ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.02.2024
Просмотров: 140
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Саусақ және тілдік қимылына, жауап беретін орталық, бас миына өте жақын орналасқан. Саусақ ойындары және жаттығулары — ұсақ моториканы, сөйлеу тілін дамытуда зор рөл атқарады. Ұсақ моториканы дамыта отырып, баланың тілдік қорын белсендендіреміз және түзетеміз.
Соңғы 5-10 жылда балалардың сөйлеу тілінің төмендеп кеткені байқалады. Неге? Себебі, ата-аналар балалармен аз сөйлеседі, олардың жұмыстан қолдары босамайтынын айтады. Балалар өз беттерімен тілдік қарым-қатынаста, себебі, олар қарайды және тыңдайды.
Cаусақ жаттығуларының мағынасы туралы кітаптарда аз жазылған жоқ. Қол саусақтар жаттығулары есте сақтау және назар аудару қабілетін дамытатындығын психологтар айтып кеткен. Тақпақты саусақтар жаттығулары ырғаққа ілесіп қимылдауына және баланың сөйлеу ырғағының қалыптасуына көмектеседі. Сондықтан ойынды ерте жастан бастап шынықтырған жөн. Саусақ ойындары сөйлеу лексикасының, сөздердің өзара байланысының(диалогты дұрыс жүргізуге, түсінік айтуға,т.б.) шыңдалуына себепші.
Балалардың сөйлеу құзыреттілігі жоғары деңгейде қалыптасуы ұсақ моторика тәсілдері мен құрылымына байланысты. Қол саусақтары қимылы алғаш дамитынын, содан кейін сөйлеу құзыреттілігі дами бастайтынын ғалым М.И. Кольцова жүргізген зерттеу жұмыстарында көрсеткен.
Саусақ қимылдарының дамуы сөйлеу құзыреттілігінің дінгегін қалыптастырады. Ғылыми деректерге сүйенсек қолдың саусақ қимылдарын және сөйлеу мүшелерін бақылайтын бастағы ми қыртыстары бір-біріне жақын орналасқан. Қолдың саусақтары қимылынан жүйке бастағы ми қыртысына импульс жібереді де, оған жақын орналасқан сөйлеу аймақтарын белсендіреді.
Тақпақтардың сүйемелдеуімен орындалатын ұсақ моторика ойындарын ұйымдастыруына аса мән берген жөн. Бұл ойындар балалар үшін өте пайдалы. Себебі ойын баланың сөздік қорын көбейтеді, жеке сөздердің нақты әрі дұрыс айтылуын қалыптастырады.
Балалардың сөйлеу құзыреттілігін қалыптастыруға төмендегі ұсақ моторика жұмыстары қажет:
саусақ ойындары;
театр түрлері;
дидактикалық ойындар;
табиғи заттармен ойындар;
шығармашылық жұмыстар;
оригами (қағаз бүктеу).
Осы аталған жұмыстардың бір нешесінетолығырақ тоқталайық.
Қане аздап-шынығып көрейік.
«Екі қырықаяқ» саусақ жаттығуы.
Екіқырықаяқ Екіқолсаусақтарыбір-біріментүйіседі.
Жолменжүгірді.
Жүгірді, жүгірді.
Бір-біріменкезікті Екіалақандықосады.
Құшақтасқандары соншалық Сұқсаусақтарды айқастырады.
Құшақтасқандары соншалық Ортаңғы саусақтарды айқастырады.
Алақандарды айқастырады.
Екеуінкүштепажыраттық. Қолдардыжібереді.
Театр түрлері
Саусақты- сөйлеу қызметін дамытуда театрдың атқарар орны бөлек.
Балабақшада театрдың түрлерін көп қолданғаны дұрыс. Мысалыға, «Суретті театр», «Саусақтар театры», «Қолғаптар театры» т.б. Бұл үшін епті қолдармен қатар рөлге еніп ойнауға, монологтарды айтуға, жаңа рөлдер ойластыруға, қойылымдарды дыбыстауға деген ынтасы болу керек. Қуыршақтар әуез ырғағымен қозғалуы, бастарын бұрып, еңкеюі балалардың саусақтарымен орындалады.
Табиғи заттармен ойындар
Есте сақтау қабілетін қалыптастыруға, қолдың саусақтар қимылдарын жетілдіруге, аз-көп сөздерінің мағынасымен таныстыруға табиғи заттармен ойындарының көмегі көп. Бұл ойындар әсіресе бүлдіршіндердің қызығушылығын оятады.
