, қандай түс үйлесімін

таңдағанын, не айтқысы келгенін нақты айтып беруді тапсырады.
Білімменбілікқоржыны

«Менің отбасым және достарым» тақырыбы бойынша сұрақтарға жауап

беру.


Жасаған жұмыстарын таныстырады.

Осы бөлім бойынша меңгерген білімдерін көрсетеді.







Соңы

Рефлексия

– Бұл сабақтан меңгерген білімдерің алдағы өмірде өздеріңе қажет болады, ең бастысы, қоршаған ортаны әсемдеу сендердің қолдарыңда екенін ұмытпаңдар.

«Көңіл күй» үлестірме қағазы

Түсі әртүрлі үлестірме қағаздар керек. Оқушылар жауаптарына сәйкес келетін үлестірме қағаздың бірін таңдайды.

Түстер мынадай болуы мүмкін:

  • қызыл түс – қуаныштымын;

  • күлгін түс – көңілім толмайды;

  • қызғылт сары түс – көңілсізбін.

Жасаған жұмыстарын көрмеге қояды. Бір-бірін бағалайды. Балалар не үйренгендерін айтып береді.

Мұғалім әдісті өзі таңдайды.

Түрлі түсті үлестірме қағаздар.