Файл: 1билет Басару, менеджмент, заманауи менеджмент, білім берудегі менеджмент, педагогикалы менеджмент ымдарына сипаттама берііз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.04.2024

Просмотров: 139

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Сөздіктерде «орта» деп адамды қоршаған әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар, заттық орта, сонымен бірге бұл жағдайлармен байланыстырылған адамдар қауымы белгіленеді.

Л.И.Божович ортаны «даму жылдамдығын, жаңа сапалы құрылымдардың пайда болуын қамтитын, дамудың ішкі және сырттай жағдайларының ерекше бірігуі» деп анықтады. Автордың ойынша, ортаға қосылған баланың уайымдарының, ортаға деген қатынасының мінезін түсіну өте маңызды. Ғалым, баланың ортаға ғана қатынасын қамтымай, сонымен бірге сол ортада оның білсенділігін арттыратын, рухани-кеңістіктік және заттық-кеңістіктік бағыттарды дамытуды қажет дейді.

Педагогикалық үдерісті ұйымдастыру технологиясы

Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін , талантын дамыту білім беру педагогтардың басты міндеті болып отыр. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Бүгінгі таңда оқушыларға сапалы білім беру үшін көптеген жаңа әдіс-тәсілдер, жаңа технологияларды қолданылып ұйымдастырылуда.

Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында педагогикалық үдерісті ұйымдастыру

1. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

2. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.

3. Интерактивті әдіс арқылы оқыту.

4. Білім беруде ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану.

5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.

6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту.

7. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.

1. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы.

Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не?

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы бойынша ол:

- шыңдалған ойлау, кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сын көзбен қарау;

- күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешімге қабылдауға құштарлық;

- үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінінің сеніміне негізделген құрылым.


«Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» технологиясын қолдану төмендегідей нәтиже береді:

- білім алушының белсенділігін арттыру;

- пәнге қызығушылығын ояту;

- өзіндік көзқарасын білдіруге мүмкіндік беру;

- зерттеуге икемділігін дамыту;

- сөйлесім әрекеті белсенділігін арттыру;

- білім алушылар бір - бірімен қарым - қатынас жасай біледі;

- басқаларды тыңдауды, кез келген жауапқа сыйластық, түсіністікпен қарауға.

Жалпы, сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді болады, олар сұрақтар қойып дәлелдерді талдайды.

Қазiргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлесі қалыптасуда. Бұл процесі білім программасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Ол балаға өзін-өзі өзектелендіруге, өзін толытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталған.

Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білім, білік, дағдысын емес, оның тұлғасын, білім арқылы дамуын қамтып отыр. Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі-баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығарып, оқу үрдісіне еңгізу. Сол себептен де білім беру саласы қызметкерлерінің алдында–оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру міндеттері қойылып отыр.

Ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекеттің ғылыми – педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Жаңа педагогикалық технологияны меңгеруге мұғалімдерді даярлау – оларды кәсіби білімін көтеруге дайындау аспектісінің бірі және тұлғасын қалыптастыру үрдісіндегі іс - әрекеттің нәтижесі болып табылады. Оқытудың жаңа технологияларының принциптері – оқытудың ізгілендіру, өздігінен дамитын, дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп, өсіруші, тәрбиелеуші жеке тұлға қалыптастыру болып табылады. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық жаңа технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты жетік маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің өзін-өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастырылуына көмектесед

16-билет

Педагогикалық талдаудың түрлері мен мазмұнына түсінік беріңіз

Басқарудың теориясы мен практикасында (Ю. А. Копержевский., Т. И. Шомова және т.б.) педагогикалық талдаудың негізгі түрлері анықталған. Талдаудың субъектісіне (не талданады) қарай оның көптеген түрлері кездеседі. Солардың арасынан 

параметрлік, тақырыптық және қорытынды талдау деп аталатын үш түрді бөліп атауға болады.

Параметрлік талдау оқу процесінің барысы мен нәтижесі туралы күнделікті мәлімет жинап, ондағы кемшіліктердің себебін анықтауға бағытталды. Параметрлік талдау барысында тұтас педагогикалық процестің барысына өзгерістер мен түзетулер еңгізіледі. Параметрлік талдаудың мазмұны ағымдағы сабақ үлгерімітоптағы, балабақшадағы бір күндік, бір апталық тәртіп, сабаққа, топтан тыс шараларға қатысу, мекеменің санитарлық жағдайы, сабақ кестесінің сақталуы және т. б. сияқты мәселелерді қамтиды. Соның ішіндегі басшы мен оның орынбасарларының негізгі жұмысы сабаққа және сыныптан тыс шараларға қатысуы. Параметрлік талдау нәтижелерін тіркеп, жүйелеп, қорыту тақырыптың педагогикалық талдауға негіз қалайды. Осы тұрғыдан алғанда параметрлік талдау — фактілерді атап көрсету емес, оларды салыстыру, жинақтау, оның қалыптасу себебін анықтап, соңғы салдарын болжау. Осындай талдау нәтижелері және соның негізінде қабылданған шешім шұғыл түрде іске асыруды қажет етеді.

Тақырыптық талдау педагогикалық процестің барысында барынша тұрақты ағымдар мен нәтижелерді зерттеуге бағытталады. Тақырыптық талдау мазмұны мынадай кешенді мәселелерді қамтиды: оқытудың озық әдістерін үйлестіру, оқушылардың білім жүйесін қалыптастыру; тәрбиешілердің адамгершілік, эстетикалық, дене, ақыл-ой тәрбиесінің жүйесі; педагогикалық мәдениеттің деңгейін көтеру; мекемеде кановациялық орта қалыптастырудағы педұжымның рөлі және т.б.

Параметрлік талдау негізіне сүйене отырып, тақырыптық талдау барысында басшылар қорытынды талдаудың мазмұны мен технологиясын негіздейді.

Қорытынды талдау уақыт, кеңістік және мазмұн жағынан да барынша кең көлемді қамтиды. Ол оқу тоқсаны, жарты жылдық, оқу жылының қорытындысымен өткізіліп, қол жеткен нәтижелер, олардың алғышарттарын оқып-үйренуге бағытталады. Қорытынды талдау басқару циклының барлық функцияларын қамтиды. Қорытынды талдау үшін мәліметтер параметрін, тақырыптық талдау тоқсандық, жарты жылдық бақылау жұмыстары, педагогикалық ұжым, қоғамдық ұйымдар ұсынған ресми есеп, анықтамалардан құралады.

Педагогикалық талдаудың негізгі объектілері. Өз бойына балаларды оқыту мен тәрбиелеудің барлық мақсаты, міндеті, мазмұны, түрлері мен тәсілдерін жинақтаған педагогикалық талдаудың негізгі объектісі ең алдымен сабақ, сыныптан тыс шаралар және оқу жылының қорытындысы. Педагогикалық талдаудың барлық объектісін біріктіруші — ортақ әдістемелік жүйе болып табылады.


Басқарудың қызметі ретінде педагогикалық талдаудың жүйелік ыңғайының әдістемесі мен қисыны мынадай әрекеттердің сабақтастығынан аңғарылады: сабақты, тәрбиелі шараларды немесе оқу жылына барынша жалпы жүйелік бөлігі ретінде қарастыру, яғни олардың рөлін сабақтар, тәрбиелік шаралар жүйесіндегі және осы оқу жылын өтпек, болашақ оқу жылдарымен салыстырғанда алатын орнымен айқындау:

  • педұжым, оның педагогикалық мәдениет деңгейі, мекемедегі моральдік-психологиялық ахуал және т.б.) тиімділігін айқындайтын жиынтық факторларды табу;

  • оқу жылында жоспарластырған жұмыстардың негізгі бағыттарының мазмұны мен түрін, әдебиеттің мақсат-тылығы мен негізділігін айқындау;

  • оқу жылы бойындағы жұмыстың, сабақ, тәрбиелік шаралар нәтижесін талдау;

  • оларды ұйымдастырудағы кемшіліктер мен жетістіктердің негізгі себептерін айқындау;

  • жаңа оқу жылында жүргізілетін кешенді жұмыстарды жақсартуға ұсыныстар мен қорытындылар жасау.

  • Басшылардың үнемі назарында болатын нысан — сабаққа қатысу және оған педагогикалық талдау жасау. Білім беру мекемесінің даму тарихында басшылардың сабаққа енуінің ақылға сиятын да, сыймайтын да нормативі болды. Бірақ, қатысқан сабақтың соңы оған жасалған талдаудың сапасына тікелей әсер ететіндігі ақиқат.

  • Басшылардың басқару қызметінде сабаққа талдау жасаудың кеңейтілген, қысқа және кезендік түрлері кеңінен қолданылады.

  • Сабаққа кеңейтілген педагогикалық талдау жасау сабаққа қойылатын тәрбиелік, дидактикалық, психологиялық, санитарлық-гигиеналық талаптардың барлығына тоқталуды қажет етеді. Талдаудың бұл түрі жұмысты жаңа бастаған педагогтарға, белгілі бір қиындыққа тап болғандарға немесе іс-тәжирибесі арнайы зерттелетін тәрбиешілердің сабағына баға беруде қолданылады.

  • Сабаққа қысқа талдау жасау басшы, меңгерушісі немесе әдіскер тарапынан ұсыныс не ескертпені барынша объективті етіп беруді талап етеді. Сабаққа қысқа талдау жасау -атүсті талдау, немесе сабаққа көз алдау үшін қатысу емес, талдаудың бұл түрі тәрбиеші тұлғасын жақсы білу, жоғары әдістеменің және басқару мәдениетін талап етеді.

  • Кезеңдік талдау сабақтың белгілі бір кезеңін, мысалы балалардың таным белсенділігін артыруда көрнекілік қолдану, немесе тәрбиешінің тапсырманы тексеру жұмысы, немесе сабақ барысында балалармен топтық жұмыс жасау еркшелігін қамтиды.

  • Басшының талдамалық қызметінде тәрбиелік шараларға педагогикалық талдау жасау маңызды орын алады. Бұрын атап өтілгенді, тәрбиелік шаруалар іске асу процесінде балалар қатысатын ұйымдық, пәндік, шығармашылық әрекеттер сияқты бір-бірімен өзара байланысты бірнеше кезеңдерден тұрады.


Тәрбиелік шараларға педагогикалық талдау жасаудың қисыны оның кезендерінің бірізділікпен іске асуынан көрінеді. Кезеңдердің бірізділігі былай іске асады: тәрбиелік шараның мақсатымен міндеттерін, іске асыру түрін бірлесіп дайындау; бірігіп жоспарластыру; оқушылардың дайындыққа тартылуы және тәрбиешілердің педагогикалық басшылығының ерекшеліктері; тәрбие ісін тікелей жүргізу; бірлесіп қорыту және талдау жасау.

Мекеменің оның басшыларының жұмыс тәжірибесін зерттеу тәрбие ісіне педагогикалық талдау жасаудың барысында мынадай мүмкін мәнді нұсқа ұсынуға болады:

  • Тәрбие ісін мақсатына талдау;

  • Тәрбие ісінің тақырыбына, осы іске асырудың түріне талдау, аталған шараның топ, балабақша тәрбие жүйесіндегі орнын анықтау;

  • Тәрбиелік істің өтетін орнын бағалау, аудиторияны безендіру, пайдаланылатын құралдардың сапасы мен күтімі;

  • Тәрбиелік істің әрбір кезеңіне талдау (кезекшінің тәрбиені міндетті іске асыруы, кезек міндеттерінің мазмұнға сай келуі қолданылған әдістердің тиімділігі, кезең нәтижесінде талдау);

  • Тәрбиелік шараның оқушы тұлғасына дербес ықылас, оның балалар ұжымын қалыптастыру, өзін-өзі басқаруын дамытуына талдау;

  • Тәрбиешінің қызметіне, педагогикалық шеберлігіне тәрбиешінің тәрбие процесін басқарудағы біліктілігі мен кәсіпқойлығына, беделі, педагогикалық әзірлігіне баға беру;

  • Тәрбие ісінін жүргізудегі кемшіліктері оның себептері;

  • Тәрбиешіге тәрбие процесін жетілдіруіне ұсыныс, ақыл-кеңес беру.

  Кәсіби білім беру іс-әрекетіндегі қақтығыстары және оларды басқарудың ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз.

Ғылыми-әдістемелік, педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде ғылыми халықаралық термин «конфликт» қазақ тілінде қақтығыс, егесу, керісу, жанжал, дау-жанжал, тартыс деген мағыналарда жиі қолданылады. Бұл аталған ұғым, түсініктер оқушыларға білім беру, оқыту, үйрету барысында, оларды тұлға ретінде қалыптастыруда, олардың мәдени қарым-қатынасында, мінез-құлқында жиі көрініс табатыны белгілі.

Оқушылардың даму процесінде олардың жас және жеке педагогика-психологиялық ерекшеліктеріне байланысты олар арасындағы қақтығыс және оның басқа түрлерінің келіп шығуы, пайда болуы табиғи нәрсе екендігін де ұмытпаған жөн.

Ғылыми-педагогикалық және психологиялық туындыларға сүйене отырып қақтығыс (конфликт) тың мынадай түрлерін атауға болады: тұлғааралық қақтығыстар, отбасындағы (ерлі зайыптылар арасындағы) қақтығыстар, саяси және мемлекетаралық қақтығыстар.