Файл: 2. Ультрадыбысты локаторды жмыс істеу принципін тсіндірііз азастанда жасанды серіктерді шыруды маызын баалаыз Сана жйесіне сипаттама берііз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.04.2024

Просмотров: 47

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


1.Деформация және оның түрлеріне түсінік беріңіз

Дене пішінінің не көлемінің өзгеруін деформация деп атайды. Мысалы сіз ағаш таяқшаны қолмен сындырсаңыз бұл деформацияға жатады, себебі ағаштың пішіні өзгерді. Деформация түрлері екеу пластикалық және серпімді. Сыртқы күштің әсері тоқтағанда дене өзінің бастапқы көлемін және пішінің сақтаса онда деформация серпімді деп аталады.

Серпімді деформациялар серіппелерге тән.Сыртқы күштердің әсері тоқтағанда дененің бастапқы пішіні мен көлемі сақталмаса онда деформация пластикалық деп аталады. Пластикалық деформацияның мысалына пластилиннің иілуін жатқызуға болады


2.Жылулық сәулелену және оның сипаттамаларын топтастырыңыз

Жылулық сәулелену заттың атомдары мен молекулаларының жылулық қозғалыс энергиясы нәтижесінде орын алады. Бұл құбылыс температурасы 0 К -нен жоғары температураларда барлық денелерге тән. Жылулық сәулелену - тепе-теңдік құбылыс – дене бірлік уақытта қанша энергия жұтса, сонша энергияны жарық ретінде шығарады. Дененің энергетикалық жарқырауының спектрлік тығыздығы – жылулық сәулеленудің сандық сипаттамасы болып табылады. – дене бетінің бірлік ауданынан шығатын жарықтың қуаты

3.Қазақстанда электр энергиясының өндірудің жолдарын көрсетіңіз

Жалпы электр станциялары қуатының артуына, электр қуатының өндiрiлуiне, экономиканы электрлендiру деңгейiне жасалған талдау негiзiнде кеңестiк дәуiрдегi Қазақстан электр энергетикасының даму жолын негiзгi үш кезеңге бөлуге болады:

  • Бiрiншi кезең 1918 — 45 жылдарды қамтиды, бұл кезеңде сол уақыттың өлшемi бойынша iрi электр станциялары салынып, алғашқы энергетикалық тораптар пайда болды.

  • Екiншi кезеңде (1946 — 58 ж.) аймақтық электр станцияларында электр қуатын бiр орталықтан өндiру күрт артты, алғашқы энергетикалық жүйелер құрылды.

  • Үшiншi кезеңде (1959 — 90 ж.) республиканың энергетикалық базасы жедел қарқынмен дамып, аймақтық энергетикалық жүйе қалыптасты.

Ұлттық мәндегі электр станцияларына электр энергиясын өндіретін және оың көтерме сауда нарығында сатылуын қамтамасыз ететін ірі жылу электр станциялары жатады:

  • «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС;

  • «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ;

  • «Еуроазиялық Энергетикалық Корпорация» АҚ (Ақсу ГРЭС);

  • «Қазақмыс корпорациясы» ГРЭС ЖШС;

  • «Жамбыл ГРЭС» АҚ.

БИЛЕТ №15

1.Жай механизмдер туралы баяндаңыз

2.Геология саласындағы физиканы сипаттаңыз

3.Электромагниттік және механикалық толқындардың ерекшелігін көрсетіңіз

1.Жай механизмдер туралы баяндаңыз

Жай механизмдер - күшті түрлендіріп, қозғалыс бағытын өзгерту үшін қолданылатын құралдар. Жай механизмдерге мыналар жатады: иіндік, блок, шығыр, көлбеу жазықтық, сына, бұранда т.б.

Құрылыс салуда, жер өңдеу жұмыстарында, ауыр нәрселерді көтеруде көптеген құралдар қолданылады. Ондай құралдарды қолданып , адам немесе басқа да қозғалтқыштар мен машиналар күштен ұтады. Екінші сөзбен айтқанда, аз күш жұмсап, бір жұмысты тындырып істей алады. Формула : A = FS. A - жұмыс; F - күш; S -аудан.


Механизмдерді қозғалысқа келтіретін жұмыс жалпы немесе толық жұмыс деп аталады. Механизмдердің басқа денелердің қозғалысқа келтіретін жұмысы пайдалы жұмыс деп аталады.

2.Геология саласындағы физиканы сипаттаңыз

Геофизика — Жердің ішкі құрылысын, физикалық қасиеттерін және оның қатты, сұйық, газ қабаттарында өтетін құбылыстарды зерттейтін ғылымдар жиынтығы. Сондай-ақ, Жердің терең қойнауларын зерттей отырып, Геофизика геологиямен бірге Жердің пайда болуы мен даму тарихын да анықтайды. Геофизиканың барлау Геофизикасы, өндірістік Геофизика деп аталатын салалары кен барлау, Жер қабығын, оның түрлі қабаттарының құрылысын зерттеуде қолданылады. Қазақстанда Геофизиканың метеорология, ионосфера физикасы, сейсмология және барлау Геофизикасы сияқты салалары кең дамыған. Қазіргі кезде гидрометеорология қызметі ондаған метеостансалар арқылы ауа райы мен гидрол. құбылыстарға жан-жақты бақылау жүргізіп, зерттеп отыр. Жер сілкінуі ықтимал деген аудандарда жаңадан бірнеше сейсмостансалар құрылып, ондағы бақылау жұмыстары кеңейе түсуде. Сондай-ақ, Бат. Қазақстанның мұнайлы-газды аудандарының тереңдегі құрылысын бақылау және геофиз. жұмыстар тәсілін жетілдіру жолдары зерттелуде.

3.Электромагниттік және механикалық толқындардың ерекшелігін көрсетіңіз

Электромагниттік толқын әртурлі заттарда да, вакуумде де тарай алады. Ал механикалық толқындар тек заттардың белшектері қатысатын орталарда ғана (қатты денеде, сұйықта және газда) тарайды. Механикалық толқында ортаны құрайтын заттардың бөлшектері тербеледі. Ал электромагниттік толқында өрістің Е және В векторлары ғана тербеледі. Міне, сондықтан электромагниттік тербеліс вакуумда да толқын түрінде тарай алады.

2. Электромагниттік толқындар — тек көлденең толқындар болып табылады. Шынында да В индукция және Е кернеулік векторлары бір-біріне перпендикуляр бағытта тербеледі. Ал механикалық толқындар көлденең толқындар да, бойлық толқындар да бола алады.


3. Максвеллдің теориялық есептеулері бойынша вакуумдегі электромагниттік толқынның таралу жылдамдығы с = 2,99792458 • 108м/с = 3 • 108м/с тұрақты шама.

4. Вакуумге қарағанда заттағы электромагниттік толқынның таралу жылдамдығы аз болады

5. Механикалық толқындар сияқты электромагниттік толқындар да энергия тасиды. Жер бетіндегі тіршіліктің, органикалық заттардың (ағаштың, көмірдің, мұнайдың, газдың, шымтезектің, т.б.) пайда болуы күн сәулесімен келетін, яғни электромагниттік толқындармен жететін энергияға тікелей байланысты.

БИЛЕТ №16

1.Үйкеліс,ауырлық және серпімділік күштерін техника мен өмірде ескеру туралы баяндаңыз

2.Күнделікті өмірдегі физиканы саралаңыз

3.Дыбыс толқындары мен музыка жайлы баяндаңыз

1.Үйкеліс,ауырлық және серпімділік күштерін техника мен өмірде ескеру туралы баяндаңыз

Үйкеліс кез келген басқа физикалық құбылыс сияқты пайдалы да, зиянды да болуы мүмкін. Пайдалы болған жағдайда, оны арттыруға тырысады: жүргіншілердің аяғы тайғанамау үшін жолдарға кұм себіледі. Көлік доңғалақтары мен жол арасындағы ілінісуді күшейту үшін жолдарға асфальтбетон, қиыршық тас төселеді. Доңғалақтардың мұндай жол төсеніштерімен ілінісуінің өте жоғары болатынын төмендегі үйкеліс коэффициенттері арқылы бағалауға болады: құрғақ асфальтта - 0,6; ылғал асфальтта - 0,4; құрғақ бетонда - 0,95; ылғалды бетонда-0,85; қара жолда -0,5(0,3); құм төсеніште-0,7(0,5). Ал мұз дақ жолда (0,15) көлікті басқару үшін жүргізушінің асқан шеберлігі қажет-ақ.
Көп ретте техникада машиналар мен тетіктердің жанасатын беттері арасындағы үйкелісті азайту қажеттігі туындайды. Бұл жағдайда жанасатын беттер тегістеліп, олардың арасы майланады.

2.Күнделікті өмірдегі физиканы саралаңыз

физика қосымшалары күнделікті өмірде олар өте көп. Кейбір медициналық құралдар, мысалы рентген сәулелері немесе лазерлік операциялар, ғылымның осы саласынсыз, телефондар, теледидарлар сияқты күнделікті тұрмыстық заттарды және барлық дерлік электрондық құрылғыларсыз мүмкін болмас еді.

Екінші жағынан, физикасыз ұшақтар ұша алмады, машиналар айнала алмады және ғимараттар салынбады. Барлығы дерлік физикаға қандай-да бір түрде қатысты.Біз күнделікті өмірде қолданатын барлық электр жабдықтары электромагнетизммен байланысты. Микротолқынды пештерден, электр желдеткіштерінен және есіктің электр қоңырауынан бастап оятар сағатына дейін.


3.Дыбыс толқындары мен музыка жайлы баяндаңыз

Домбыраның ішегін тартып тұрып жіберіп қалыңыз. Ол дыбыс шығарады. Сонымен бірге ішектің тербеліп тұрғанын байқаймыз. Олай болса, дыбыс шығарып тұрған денені тербеліп тұрған дене деп қарастыруға болады. Яғни, механикалық тербеліс кезінде дене қоршаған ортаны (газ, сұйық және қатты дене) сығады және сиретеді. Жан-жаққа бірдей таралатын осы сығу және сиреу процесінің алмасып отыруын дыбыс толқыны дейді. Көршілес екі сиреудің арақашықтығын толқын ұзындыгы деп атайды. Әрбір дыбысқа тән қасиет: оның бір секунд ішінде қоршаған ортаны қанша рет сығатынында және сирететінінде. Сығудан және сиреуден тұратын әрбір циклді толық бір период деп атайды. Бір секунд ішіндегі период саны (v) дыбыс жиілігі делінеді. Жиіліктің бірлігі Гц екені белгілі. Егер дене бір секундта мың тербеліс жасаса, онда оның жиілігі 1000 Гц немесе 1 кГц болады. Дыбыстар естілетін және естілмейтін болып жіктеледі. Егер дыбыстың жиілігі 20 Гц-тен 20000 Гц-ке дейінгі аралықта болса, олар естілетін дыбыстар. Кейбір дене секундына 20-дан кем тербеліс жасап, дыбыс шығарады. Бұндай дыбыстар құлаққа естілмейді, олар инфрадыбыстар деп аталады. Жиілігі 20000 Гц-тен артық дыбыстарды да адам құлағы естімейді, олар ультрадыбыстар. Олардың жоғарғы шегі 109 Гц-ке дейін жетеді. Ал жиілігі 109Гц-тен жоғары дыбыстарды гипердыбыстар деп атайды.
БИЛЕТ №17

1.Денелердің жүзу шарттары туралын атап өтіңіз

2.Геофизика саласындағы сейсмология, петрофизика туралы баяндаңыз

3.Шудың қоршаған ортаға әсерін бағалаңыз

1.Денелердің жүзу шарттары туралын атап өтіңіз

Егер дене сұйыққа толық батып, оның ішінде жүзіп жүрсе, онда денеге әрекет ететін ауырлық күші архимед күшіне тең, яғни FА= Fа болады (1, а-сурет). Жүзу кезінде дененің вертикаль бойымен орын ауыстыру жылдамдығы өзгермейді. Сонымен сұйық ішінде жүзіп жүретін дене үшін FА= Fа, немесе ρдgVд = ρсgVы.с. теңдігі орынды болады. Ығыстырылған сұйықтың көлемі дененің көлеміне тең екендігін (Vд = Vы.с.) ескере отырып, бірдей шамаларды қысқартқаннан кейін ρд = ρс аламыз. Сонымен дене сұйық ішіне толық батып, оның ішінде жүзіп жүрсе, онда дене материалының тығыздығы сұйықтың тығыздығына тең болады.