Файл: 1билет Басару, менеджмент, заманауи менеджмент, білім берудегі менеджмент, педагогикалы менеджмент ымдарына сипаттама берііз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.04.2024

Просмотров: 113

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Мектеп педагогикалық жүйе жəне басқарудың ғылыми нысаны ретінде. Педагогикалық жүйе өз бетімен дамып, басқарылады жəне бірнеше компоненттерден құралады. Педагогикалық жүйені басқару ол, біріншіден, оның толықтылығын сақтайды. Екіншіден, басқа жеке компоненттерге əсер етеді жəне өзгеруіне ықпалын тигізеді. Педагогикалық жүйенің реттелуі осылайша жалпыламалық қажеттілігін  қанағаттандыру  үшін,  көздеген  мақсатқа  дəл  көрсетілген   уақытында   жетуі тиіс. Осы мақсат педагогикалық жүйенің мазмұнын ашады. Басқа жүйе сияқты педагогикалық жүйеде жеткен жетістіктеріне байланысты мазмұндалады. Мектепті педагогикалық жүйенің басқару нысаны ретінде қарастыру басқару қызметінің ұстаздарға, қызметкерлерге, оқушыларға көзделген мақсатқа жету үшін түрлі əдіс-тəсілдердің қолданылатындығын білдіреді. Мұндай жағдайда педагогикалық жүйе өз көздеген мақсатына жетеді жəне компоненттерімен жаңарып отырады [8].

Педагогикалық жүйенің жүйе қалыптастырушы факторлары.Педагогикалық жүйеде ең маңызды жүйе қалыптастырушы фактор болып ұстаз бен қатысушылардың, баланың жеке басының өсуіне, өзін-өзі тануы мен дамуына негізделген. Мектеп мақсаты — бастамалық тəрбиенің негізін қалыптастыру, яғни ол өз ішіне интеллектуалды, эстетикалық, еңбектік, экологиялық, құқықтық жəне басқа да тəрбиені кірістіреді. Басқарудың ең тиімді түрі болып мектеп басшыларының, ұстаздардың, оқушылардың ортақ мақсатқа жетуі үшін өз ойларын қосып жəне оның жүзеге асуына ықпал жасау табылады.



Педагогикалық жүйенің əлеуметтік педагогикалық жəне уақытша жағдайда қалыптастырылуы. Педагогикалық жүйенің əлеуметтік-педагогикалық жағдайды қалыптастырылуы, ол тұрақты жағдай, оның анықталуы жəне дамуы мектепті басқаруды кем дегенде екі бөлімге бөлу керек: жалпы жəне жеке. Жалпы жағдайға əлеуметтік, экологиялық, тəрбиелік, ұлттық, географиялық жағдайлар жатады. Ал, жеке жағдайға əлеуметтік географиялық қатысушылардың құрамының ерекшелігі, мектептің орналасқан жері (қалалық не ауылдық) мектептің материалдық жағдайы, қоршаған ортаны қорғау бойынша тəрбие жұмыстары жатады. Педагогикалық жүйенің тиімді жүргізіліп жатқанын ұстаз бен оқушылардың қарым-қатынасы, ата-аналардың педагогиканы білу деңгейі арқылы білуге болады.

Əлеуметтік жүйеде шешуші рөлді жеке тұлға не ұжымдық субъект атқарады. Яғни, педагогикалық жүйеде педагогикалық ұжым басшылықтарының басқаруынан жұмысты тиімді атқаруға болады. Мектепті басқару құрылымы төрт сатыдан тұрады: бірінші саты — мемлекеттік органдармен жəне ұжыммен тағайындалған мектеп директоры, мектеп кеңесі, оқушылар кеңесі. Екінші саты — ұжымдық жалпы еңбекке жауапты — мектеп директоры мен психологы, əлеуметтік ұстаз, мектеп директорының басқарудағы көмекшісі жəне өзін-өзі басқаруда қатысатын органдар. Үшінші саты — ата-аналарға, оқушыларға, үйірмелерге басшылық жүргізетін ұстаздар, тəрбиешілер, сынып жетекшілері. Төртінші саты — сыныптық жəне жалпымектептік өзін-өзі басқаратын оқушылар. Аталған  саты ұстаз бен оқушылардың қарым-қатынасын көрсетеді [9].


Басқару жүйесінде басты орын оқушылар ұжымына тиесілі жəне осыған байланысты екі көлденең басқару сатысын көрсетуге болады: жалпы мектептік ұжым жəне сынып ұжымы. Ал, тігінен басқару түріне жалпылама ұйымдар, спорт секциялары, творчестволық бірігушіліктер, үйірмелер, бригадалар жəне т.б. жатады. Педагогикалық қызметтерді шешуге бағытталған тəсілдер əдіс болып табылады. Олардың тиімділігі жоғарыда атап өткендей, ұстаз бен оқушылардың    қарым-қатынасына байланысты. Сондықтан үйрету, бақылау, жаттықтыру сияқты тəсілдерден басқа, ұстаз ақпаратты жинау, сақтау жəне реттеу сияқты тəсілдерді білуі тиіс. Басқаша айтқанда, əрбір басшылықтардың назарында болуы тиіс. Аталған компоненттер өзінен-өзі пайда болмайды, олар ұстаз қызметтерінен қалыптасып, содан кейін педагогикалық жүйенің қалыптастырушы компоненттері бола алады.

Қалыптастырушы компонент болып педагогикалық талдау, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау сияқты педагогикалық жүйенің қозғалысын, өзгерісін көрсететін қызметтер жатады.

2. Инновациялық технологияның ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз

Инновациялық технологиялардың негізгі ерекшеліктері

Бүгінгі таңда мемлекеттің алдына қойған мақсаты мен мұраты тарих сахнасынан өзіндік орын ала отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылу болса, бұл қажеттілікті қанағаттандыру үшін ел ертеңі бүгінгі жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруге бүкілхалықтық дәрежеде мән беру – қазіргі таңдағы үлкен мәселе. Мұның қозғаушы

күші – білім десек, білімнің негізі мектеп қабырғасынан басталатыны айдан анық [1]. Қазақстанның білім беру туралы заңында «Білім беру – бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени дамуына жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін көтеруге арналған тәрбиемен оқытудың үздіксіз процесі» - деп көрсетіледі.



Оқу мен тәрбие саласындағы мұғалімдердің алдында тұрған аса маңызды міндет – талабы таудай дарынды – тұлғаны іздеп тауып оны жетілдіріп шығару.


Жеке адамды қалыптастыру үшін оған не керек? Ол үшін оқытудың мазмұнын жаңартатын жаңашыл, шығармашыл, ізденімпаз ұстаз керек.

Ол үшін ұлттық педагогиканы, әдепғұрып, халық ауыз әдебиетін пайдалану, діни дағдыларды зерделеп оқи отырып намысты, имандылық пен ізгілікті, жат ісәрекеттерге сын көзбен қарап, өз бағасын бере білетін, рухани байлықты қастерлейтін Азамат тәрбиелеу, ұлттық мектептерімізде жаңа типпен білім беруді жаңаша әдіс-тәсілмен жүргізуіміз керек. Жасыратыны жоқ соңғы кездері мектептердің аттарын гимназия, лицей етіп өзгертуге құмармыз, бірақ соған лайық білім сапасы, білім деңгейі көтеріліп жатыр ма. Мектеп атын өзгерткенімен жетістіктерге жете алмаймыз. Ендеше атын өзгертелік, яғни оқыту жүйесін, мазмұнын білім беру технологиясын өзгерту керек. Баланың ыңғайына бейімі мен талабы, талантына, қабілетіне, дарынына, талап-тілегіне қарай ұлттық тәрбие, салт-дәстүр, бабалар тарихын негізге ала отырып, тұлға қалыптастыруға бағытталу керек. Қазіргі педагогика теориясы жаңашылдыққа бет бұрып, білім беру мазмұны жаңарып жаңа көзқарас пайда болумен жаңа технологиялар өмірге келді. Оқытудың жаңа технологиясын жете меңгерген, оны оқушылардың жас және психологиялық ерекшелігіне қарай таңдап пайдаланудың маңызы зор. Қазіргі педагогикалық технология ұғымы іс-әрекетімізге кеңінен еніп, жиірек қолданылып, практикаға енуде. Дегенмен, оның мән-мағынасы туралы пікірлер алуан түрлі. Түсіндірме сөздікте: «Технология – бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы» делінсе, Б.Т. Лихачев педагогикалық технологияны оқу процесіне белгілі бір мақсат көздей әсер ететін педагогикалық ықпал деп түсіндіреді. Ал, технологиялық үрдісті нақты педагогикалық нәтижеге жетелейтін бірліктердің (өлшемдердің) белгілі бір жүйесі ретінде көрсетеді және педагогикалық технология түпкілікті өзгермейтін механикалық құрылым емес, қайта бала мен мұғалімнің үнемі түрленіп отыратын өзара қарым-қатынасының өзегі, мазмұнды ұйымдастырушы құрылым дейді [2].


