Файл: Физикалы География httpst meqrtarix.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 24.04.2024

Просмотров: 64

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖЕР БЕДЕРІ

  1. Қазақстанның ең биік нүктесі: Тянь-Шань тауындағы – Хан-Тәңірі шыңы – 6995 м

  2. Тянь-Шань сөзі қытай тілінен аударғанда қандай мағына береді: «Тәңір шыңы»

  3. Қазақстанның ең төмен нүктесі: Маңғыстау түбегіндегі – Қарақия ойысы – -132м

  4. Қазақстан жерінің басым бөлігін алып жатыр: жазықты жер бедері

  5. Қазақстан жерінің нешесін биік таулар алып жатыр: 10%

  6. Қазақстанның қай жерлерінде биік таулар орналасқан: оңтүстік-шығысы мен шығысында

  7. Қазақстан таулары көтерілді: палеозойдың герцин тау түзілісі кезінде (Алтай, Жоңғар Алатауы, Сарыарқаның шығыс бөлігі, Мұғалжар)

  8. Қазақстан аумағында жер қыртысының қозғалуы баяу болып, бірде-бір тау жүйесі көтерілмеді: мезозой эрасы кезінде

  9. Қазақстанда альпілік тау түзілісі процесі жүріп, таулар екінші рет көтерілуге ұшырады: кайнозой эрасы кезінде (Алтай, Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы, Тарбағатай)

  10. Қазақстанның ең көне жері: Шығыс Еуропа платформасы

  11. Шығыс Еуропа платформасы пайда болды: бұрынғы теңіз түбінің көтерілуінен

ҚАЗАҚСТАН ЖЕРІНДЕГІ ҮСТІРТТЕР

  1. Қазақстан жеріндегі ірі үстірттер: Үстірт үстірті, Торғай үстірті, Бетпақдала, Жем үстірті

  2. Қазақстанның оңтүстік батысында орналасқан: Үстірт

  3. Үстірт үстіртінің ең биік нүктесі: Мұзбел жоны – 340 м

  4. Үстірт биіктігі шектелген: 150 м болатын тік жарлармен

  5. Торғай үстірті орналасқан: Сарыарқа өлкесі мен Мұғалжар тауының аралығында

  6. Торғай үстірті жалғастырады: Батыс Сібір мен Тұран ойпатын

  7. Бетпақдала үстірті орналасқан: Сарысу өзені мен Балқаш көлінің аралығында

  8. Бетпақдала үстіртінің ең биік нүктесі: Желтау жотасы – 974 м

  9. Жем үстірті орналасқан: Каспий маңы ойпаты мен Мұғалжар тау аралығында

  10. Қазақстанға оңтүстік-шығыс бөлігі ғана кіретін Орал тауы мен Еділ өзені аралығындағы қырат: Жалпы Сырт қыраты

ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЛАСА ТАУЛАРЫ

  1. Қазақстанның аласа таулары: Сарыарқа немесе Қазақтың ұсақ шоқысы, Маңғыстау таулары, Мұғалжар тауы

  2. Сарыарқа немесе Қазақтың ұсақ шоқысы дегеніміз: Қазақстанның орталық бөлігін алып жатқан аласа таулы өлке

  3. Сарыарқаның ең биік нүктесі: Қызыларай тауындағы Ақсораң – 1565 м

  4. Маңғыстау таулары орналасқан: Маңғыстау түбегінде

  5. Маңғыстау тауларының ең биік нүктесі: Бесшоқы – 556 м

  6. Маңғыстау таулары тұрады: Ақтау және Қаратау жоталарынан

  7. Мұғалжар тауы пайда болды: герцин тау түзілісі кезінде

  8. Орал тауының Қазақстан жеріндегі жалғасы: Мұғалжар

  9. Мұғалжар тауының ең биік нүктесі: Үлкен Боқтыбай тауы – 657 м

  10. Қазақстан жеріндегі жаңа кайнозойлық құрылымдар: Балқаш, Алакөл, Зайсан тау аралық ірі қазаншұңқырлар

  11. Қазақстан жеріндегі жас платформалар: Батыс Сібір, Тұран


ҚАЗАҚСТАН ЖЕРІНДЕГІ ЖАЗЫҚТАР

  1. Қазақстан жеріндегі жазықтар: Каспий маңы ойпаты, Тұран жазығы, Батыс Сібір жазығының оңтүстік бөлігі

  2. Каспий маңы ойпаты орналасқан: теңіз деңгейінен -27 м

  3. Каспий маңы ойпатында таралған: тұз күмбездері

  4. Тұз күмбездерінен өндіріледі: ас тұзы, гипс т.б.

  5. Аймақтағы құм төбелерді қалай атайды: Бэр төбешіктері

  6. Қазақстанның оңтүстік-батысын алып жатыр: Тұран жазығы

  7. Тұран жазығының Қазақстанға кіретін бөлігі: солтүстігі

  8. Тұран ойпаты Торғай үстірті арқылы жалғасқан: Батыс Сібір жазығына

  9. Тұран жазығын 2 бөлікке бөліп ағады: Сырдария

  10. Батыс Сібір жазығы (Солтүстік Қазақ жазығы) орналасқан: еліміздің солтүстігінде

  11. Батыс Сібір жазығының Қазақстанға кіретін бөлігі: оңтүстік

  12. Батыс Сібір жазығы төмендейді: оңтүстіктен солтүстікке қарай

ГЕОХРОНОЛОГИЯЛЫҚ КЕСТЕ

  1. Жер қыртысының түзілгеннен бергі уақыты мен қазіргі уақытқа дейінгі дамуын көрсететін кесте: геохронологиялық кесте («Гео» - жер, «Хронология» - жыл санау)

  2. Жердің даму тарихы неше геологиялық эраға бөлінеді: 5

  3. Геологиялық эралар тұрады: дәуірлерден



Эралар

(млн. жыл)

Дәуірлер

Тау түзілісі

(қатпарлық)

Тіршіліктің дамуы

Қазақстандағы геологиялық өзгерістер

Кайнозой

(66 млн жылға созылған, жасы 67млн жыл)

1. Төрттік немесе антропоген

2. Неоген

3. Палеоген

альпілік

Адамның пайда болуы

Алтай, Тарбағатай, Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы екінші рет көтерілуге ұшырады.

Балқаш, Зайсан, Алакөл қазаншұңқырлары пайда болды

Мезозой

(165 млн жылға созылған, жасы

230 млн жыл)

1. Бор

2. Юра

3. Триас

мезозой

Құстардың пайда

болуы. Алып бауырмен жорғалаушылардың

кең таралуы.

Тектоникалық қозғалыстар аз болып, бірде-бір тау жүйесі түзілген жоқ. Теңіз суы тек Батыс Қазақстанды басып жатты.

Палеозой

(ертедегі тіршілік)

(330 млн жылға созылған, жасы

570 млн жыл)

1. Пермь

2. Карбон

3. Девон

герцин

Ірі қос мекенділердің таралуы

Қазақстан таулары көтерілді. Алтай, Жетісу Алатауы, Сарыарқаның солтүстік-шығысы, Мұғалжар

4. Силур

5. Ордовик

каледон

Өсімдіктердің

құрлыққа шығуы

Тянь-Шаньның солтүстігі, Сарыарқаның солтүстік батысы

6. Кембрий










Протерозой

(зақтығы

2100 млн, жасы

2700 млн жыл)

Архей

(1000 млн жылға созылған, жасы

3500 млн жыл)




байкал

Бір жасушалы бактериялар заманы

Архей мен протерозойда теңіз суы басып жатты. Шығыс Еуропа платформасының көтерілуі


ГЕОХРОНОЛОГИЯЛЫҚ КЕСТЕ

  1. Жер қыртысының түзілген уақыты мен қазіргі уақытқа дейінгі дамуын көрсететін кесте:Геохронологиялық кесте