Баладан дақылдардың түріне, көлеміне қарай ыдыстарға бөліп салуға көмек сұраңыз. Мысалы, бұршақты- үлкен, күрішті- орташа, тарыны-кішкентай ыдысқа салу керек.
Шөлмекке салынған дақылдарды шайқап, дыбыс шығаруға болатынын түсіндіру, дыбысты тыңдату. Бұл ойында шөлмектің аузына бұршақтарды салудың өзі балаларды қызықтырады.
Кішкентай қасықпен дақылды бір ыдыстан екінші ыдысқа салу. Қасықпен жұмыс кезінде қолдың басы қимылдайды, мұқияттылықпен, ұқыптылықпен орындауға бейімделеді.
Енді бұршақ түстеріне, пішіндеріне, көлемдеріне қарай отырып, суреттер салуға да болады.
Шығармашылық жұмыстар
Шығармашылық жұмыс жүргізе отырып баланың сөйлеу құзыреттілігіне әсер етуге болады. Қайшы, қағаз, тұзды қамыр, ермексаз, бояулар, қаламдарды қолдана отырып жүргізілетін жұмыстар тек сенсорлық қимылды жаттығу ғана емес. Шығармашылық жұмыс ойлау, сөйлеу қабілетінің белсенділігін, балалардың қоршаған заттар туралы түсінігін тереңдете отырып көрсетеді. Тәрбиешілер әдеттегінше сурет салудан бөлек, жарма, құм беттеріне де сурет салдырады.
Оригами
Оригами- қағазды бүктеу арқылы түрлі бейнелер жасау. Оригами жасау кезінде балалар екі қолымен бірдей жұмыс атқарады. Оригами ұсақ моториканың дамуына оң әсер етумен қатар мидың жұмысына, сөздік қор жинауына, сөздерді және сөйлемдерді дұрыс байланыстыра отырып сөйлеу қабілетіне тигізер пайдасы мол.
Мысалы, «Бақа» жасату.
Жолда бақалар кезікті
Аяқтарын соза секіреді
Ква- ква- ква!
Саусақтарымен әртүрлі жаттығуларды орындай отырып, балалар ұсақ моторикасының дамуында жақсы нәтижеге жетеді. Сурет салуға, жазуға дайындаудан бөлек сөйлеу құзыреттілігін дамытады. Қолдың басының қозғалу икемі жақсарады. Бұл балалар жазу, сызуды сенімді түрде орындайды. Жоғарыда айтылған жаттығулар мен ойындар балалардың мектепте жақсы білім алуына әсер етеді. Сол себепті қолдың саусақтарының қимылдарын қалыптастыру үшін күнделікті ұйымдастырылған оқу іс- әрекеттерде, серуенде әртүрлі ойындар мен жаттығулар қолдануды ұсынамыз.
Жазба тілді дамыту маңызды, әрі күрделі мәселе. Жазба сөз ауыз сөзге қарағанда өзгеше психологиялық негізі бар, айырықша тіл функциясы. Ол өте қиын, саналы, әдейі бір мақсатпен жұмсалатын тіл формасы.
Л. С. Выготский: «әріп жазуға үйрету деп ойламау», — дей келіп, әрі қарай осы күнгі қолданылып жүрген дыбыстық талдаудың да жазуға үйрету жатпайтындығы туралы: «… тәжірибе көрсеткендей, сөз ішіндегі дыбыстарды талдай алатын бала сөз жазып кетеді деп айтуға болмайды, оған жазу механизмін үйрену қажет» дейді. Біз баланың мектепке дейінгі ішкі ойын сыртқа шығаруының табиғи тәсілін мектепке келген бірінші жылы «Әліппеден оқыған, жазғанымен, яғни оқу, жазумен оны бейнелеу өнерімен интеграциялауымыз, тәжірибе көрсеткендей, жазба тілді дамытудың көзі болады.»
Оқу мен жазу дыбыстық талдау, жинақтау әдісі арқылы жүргізілетіні баршаға мәлім. Сондықтан, ең бірінші талап – балалардың дыбыс есту қабілетін дамытып, тіліміздегі түрлі дыбыстарды ажырата білуге, дыбыстық талдауға үйрету. Ол үшін әр түрлі ойын түрлері пайдаланылады. Мысалы : «Еденге не түсті?», «Қай аспапта ойнадым?», «Кім атыңды атады?», «Қай жануар үн шығарды?».
