Файл: 1билет Басару, менеджмент, заманауи менеджмент, білім берудегі менеджмент, педагогикалы менеджмент ымдарына сипаттама берііз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.04.2024

Просмотров: 144

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Білім беру мазмұнын жаңарту арқылы оқу тәрбиелік үрдісті ұйымдастырудың жаңа әдістері мен түрлерін білу, жинақтаған іс-тәжірибе негізінде жаңа заман талабына сай берілетін ақпараттарды пайдалана отыра, оқушының білімге деген құлшынысын арттырып, өздігінен ізденуге бағыт беретін әдіс тәсілдердің жаңа формаларын оқу-тәрбие үрдісінде қолдану.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық жаңа технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты жетік маман болу мүмкін емес. Үздіксіз білім беру мазмұнын жаңарту қоғамды ақпараттандыру үрдісінің дамуына байланысты өзгеріске ұшырап отырады, ал мемлекеттік тілді оқытуды ақпараттандыру оқыту мақсаттарына терең деңгейде әсер етеді. Соған сәйкес қазақ тілін жеделдете оқытудың міндеті - адами қарым-қатынасқа дайын, әлеуметтік-лингвистикалық ахуалды дұрыс бағалайтын, мемлекеттік тілді білудің қажеттілігі мен әлеуметтік маңызын терең сезінетін, қазақ тілінде сөйлесім әрекетін жағдаятқа сәйкес үйлесімді қолдана білетін, қоғам мүшелерінің сапалы жаңа моделін жасақтау болып табылады.

ХХI ғасырда әлемдік өркениет төрінен орын алуы үшін, Қазақстанның жан-жақты дамуының бірден-бір жолы ғылымды әр қырынан меңгеру қажет болып отырғаны белгілі. Елбасымыз «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдың бірі» -деген болатын. Елбасының халыққа Жолдауы білім беру ісінде де жыл сайын өзгерістер енгізіп отыр.     Сондықтан, бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр.

Міндеттері:

-  Білім беру мазмұнын жаңғырту жағдайында  әдіс-тәсілдерді енгізу және оқушылардың  білімі мен біліктілігін қалыптастыру;

-  Оқушылардың  танымдық қызығушылығын және білім сапасын арттыру;

-  Дәстүрлі білім беруге қарағанда оқушылар алған білімді жүйелеу;

-   Білім беру мазмұнын жаңғырту жағдайында  мұғалімнің уақытын үдемдеу және оқытуда тиімді пайдалану.

Білім беру мазмұнын игерту әдістері:

  • білімді кіріктіру;

  • талдау, жинақтау, салыстыру, біріктіру;

  • саралау әдісі;

  • спиральдық әдіс;

  • аралас құрылым әдістері.

Қазіргі мектептер қоршаған орта мен қоғам дамуы туралы білімді кіріктіру әдісімен ерекшеленеді. Себебі бала ішкі дүниесінде әлемді тұтас қабылдайды.  Осы анықтама негізінде кіріктірудің екі түрін атап айтуға болады:

  • пәнішілік, белгілі бір пән ішіндегі тақырыптарды кіріктіру;


  • пәнаралық, әртүрлі пәндер арасындағы тақырыптарды кіріктіру.

Шетелдік мектептерде (Англия, АҚШ, Жапония) кіріктірілген курстар кең қолданылады және ол тірі және өлі табиғат, техника, адам және т.б. туралы білімдер аясын қамтиды. 
Ең дұрысы, талдау, жинақтау, салыстыру, біріктіру әдістері мен тәсілдерін қолдану. Тиімді қолданылған әдіс-тәсілдер оқушылардың дүниетанымдық, адамгершілік, экологиялық, коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру үшін маңызды. Пәндерді кіріктіру мен пәнаралық байланысты тиімді қолдану білім мазмұнын игеруге немесе бекітуге, уақыттың үнемделуіне мүмкіншілік тудырады. Кіріктіру міндетті пәндердің санын азайтуға жағдай жасайды.

Білім мазмұнын құруда саралау әдісі міндетті ұстаным болып саналады. Оқытудың бастапқы деңгейінде қарапайым түсініктер беріледі, ол білімді толықтыру және танымдық мүмкіншіліктерінің өсуіне байланысты тереңдетіледі және кеңейтіледі. 
Сонымен қоса әлемдік тәжірибеде спиральдық құрылым қолданылады.  Спиральдық құрылымның ерекшелігі – оқушыларға ұсынылатын білім мазмұны қарапайымнан күрделіге қарай біртіндеп тереңдеп отырады. Мысалы, 1-сыныпта заттың атын білдіретін сөздер деп оқылса, келесі сыныптарда термин енгізіліп, зат есім деген атауымен беріледі, осылайша «Зат есім» тақырыбы барлық сыныптарда өтіледі, бірақ ол әр сыныпта белгілі бір деңгейде күрделеніп беріліп отырады. Онымен байланысты оқушылардың білімі біртіндеп кеңейеді және тереңдейді. Мұндай әдіс оқытудың жаңа бағыттарын шешуге, яғни балалардың қабілетін жүйелі ой санасын ашып, одан әрі дамытуға мүмкіндіктер беретіндей болуымен маңызды.Бастауышта оқу мазмұн көлемін кеңейту, пәндер бойынша оқыту мазмұнын ұйымдастырудың тәсілі ретінде «тақырыптық тараулардың» орнына қызықты мазмұнды тақырыптарға ауысу. Мысалы, «Өсімдіктер» мен «Жануарлар» тақырыптарының орнына «Өсімдіктер мен жануарлар әлемінің жоғалуы» т.б. алмастыруға болады. Осындай қысқа мазмұнды тақырыптардың ауыстырылуы балалардың ауқымды мәселелерге, идеялар мен теорияларға деген қызығушылығын тудырады.

Осы тәсілмен біз 12 жылдық білім беру жүйесінің бастауыш мектептегі оқыту мазмұнын ұйымдастырудың  4 негізгі принципін айта аламыз:

  1. Тақырыптық тараулар бойынша мазмұндық сипатының толықтығы;

  2. Ғаламдық, кең таралған тақырыптар мен мәселелерді оқыту;

  3. Бастауыш баласының білімге құштарлығын оятатын мазмұнды тақырыптарды оқытуға, қабілеттерін арттыруға, дүниенің дамуына байланысты тапсырмаларға деген пәнаралық көзқарасты қалыптастыру;

  4. Мазмұндық өзара ішкі байланысты қалыпқа келтіру, білім саласына байланысты өзекті оқыту мәселелері мен тақырыптарының бірігуі.


Аталған төрт принцип те бір-бірімен тығыз байланысты, біреуінің жүзеге асуы басқасына әсер етеді. Пәнаралық көзқарастың іске асуы пәндер арасында тақырыптардың бірігуін қамтамасыз етеді. Оқушы қажеттіліктерінің ақыл-ой жүктемесінде бесінші принцип пайда болады, бұл - оқыту мазмұнының нақтылық принципі.

Бастауыш білім беруде білімнің базалық мазмұнын тұрақтылыққа жеткізу маңызды болып табылады. Осы маңызды мәселе 12 жылдық білім беру жүйесінде сақталуы тиіс. Себебі, ЮНЕСКО өлшемдері бойынша меңгеруі тиіс білімнің 80 пайызы бастауыш мектепте міндетті білім компоненті болып табылады.