  2. Геохронология сөзінің мағынасы:,,Гео‘’- жер, ,,Хронология‘’- жыл санау

  3. Жердің даму тарихы қанша эраға бөлінеді:5

  4. Эралар:Архей, Протерозой, Палеозой, Мезозой, Кайназой,


АРХЕЙ-ПРОТЕРОЗОЙ

  1. Архей(1000)Протерозой(2100) тау түзілісі:Байкал

  2. Архей мен Протерозойдағы тіршіліктің дамуы:бір жасушалы бактериялар заманы

  3. Архей мен Протерозойдың Қазақстандағы геологиялық өзгерістер:Архей мен Протерозойда теңіз суы басып жатты. Шығыс Еуропа платформасының көтерілуі



ПАЛЕЗОЙ

  1. Палеозой(100) дәуірлері:1-Пермь 2-Карбон 3-Девон 4-Силур 5-Ордовик

  2. Палеозойдағы тау түзілісі:Герцин, Каледон

  3. Палеозойдағы тіршіліктің дамуы:Ірі қос мекенділердің таралуы

  4. Палеозойдың Қазақстандағы геологиялық өзгерістер:Қазақстан таулары көтерілді. Алтай,Жетісу Алатауы,Сарыарқаның солтұстік-шығысы, Мұғалжар


МЕЗОЗОЙ

  1. Мезозой(165) дәуірлері:1-Бор 2-Юра 3-Триас

  2. Мезозойдағы тау түзілісі:Мезозой

  3. Мезозойдағы тіршіліктің дамуы:Құстардың пайда болуы. Алып бауырымен жорғалаушылардың кең таралуы

  4. Мезозойдың Қазақстандағы геологиялық өзгерістер:Тектоникалық қозғалыстар аз болып,бірде-бір тау жүйесі түзілген жоқ. Теңіз суы тек Қазақстанды басып жатыр


КАЙНОЗОЙ

  1. Кайнозойдағы(67) дәуірлер:1-Төрттік немесе антропоген, 2-Неоген, 3-Палеоген

  2. Кайнозойдағы тау түзілісі:Альпілік

  3. Кайнозойдағы тіршіліктің дамуы:Адамның пайда болуы

  4. Кайнозойдың Қазақстандағы геологиялық өзгерістер:Алтай,Тарбағатай,Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы екінші рет көтерілуге ұшырады. Балқаш, Зайсан, Алакөл қазаншұңқырлары пайда болды


ҚАЗАҚСТАННЫҢ КЛИМАТЫ

  1. Қазақстан орналасқан белдеу:Қоңыржай климаттық белдеудің оңтүстігінде

  2. Қазақстан климатының типі:Шұғыл континетті

  3. Қзаұстан климатын құрушы факторларға жатады:Күн радияциясы, Атмосфера циркуляциясы,Жер бедері


КҮН РАДИАЦИЯСЫ

  1. Жер Бетіне түсетін күн сәулесінің қанша пайызы атмосфераға кері шалғасады:20%-ын

  2. Қалған жер бетіне жеткен бөлігі аталады:Тура радиация

  3. Күн сәулесінің атмосферадағы су булары, бұлттар т.б. шашыратқан бөлігі аталады:Шашыранды радиация

  4. Тура радиация мен шашыранды радиацияның қосындысын атайды:Жиынтық радиация

  5. Жұтылған радиация:Жиынтық радиацияның біраз бөлігінің топырақ, қар, суға сіңіп жұтылған бөлігі

АУА МАССАЛАРЫ

  1. Қазақстан аумағына ауа массаларының 3 Типі әсер етеді:1Қоңыржай 2Арктикалық 3Тропиктік

  2. Қоңыржай ауа массасы келеді:Қазақстанның батысына Атлант мұхитынан

  3. Арктикалық ауа массасы:Солтүстік Мұзды мұхитынан келеді

  4. Тропиктік ауа массасы(иран ауасы):Қазақстанға Орта Азия мен Ираннан келеді


ҚАЗАҚСТАН ЖЕРІНДЕ СОҒАТЫН ЖЕЛДЕР


  1. Оңтүстік шығыстан солтүстік батысқа қарай соғатын жел:Ебі желі

  2. Ебі желінің жылдамдағы:60-80м\с

  3. Ебі желін сипаттап жазған:Ш.Уалиханов

  4. Сотүстік батыстан Ебі желіне кері бағытта оңтүстік-шығысқа қарай соғатын жел:Сайқан желі