Жазу процесін түзету үшін саусақтық бұлшық ет қимылдарын дамыту қажет. Ол үшін сурет, еңбек, жазу сабақтарында міндетті түрде арнайы жаттығулар өткізілуі қажет.
Менің жұмысымның бір бөлігі – қолдың ұсақ моторикасын дамыту. Жаттығуларды орындау барысында балалардың жазу дағдылары қалыптасады, есте сақтау қабілеті дамиды. Жұмыс барысында осы әдістерді көп пайдаланамын:
Қолдың ұсақ бұлшықеттерін жетілдіруге арналған жаттығулар.
( Саусақтарға арналған жаттығулар- «Алақан», «Алақанды қыздыру», «Саусақтар амандасады» т.б.).
Трафарет, контурлармен жұмыс жасау, берілген нүктелерді қосу арқылы геометриялық фигураларды сызу, фигуралардың ішін штрихтау.
Дәптер жолынан шықпай түзу, сынық сызықтардан тұратын оюлар салу.
Әріп белгілеріне ұқсас заттар салу.
Әріп элеметтерін сызу.
Сонымен қатар, әр түрлі дидактикалық арнайы ойындарды қолданған жөн.
Мысалы: «Кім пирамиданы тез жинайды?», «Сиқырлы дорба», «Кім жылдам?», (шашылған ұсақ заттарды жинау), «Кесілген суреттерді құрастыру». Бұл ойын барысында балалар саусақтарын жаттықтырумен қатар, ойлау, сөйлеу қабілетін де дамытады.
Тілі толық дамымаған балалардың көру түйсігі мен кеңістікті бағдарлау қабілетін дамыту қажет. Өйткені, көру түйсігі негізінде балалар ұсақ әріп белгілерін ажырата білуге, оқуға, жазуға үйренеді.
Аталған жұмыс түрі мынандай бағытта жүргізіледі:
Заттың ұқсастықтарын, ерекшеліктерін табуға дағдыландыру;
Бірден көріп, дұрыс қабылдауға үйрету;
Бүтінді бөлшектерге бөліп, бөлшектерден бүтін зат құрастыруға үйрету;
Солдан оңға қарай жылжи отырып, бір жолдан екінші жолға көшуге дағдыландыру;
Көру қабілетін күшейту.
Сонымен қатар, осы бағытта Мария Монтессори әдістерінің бірін пайдалану тиімді.
Қазіргі білім беру жүйесі оқу үрдісінде оқытудың интербелсенді әдістерін кең қолдануды талап етеді. Сондай әдістердің бірі — Мария Монтессори педагогикасы өзіне көптеген мамандардың назарын аударуда.
Мария Монтессори – мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің қазіргі заманда да маңызы жойылмаған әдістемесін жасаған итальяндық педагог.
М.Монтессори педагогикасының тиімділігі, өзектілігі қазіргі уақытта да өз нәтижесін беруде.
Ойын барысында балалардың көру түйсігі қалыптасады, саусақтарының қимылы бір қалыптан екінші қалыпқа ауысуы дұрысталады.
Балабақшадағы оқыту-тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті әс-әрекет кезіңдегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру әсәне ерекше мән берілген. Ерте және мектепке дейінгі кіші жаста қарапайым жаттығуларды жасауда өлеңмен, тақпақпен ұйқастырылған жаттығуларды пайдалану ұсыналады. Сонымен қатар өзіне-өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру: қасық пен қарындаш ұстау, түйме тиегін өзі салып, өзі ағыту, бауын байлау, т.б. Өмірінің бастапқы кезеңінде баланың ұсақ қол моторикасы қалай дамып жатқандығын, жеке интеллектуалды қабілетін байқауға болады.Қасықты, қарындашты ұстау алмайтын , түймесін түймелей алмайтын және бәтеңке бауын байлай алмайтын балалардың қолының кіші моторикасы нашар дамыған болып есептеледі. Олар шашылған конструкторларды жинау, пазаламен жұмыс жасау,есептейтін таяқша және мозаикамен ойнау өте қиын.
Әрине, мектепке дейінгі жасында бала тілінің дамуы, өзіне-өзі қызмет көрсету және жазуға дайындық дағдысын қалыптастыруда ұсақ қол моторикасын дамыту және үйлестіру жұмыстарын жүргізудің маңызы өте зор. Ұсақ моториканы дамытудың маңыздығы неде? Адамның бас миында саусақ қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте жақын орналасқан.Ұсақ моторикаға әсер ете және оны белсендіре отырып, көрші орналасқан сөйлеуге жауап беретін орталықты да дамыта аламыз. Сондықтан ұсақ моторикасын дамыта отырып, адамның ішкі ағзасына ықпал етеміз. Су- Джок терапиясының авторы Паджев адамның ағзасының белсенді нүктелері қол саусағында орналасатының дәлелдеген болатын.
Балалармен күнделікті жұмыста әр баланың жеке қабілетін ескере отырып, жалпы және арнайы моторикасын дамыту үшін ойындар мен тапсырмалар беріп отыру қажет. Ойын жаттығуларын беруде мына принциптерге сүйену қажет:
-Ойын жаттығулары балаларға қызықты , тартымды болуы қажет, ересек пен бала арасындағы қарым-қатынас сенімділікке құрылуы қажет.
-Саусақ жаттығулары қарапайымнан күрделігі қарай ойысады.
Қолдың саусақ қызметін анықтайтын бірыңғай ұғым әдебиетте кездеспейді. Десек те оларды жинақтасақ: қолға арналған гимнастика, саусақ ойындары мен жаттығулары, саусақ гимнастикасы және массаждар.Саусақ ойындары мен жаттығуларын орындату үшін де әр түрлі тәсілдер қолданамыз. Саусақ қозғалыстары әр түрлі қысқа ырғақты тақпақтармен айтылады. Ол екіге бөлінеді:
-Отырып ойнайтын саусақ ойындары.
-Қолдың нәзік бұлшық еттерімен бірге дененің барлық мүшелері қатысып секіру, бір орында жүгіру, қол ,аяқ, бас қимылдары да бірге орындалады. Бала өз саусақтарын қаншалықты басқара алса, оның о дан әрі дамуы да соған тікелей байланысты. Ұсақ қол моторикамен қоса есте сақтау қабілеті мен назары, сондай-ақ , сөздік қоры да дами түседі. Осыларды ескере отырып, өз жұмысымның анықтадым: мектеп жасына дейінгі балаларды түрлі қызметтер арқылы ұсақ қол моториканы дамыту және қол қызметін үйлестіру. Ұсақ қол моторикасын дамыту және қозғалысын үйлестіру мақсатында түрлі қабылдаулар мен әдіс-тәсілдер қолдандым:
-саусақ ойынды тақпақтар мен жағылтпаштар
-саусақ гимнастикасы, сергіту сәті
-саусақ театры
-құрылыс жасау:қағаздан, ЛЕГО конструктормен
-бастырмалардың түрлері
-трафаретпен сурет салу
-дидактикалық ойындар
-кіші заттармен ойнау
-пазл, мозаика қолдану.
Көптеген жаңашыл зерттеушілер ұсақ моториканы дамытуға байланысты саусақ моторикасын дамытуға саусақ ойындары, саусақ ойындарын сипаттауды, сергіту сәттерін, ойын-ертегілер пайдалануды ұсынады. Т.А Ткаченко сергіту сәтіне жаттығу енгізу бас миының сөйлеу зонасын қимылын белсендіреді, ол баланың сөйлеу тілін түзетуге мүмкіндік береді деп тұжырым жасаған.В.В. Цвынтарный ұсақ қол моторикасын дамытуға есептеу таяқшалар мен сіріңкемен жұмыстар жасатудың әсері мол деген көзқарас білдіреді.
Халық даналығында «Ойнай білмеген, ойлай да білмейді», «Ойында озған, өмірде де озады» деген аталы сөздер сырына жүгінсек, мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген құлқы, қарым-қатынасы, мінез-құлық көріністері олар өсіп-есейгенде де жалғасы береді. Ойынды қолданумен бірге ойлауға, тілді дамытуға, шығармашылық әрекетін байытуға бағыт алады. Сондықтан екі жыл ортаңғы топта жұмыс жасағанда осы ұсақ қол моторикасын дамытуға көңіл бөлгенмін. 2016-17 оқу жылында ортаңғы логопед тобында жұмыс жасағанда «Саусақ ойындары» тақырыбына картотека жасадым. Бұл картотекаға ойынның 12 түрін еңгіздім: