Файл: 1. Оу пніні бадарламасы syllabus оытушы туралы млімет.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.05.2024
Просмотров: 83
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Негізгі әдебиеттер: 10,11,12,13,14,15.
Қосымша әдебиеттер: 34,41,42.
Дәріс тақырыбы № 11: Оқушылардың өзін-өзі дамы-туы мен өзін-өзі тануын педагогикалық қолдауға мұғалімнің дайындығы
Атақты педагог-ғалым В.Сухомлинский: «Мұғалімдік мамандық-бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы молжан дүниесіне үніле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады»- деп ұстаздық өнерге ерекше баға берсе, қазақ ағартушысы Ы.Алтынсарин «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені, мұғалім-мектептің жүрегі»-дегені бекер айтылған сөз емес. Осыларға зерделей қарасақ, қазіргі мектепалдындағы міндеттерді шешуде мұғалімнің кәсіптік мәдениеті басты алғы шартта тұратыны аян. Мұғалімнің кәсіптік дәрежесін арттырудың жолдарын қарастыратын әлемдік педагогикалық ойларды жинақтай келе ғалым Ш.Таубаева мынадай қорытынды жасаған: «Кәсіптік қызығушылық педагогикалық қызметте бағдарлауда, білубілуге деген қажеттіліктен туындайды, ал ол жоғары кәсіптік қажеттілікке тек мұғалімнің жеке өз басының ұмтылуы арқылығана айнала алады».
Қазіргі кезде білім беру үрдісінде дәстүрлі емес, яғни жаңа түрлері қолданылып келеді. Олар-тренинг сабақтар, дебат сабақтар. Бұл сабақтардың негізгі мақсаты-оқушылардың қисынды ойлау қабілетін дамыту. Сондықтан университет жағдайында болашақ педагогтардың таным белсенділігін арттырып, оларды оқу тәрбие үрдісінде инновациялық технологияны пайдалануға дайындау қажет.
Бүгінгі біздің қозғап отырған мәселеміз, мұғалімнің жан-жақтылығы. Жалпы мұғалым тек білім беруші ғана емес, бала жүрегіне жол табатын психолог болуы шарт. Ал мұғалім әлемдік білім беру жүйесінен мол ақпарат алып отырса, оның шәкіртке берген білімі нәрлі болады, кәсібі деңгейі өседі, әлеуметтік беделі артады. Демек, оқушының санасына кәсіби даярлығы мол мұғалімнің ілімі ғұмырлық сақалады деген тұжырым жасаймыз.
Бала бойында білім нәрін себетін басты тұлға-ұстаз. Яғни жас ұрпақты оқытуда тиімді жағдайлар жасау көбіне мұғалімге тікелей байланысты. Мемлекетіміздің жарқын болашағы мен гүлденуі үшін қазіргі жоғары оқу орнында мұғалім қандай болуы керек? – деген заңды сұрақтар тууы сөзсіз. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі оқу орнына ойшыл, зерттеуші, өз ісіне қатып қалған қасаңдық пен жаттандылықтан аулақ, өмірлік қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген, психолог-педагогтік диагностика қоя білетін іскер мұғалім қажет.
Педагогика саласында «біліктілік» термині әр түрлі аспектіде, соның ішінде кәсіби даярлық, кәсіби шеберлік мәселелеріне жақын қарастырылады. Н.Кузьмина: «Кәсіби біліктілік іс-әрекеттің сапалылығының сипаттамасы және еңбектің ең жоғарға бағасы, ал іс-әрекеттегі кәсіби біліктілік - бұл маманның кәсіби міндеттерді шешуде бүгінгі заманға сай мазмұн мен жаңа әдіс-құралдарды, оларды жүзеге асырудың тиімді тәсілдерін меңгеру дәрежесімен сараланатын, іс-әрекеттің субъектісіне, нақты мамандық өкіліне сапалы мінездеме мен баға беру» - деп атап көрсетті. Кәсіби біліктілік-бұл кәсіби іс-әрекеттегі субъекттің үнемі өсу үстіндк болатын өзін-өзі дамыту үрдісі.