ЮНЕСКО-ның анықтамасы бойынша, педагогикалық технология – бүкіл оқыту үрдісі мен білімді техникалық және адам ресурсын олардың бір-біріне өзара әсерін, білім берудегі формасын оңтайландыру міндеттерін ескере отырып меңгеруді жүзеге асырудың жүйелі әдісі. М.В. Кларин «Педагогикалық технология бұл педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті», деп жазады. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің профессоры Ш.Т. Таубаеваның пікірінше педагогикалық үрдіс технологиясы мақсатмүддені анықтаудың жалпы әдіснамасы негізінде мемлекеттің қазіргі таңда білім беру саласына қойып отырған талаптарына сәйкес анықталып, іріктеліп, реттелген оқытудың мазмұн, форма, әдіс-амалдарының, дидактикалық талаптарының психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттердің жүйелі кешені. Ол оқушылардың тәртібіне, оқуға ынтасына, оқу іс-әрекетіне игі әсер етумен қатар, педагогиканы нақты ғылымға жақындату, мұғалімдердің интеллектуалдық, шығармашылық қызметі болып табылатын педагогикалық іс-тәжірибесінің нәтижелілігіне, жинақылығына ұтымды әсер ететіндей оқу-тәрбие процесінің басты күре тамырының ролін атқарады. Былайша айтқанда, педагогикалық технология – оқутәрбие процесінің шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігі оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі (компоненті) [3].

Педагогикалық жаңа технологиялар – іс-әрекетке, оқыту барысында жүзеге асатын педагогикалық жүйенің жобасы.

Ал, педагогикалық жүйе – тұлғаны жетілдіруге, қалыптастыруға бағыттау мен белгілі бір мақсатқа жету жолындағы арнайы педагогикалық ықпалды ұйымдастыруға қажетті өзара байланысқан әдістердің, құралдардың жиынтығы. Олай болса, дәл қазір бізге осы педагогикалық жүйені дамыту, оны практикада пайдалану қажет болып отыр.

ХХI ғасырдағы білім беру жүйесі қандай болуы керек? деген мәселе әркімді де толғандырары сөзсіз. Американдық мұғалімдер ассоциациясының вице-президенті, доктор А. Урбански білім берудің болашақ мұратын былайша сипаттайды:

«Оқыту ойлауға үйретуге негізделуі тиіс. Осыған байланысты оқу үрдісіндегі өте маңызды кезең – рефлексті емес, басымдылықтан ойлау әдістері мен амалдарын саналы түрде игеруге көшу».

Жаңа оқыту технологиясы бойынша материал сипаттамалы түрде емес, шынайы проблема негізінде берілуі тиіс. Көптеген ғалым-әдіскерлер «Методология мәселені шешеді» деп есептейді. Бұдан басқа кейбір белгілі әдіскерлер «оқытудың жаңа жүйесінде мұғалім назары дұрыс жауап алудан оның қандай жолмен алынғандығын түсіндіруге көшуге ауады», дейді [4].


Адами қарым-қатынастар оқу-тәрбие үрдісінің нәтижелерін белгілейтін маңызды фактор болып табылады. Сондықтан жаңа технологияның негізі саналатын ізгілендіру мен демократияландыру – мектептегі оқу үрдісін жетілдірудің басты ұстанымдары.



Балаларға ізгілік тұрғысынан қарау дегеніміз:

балаларға деген ұстаздық сүйіспеншілік, олардың тағдырына алаңдау;

баланың болашағына, қабілетіне сену;

ынтымақтастық, қарым-қатынас шеберлігі;

тікелей қысым көрсетпеу;

баланы ынталандыру;

баланың кемшіліктеріне шыдамдылық көрсету.

Қарым-қатынастарды демократияландыру дегеніміз:

мұғалім мен оқушының тең құқықта болуы;

оқушының еркін таңдауына мүмкіндік құқығы болуы;

қателесу құқығы;

өзіндік көзқарас құқығы;

«балалар құқықтарының конвенциясын» сақтау;

қарым-қатынас стилі, тыйым салмау

бағыт беру, басқармау – бірігіп тең басқару, зорламау – ұйымдастыру, шектемеу – еркін таңдау мүмкіндігін беру.

Еліміздің егемендік алуы нәтижесінде қоғамдық өмірдің барлық салаларында, соның ішінде, білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгілендіру мектепті осы күнге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.

Бұған дейінгі дәстүрлі білім беру оқушыларға тек пәндік білім, білік, дағдылардың белгілі жиынтығын меңгертуге ғана бағытталып, олардың жеке басының дамуына, тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінбеді.

Қазіргі кезде біздің республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқутәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, басқаша қарым-қатынас, өзгеше менталитет пайда болуда.

білім беру мазмұны жаңа үрдістік біліктермен, ақпараттарды қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде;

ақпараттың дәстүрлі әдістері – ауызша және жазбаша, телефон және радио байланыс – қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып орын беруде;

баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің рухани баюына, азамат, тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуде;

мектеп, отбасы және қоршаған әлеуметтік ортаның бала тәрбиесіндегі бірлігіне ұмытылысы жасалуда;

қоғамдық біліммен бара-бар педагогикалық технологияның кеңінен қолданылуына және ғылымның рөліне мән берілуде. Сөйтіп, оқытудың технологиясын жетілдірудің психологиялық-педагогикалық бағыттағы негізгі ой-тұжырымдары төмендегіше сипатталады;