Файл: Физикалы География httpst meqrtarix.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 24.04.2024

Просмотров: 68

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Қазақстанның халқы:

  1. Қазақстан халқының саны: 16 млн. 402 мың адам (2009 жылғы мәлімет)

  2. 1999 жылы өткізілген санақтың қорытындысы бойынша: 14 млн. 953 мың адам болған

  3. Қазақстан халқының саны бойынша ТМД елдерінің ішінде: 4 орында (Ресей, Украина, Өзбекстан)

  4. Елімізде аумақ бойынша халық әркелкі қоныстанған: 1 км2 – 5,6 адам

  5. Халық тығыз қоныстанған: оңтүстік, оңтүстік-шығысында, солтүстігінде

  6. Қазақстанда тұрады: 130-дан астам ұлттар

  7. Қазақтардың саны: 10 млн-ға жуық, бүкіл халықтың 67%-ын құрайды (2009 ж)

  8. Қазақтардың бүкіл әлемдегі саны: 13,5 млн адам

  9. Мемлекеттік тіліміз: қазақ тілі

  10. Алтай тілдіксемьясының қай тобына жатады: түркі тобына

  11. Қазақстанның мемлекеттік құрылымы: республика

  12. Заң шығарушы орган: парламент

  13. Әкімшілік-тернриториялық бөлінуі: 14 облыстан тұратын унитарлы мемлекет

  14. Қазақстан аумағы бөлінген: 5 экономикалық ауданға

  15. Қазақстан халқының еңбек етуге жарамды еңбек ресурстарын құрайды: 59,2%

  16. Ерлер еңбек ресурстарын құрайды: 16 жастан 63 жасқа дейінгі

  17. Әйелдер еңбек ресурстарын қрайды: 16-дан 58 жасқа дейін

  18. Қазақстан халқынаң: 48%-ын ерлер, 52%-ын әйелдер құрайды

  19. Қазақстанда: 86 қала, 200-ге жуық қала типтес елді мекен бар

  20. Қазақстандағы қала халқының үлесі: 57% (1999 жылғы санақ бойынша 56%) 2009 жылғы санақ бойынша (67%)

  21. Қазақстандағы халқының саны миллионнан асатын қалалар саны: 1, Алматы қаласы ( 1 млн 348 мың адам)

  22. Қазақстандағы ең ірі агломерация: Қарағанды- Теміртау агломерациясы

  23. Қалпына келетін сарқылатын табиғат ресурстары: су, жер, биологиялық ресурстар

  24. Қалпына келмейтін, сарқылатын табиғат ресурстары: минералды ресурстар (көмір, мұнай, газ, металдар)

  25. Сарқылмайтын табиғат ресурстары: күн энергиясы, жел энергиясы, климаттық қор (жылу, ылғал), ядролық энергия


Қазақстанның шаруашылығы

  1. Қазақстанның өнеркәсібі 2 саладан тұрады: 1) ауыр өнеркәсіп, 2) жеңіл өнеркәсіп

  2. Өндіріс құрал-жабдықтарын шығаратын салаларды біріктіреді: ауыр өнеркәсіп

  3. Ауыр өнеркәсіп салалары «А» тобы: отын өнерсәібі, энергетика, түсті металлургия, қара металлургия, машина жасау, химия өнеркәсібі, құрылыс өнеркәсібі

  4. Халық тұтынатын тауарларды өндіретін жеңіл өнеркәсіп пен тамақ өнеркәсібінен тұрады: жеңіл өнеркәсіп

  5. Жеңіл өнеркәсіп «Б» тобы: тоқыма, тігін, былғары, аяқ киім, полиграфия

  6. Тамақ өнеркәсібі: ет, нан, ұн тарту, кондитерлік бұйымдар, балық, май айыру, қант

  7. Ауыр өнеркәсіп, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлік және коммуникация, сауда, қоғамдық тамақтандыру жатады: өндірістік салаларға

  8. Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым, демалыс мекемелері, коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй шаруашылығы жатады: өндірістік емес салаларға

  9. Адамдардың күнделікті өміріне қажет тұрмыстық және рухани қажеттерін қамтамасыз етеді: өндірістік емес салалар