  5. Сайқан желінің жылдамдығы:50-60м\с

  6. Сақан желі соғады:Қыркүйек пен сәуір айларында

  7. Қордай асуының үстінен соғатын жел:Қордай желі

  8. Қордай желінің жылдамдығы:40м\с

  9. Қаратау жотасындағы Арыстанды өзенінің бойымен соғатын жел:Арыстанды-Қарабас

  10. Арыстанды-Қарабас желінің жылдамдығы:35м\с


ҚАЗАҚСТАННЫҢ КЛИМАТЫ


  1. Қазақстандағы ең суық ай:Қаңтар

  2. Қаңтар айының орташа температурасы:Солтүстікте:-19°С(ПЕТРОПАВЛ).Оңтүстікте;-1,5°C(Дарбаза)

  3. Қазақстандағы ең суық жер болып саналады:Атбасар өңірі

  4. Қазақстандағы ең жылы ай:Шілде

  5. Қазақстанда жауын-шашынның ең көп түсетін жері:Батыс Алтай жылына 1600мм

  6. Қазақстанда жауын-шашын ең аз түсетін жер:Арал теңізінің солтүстік-шығысы мен Балқаш көлінің батысы, жылына 100мм

  7. Елімізде жауын-шашын мөлшері кемиді:Солтүстіктен оңтүстікке қарай, жылына 130-1600мм аралығында

  8. Қазақстанның солтүстігіндегі қар жамылғысының қалыңдығы:20-30см

  9. Қазақстанның оңтүстігіндегі қар жамылғысының қалыңдығы:10-15см

  10. Өсімдіктердің толық өсіп-дамуына қажетті уақыт:Өсіп-өну кезеңі (вегетациялық кезең)

  11. Республикамыздағы ең ұзақ вегетациялық кезең:Оңтүстік Қазақстанда байқалған

  12. Оңтүстіктегі өсіп-өну кезеңіндегі ұзақтығы:180күн

  13. Солтүстіктегі өсіп-өні кезеңінің ұзақтығы:130-135 күн

  14. Еліміздің оңтстігідегі ашық күндер саны:260 күн

  15. Еліміздің солтүстігіндегі ашық күндер саны:120күн

  16. Қазақстан климатына әсер ететін мұхиттар:Сотүстік Мұзды мұхит, Атлант мұхиты

  17. Жылдық-жауын шашын мөлшерінің буланушылыққа қатынасы:Ылғалдану коэффиценті

  18. Қазаұстанның солтүстігіндегі орманды дала зонасында ылғалдану коэффиценті:1-ге тең

  19. Агроклиматтық қорлар:Күн жылуы, сәулесі,ылғал,ауа


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ІРІ ӨЗЕНДЕР

  1. Қазақстанда ұзындығы 1000км-ден асатын 7 өзен бар:Ертіс, Есіл, Тобыл, Жайық, Сырдария,Іле,Шу

  2. Республикамыздың өзендері негізі 2 алапқа бөлінеді:1Солтүстік Мұзды мұхит алабы. 2Ішкі тұйық көлдер алабы

  3. Солтүстік Мұзды мұхит алабына кіретін өзендер:Ертіс(Есіл, Тобыл салаларымен)

  4. Каспий теңізі алабына жататын өзендер:Жайық, Жем, Сағыз, Ойыл,Үлкен өзен, Кіші өзен

  5. Арал теңізіні алабына жататын өзендер:Сырдария, Ары, Шу,Сарысы, Торғай, Ырғыз,Талас

  6. Бақаш-Алакөл алабына жататын өзендер:Қаратал,Лепсі, Ақсу, Іле, Тентек, Сарқа. т.б.

  7. Қазақстан аумағында ең ұзын және ең суы мол өзен:Ертіс өзені

  8. Ертқс өзенінің жалпы ұзыныдығы:4248км

  9. Ертіс өзенінің Қазақстан жеріндегі ұзындығы:1700км

  10. Ертіс өзені құятын көл:Зайсан

  11. Қазақстан жеріндегікеме жүзуге ең қолайлы өзен болып саналады:Ертіс

  12. Ертіс өзенінің оң жақ ірі саласы:Бұқтырма өзені