Файл: Баылаусратары азадебиетіноытудістемесіпнібойынша I. Дегей.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.05.2024
Просмотров: 62
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1958-1989 жылдары қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың әдістемесінің тарихында жемісті іздену кезеңі болды деу артық емес. Ы.Алтынсарин атындағы ғылыми-зерттеу институтының басшылығымен мектепке дидак- тика мен әдебиеттану ғылымындағы тиімді әдіс-тәсілдерді, жаңа ой-пікір- лерді енгізу жұмыстары қолға алынды. Әдебиетте білім мазмұны, оның құры- лымын қайта қарап, нақтылау, ӛрістету міндетін қойды. Осындай міндеттерді ала отырып, сол жылдарда әдебиеттің пән болып оқытылуы жӛнінде алғаш рет ғылыми тұжырымдама жасалды.
Қазақ ССР Халыққа білім беру Министрлігі бекіткендей 1989-90 оқу жылынан бастап мектептер он бір жылдық болуына сәйкес қазақ әдебиетінің жүйелі курсы 5-сыныптан басталатын болып белгіленді. Осыған сәйкес 1989 жылы аталған бағдарлама өңделіп,толықтырылып, қайта басылды.
23.Сабақтүрлеріжәнеоныңқұрылымы.
Сабақтың түрлеріне біз: түсіндіру сабақтары,пысықтау,сынау,жаңа сабақ,біріккен сабақ,зерттеу сабағын, панорамалық сабақты, бекіту сабақтарын жатқызамыз. Мәселен, пысықтау сабағына-семинар,қайталау,жарыс немесе конференция талқылау іспеттес сабақтың бағдарламалары былайша айтқанда жатады.Сынау сабағына- ойындар, жұмбақ.тапсырмалар, диспут жатады. Зерттеу сабағын алатын болсақ ол-әздендіру мақсатында даярланады. Ең маңыздысы бекіту сабағы- білімді алған ақпарат-мағлұматтарды бекіту мақсатында білім алушылардың, оқушылардың білімін меңгеру деңгейін байқауға арналған бағдарлама деп айтсақ болады.
-
Әдебиетті өнер түрлерімен ұштастыра оқыту Драмалықшығармалардыоқытудакиносценарий,инсценировкақұруғаүйрету.Аяулым
Жалпы қазақ халқының,елінің әдебиет атты және де өнер атты қазыналары-түркі тайпаларының сонау жылдар бойы жасаған рухани байлықтардың жалғасы ретінде сақталаып келеді. Яғни шыққан тамырлары бір бұтақтан десек қателеспейміз. Ортақ бір дүние ол-туындыны өмірге әкелетін ол әрине-автор. Және де осы автор әдебиетте де өнерде де маңызды обьект болып саналады.Осы өнер мен әдебиет-елімізде дәстүр мен жаңашылдыөты арқалап, тың идеялар туғызатын бірден-бір салалар болып табылады. Драмалық шығармаларға келетін болсақ Драмалық шығармалар-әдебиет туындысы болып қана қоймай, ол театр өнеріне де негіз бола алады. Яғни мектеп қабырғасында да бастау алып, ол кезде драмалаық шығарманы оқытқанда оқушыларға-осы 2 жақты екенін ескерту керек. Жалпы драмалық шығармалар 3 түрге бөлінеді. Олар: КОМЕДИЯ;ДРАМА;ТРАГЕДИЯ. Яғни аты аталып тұрғандай кино әлемінде де біз осы 3 ауқымды таұырыпқа түсірілген жазбаларды көреміз. Яғни өмір болмысын суреттеу, адамдардың күлкілі іс-әрекеті, қайғы-мұң, жылау, шаттану, мәз болу осының барлығы сценарий жазу кезінде туатын тың идеялардың бастауы. Және инсценировка, сценарий құру үшін оқушылардың көркем мәтінді терең әрі шығармашылық жолмен түсінуіне ықпалын тигізеді.
-
Ортабуынсыныптардаәдебижанрлардыңерекшелігінтаныту.
Әдеби жанр (французша - тек, түр) термин ретінде шартты түрде екі мағынада қолданылады. Біріншісі -әдебиеттердің қалыптасқан тектері - эпос, лирика, драма;
екіншісі - әдеби туындылардың түрлері - әңгіме, повесть, роман, поэма, комедия т.б. Жанр- даму үстіндегі құбылыс. Әрбір тарихи дәуірде белгілі бір жан-рдың түп негізі сақтала отырып, өзгеріске ұшырайды. Жанрлар туады, дамиды, өзгереді, жаңадан пайда болады.
Поэзия - әдебиеттің көне саласы. Поэзиялық шығармада сезім басты орында түрады.Лириканы оңыту әдебиетті оқытудың басты талабынан туындайды.Дәстүрлі түрде алғанда әдеби тек үшке жіктеліп, әрңайсысының белгілі бір қызметі
ңалыптасады.
Эпос - болмысты белгілі бір уақыт пен кеңістік аясында, оқиғалар шеңберінде,сюжеттік желі негізінде су-реттейді.