Әдебиеттер мен нормативтік құжаттарда біз мынадай анықтамаларды кездестіреміз: «Оқытушының кәсіби біліктілігі ретінде оның педагогикалық қызметі, педагогикалық қарым-қатынасы, мейлінше жоғары деңгейде жүзеге асырылатын еңбегі, мұғалімнің жеке қасиеттерінің жүзеге асырылу көрсеткіштері, оқушыларды тәрбиелеу және оқыту ісіндегі биік нәтижелер мен жетістіктері ескеріледі». Өз кезегінде «білікті маман-мамандыққа тән нормалауды меңгерген, өз бетінше кәсіби мақсаттарды жүзеге асыра алатын, мотивациясы мен өзін-өзі жүйелеудің жоғары деңгейін иеленген, өзін-өзі басқара білетін адам»-деп көрсетіледі. Кез-келген білім беру мекемесінде кәсіби шеберлікті көтеру мәселесі педагогикалық ұжымды қалыптастыру кезеңінен басталады. Оқытушының кәсіби шеберлігін, біліктілігін көтеру-білім беру сапасын көтерудің ең маңызды шарттарының бірі. Кәсіби шеберлікті қалыптастыру-оқытушының шығармашылық жеке тұлғасын қалыптастыру, жаңаны дайындауға деген дайындықты қалыптастыру, педагогикалық инновацияларға деген қабылдауларын дамыту.
Біздің ойымызша, мұғалімнің «кәсіби біліктілігі» оның оқушыларға білім беру мен тәрбиелеу ісіне биік нәтижелерге қол жеткізуіне мүмкіндік беретін әрі мұғалімнің жеке тұлғалық қасиеттерін жарыққа шығарып, педагогикалық қарым-қатынасы мен педагогикалық іс-тәжірибесін жоғары деңгейде жүзеге асыратын еңбегі болып табылады. Сонымен қатар мұғалімнің біліктілігі, бар жағынан, оның кәсіби білімі мен біліктілігінің, екінші жағынан, кәсіби ұстанымдары мен психологиялық қасиеттерінің, яғни оның шынайы еңбегіндегі ара қатынасымен өлшенеді.
Педагогика ғылымында педагогтің маман ретіндегі іс-әрекетінің нәтижелік деңгейінен туындайтын кәсіби даярлық тұжырымдары ғылыми тұрғыда әр түрлі бағытпен, түрлі көзқараспен біршама уақыттар бойы зерттеліп негізделген. Соның ішінде, кәсіби даярлаудың жалпы мәселелері шетелдік педагогика тарихында О.Абдуллин, В.Адольф, В.Загвязинский, Н.Кузьмина, Н.Сластенин, Л.Спирин, В.Ситаров, А.Тряпицына және т.б. ғалым-педагогтердің зерттеу еңбектерінде барынша көлемді талданған болса, бұл бағыттағы сан алуан жұмыстардың ішінде қазақстандық Д.Жүсібалиева, Л.Керімов, М.Құдайқұлов, Б.Момынбаев, Г.Нұрғалиева, К.Успанов, А.Сейтешев, Ш.Таубаева, Н.Хмель және т.б. есімлерін көрсетуге болады.
ХХІ ғасыр маманның кәсіби шеберлігіне өте жоғары талаптар қойып отыр. Қазіргі қазақстандық қоғам жаңа мыңжылдықтағы білім беру нарығы жағдайында жеке тұлғаның кәсіби қызметі мен детерминацияланған талаптарымен өлшенетін оның өн бойндағы жалпы адамзаттық құндылықтарын танудың қажеттілігін айқындап берді. Бұл жерде нақты айтатын болсақ, қазіргі таңда қоғам өзгеріске түсіп, адам санасы да өзгерді, қоғамдағы өзекті деген мәселелерді шешудің жаңа жолдары табылды. Бұл шешімдердің қатарына жаңа технологиялар арқылы білім мен тәрбие беру ісі жатқызылуда. Білім беруді ақпататтандыру үрдісі білім беру идеяларын жүзеге асыруға, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерін интенсификациялауға, оның сапасы мен тиімділігін көтеруге арналған жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мүмкіндігін қолдану жолдарын ұсынуда. Атап айтқанда әр түрлі педагогикалық өнімдерді белсенді түрде қолдануға өту, оларды құрастыруға, апробациялауға, енгізуге арналған жағдайларды туғызу, дәстүрлі жүйені жаңа жүйемен саналы түрде байланыстыру ізденістері аса күрделі мәселелердің бірі болып отыр, ол психологиялық-педагогикалық, оқу-әдістемелік және өзге мәселелердің кешенін шешу мәселесін талап етеді. Соның ішінде оқу телебағдарламаларын оқу үрдісінде қолдануды мынадай бағыттар бойынша жіктеуге болады:
-
оқу үрдісінде оқу телебағдарламаларын енгізу мәселесін шешудегі біріңғай кешенді ғылыми-әдістемелік ыңғайда жоспарлау; -
тәжірибелік әрекеттегі оқу телебағдарламаларын қолданудың әдістемесін құрастыру; -
оқу телебағдарламаларының ерекшеліктерін меңгертуде және оларды оқу үрдісіне енгізуде педагогикалық кадрлардың дайындығы; -
қажетті әдістемелік қамтамасыздықты құрастыру, жасау және іздену жолдары.
