Файл: 1билет Басару, менеджмент, заманауи менеджмент, білім берудегі менеджмент, педагогикалы менеджмент ымдарына сипаттама берііз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.04.2024

Просмотров: 112

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

3. Проблемалы оқыту технологиясы. Проблемалы оқыту – мұғалім басшылығы мен қиын мәселелерді туғызу және оқушылардың белсенді түрде өз беттерімен мәселелерді шешу. Қорытындысында олардың ойлау қабілеттері дамып, шығармашылық іскерліктері мен дағдылары қалыптасуына жағдай жасайды.

4. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы

Мақсат пен міндеттердің орындалуы мынадай ұзақ жоспарлар арқылы іске асады:

- ассоциация;

- бірлестік қызмет;

- көзқарасын талдау мен дәлелдеу түрінде қорғау. Бұл технология бойынша:

- оқу үрдісінде қызығушылық артады;

- оқушының өз бетімен білім алуына мүмкіндік беруі туады;

- оқушының ақпараттық тіл байлығы жетіледі.

5. Деңгейлік саралау технологиясы. Саралап оқыту технологиясы, оқыту процесінің белгілі бөлігін қамтып, ұйымдастырудың шешімдері, оны оқыту құралдарының жиынтығы түрінде көрінеді. Сыныпты, топтарды оқытуға әртүрлі қолайлы жағдай туғызуды қажет етеді; әдістемелік педагогикалық-психологиялық және ұйымдастыру-басқару шаралары біріктіріледі.

Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.

1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді;

2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің бірнеше деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.

6. Жекелеп оқыту технологиясы. Жекелеп оқыту – оқу процесін ұйымдастырудың мына түрлері мен үлгілерін қарастырады.

- мұғалім бір ғана оқушымен жұмыс істейді;

- оқушы тек оқу құралдары мен өзара қатынаста (оқулықтар, компьютер, т.б) болады. Жекелік оқудың басты жетістігі баланың қабілетімен оқу қызметінің желісін әдісі мен мазмұнын өз қабілетіне қарай бейімдеуіне мүмкіндік береді.

7. Топтық технология. Бұл сыныпта оқу жұмысын ұйымдастырудың үшінші және төртінші деңгейі. Бұндай жұмыс белгілі-бір тапсырманы бірлесіп шешуі үшін сыныпты уақытша топтарға бөлуді қажет етеді. Оқушылардың өзіндік ерекшеліктерін ескеріп, бірлесіп үйренуге мүмкіндік береді.


8. Кезеңдеп оқыту технологиясы

1. Мәдени кезек сөз – оқу процесінің екі негізгі бөлігі арасында кезексөз түрінде құрылады.

Оқу-негізгі «таңдану нүктесі» айналасына орналасқан ішкі кезексөзге негізделіп құрылады.

2. Дидактикалық бірлікті ірілендіру (ДБІ) Әдістемелік құрылымның түзгіші негізіне мұғалім мен оқушы қызметін байланыстырушы ретінде математикалық жаттығу ұғымы алынған, әрі тұра, кері ұғымдары мен қағидалары бір кезде оқытылады.

ДБІ технологиясының ашушы түзгіші – жаттығу – үшен сабақтардың бірінде қаралады:

- қазіргі тапсырма;- кімге арналғандығы;

- жинақтау. Технология мазмұнының басты ерекшелігі пән оқу материалдарының дәстүрлі дидактикалық құрылымын қайта құру.

3. Ойлау қызметін кезеңдер бойынша қалыптастыру, мақсаттың бағытталу технологиясы – бағдарлық білім, шеберлік және дағдыны әсерлі меңгеру. Бұл технология әрбір оқушының жұмыстарды, әрбір қадамын мұғалімнің бақылауын қажет етеді. Сабақ меңгерудің барлық кезеңдерінде бақылап отыру – технологияның ең маңызды құраушыларының бірі болады. Ол оқушыны қателесуден сақтандыруға бағытталады.

