Файл: 1билет Басару, менеджмент, заманауи менеджмент, білім берудегі менеджмент, педагогикалы менеджмент ымдарына сипаттама берііз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.04.2024

Просмотров: 101

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


«Инновация» ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э.Раджерс инновацияны былайша түсіндіреді: «Инновация- нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея». Майлс «Инновация — арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз», — дейді.

Инновациялық құбылыстар білім беру саласында өткен ғасырдың сексенінші жылдарында кеңінен тарала бастады. Әдетте инновация бірнеше өзекті мәселелердің түйіскен жерінде пайда болады да, берік түрде жаңа мақсатты шешуге бағытталады, педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға жетелейді. » Масырова Р.Линчевская Т — «Жаңару» дегенімізді былай деп түсіндіреді: «Жаңару — белгілі бір адам үшін әділ түрде жаңа ма, әлде ескі ме оған байланысты емес, ашылған уақытынан бірінші қолданған уақытымен анықталатын жаңа идея.

Қазақстанда ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол «Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз — білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі» деген анықтаманы ұсынады. Н.Нұрахметов «Инновация» білімнің мазмұнында, әдістемеде, технологияда, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке — дара, бір-бірімен байланыспаған); модульдік түрі (жеке — дара кешені, бір-бірімен байланысқан); жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын).

Оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін қолданудың мынадай ерекшеліктерін атап көрсеткен:

—  дербес оқыту технологиясы оқу-тәрбие үрдісінде ғылымның негіздерін игерту үшін ізгілік,  адамгершілік  қасиеттерді  қалыптастыра отырып,  жеке  тұлғаның  әлеуметтік-психологиялық  жауапкершілін арттырады.қоғам мен табиғат заңдылықтарын кіріктіру негізінде меңгеруі;

—  оқытушы білмейтін шығармашылық ізденіс негізінде өмірге келген жаңа қабілет;

— ақпараттық  бағдарламалап   оқыту — оқытудың  мазмұнын  пәнаралық  байланыс тұрғысынан ұйымдастыру;

— иллюстрациялы түсіндірмелі оқытуда «адам-қоғам-табиғат» үйлесімдік бағыттағы дүниетанымында жүйелі саналы мәдениет қалыптасады;

Инновациялық іс-әрекетке орта да әсер етеді. Мектеп жаңалықтың себебін, жобасының дұрыстығын дәлелдеп, жаңалыққа мұғалімдерді, оқушыларды, ата-аналарды қызықтыра білгені жөн. Инновациялық үрдісті күшейтін бес фактор:


Мектеп басшыларының шығармашылығы, оқытудың жаңа технологияларын жасауға қабілеттілік, педагогикалық процеске қатысушылардың бір-бірімен өзара әрекеті және қарым-қатынасы, әлеуметтік-экономикалық жағдай, инновациялық үрдіске қатысушылар:бастама көтерушілер, көмектесушілер, қарсы тұрушылар[3, 55 б.].

Тізбектелген сипаттамалар инновациялық үдерістің ұсынушылары мен жүзеге асырушыларына да қажет, ал бұл рөлде ұйым басшысы болуы шарт. Р.Л. Кричевскийдің пікірінше инновациялық саясатты сәтті өткізу үшін инновациялық үдерісті орындаушыларға қатысты жәйттер:

  • Қызметкерлердің білім деңгейі және мамандарды арнайы әзірлеу мен қайта даярлау жүйесінің болуы;

  • Адамдардың ақпараттың байланыстары мен хабардарлығы, яғни олардың жаңалық енгізуге байланысты адекватты ақпаратты алулары;

  • Жаңалықты ұйымдастырушыларға байланысты қызметкерлердің жаңалықты енгізуге мотивациялары, бағыттылығы.

Білім беру инновацияларын орта мектептерге енгізудің басты кедергісі мұғалімдердің сапалық құрамы мен кәсіби құзыреттілік деңгейлері. Мысалы, оқытудың жаңа технологиялары мектеп мұғалімінен (өз пәнінен кәсіби құзыреттілігінен басқа) педагогикалық шеберлікті талап етеді. Мұғалімнен дамыта оқыту технологиялары талап ететін педагогикалық білімдер:

  • Оқыту мен тәрбиелеу мақсаттарын диагностикалау іскерлігі;

  • Оқу пәнін терең, жүйелі және оның ғылыми негіздерін білу;

  • Оқу материалын қайта құрылымдау, бір ғана сабақ емес, тұтас тақырыпты индуктивті мазмұндаудан логикалық индуктивті-дедуктивті проблемалық мазмұндай білу;

  • Оқушыны өмірге даярлау, бағыт беруде оқу үдерісін моделдеу (оның мақсатын, мазмұнын, оқыту  формасын, әдістері мен тәсілдерін);

  • Оқушының өзбеттілік жұмысын ұйымдастыра білу;

  • Оқытудың белсенді әдістерін еркін меңгеру;

  • Оқушы мен мұғалім ынтымақтастығы, қолайлы психологиялық ахуалды қамтамасыз ету.

  • 4 ЕМТИХАН БИЛЕТІ




  1. «Жүйе» ұғымына анықтама және оның негізгі қасиеттеріне сипаттама беріңіз.

  2. Әдістемелік жүйе және оның құрылымы, негізгі құраушыларын анықтау. Әдістемелік жүйенің мақсатына тоқталыңы42 42 42 42

1-сұрақ.Жүйе жалпы қазмет ету мақсатымен және басқару бірізділігмен біріктірілген ортамен өзара әрекеттесетін біртұтас құбылыс ретінде болатын нақты қасиеттер негізінде ерекшеленген өзара байланысты элементтер.





2-сұрақ.Әдістемелік жүйе, оның құрылысы, негізгі құрастырушылардың анықтамасы. Әдістемелік жүйенің мақсаты.
Академик В.П.Беспалько дидактикалық процесті төмендегідей формуламен анықтайды: Дпр = Ы + Тә + Б.

Мұндағы: Дпр дидактикалық процесс; Ы ынта; Тә оқушының танымдық әрекеті; Б басқару.

Педагогикалық процесті рефлексивті басқару тұлғаны дамытуға әсер ететін факторларға байланысты, осының нәтижесінде оқушы өз іс-әрекетінің мәнін түсінетін болады. Мұғалім мен оқушы арасындағы саналы түрдегі қажеттілік мақсатқа бағытталған түрленуші іс-әрекеттің ішкі және сыртқы мотивтерін қалыптастырады. Тұлғаның өзін-өзі түсіну барысында оның дамуына үлкен әсерін тигізетін өзін-өзі тану, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі түзету сияқты процестер жүре бастайды. Осылайша, рефлексивті іс-әрекет тұлғаның зерттеумен, болжаумен, модельдеумен айналысуына әкеліп, оның өзін-өзі дамытуына жол ашады. Нәтижесінде дұрыс ұйымдастырылған дидактикалық процестегі «оқыту - оқу» өзара байланысқан жүйе «оқу» компонентін түзейді. Оқыту процесі деп оқыту мақсатын жүзеге асыратын мұғалімнің жан-жақты ойластырылған іс-әрекеті, ал оқу – оқушының таным негізінде жасайтын іс- әрекеті.

Оқытудың жүйелік іс-әрекеттілік бағыттылығы оқытудың тұлға іс- әрекеттілік нобайын жасауға мүмкіндік береді:

мақсат ынта іс-әрекет рефлексия теориялық білім.


Педагогикалық жүйені (ПЖ) төмендегідей формуламен анықтауға болады: ПЖ = ӘЖ + Дпр.

Мұндағы: ПЖ – педагогикалық жүйе; ӘЖ – әдістемелік жүйе; Дпр дидактикалық процесс.

5 ЕМТИХАН БИЛЕТІ


  1. Педагогикалық менеджменттің функциялары мен олардың сипаттамалары

  2. Жаңашылдық басқарудың мектептегі әсері және факторларын тұжырымдаңыз.

 1-сұрақ.Педагогикалық менеджменттің функциялары

1.Педагогикалық менеджменттің функциялары туралы ұғым. 2. Объектіні бағдарлау және басқару жүйесі арасындағы қатынас. 3.Шешім қабылдау және жоспарлау функциясы. Басқару функциясы – басқару қызметінің нақты түрі, оны жүзеге асыру үшін арнайы амалдар мен әдістер, сондай-ақ тиісті ұйымдық жұмыстар қолданылады.

Әрбір басқару функциясы үдеріс болып саналады, өйткені, бұлар да өзара байланысты әрекеттер сериясынан тұрады. Басқару функциясы барлық функцияның жалпы жиынтығы. Функция – көпмәнді термин. Философияда бұл екі объектінің (топтың) қарым-қатынасы, онда біреуінің өзгеруі екіншісінің өзгеруіне түрткі болады, әлеуметтануда – белгілі бір әлеуметтік институт немесе жеке әлеуметтік үдеріс жоғары деңгейдегі қоғамдық жүйенің қажетін орындайды.

Функция – бұл сонымен қоса әрекет, міндет, жұмыс. Бұл мағынада функция ұғымы басқару функциясының категориясын анықтаған кезде басқару теориясында, сондай-ақ олардың ұйымдастыру жүйесіндегі басқа функциялардан - өндірістік, әлеуметтік т. б. өзгешелігін көрсету үшін пайдаланылады.

Басқару функциясының өзіндік өзгешелігі, ерекше мазмұны болады, әрі дербес жүзеге асырылуы мүмкін. Оларды кез келген басқару саласындағы адамдар қызметіне теңдестіруге болады. Шындығында, кез келген салада басқару үшін шешімді әзірлеу және қабылдау, оның орындалуын ұйымдастыру, оның орындалу барысын үйлестіру, орындалу нәтижесінбақылау жәнеде осы деректердің негізінде келесі шешімді шығару және қабылдау қажет.

Басқарудың барлық функциясы бір-біріне тығыз байланысты, сонымен қоса, олар бір-бірімен сіңісіп кетеді. Жоғарыда атап көрсетілгендей, басқару функциясына деген көзқарас және олардың жіктелуі алуан түрлі. «Менеджмент негіздері» кітабының авторлары (М. Х. Мескон, М. Альберт, Ф. Хедоури) басқару қызметінің елеулі түрлерін шағын категорияларға бөледі. Мұның өзін қазіргі кезде барлық ұйымдарға қолдануға болады. Авторлардың пікірінше, басқару үдерісі олардың өзара байланысты функцияларынан: жоспарлаудан, ұйымдастырудан, мотивация және бақылаудан тұрады.


2-схема. Басқару функциясы
Жоспарлау. Ұйымдастыру. Мотивация. Бақылау П.И. Третьяков «Нәтижелер бойынша мектеппен басқару» кітабында басқарудың келесі функцияларын бөлді: 1. ақпараттық -талдау;2. уәждеу –мақсаттық;3. жоспарлы –болжамдық;4. ұйымдастырушылық–атқарушы;5. бақылау –диагностикалық;6. реттеу-түзету.
Жоспарлау барлық басқару функциясының ішіндегі ең елеулісі болып саналады.
Жоспар— практикада қате жібермеу үшін жазбаша дайындалған, мамандардың пікірімен келісілген, жан-жақты талқыланған жоба. Жоспарлауға болжамдау, бағдарламалау, жұмысшы жоспарларды дайындау енеді. Соңғы кездерде басқарудын талдау функциясында дәстүрлі мектептін оқу-тәрбие жұмысының жоспарының орнына нақты білім сапасына жетуге мүмкіндік беретін мектептің даму бағдарламалары қарастырылады. Ұйымдастыру. Жоспар жүзеге асу үшін білім сапасын басқару субъектілерін, олардың әр кайсысының лауазымдык міндеттерімен қатар баскарудың баска субъектілеріне карағандағы құқыктарын. әрекет нәтижесіндегі өнімінің сапасына жауапкершіліктерін анықтау керек.Ұйымдастыру – еңбекті біріктіру және бөлу, міндеттерді, жауапкершілікті бөлу, құрылымды таңдау;
Мотивация (ынталандыру) – жұмысшыларды мақсаттарға жетуге қозғауЕгер кімде кім ұйымдағы нақты жұмысын орындамаса, онда тіптен ойдағыдай жасалған жоспардың және ұйымның неғұрлым жетілдірілген құрылымның ешқандай мәні болмайды. Сондықтан да мотивацияның міндеті сол, ұйым мүшелері өздеріне бекітілген міндеттерді жоспарға сәйкес орындау.
Бақылау. Күтпеген жағдайға байланысты ұйым өзінің бастапқы, басшы белгілеген бағытын өзгертуі мүмкін. Сондықтан да басшының міндеті, ұйымға елеулі зиян келмей тұрғанда алғашқы белгіленген жоспардың өзгеру себебін тауып, анықтау болуы тиіс.

.

2-сұрақ.Әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін паш етті. Қазiргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлесі қалыптасуда. Бұл процесс білім программасының өзгеруімен қатар жүреді.

Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындап отыр. Бүгінгі таңда білім беру мазмұнын жаңарту өте маңызды өзгерістердің сатысында тұр, сол себепті бұл тақырыптың өзектілігі сонда: