Файл: Физикалы География httpst meqrtarix.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 24.04.2024

Просмотров: 69

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Химия өнеркәсібі

  1. Ауыр өнеркәсіптің ғылым мен техника жетістіктерін қажет ететін, ешқандай қалдық қалдырмайтын маңызды саласы: химия өнеркәсібі

  2. Химия өнеркәсібі 3 саладан тұрады: кен химиясы, негізгі химия, полимер металдарын өндіру немесе органикалық синтез химиясы

  3. Кен химиясы өндіреді: фосфор, калий тұздарын, ас тұзын

  4. Негізгі химия өндіреді: минералдық тыңайтқыштар шығару, күкірт қышқылын

  5. Полимер металдарын өндіру немесе органикалық синтез химиясы қамтиды: синтетикалық каучук, синтетикалық талшық, бояу, полиэтилен, пластмасса өндірісін

  6. Шымкент химия комбинаты қандай өнімдер шығарады: дөңгелек, резина-техникалық бұйымдар, дәрі-дәрмек

  7. Ақтөбе, Тараз, Шымкент өндіреді: минералды тыңайтқыштар

  8. Қостанай химия зауыты қандай өнімдер шығарады: синтетикалық талшық

  9. Теміртауда өндіріледі: синтетикалық каучук, кокстелген көмір қалдықтарынан амоний сульфаты өндіріледі

  10. Павлодар мен Қызылордада өндіріледі: ас тұзы

  11. Жезқазған, Өскемен, Балқашта өндіріледі: күкірт қышқылы

  12. Түсті металлургия өнеркәсібінен қалған қалдықтардан алынады: күкірт қышқылы

  13. Калий тұздары өндіріледі: Өскеменде

  14. Еліміздегі ірі суперфосфат зауыттары қай қалаларда жұмыс істейді: Ақтөбе, Тараз

  15. Пластмасса өндіретін зауыт орналасқан: Ақтау қаласында

  16. Полиэтилен зауыты жұмыс істейді: Атырау қаласында

  17. Химия өнеркәсібінде шикізат ретінде қолданылатын дәрілік өсімдіктер: дермене, эфедра, қыша


Құрылыс өнеркәсібі

  1. Республикамыздағы ауыр өнеркәсіптің маңызды саласы: құрылыс материалдары өнеркәсібі

  2. Құрылыс материалдары өнеркәсібі айналысады: құм, қиыршық тас, ұсақталған тас, гранит, цемент, бетон, темір-бетон конструкцияларын өндірумен

  3. Елімізде 5 цемент өндіретін зауыт бар, олар: Қарағанды, Шымкент, Семей, Сазтөбе (ОҚО), Өскемен цемент зауыттары

  4. Құрылыс өнеркәсібінің ең маңызды шикізаты, құрылыс материалдарын байланыстыратын қызмет атқарады: Цемент

  5. Цемент құрамы: әктас, құм, мергель қоспаларынан тұрады

  6. Шифер зауыты орналасқан: Таразда

  7. Жоғары сапалы аққұм зауыты орналасқан: Ақмолада

  8. Кварц құм зауыты орналасқан: Павлодар, Ақмола облыстарында

  9. Шыны зауыты орналасқан: Атырау облысында



Агроөнеркәсіптік кешен

Қазақстанның ауыл шаруашылығы

  1. Қазақстанның ауыл шаруашылығы 2 саладан тұрады: өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы

  2. Ауыл шаруашылық өнімдерінің 50,7%-ын беретін: өсімдік шаруашылығы

  3. Дәнді, техникалық, жемшөптік, бау-бақшалық дақылдарды өсірумен айналысады: өсімдік шаруашылығы

  4. Дәнді дақылдарға жатады: бидай, тары, күріш, арпа, сұлы, т.б. жатады

  5. Елімізде өсірілетін бидай түрлері: жаздық және күздік

  6. Еліміздің құнарлы қара топырақты ауданы болып есептелетін солтүстік аудандарда өсіріледі: жаздық бидай

  7. Жаздық бидай өсіретін негізгі облыстар: Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан

  8. Оңтүстік аймақтарда өсіріледі: күздік бидай

  9. Күріш өсірілетін аймақтар: Сырдария, Іле, Қаратал, Шардара өзендерінің бойында

  10. Күріш өсіретін негізгі аймақ: Қызылорда облысы

  11. Еліміздің солтүстік-батысында өсірілетін дәнді дақыл, әсіресе, Ақтөбе облысында көп өсіріледі: Тары

  12. Қарақұмық көп өсіріледі: Өскеменде, Павлодарда

  13. Тамақ және жеңіл өнеркәсіптің негізгі шикізаттары болып саналады: техникалық дақылдар

  14. Техникалық дақылдарға жатады: мақта, күнбағыс, қант қызылшасы, темекі, зығыр

  15. Оңтүстік аудандарда өсірілетін, жылу сүйгіш дақыл: мақта

  16. Мақта егістік алқаптары таралған: Арыс, Келес өзендері аңғарларында

  17. Қандай қалалар маңында мақта өсіріліп, одан май алатын кәсіпорындар жұмыс істейді: Түркістан, Шымкент

  18. Қант қызылшасын өсіретін негізгі облыстар: Алматы, Жамбыл

  19. Күнбағыс өсімдіктерінің көп бөлігі қай аумақтарды алып жатыр: Шығыс Қазақстан мен Павлодар

  20. Күнбағыс өсірілетін өзен аңғары: Ертіс

  21. Қазақстанның ауыл шаруашылығының негізгі міндеттерінің бірі: топырақ құнарлығын арттыру


Мал шаруашылығы

  1. Қазақстандағы мал шаруашылығының дамыған негізгі салалары: қой, ешкі, ірі қара мүйізді мал, жылқы, түйе шарушалығы

  2. Қазақстанда өсірілетін қойдың түрлері: биязы, жартылай биязы жүнді, арқар-меринос, еділбай, қаракөл

  3. Қой шаруашылығымен айналысатын аймақтар: Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан

  4. Қазақстанда өсірілетін мүйізді ірі қара түрлері: асыл тұқымды алатау сиыры, сүтті-етті қырдың қызыл сиыры, талас сиыры, қазақтың етті-сүтті ақбас сиыры

  5. Мүйізді ірі қара өсірумен айналысатын аймақтар: Шығыс Қазақстан, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан

  6. Қазақстанда өсірілетін жылқы түрлері: Адай жылқысы, Қостанай жылқысы, Көшім жылқысы

  7. Жылқы шаруашылығымен айналысатын аймақтар: Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл

  8. Түйе шаруашылығымен айналысатын аймақтар: Атырау, Маңғыстау, Қызылорда

  9. Қазақстанда шошқаның қандай түрі өсіріледі: ақ шошқа

  10. Шошқа шаруашылығымен айналысатын негізгі аймақтар: Шығыс, Солтүстік Қазақстан облыстары

  11. Марал шаруашылығымен айналысады: Шығыс Қазақстан

  12. Жібек құртын өсірумен айналысады: Оңтүстік Қазақстан облысы

  13. Құс шаруашылығымен айналысатын аймақтар: Солтүстік, Оңтүстік, Орталық Қазақстан

  14. Омарта шаруашылығымен (бал жинау) айналысады: Алтай Жетісу Алатауы Тянь-Шань тау бөктерлері




Тамақ және жеңіл өнеркәсіп

  1. Еліміздегі тамақ өнеркәсібінің басты дамыған салалары: ұн, нан, ет, қант, кондитер, балық, шарап жасау т.б.

  2. Тамақ өнеркәсібі салаларының дамуына әсер етуші негізгі факторлар: 1. Шикізат көздері 2. Тұтынушылар

  3. Шикізат көзіне жақын: қант, консерв, май шайқау, спирт

  4. Тұтынушыға жақын: наубайхана, кондитер, макарон, сыра қайнату

  5. Шикізат көзіне де, тұтынушыға да жақын орналысатын салалар: ет, темекі, ұн тарту, шарап жасау

  6. Қазақстан өнеркәсібінің ең ірі саласы: ет өнеркәсібі

  7. Жан басына шаққанда әрбір Қазақстандық жылына неше кг ет тұтынады: 40,9 кг

  8. Қазақстандағы ірі ет комбинаттары: Семей, Алматы, Орал, Петропавл, Қызылорда

  9. Қазақстандағы ірі ет комбинаты орналасқан: Семей қаласында

  10. Негізгі ет өндіретін аудандар: Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан

  11. Тамақ өнеркәсібінің маңызды болып саналатын екінші саласы: ұн тарту

  12. Ұн тарту зауыттары орналасқан: Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан

  13. Макарон зауыттары орналасқан: Алматы, Қарағанды, Семей, Шымкент, Петропавл

  14. Қант зауыттары қант қызылшасы өсірілетін аудандарға жақын орналасу себебі: қант шикізат көзіне жақын орналастын сала болғандықтан

  15. Қант зауыттары орналасқан: Алматы, Жамбыл облыстары, Тараз, Боралдай (шақпақ қант), Шу, Мерке

  16. Тамақ өнеркәсібінің үшінші саласы: сүт өнеркәсібі

  17. Сүт зауыттарының ірілері орналасқан: Алматы, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Шымкент

  18. Май шайқау, сыр қайнату зауыттары орналасқан: Солтүстік, Орталық, Оңтүстік Қазақстан

  19. Балық өнеркәсібі дамыған аудандар: Атырау (Балықшы), Баутино, Зайсан, Балқаш

  20. Балық консервлерін шғаратын зауыттар орналасқан: Атырау, Балқаш

  21. Өсімдік майын шығаратын кәсіпорындар орналасқан: Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары,

  22. Мақта майы өндіріледі: Шымкентте

  23. Кондитерлік комбинаттар орналасқан: Алматы («Рахат»), Қостанай («Баян Сұлу»), Қарағанды

  24. Шай фабрикасы, ашытқы, маргарин, шарап жасау, темекі комбинаттары жұмыс істейді: Алматы

  25. Алматы темекі комбинатын басқарады: Американың «Филип Морис» фирмасы


Жеңіл Өнеркәсіп

  1. Жеңіл өнеркәсіптің маңызды саласы, шаруашылықтың ежелден келе жатқан саласы: тоқыма өнеркәсібі

  2. Тоқыма өнеркәсібінің негізгі шикізаты болып саналады: мақта мен жүн

  3. Қазақстандағы мақта тазалау зауыттары орналасқан: Шымкент, Түркістан

  4. Жүн жуу зауыттары орналасқан: Семей, Тараз

  5. Тоқыма өнеркәсібінің ең ірі кәсіпорны: Алматы мақта-мата комбинаты (АХБК)

  6. Трикотаж бұйымдары шығарылады: Алматы, Қарағанды, Өскемен, Шымкент

  7. Шұлық фабрикалары орналасқан: Семей, Қарағанды, Шымкент

  8. Жібек маталар комбинаты жұмыс істейді: Өскеменде

  9. Жүн иіретін комбинат жұмыс істейді: Астанада

  10. Аяқ-киім өнеркәсібімен айналысады: Алматы, Семей, Тараз, Талдықорған, Қарағанды, Қостанай

  11. Фарфор-фаянс бұйымдарын шығарады: Қапшағай, Астана



Қазақстанның көлігі

  1. Қазақстанда дамыған көлік кешендерін құрайды: теміржол, автомобиль көлігі, әуә, су, құбыр көліктері, телекоммуникация

  2. Еліміздегі жетекші көлік түрі: темір жол

  3. Темір жолының жетекші қызмет атқару себебі: жүк айналымында тасымалдайтын жүктің басым бөлігі осы көлік түріне тиесілі

  4. Қазақстанның темір жолының ұзындығы құрайды: 15,1 км-ді

  5. Темір жолының ұзындығы бойынша ТМД елдері ішінде Қазақстан: 3 орында (Ресей, Украина)

  6. Қазақстан жері арқылы солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта өтетін неше республикааралық магистральдар бар: 3

  7. Батыстан шығысқан қарай ендік бағытты өтетін: 2 ірі теміржол магистральдары


Солтүстіктен оңтүстікке қарай өтетін теміржол бағыттары

  1. Орынбор-Ташкент теміржолы салынды: 1905-1907 ж

  2. Орынбор-Ташкент теміржолы байланыстырады: батыс және оңтүстік аудандарды

  3. Орынбор-Ташкент теміржолы Қазақстанды қандай елдермен байналыстыруда маңызы зор: Ресей, Украина, Орта Азия елдерімен

  4. Түркістан-Сібір (Түркісіб) теміржолы салынды: 1930 жылдары

  5. Түркістан-Сібір (Түркісіб) теміржолы байланыстырады: еліміздің солтүстік-шығысы мен оңтүстік-батысын

  6. Түркістан-Сібір (Түркісіб) теміржолының бағыты: Семей-Алматы-Құлан-Тараз-Шымкент-Арыс

  7. Түркісіб деп аталған: Құлан мен Семей қалалары аралығындағы бөлігі

  8. Трансқазақстан магистралі байланыстырады: еліміздің солтүстік, орталық және оңтүстік аудандарын

  9. Трансқазақстан теміржолының бағыты: Петропавл-Астана-Қарағанды-Мойынты-Шу(Петропавл-Шу)

  10. Трансқазақстан теміржолының Орталық Қазақстанның ішкі аудандарын байланыстыру үшін, түсті металлургия өнеркәсібін дамыту үшін тартылған тармақтары: Жезқазған-Жарық тармағы, Мойынты-Балқаш-Саяқ-Ақтоғай

  11. Жезқазған-Қарсақпай өнеркәсіп торабын дамытуға әсер етті: Жезқазған-Жарық тармағы


Батыстан-Шығысқа қарай өтетін теміржол бағыттары

  1. Оңтүстік-Сібір магистралі байланыстырады: солтүстік, орталық аудандарды

  2. Оңтүстік-Сібір магистралінің бағыты: Қарталы-Астана-Павлодар-Оңтүстік Сібір

  3. Павлодар-Екібастұз өндірістік кешенін дамытуға, Екібастұз көмірінің игерілуіне әсер етті: Оңтүстік-Сібір магистралі

  4. Орта Сібір магистралінің бағыты: Комсомол-Қостанай-Көкшетау-Оңтүстік Сібір

  5. Торғай үстіндегі тармағы Қостанай темір кен орындарын игеруге мүмкіндік берді: Оңтүстік-Сібір магистралі (Қостанай-Тобыл-Лисаковск)