Мұғалімнің кәсіби біліктілігін шыңдаудың үздіксіздігі оның шығармашылық қабілетінің дамуының кепілі және өзіндік жеке педагогтік тәжірибесінің дамуының алғышарты болып табылады. Ұстаздың кәсіби шеберлігінің негізі, біріншіден, мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымы. Екіншіден, пәнді жетік білуі, ойын оқушыларға толық жеткізу үшін жан-жақты қасиеттерді сіңіруі, моральдық нормаларды білуі. Үшіншіден, оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін міндетті түрде меңгеруі тиіс. Педагог көп біліп қана қоймай, сол білгендерін оқушыға бере білуі қажет. Ұстаз шеберлігінің төртінші құрамды бөлігі педагогикалық әдеп деуге болады. Сонымен педагогтік шеберлік-тек қана мұғалімнің жалпы жан-жақты және әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол-әр сөзді оқушыға жеткізе білуі, олардыңтолық қабыл алуын, толғанып бойға сіңіруін үйретуі. Педагогикалық әдеп-мұғалымның ірбір нақты іс үстінде тәрбие мәселесінің ең ұтымды әдіс-тәсілдерін қолданып, оқушыларды еліктіріп әкететін кәсіптік сапасы. Оқушылармен қарым-қатынастұрғысынан қаоағанда педагогикалық әдеп мұғалімнің жан-жақтылығының, оның идеялық сенімінің, жүріс-тұрыс мәдениетінің, жалпы және арнаулы білімінің, мамандығына байланыстыізденіс жемістері қорының жиынтығы іспетті. Шебер педагог болмай тұрып әдепті педагог болу әсте мүмкін емес.
Қазіргі таңда білім беру әлеуметтік құрылымның маңызды элементтерінің біріне айналды. Дүние жүзінде білімнің маңызды рөлі артты. Адамның болашағы оның қазіргі алған білімінің сапасына, көлеміне,ойлау деңгейіне байланысты. Мұғалімнің кәсіби деңгейі мен әлеуметтік беделі оқушы жүрегіне жол таба білуімен мөлшерленеді. Бүгінгі күн талабы тұрғысынан қарасақ, оқыту ісі тек сабақ беру ғана емес, оқытудың басты міндеті: мұғалімнің білім беру және оқушының білім алу қызметтерінің біріккен түрі екендігінде. өскелен заман әр бір студентті жеке тұлға ретінде тәрбиелеуді қажет етуде. Сондықтан студент қызметін басымдау етіп, үйренуші тұлға тек шәкірттер екенін ескеріп, білім бері ісін ұйымдастыруды жоғары оқу орнының бүгінгі басты нысанасы болмақ. Ұстаз шәкірттің білім алуға деген құлшынысын тудыра алмаса оның ынтасы, пәнге қызығуы қалыптаспайды. өйткені, мұғалім тақырыпты бастан-аяқ талдап,өзі түсіндіріп, тек аз уақыт оқушының жаттығу орындауына ғана көңіл бөледі. Ал қазіргі жаңа технологияға байланысты білім беруді студент өзі ізденіп, жаңа тақырыпты оқып, түсініп, пәнге байланысты әдебиеттермен жұмыс жасап, жолдастарымен ой бөліссе, өз білгенін көпшілікке жүйелі түрде жеткізе алса, онда ұстаз нәтижеге қол жеткізеді. Кәсіби шебер мұғалімнің бойында мынадай қасиеттері болуы тиіс: 1) сергектік, байқағыштық;2 ) сезімталдық; 3) сенім; 4) әділдік; 5) байсалдық; 6)ұстамдылық төзім, сабыр сақтау; 7) ілтипаттық..
Бүгінгі таңда жоғары оқу орнындағы студенттерге білім берудің сапасы мен деңгейін жан-жақты көтеру жаңаша ойлайтын, оқыту мен тәрбиенің жаңа технологиясын күнделікті жұмысында қолдана білетін оқытушылардың қолынан ғана келеді. Жас ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы білім беру, ең алдымен, мұғалімнің кәсіби даярлығына, оның іс-тәжірибесінің қалыптасуына байланысты. Сондықтан болашақ мұғалімнің кәсіби біліктілігін жоғары оқу орнында жүйелі қалыптастыруға тиіспіз.Әсіресе, болашақ мұғалімдерді оқытуда тиімді әдіс-тәсілдерді, озат тәжірибелерді сараптап, шығармашылықпен жұмыс атқарып, олардың жеке шығармашылығын қалыптастыруға көңіл бөлу қажет. Бұл жөнінде қазіргі кездегі жоғары оқу орындарында табысты пайдаланып жүрген оқытудың несиелік жүйесінің маңызының зор екенін тәжірибе көрсетіп отыр. Несиелік жүйе студенттердің оқу мекемелері қабырғасында жүрген кезден бастан жеке шығармашылықтың кейбір ерекшеліктерін меңгеріп, оны тәжірибеде жүзеге асыру мүмкіндіктерін ашуға баулиды: кейс жасау, тәрбие істерінің сценарийлерін құрастыру, ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді
проблемалар бойынша сараптау, сауалнамалар құрастырып, оны мектеп жағдайында өткізу, ғылыми баяндамалар дайындау, педагогикалық жағдаяттар жинақтау, т.б. Болашақ педагогтердің кәсіби дайындығында педагогикалық технологияларды оқып үйрену, шығармашылық ізденістерді ұйымдастыру, мониторинг жасату сияқты жұмыстардың маңызы зор.
Мұғалімнің кәсіптік мәдениеті туралы Н.К.Крупская, С.Т.Шацкий, А.С.Макаренко, Қ.Жарықбаев, Ш.Т.Таубаева, К.О.Өмірбаева еңбектерінде кеңінен сөз болып, мұғалімнің әдебі, сөйлеу шеберлігі, шешендік қасиеті, дауыс дикциясы, сыртқы бейнесі жөнінде келелі әңгіме қозғалады. Мұғалімге қарапайымдылық, ұқыптылық, жинақтылық тән болуы тиіс. Мұғалімнің киімі, қозғалысы, шаш үлгісі сәнді болып келгені абзал. Мұғалімнің әлеуметтік беделін көтеруге оның сабырлылығы, сергектілігі, мейірімділігі мен кішіпейілділігі де зор рөл атқарады. Білімдар мұғалімнің сөйлеу техникасы мен адамды түсіне білуі, басқа адамды елітіп әкетуі басым болады.
Н.В.Кузьмина өзінің зерттеулерінде алғаш рет педагогикалық іс-әрекеттің психологиялық құрылымына сипаттама берді. Педагог-ғалым өзінің еңбектерінде мамандар дайындаудың нәтижесін көтеру жолдарының бірі-студенттерді болашақ кәсіби іс-әрекеттерінің құрылымые ескере отырып оқыту болып табылатындығын көрсетті, мұғалімдердің жеке тұлғасын қалыптастыру, олардың педагогикалық шеберліктері мен қабілеттіліктерін дамыту мәселелеріне көңіл бөлді. Ал, Кузьмина педагогикалық оқу орындарының аса маңызды міндеттерінің бірі ретінде студенттердің педагогикалық бағдарлары мен педагогикалық қабілеттіліктерін қалыптастыруға ерекше мән берді.
А.И.Щербаковтың зерттеулерінің негізгі мақсаты мұғалімнің жеке тұлғасын қалыптастыру, олардың әр түрлі формадағы оқу және тәрбие жұмыстарына қажетті кәсіби іскерліктері мен дағдыларын айқындау проблемаларын психологиялық тұрғыда талдау болды. Ол өз жұмыстарында педагогикалық жоғары оқу жүйесінде болашақ мұғалімдердің кәсіби дайындықтарын жетілдіру жөнінде кең көлемдегі нақты материялдар арқылы ғылыми –практикалық ұсыныстар жасады.
Мұғалімнің жеке тұлғасын кәсіби сапалары мен оның кәсіби дайындықтарына байланысты анықтаңға В.А.Сластениннің зерттеулері арналған. Оларда студенттерге педагогикалық білім берудегі кәсіби бағдарды қалыптастырудың негізгі заңдылықтары мен құрылымдары, жүйелері, сонымен қатар мұғалімнің жеке тұлғасын қалыптастыру процесінің үйлесімді факторлары сөз болады.