Лирика - адамның ішкі сезім күйін, әр түрлі эмоцио-налдың жағдайын бейнелейді.
Драма - кейіпкерлердің тікелей қатысуымен олардың арасындағы тартыс,қақтығыстарды әлеуметтік-психологиялық сипатта беруімен ерекшеленеді.
Осылардың ішінде лирика өмірдің алуан түрлі құбылыстарына аңынныңкөзқарасын, күйініш-сүйініш сезімін, толғаныс тебіренісін көрсетеді. Лириканы талдауоқырманды өнерді эмоциялың эстетикалық жағы-нан түсінуге баулиды. Лириканы
оңытуда мынадай мәселелер ескерілу керек:
- алдымен, лириканы оқуда эмоциялық, логикалық бірлікті сақтау керек;
- оқушының лирикалық шығармаға деген көзқарасы болуы шарт;
- өлеңнің әрбір бөліктерін өзара тұтастыру керек. Сол арқылы ақынның айтайын деген ойы аныңталуы керек;
- ақын шығармасында ңандай көркемдік құралдарды пайдаланғаны талдану керек;
- лирика мен ақынның бірлігі танылуы шарт. Лириканы терең түсіну үшін қайталап оқып, басқа ақынның соған ұқсас өлеңдерімен салыстыру керек. Одан соң, мәнерлепоқудың мәні үлкен. Академик З.Қабдолов:« Лириканы тақырыбына қарай топтап талдау
оны жазған ақынның творчестволық бітімін пайымдау үшін айырықша мәні бар нәрсе:оның әр түрінен ақынның бір қырын тануға болады» - десе, ғалым Ж.Дәдебаев:«Лирикалық шығармада ақын өмірден, айналасынан көргені мен білгендерін ғана жазыпқоймай, сол құбылыстардан лирикаға арқау боларлықтай ең басты асыл қасиеттерін танибілу керек», - деген нақты ой түйеді.
«Өлең» үғымы ХІХ-ХХ ғасырларда нақты мазмұн иеленді. Өлең - өлең сөзбен жазылған, лирикалық сипаты басым шағын әдеби туынды. Өлең белгілі бір ырғаққабағындырыла оңылады. Өлең шумақтан, тармақтан, бунақтан, буыннан, ұйқастан тұрады.Барлық тілдегі өлең тармағының негізгі өлшем бірлігі - буын. Буынның фонетикалық
сипатына әуез, екпін секілді белгілер тән. Соған орай, өлең жүйесі метрикалың, силлабикалық, то-никалық, силлабо-тоникалың болып жіктеледі.Көркем әдебиет өзінің бар болмысымен сол халықтың танымын, өткендегісі менболашағын бейнелейді. Әдебиеттің ұлттық ерекшелігі халықтың тарихи дамуымен тығызбайланысты. Ал, оның қайнар бұлағы - фольклорлық мұра - көркемөнер дамуына ұдайы
елеулі ықпал жасап отыратын шығармашылық фактор.
Фольклор мұраларында кездесетін мифологиялық кейіпкерлер адам танымының әр түрлі даму кезеңін көрсетеді.
Мыстан кемпір. Ол - айлакер әйел, қулықпен күн кешкен. Алдап-арбаудың небір түрлерін, амал-айласын білген. Өзімізге жақсы таныс «Алпамыс батыр» жырындабатырдың алдын орап, майда тілмен оны дегеніне көндіріп, шырмауына түсіретінібелгілі.Мыстан бейнесінің жырларда берілуі жөнінде зерттеуші Ш.Ыбыраев мынадай
пікір айтады: «Мифтік ұғымдардан қазақтың көне эпостарында көптеген белгілерсақталған. Жалпы, көне эпостарда ерекше жинақталып, тұтас көрінетін жауыздық бейне -мыстан кемпір. Ол бірде айлакер, барлық жағдайды күні бүрын болжагі отыратын, сөйтіп,
батырдың жолына алдын ала тор құратын жауыз кемпірдің кейпінде сурет-телсе, бірде жеті басты жалмауыз, нағыз дүлей күштің иесі ретінде суреттеледі». Яғни, мүндай сырткейпі ұсқынсыз бейне жыр сюжетін ерекше қызықты, шытырманды ете түседі.
Албасты - мифологиялың көне кейіпкер. Бұл ретте ғалы С.Қасқабасов мынадай ой айтады: «көне мифоло-гиядағы рух-иелер алғашқы қауым мифінде дүниені жаратушы өрікүллі өлемнің иесі болып көрсетіледі. Мүндай кейіпкерлердің қалдығы кейінгі замандақалыптасқан жанрларда да, мысалы ертегі, эпостарда да көрініс береді».
Пері - көбіне салқын жерде, көбіне су жағасын мекендейді. Ол сұлу қызтүрінде көрінеді. Перінің мұсылман жөне кәпір перісі болады. Мұсылман перісі көбінеадам үшін зиянсыз болады. Бұл бейне де ертегі-аңыздарда өйел бейнесінде беріледі. Деадамға тән. Міне, бұл кейіпкерлер адамның көне ойлаудағы танымынан хабар береотырып, халықтың байырғы ұғымдардың менін ашады.
26.Интербелсенді оқытуәдістері.Гулназ
Елбасы Н.Назарбаев 2011 жылғы Қазақстан халқына
“Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!” Жолдауында
“Өмір бойы білім алу” әрбір қазақстандықтың жеке
кредосына айналуы тиіс”, - деп бекер айтпаған. “Өмір
бойыүйрену” (Lifelonglearning) тұжырымдамасының
негізгіқағидаларынәтижегежәнеоқушыға
бағытталады. Өмірбойыоқып-үйренукелесішарттарды
ұстану арқылы жүзеге асырылады:
үнемі жаңа білім игеру мен иемденуге ұмтылу;
оқу/оқытуда жаңашыл және интербелсенді әдістерді
қолдану;
оқу/оқытуды бағалау.
3.Ағылшын тілінен келген «Inter» - өзара,
«act» - әрекет жасау деген мағынаны
білдіреді, яғни
біреумен сұхбаттасу,
әңгімелесу немесе өзара әрекет ету
мағынасын білдіреді.
5.Интербелсенді оқыту әдістерінің
артықшылықтары:
Қатысушылардың қызығушылығын оятады.
Оқу үрдісіне белсенді қатысқандарды
мадақтайды.
Көңіл-күйге бағытталады.
Материалдардың тиімді игерілуіне мүмкіндік
береді.
Қатысушыларға көп қырлы әсер етеді.
Кері байланысты жүзеге асырады
(аудиторияның жауап беруі).
Қатысушыларда өзіндік пікір, қатынас
қалыптастырады.
Мінез-құлықтың өзгеруіне ықпал етеді.
6.Оқытудың қандай интербелсенді
әдістері және түрлерін білесіздер?
7.Оқытудың интербелсенді
әдістері және түрлері:
• қысқа дәріс
• топтық жұмыс
• визитерді шақыру
• ой шабуылы (шабуыл)
• имитация ойыны
• рөлдік ойын
• жағдайлық тапсырмаларды шешу
• сарапшы топтардың пікірталасы
• жоба жасау
• сұрау
*сұхбат
* сахналау
• жағдайларды ойнау
• қатысушылардың рөлінде болу
• триггерлік (электрондық схема) суреттерді талқылау
• сұрау–квиз (бақылау) және т.б.
8.Интерактивті әдістерге әр түрлі
көмекші құралдар
пайдаланылған тұсаукесер
(презентация) де жатады:
тақталар, кітаптар, видео,
слайдтар, флипчарттар,
постерлер, компьютерлер жәнет.б.
9.Интербелсенді оқудың шарттары мен ережелері:
Іскерлік пен ынтымақтастыққа, үйренушілердің мүдделері
мен қызығушылықтарын ескеріп, өзара сыйласымдылық
пен тәуекелдікке, бірлескен іс-әрекеттерге негізделген
мұндай қарым-қатынас үйренушілерге саналы және ерікті
білім алуына, оқуына мүмкіндік береді, өз білімдеріне
жауапкершіліктерін арттырады. Сол себепті интербелсенді
оқуда/оқытуда келесі шарттарды қадағалау міндетті
болып табылады:
жағымды психологиялық орта орнату;
үйренушілерде білім игеруге қызығушылықтарын
(мотивация, ынта, ұмтылыс) тудыру;
білім игеру процесін коммуникативтік процесс деп
түсініп, бірлескен әоекеттерді қолдану.
10.Сіздерге интербелсенді
оқуда/оқытуда келесі шарттарды
қадағалау міндетті болып
табылатын жағымды психологиялық орта
орнату
жайлы
жалпылама
қысқаша сипаттама беріп өтейін!
11.Жағымды психологиялық орта орнату.
Ол бірінші - үйрену процесіне қатынасушылардың
әрқайсысымен өзара сыйластық пен сенімге негізделген
жеке қарым-қатынас орнату деген сөз. Дана қазақ “сыйға сый, сыраға - бал!”, “Сыйлағанның құлы бол!” деп бекер
айтпаған болар. Екінші - қарым-қатынаста қысымнан бас
тартып, “жұмсақ” әдістерді қолдану деген сөз. “Жылыжылы сөйлесе жылан інінен шығады, суық-суық сөйлесе –
мұсылман дінінен таяды” немесе Мұхаммед (С.Ғ.С.)
пайғамбар: “Іштеріңдегі ең жақсы адамның кім екенін
айтайын ба? Ол - мінезі жұмсақ адам!” деп айтқан екен.
Адам жан-жағына нәр шашу керек пе, әлде зәр шашу
керек пе? дегендей жағымды психологиялық ахуал
туғызудың маңыздылығы мен тиімділігін қолдана алу
міндет!!!
Еңбегінің ел кәдесіне жарағанын
сезіну - үлкен бақыт”
“
В.Качалов.