Сонымен, 12 жылдық бастауыш мектепте өз деңгейінде оқытуды жүзеге асыруды мақсат етсек, олардың білімге деген құштарлығын, мүмкіндіктері мен абстрактылы теориялар мен ойларға қызығушылығын бастауыш балаларының ерекшеліктерін ерекше назарға алуымыз қажет. 
Қазіргі қоғам талабына сай, баланың ой-өрісін дамыту, біліктері мен шеберліктерін қалыптастыру, оны өз тәжірибесінде, жаңа жағдайларға байланысты қолдана алу, ой дербестігін кеңейту, заман сұранысына сай ізденімпаз, шығармашыл тұлғасын қалыптастырудың бірден-бір жолы – 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу екендігін әлемдегі өркениетті елдер мойындап отыр. Сондықтан білім беру жүйесіндегі реформа кезеңдерге бөлініп, эволюциялық  жолмен, жаңа әдіс-тәсілдерді, құралдарды пайдалану арқылы жетілдіру, оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын жаңарту, білім беру процесінің жаңа моделін сынақтан өткізу және мектепті бірте-бірте жаңа шығармашылық іс-әрекет ұстамына көшіру түрінде жүзеге асырылуы тиіс.
Жалпы, жаңарған мектепте оқыту құрылымы мен ұйымдастырылуы оқушылардың қызығушылығы мен қабілеттеріне, рухани дамуына, олардың өмірлік жоспарларының жүзеге асырылуына бағытталған, көпвариантты және икемді болуы қажет. Сондай-ақ бұл мәселеде негізгі, орта және жоғары мектептің, өндірістің т.б. өзара сабақтастығы проблемасын ескерген жөн.

Қорыта келе, мектептегі білім беру мазмұнын жаңарту мәселесі қазіргі күн талабына сәйкес білім беру жүйесін жаңарту мен жетілдірудің аса маңызды кезеңінде үлкен мән беріліп отырған, көкейтесті тақырып деп есептеймін. Педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы мен жұмыс істеу ретін әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушылардың мүмкіндіктерін ескере отыра, өзінің кәсіптік шеберлігіне сай таңдауы тиіс деп санаймын. Әдіс-тәсілдердің бәрін жүзеге асыру мүмкін емес. Ол үшін шығармашылық тұрғыдағы ізденіс, шыдамдылық, жүйелі жұмыс жасалуы керек. Қазіргі қоғам алдындағы қойылып отырған міндеттердің ең өзектісі – бүкіл білім жүйесін түбегейлі жаңартып, дүниежүзілік деңгейге сәйкес келетін оқыту мазмұнын жаңарту болып отырғанының куәсі болып отырмыз. Жастарға сапалы білім беруге жағдай жасайтын және олардың үйлесімді дамуына, тәжірибелі мұғалімдердің бірлескен жұмысының нәтижесінде қол жеткізуге болатын ізденіс қорытындысы дегім келеді. Бастауыш сынып оқушыларына лайықты оқытудың әдісін саралап, оны шешу жолындағы басқару әрекеттерін дұрыс ұйымдастыра білгенде ғана жұмысымыз нәтижелі болма


6 билет Мектептегі жаңалық және жаңашылдық процесіне тоқталыңыз
Мектептегі жаңалық және жаңашылдық процесі. Қазіргі мектептегі жаңашылдық процеспен басқарудың ерекшеліктері. Қоғамдағы қазіргі кездегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігі олардың білім беру жүйесін, білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды-машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі әлемде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады. Удачи!

Инновациялық іс-әрекет индивидтің дәстүрлі іс-әрекетінен ерекше айырмашылығы бар іс-әрекеттің негізгі түрі. Ол өзара шиеленіскен қарама- қайшылықта жүзеге асады: дәстүрлі іс-әрекеттің қазіргі моделі тиімді болмай, оны одан әрі жетілдіру ешқандай нәтиже бермеген кезеңінде жаңаның өмірге келуі заңды құбылыс.

Инновациялық іс-әрекетті зерттеген ғалымдар:

      • Педагогикалық инноватика және оны меңгеруге мұғалімдерді дайындау (М.М.Поташник, Н.Р.Юсуфбекова, И.И.Цыркун, Я.С.Турбовской, Ш.Т.Таубаева, К.Ж.Бұзаубақова, С.Н.Лактионова, Н.К.Ахметов және басқалар).

      • Мұғалімдерді ақпараттық, педагогикалық технологияны қолдана білуге дайындау (Л.В.Нефедова, М.В.Николаева, Т.А.Лавина, Г.Г.Брусницына, Ж.А. Қараев, Г.К.Нургалиева және басқалар).

      • Мұғалімнің инновациялық ақпараттық мәдениетін қалыптастыру ( С.Н. Лактионова, Ш.Т.Таубаева және т.б.)

      • Мұғалімнің инновациялық іс-әрекетке даярлығын қалыптастыру (Н.Ш.Чинкина, Е.Г.Гаевская, Ш.Х.Курманалина, М.М. Мұқаметқали және т.б.).

      • Болашақ мұғалімдерді инновациялық технологияны оқу-тәрбие процесіне пайдалануға дайындау (И.С.Дмитрих, М.Г.Соколова, Г.О.Қожашева, Г.С.Сибагатова, Б.Е.Медетбек, А.Е.Берикханова, Г.С.Базарбаева және т.б.).

      • Жалпы білім беретін мектептің оқу-тәрбие процесінде инновациялық технологияны пайдалану (Қ.Ө.Кариева, М.С.Мәлібекова, Г.Т.Жақыпбекова, Б.А.Қадырбаева, М.Б.Мақамбаев, З.А.Құттықожанова, Б.О.Қуанбаева, С.К. Исламгулова және т.б.).

      • Бастауыш сынып мұғалімінің инновациялық даярлығын қалыптастыру (Б.Т.Барсай, Қ.М.Нағымжанова және т.б.).

      • Мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің дидактикалық теориясы: В.И.Журавлев, И.А.Зязюн, П.И.Карташов, Л.И.Гусев, Н.В.Кухарев, Ф.Ш.Терегулов, Л.М.Фридман, Н.Р.Юсуфбекова, И.И.Цыркун, В.А.Сластенин, Л.С.Подымова, Б.Т.Барсай, Г.Е.Берікханова, К.Жақсылықова, Қ.Ө.Кариева, М.М.Мұқамбетқали, Қ.А.Сарбасова және т.б.


Инновациялық іс-әрекет үшін маңыздысы тек қана іс-әрекеттің мазмұнын ғана өзгерту емес, сондай-ақ оның әдіс-тәсілдерін модернизациялау, яғни іс- әрекеттің технологиясын да жетілдіру аса қажет. Осы тұрғыдан алғанда, жаңашылдықты инновацияның нәтижесі ретінде қарастыруға болады, ал инновациялық процесс, ең аз дегенде 3 кезеңді қамтиды: идеялар генерациясы; қолданбалы бағытта идеяны жүйелеу; практикаға жаңалықты ендіруді жүзеге асыру.

Жаңашылдық ғылыми идеялардың тууынан оның практикалық қолданысқа енуіне дейінгі барлық кезеңдерді қамтитын және әлеуметтік- педагогикалық ортадағы осыған сәйкес өзгерістерді жүзеге асыратын процесс.

Білім беру саласындағы инновация деп арнайы жоспарланған немесе

«кездейсоқ ашылған» педагогикалық инициативалар ретінде жаңалықтарды айтамыз. Бұл ретте «жаңашылдық» мазмұнына ғалым В.М.Полонский ғылыми- теориялық білімнің нақты жаңалығын жатқызса, В.П.Беспалько және В.В.Сериков жаңа тиімді білім беру технологияларын жатқызады, ал Н.Л.Гузик тиімді инновациялық педагогикалық тәжірибенің технологиялық жобасын ұсынады.

Инновация бұл тек педагогикалық процесс немесе мектепті басқаруды ұйымдастырудағы қандайда бір жаңалықтардың жемісі ғана емес, ол мектептегі тәрбиелеу және оқыту жүйесінің бәрінде өзгеріс әкелген өзара әрекеттер жиынтығының нәтижесі. Осындай нәтижелі еңбекті ұйымдастырғанда мұғалімнің инновациялық іс-әрекетке қажеттілігі арта түседі (3-кесте).

Ғалым Я.С.Турбовскойдың пікірінше, жаңашылдық озат педагогикалық тәжірибені пайдалану барысында оқу-тәрбие процесінің сапалы жаңа өзгерісі болып табылады.