  10. Қазақстанның өнеркәсібінде бүкіл өнеркәсіп өнімінің 70%-ын беретін: ауыр өнеркәсіп



Қазақстанның отын-энергетика кешені

  1. Қазақстанның отын-энергетика кешені негізгі 2 саладан тұрады: отын өнеркәсібі, электр энергетикасы

  2. Көмір, мұнай, газ өндіруден тұрады: отын өнеркәсібі

  3. СЭС (су электр станцияларында), ЖЭС (жылу электр станцияларында), АЭС (атом электр станцияларында) электр энергиясын өндіруден тұрады: электр энергетикасы

  4. Көмір, мұнай, газ, судың құлау күші, ядролық энергия көздері жатады: энергетикалық ресурстарға


Мұнай өнеркәсібі

  1. Қазақстанда ең алғашқы мұнай фонтаны атқылады: 1899 жылы

  2. Елімізде мұнай кен орындары шоғырланған неше маңызды алап бар: 14

  3. Доссор кен орны игеріле бастады: 1911 жылы

  4. Мақат кен орны игеріле бастады: 1915 жылы

  5. Каспий қайраңында шамамен: мұнайдың қоры – 7 млрд. т, газ конденсаты – 1,6 млрд. т, табиғи газ – 5,9 трлн. м3

  6. Каспий қайраңының ірі кен орындары: Қашаған, Құрманғазы, Ақтоты

  7. Маңғыстаудың ірі кен орындары: Қаламқас, Қаржамбас (Бозащы түбегі)

  8. Еліміздегі мұнай мен газдың негізгі қорлары: Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда облысында орналасқан

  9. Республикамызда ең алғаш салынған мұнай өңдеу зауыты қай қалада жұмыс істейді: Атырау

  10. Елімізде 3 мұнай өңдеу зауыты жұмыс істейді, олар: Атырау, Шымкент, Павлодар мұнай өңдеу зауыттары

  11. Шымкент және Павлодар мұнай өңдеу зауыттары шикі мұнайды Омбы-Павлодар-Шымкент мұнай құбыры арқылы келетін қандай кен орнымен жұмыс істейді: Батыс Сібір мен Қызылорда облысындағы Құмкөл мұнай кен орындарымен жұмыс істейді

  12. Еліміздегі сапасы жөнінен жоғары бағаланатын мұнай: Ембі мұнайы (Себебі ондағы мұнайдың құрамында күкірт пен парфин аз)

  13. Құрамында күкірт жоқ, қарамай аз, парфин мөлшері көбірек болып келеді: Маңғыстау алабының мұнайының

  14. Мұнай өңдеуден қалған қатты қалдық: гудрон

  15. Мұнай өңдеуден қалған сұйық қалдық: мазут

  16. Әлемдегі ірі мұнай кен орындарының бірі болып саналады: Атырау облысындағы Теңіз кен орны

  17. Теңіз кен орнын игеру мақсатында бірлескен қандай компания құрылды: «Теңізшевроил»



Газ өнеркәсібі

  1. Қазақстандағы қоры мол газ орындары шоғырланған: Маңғыстау облысында (6 трлн. м3 )

  2. Еліміздегі ірі газ кен орындары: Қарашығанақ, Батыс Прорва, Шынар, Тасболат, Жамбыл облысындағы Амангелді

  3. Еліміздегі газ өңдеу зауыты: Жаңаөзен (Теңізде жұмыс істейді)

  4. Батыс Қазақстан облысындағы Қарашығанақ газ-конденсаты игерілуде: 1980 жылдан бастап

  5. Еліміздегі бүкіл газ қорының 70%-ын құрайды: Қарашығанақ газ-конденсаты


Көмір өнеркәсібі

  1. Отын, химия өнеркәсібінде шикізат ретінде қолданылатын, кокс алуда пайдаланылатын маңызды энергетикалық ресурс: Көмір

  2. Қазақстандағы барланған көмір қоры: 64 млрд. т

  3. Еліміздегі көмірдің негізігі қоры шоғырланған: солтүстік және орталық бөліктерінде (Қарағанды, Павлодар, Қостанай облыстарында)

  4. Қазақстандағы ең маңызды кен орны: Қарағанды алабы

  5. Қарағанды көмірін ең алғаш тапқан: Апақ Байжанов (1831 ж.)

  6. Сапасы өте жоғары, кокстеледі, көмір жабық, шахталық әдіспен өндіріледі: Карағанды көмірі

  7. Ауаның қатысуынсыз алынатын, металлургия өнеркәсібіне қажет энергетикалық құнды отын: Кокс

  8. Қарағандыда шоғырланған көмірдің геологиялық қоры: 51 млрд. т

  9. Қарағандыда шоғырланған көмірдің тереңдігі: 50-300м

  10. Қарағандыда шоғырланған көмірдің қалыңдығы: 1,5-15 м

  11. Еліміздегі кокстелетін көмірдің 100%-ы өндіріледі: Қарағандыда

  12. Республикамыздағы маңыздылығы жөнінен екінші орындағы көмір кен орны: Екібастұз алабы

  13. Екібастұздағы көмір кен орнын ашқан: Қасым Пішенбаев (1876 ж)

  14. Көмірі ашық әдіспен өндірілетін, көмірдің сапасы нашар, жаққанда күлі көп болғандықтан, құны арзан, оны Қазақстанның және Ресейдің ЖЭС-ы, МАЭС-ы пайдаланады: Екібастұз көмірі

  15. Екібастұз алабында орналасқан әлемдегі ең ірі ашық кен орны: «Богатырь»

  16. Екібастұз алабында орналасқан көмірдің геологиялық қоры: 12 млрд. т

  17. Екібастұз алабында орналасқан көмір қабатының қалыңдығы: 100-120 м

  18. Еліміздегі негізгі көмір кен орындары: Қарағанды, Екібастұз, Майкүбі, Қостанай облысындағы (Приозер, Обаған, Құсмұрын кен орындары), Торғай, Семейде (Қаражыра) т.б.


Электр энергетикасы

  1. Электр энергиясы өндіріледі: ЖЭС, СЭС, АЭС

  2. Қазақстанда өндірілетін электр энергиясының 80-90%-ын береді: ЖЭС-тар

  3. ЖЭС-тарда пайдаланылатын отын түрлері: көмір, газ, мазут

  4. Еліміздегі ең ірі ЖЭС-тар қай қалаларда жұмыс істеді: Екібастұз, Қарағанды, Павлодар, Ақтөбе, Алматы, Тараз

  5. Қазақстандағы газбен жұмыс істейтін ең ірі ЖЭС қай қалада орналасқан: Тараз

  6. Еліміздегі СЭС-тарда өндірілетін энергия үлесі: 8%

  7. Энергияның құны арзан болады: СЭС-тарда өндірілетін

  8. Еліміздегі су ресурстары шоғырланған: оңтүстік-шығыс пен шығыста

  9. Еліміздегі ең ірі СЭС-тар: Бұқтырма, Қапшағай, Шардара, Өскемен және т.б.

  10. Бұқтырма, Шүлбі, Өскемен СЭС-і орналасқан: Ертіс өзенінде

  11. Қапшағай СЭС-і орналасқан: Іле өзенінің бойында

  12. Шардара СЭС-і орналасқан: Сырдария өзенінің бойында

  13. Еліміздегі алғаш АЭС іске қосылды: 1973 жылы Ақтау қаласында

  14. Бір мезгілде Каспийдің суын тұщыландырып, бір мезгілде электр энергиясын өндірді: АЭС

  15. Қазақстан энергетикасының басты міндеті: бірыңғай энергетикалық желілер жүйесін құру



Металлургия кешені

  1. Металлургия өнеркәсібі қандай 2 саладан тұрады: түсті және қара металлургия

  2. Ауыр өнеркәсіптің кен өндіру, байыту, және металл қорытумен айналысатын саласы: металлургия өнеркәсібі

  3. Еліміздегі түсті металлургия дами бастады: Алтайда түсті металл кендері табылғаннан кейін

  4. Еліміздегі түсті металлургияның ең алғашқы ірі кәсіпорындары: Риддер полиметалл комбинаты мен Қарсақбай мыс қорыту зауыты

  5. Түсті металдарға жатады: мыс, алюминий, қорғасын, мырыш, қалайы, плоиметалл, алтын, күміс, платина, т.б.