9. Жеке пәндік педагогикалық технология.

1. Ерте және ыждағатты сауаттылыққа оқыту технологиясы. Технология мазмұны оқу процесі бала миының танымдық қуатын жан-жақты жандандыра отыра, қызметі мен қатынастары арқылы баланың табиғи ойлауына негізделген.

2. Әсерлі сабақтар жүйесіне негізделген технология.

Мақсаттық бағыттары:

- қалыпты білім, шеберлік дағдыны меңгеру;

- ойлау қызметіне математикалық тәсілдерді меңгеру;

- қабілетті балаларды дамыту;

10. Өзіндік дамыту технологиясы (М. Монтессори) Мақсаттық бағыты:

- жан-жақты дамыту;

- жекелікті тәрбиелеу;

- бала санасында ойлау қызметі мен пәндер түзгіштерін біріктіру.

Басты мақсаты – оқыту дағдысы: қолдағы ұсақ моторлар, есті дамыту.

11. Дамыта оқыту технологиялары.

1. Л.В. Занковтың дамыта оқу жүйесі. Оқыту қызметінің негізгі мотивациясы танымдық қызығушылық. Занков әдісі әртүрлі қызметтерге тарту, дискуссия, дидактикалық ойындарда оқытуда, пайдалану, сол сияқты есті, ойлауды, елестетуді, сөйлеуді байыту бағытындағы оқыту әдісі.

2. Д.Элькони – В.Давыдовтардың дамыта оқыту технологиясы. Элькони – Давыдов техноло-гияларындағы дамыта оқыту ең алдымен оның мазмұны, теориялық білімге негізделе отырақұрылған. Білімнің теориялық негізі терең түрдегі жинақтаудан тұрады. Дәстүрлі технологиялардан өзгешелігі дамыта оқыту оқу қызметін басқаша бағалайды. Оқушының орындаған жұмыстары мен сапасы оқушыға білімнің жетімділігі мен қабілетінің жететіндігін мұғалімнің көзқарасы бойынша бағаланбай, оқушының өз мүмкіндігі тұрғысынан қаралады.


3. Жеке бас шығармашылығын дамытуға бағытталған дамыта оқыту жүйесі. Іздену, ойлап табу қызметтері процестері оқытудың негізгі мазмүны болады.

Дамыту мазмұны жақыннан орташаға, сонан кейін қашықтағы мақсаттық келешекке көшуден тұрады.

Бұл технологияда ұжымдық жұмыс әдісі кеңінен қолданылады; ойға шабуыл, ұйымдастыру – қызмет ойыны, еркін шығармашылық пікірталасы.

12. Модульдік оқыту технологиясы. Модуль дегеніміз – қандайда бір жүйенің, ұғымның нақтылатын, біршама дербес бөлігі.

Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш құрылымды бөліктен тұрады. кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімнен тұрады. Әр оқушы оқу модулінде сағат саны әртүрлі болады. Бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына  немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты.

Жаңа технологияны қолдануда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, үлкен ізденіспен, шығармашылыққа жетелеуге де болады. Нәтижесінде оқушы:

Оқыту процесінде жаңа технологияларды қолдана отырып білімін шыңдайды;

Жаңа оқыту үрдісін қалыптастырады;

Өздігінен ізденімпаздық қабілеті артады;

20 билет

1 Көшбасшы мен менеджердің ара қатынасына талдау

Менеджмент және көшбасшылық екеуі де ұйым үшін аса маңызды. Дегенмен, компаниядағы көшбасшылық пен менеджмент – бір-бірін тек іс әрекеттің жүйесіне сәйкес толықтыратын екі бөлек дағды. Әрқайсына тән өзіндік қызметтері мен ерекшеліктері бар. Ал, заманауи әрі ағымы жылдам бизнес әлемінде жетістікке жету үшін екі дағдыны да қалыптастыру керек. 