  6. Қазақстандағы негізгі мыс кен орындары орналасқан: Қарағанды облысының аумағында (Жезқазған, Қоңырат, Бозшакөл, Саяқ, Жыланды. т.б.)

  7. Ірі мыс комбинаттары: Жезқазған, Балқаш

  8. Балқаш мыс комбинаты жұмыс істейді: Қоңырат және Саяқ кен орындарымен

  9. Мыс зауытын орналастырудағы негізгі ескеретін жағдай: шикізат көзіне жақын орналастырады, өйткені 1 т таза мыс алу үшін 100 т шикізат өңдеу керек

  10. Құрамында бірнеше металл кездесетін кен: полиметалл кендері

  11. Қорғасын мен мырыштың мол қоры шоғырланған: Шығыс Қазақстан мен Оңтүстік Қазақстанда

  12. Қорғасын-мырыш комбинаттарын орналастыру принципі: шикізат көзіне жақын салу

  13. Полиметалл кен орындары шоғырланған таулар: Кенді Алтай (Риддер, Зырян, кен орындары), Жоңғар Алатауы (Текелі), Қаратау (Мырғалымсай, Байжансай, Ащысай)

  14. Алтайдағы полиметалл кенін пайдаланып, жұмыс істейді: Өскемендегі қорғасын-мырыш комбинаты

  15. Полиметлл комбинаты жұмыс істейді: Риддерде

  16. Титан-магний зауыттары жұмыс істейді: Өскеменде

  17. Еліміздегі ауасының түрлі-түсті металл қалдықтарымен ластануы жөнінен 1 орындағы қала: Риддер

  18. Қазақстандағы ең ірі қорғасын зауыты: Шымкент қаласында

  19. Қаратаудағы Мырғалымсай, Ащысай, Байжансай кен орындарымен жұмыс істейді: Шымкент қаласындағы қорғасын зауыты

  20. Орталық Қазақстанда түсті металдар кен орындарының қоры мол болуына байланысты дамыған: түсті металлургия

  21. Алюминий таза күйінде кездеспейтіндіктен, оның негізгі шикізаты болып табылады: боксит, алунит, нефелин

  22. Бокситтің негізгі кен орындары: Ақмола және Торғай уезі (Арқалық бокситі)

  23. Алюминий өнеркәсібін орналастыруда ескеретін жағдай: арзан электр энергиясын өндіретін аудандарға салу, өйткені 1 т алюминий алу үшін 18000 КВт сағат энергия керек

  24. Еліміздегі алюминий зауыты орналасқан: Павлодар қаласында

  25. Сирек кездесетін металдардың қорының шоғырлануы бойынша көзге түседі: Орталық Қазақстан

  26. Сирек кездесетін металдарға жатады: вольфрам, молибден, уран, германий, сынап, висмут және т.б.

  27. 2007 жылғы мәлімет бойынша Қазақстан дүние жүзінде ураннан: 1 орын

  28. 2007 жылғы мәлімет бойынша Қазақстан дүние жүзінде хром, марганец қоры жөнінен: 2 орын

  29. 2007 жылғы мәлімет бойынша Қазақстан дүние жүзінде мырыш, молибден, қорғасын, мыс, вольфрам, және алтын қорынан: алғашқы бестікте

  30. 2007 жылғы мәлімет бойынша Қазақстан дүние жүзінде мұнай, темір, қалайы қорынан :алғашқы ондықта

  31. Жеңіл металдар тобына жатады: алюминий, магний, титан

  32. Ауыр металдар тобына жатады: қорғасын, мырыш, мыс, никель, қалайы

  33. Бағалы металдар тобына жатады: алтын, күміс, платина

  34. Сирек кездесетін металдар тобына жатады: германий, уран, галий, сынап

  35. Баяу балқитын металдар тобына жатады: вольфрам, молибден



Қара металлургия

  1. Қазақстандағй қара металлургия өнеркәсібінің дамуы басталады: 1938 жылдан

  2. Қара металға жатады: темір, хром, марганец

  3. Қара металлургияның негізгі шикізаты: темір кені

  4. Республикамыздағы темір кен орындарының 85%-ы шоғырланған: Солтүстік Қазақстанда

  5. Негізгі темір кен орындары: Қостанай облысы (Қашар, Лисаков, Аят, Соколов-Сарыбай, т.б.), Орталық Қазақстандағы (Атасу, Қаражал)

  6. Қара металлургия өнеркәсібіне қажетті хром мен никель кен орындары шоғырланған: Мұғалжар тауындағы Кемпірсай кен орнында

  7. Темірдің сапасын, беріктігін арттыру үшін: оған хромды қосып, ферроқорытпа алады

  8. Еліміздегі негізігі ферроқорытпа зауыттары: Ақтөбек, Ақсу қалаларында

  9. Қара металлургия комбинаттарының өнімдері: темір кені, шойын, болат, прокат, ферроқорытпа

  10. Қара металдың қасиеті, сапасы байланысты: оның құрамындағы көміртектің мөлшеріне

  11. Темір қорытпасында 2-6%-ға дейін көміртек болса, ол аталады: шойын

  12. Егер темір қорытпасында көміртек мөлшері 2%-ды құраса, ол аталады: болат

  13. Еліміздегі бірден-бір толық циклді металлургия комбинаты орналасқан: Теміртау қаласында

  14. Теміртау қаласында орналасқан толық циклді металлургия комбинатының өнімдері: шойын, болат, прокат

  15. Қара металлургия өнеркәсібін орналастыру принципі: отын энергетика кешеніне және шикізат көзіне жақын орналастыру

  16. Еліміздегі ірі марганец кен орындары: Атасу, Жезді (Орталық Қазақстан)


Машина жасау

  1. Қазақстанда машина жасау өнеркәсібінің дамуына себеп болды: Ұлы Отан соғысы кезінде Мәскеу, Воронеж, Харьковтан машина зауыттарының көшірілуі

  2. Ғылыми-техникалық прогресті тездетуде, бір елді мекен мен екінші елді байланыстыруда және жолаушы және жүк тасымалдауға қажетті көліктер жасауда маңызды орын алады: Машина жасау кәсіпорындары

  3. Машина жасау өнеркәсібінде өндірісті ұйымдастырудың ерекше түрі: мамандандыру мен кооперативтендіру қолданылады

  4. Павлодарда орналасқан: трактор зауыты, «ДТ-75 Қазақстан» маркасы

  5. Астанада шығарылады: «Ақмола ауылмаш» кәсіпорны ауылшаруашылық машиналары

  6. Ақтөбеде орналасқан: Рентген аппаратуралар зауыты

  7. Шымкентте орналасқан: Пресс-автомат зауыты, жоғары вольтты аппаратуралар зауыты

  8. Қарағандыда орналасқан: шахталарға қажетті құрал-жабдықтар зауыты

  9. Кентауда орналасқан: экскаватор зауыты

  10. Атырау, Ақтөбеде орналасқан: Мұнай, газ өнеркәсібіне қажетті құрал-жабдықтар шығару зауыты

  11. Петропавлда орналасқан: электр энергетикасына қажетті изоляциялық материалдар зауыты

  12. Семейде орналасқан: кабель зауыты

  13. Өскеменде орналасқан: конденсатор зауыты

  14. Талдықорғанда орналасқан: аккумулятор зауыты

  15. Көкшетауда орналасқан: өлшеуіш приборлар (таразы) зауыты

  16. Алматыда орналасқан: АЗТМ (Алматы ауыр машина зауыты) қара және түсті металлургия өнеркәсібіне қажетті жабдықтар, тұрмысқа қажетті құрал-жабдықтар, төменгі вольтті аппаратуралар зауыты

  17. Оралда орналасқан: Механикалық арматура зауыты

  18. Электортехникалық машина жасаудың негізгі орталықтары: Ақтөбе, Талдықорған

  19. Ауылшаруашылық машина жасаудың негізгі орталықтары: Астана, Павлодар