Стэнфорд университеті, бизнес факультетің деканы Роберт Джосс: «Көшбасшылық белгілі бір ұйымның өсуіне септігін тигізіп, ол жерде болатын өзгерістер мен қиындықтарға мойымай, соған сәйкес жауапкешілікті мойнына ала білумен өлшенеді. Ол – атақ емес, билік емес, мансап та емес, бұл – жауапкершілік», – деген болатын. Бір жағынан, көшбасшылық адамның жеке қасиеттері арқасында пайда болады. Оның мақсаты, құндылықтарын біріктіре отырып, белгілі бір ортаның не ұйымның дамуы үшін күш жұмсай білуі көшбасшылыққа бастайтын жол болмақ. Ағылшын тіліндегі "leadership" қол астында қызметкерлерді бір арнаға бағыттай алатын, қойылған мақсат үшін дегенінен қайтпайтын, саналы шешім қабылдайтын адамның іс-әрекетін сипаттайды. 

Мына қасиеттер менеджер мен көшбасшыға сай жіктелген. Бірақ, кейбір қасиеттер екі басқару жүйесіне де тән екенін ұмытпаған жөн. 


"Менеджер" және "Көшбасшы"

Тапсырма береді – Шабыттандырады

Өзгенің мақсаты үшін жұмыстанады – Ортақ мақсат үшін тер төгеді

Әрекет негізі: жоспар – Әрекет негізі: алдын-ала болжау

Жүйе бойынша әрекет етеді – Адамдарға сенеді

Дәлел қолданады – Эмоцияға ерік береді

Бақылайды – Сенеді

Қозғалысты қолдайды – Қозғалысқа күш береді

Кәсіби маман – Энтузиаст 

Шешім қабылдайды – Шешімді жүзеге асырады

Істі дұрыс атқарады – Дұрыс істерді ғана қолға алады

Дегенмен, көшбасшылық  жеке қасиет, ол мотивация мен идеология емес екенін есте сақтаған жөн. Біріншіден, көшбасшылық – адамдардың арасында орнаған қарым-қатынас жүйесі: топтағы адам қозғалыстың басы-қасында болып, топтың әрекетіне, туындайтын қиындыққа және нәтижені өз жауапкершілігіне алады. 

Осылайша, менеджер мен көшбасшы түсінігінің екі бөлек екенін аңғаруға болады: менеджер – қызмет, ал көшбасшы белгілі бір ортаның мойындауымен пайда болады. 

Managers do things right and leaders do right things: мағынасы жақсы менеджерлер іс-әрекетті тыңғылықты орындайды, ал, көшбасшы ненің орындалуы тиіс екенін бірден аңғарады. 

Екіншіден, менеджер тапсрыма береді, көшбасшы шабыттандырады. Егер менеджер нақты тапсырмалар беріп, анық мақсаттар қойса, көшбасшы топтық жұмысқа кірісіп, жоспарды орындауда өзі де күш салады. Одан бөлек, қызметкерлерді ынталандыру үшін позитивті ортаның қалыптасуын қадағалайды. Сонымен қатар, менеджер жүйеге сәйкес әрекет етсе, шынайы көшбасшы адамдарға сенім артады. Сенім орнату үшін, оларды байланыстыратын шағын бас қосуларды ұйымдастырады. Сондықтан, Dell, Google, Southwest Airlines, Apple және Wallmart секілді компанияларда көңілді кештер мен бас қосулар жиі болып тұрады. Boston Scientific компаниясының негізін қалаушы Джон Абель мұны былайша түсіндіреді: «Нені тойлатсаң, соған қол жеткізесің». 

Психологиялық тұрғыдан, бір уақытта адамның бойынан менеджерге және көшбасшыға тән қасиетті көру мүмкін емес. Өйткені, олардың жеке қасиеттері түрлі типке жатады. Сондықтан, сауатты менеджер мен талантты көшбасшыны бір адамның бойында дамыту үшін, бұл түсініктерді терең зерттеп, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын ұғыну тиіс. Ал, сіздің бойыңызда қай басқару типі басым?

2 Дәстүрлі және инновациялық оқыту технологияларының айырмашылығына сипаттама беріңіз

Оқыту технологиясының жалпы сипаттамасы. "Оқыту технологиясы ” ұғымы педагогикада және жеке әдiстемеде әсiресе соңғы уақытта кең таралып отыр. Байқауымызша, бұл ұғымның педагогикада пайда болуы техногендiк өркениеттiң дамуымен байланысты және ХХ ғасырдың басындағы Еуропаның елдерi мен АҚШ–та "технология” ұғымының өзi де, оған байланысты мәселелер де арнайы зерттеулерге арқау бола бастаған кезге жатады. ХХ ғасырларда педология шеңберiнде "педагогикалық технология” терминi туындады. Осы кезеңде педагогикалық техника ұғымы да кеңiнен қолдалынады. "Педагогикалық технология” ұғымы рефлексология идеяларына негiзделген.


"Бiлiм берудегi технология” терминi оқытудың техникалық құралдарын (ОТҚ) қолдаумен техникалық құралдарын қолдану әдiстемесi мәселелерiн қарастыруда оқыту технологиясы (50-60 жж.), сондай-ақ педагогикалық технологиялар терминi қолданыла бастады. 60-жылдары педагогикалық технология қандай да бiр әдiстеменi, мысалы, бағдарламалық оқытуды ғылыми негiздей отырып қолданылуы тиiс деген түсiнiк қалыптасты. 70–жылдарға қарай педагогикалық тәсiлi туындады.

«инновация» (латынның innove – жаңа, жаңа әдіс, әдістеме, технология, бағдарлама) терминінің өзі ауызекі тілдік айналымда ХҮІІІ ғасырдың өзінде пайда болса, ХІХ ғасырда ол ғылыми арнада кеңінен қолданыла бастаған.

Инновациялық технологиялар – ол білім саласындағы қолданатын жаңа ақпараттық технологиялар, ғылым жетістіктеріне негізделіңген әдістер

Дәстүрлі оқыту технологиясының артықшылығы және кемшілігі

Дәстүрлі сынып сабақтық технологиясының басқа технологиялардан айырмашылықтары бар:

  • оқушылардың  таным кабілеттері және жас мөлшері шамамен бір деңгейді құрайды;

  • сыныптағы  оқушылар құрамының әр кез  тұрақты болуы;

  • сыныптағы сабақ ортақ жылдық  жоспармен оқу бағдарламаларына,оқулыктарға негізделген, құрастырылған  кестемен жүргізіледі

  • Оқушылар мектепке жылдың бір мезгілінде, белгілі бір сағатта барады: оқытудың негізгі бірлігі-сабақ.  Сабақ бір пәнге негізделеді;

  • сабақ барысында жоспарланған  тақырып кеңінен түсіндіріледі

  • Дәстүрлі оқыту технологиясының кемшілігі

  • Дайын білімді хабарлайды, оқушы орындаушы, мұғалім басқарушы болады.



21 ЕМТИХАН БИЛЕТІ


  1. Мұғалім еңбегін бағалаудың басты критерийлерін анықтаңыз.

  2. Мектептегі әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың принциптері мен формалары

1-Педагогикалық персонал қызметінің нәтижелері, мектептегі оқу процесінің сапасы, ең алдымен, осыған байланысты,

әр мұғалім өзінің лауазымдық міндеттерін қаншалықты адал орындайды, өзінің педагогикалық қызметінде өзін қаншалықты сәтті жүзеге асыра алады. Екінші жағынан, педагогты қалай бағалау керек, оның білім беру процесіне қосқан үлесі туралы мәселе жиі туындайды, бұл ретте педагог қызметкерлердің барлық мүшелеріне бұл баға түсінікті болады және мұғалімнің педагогикалық шеберлігін арттыруға, білім берудің жаңа сапасына қол жеткізуге деген ынтасын қалай арттыруға болатыны туралы сұрақтар туғызбайды.