Файл: Лекция. Таырыбы оамны дамуындаы ылымны ролі жне ылыми зерттеулер Лекция масаты мен.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.05.2024
Просмотров: 224
Скачиваний: 0
СОДЕРЖАНИЕ
№ 2 Лекция. Тақырыбы: Зерттеу үдерісі және негізгі кезеңдері
2.1 Ғылыми зерттеу үдерісі және негізігі кезеңдері
Кесте 2.1 Ғылыми зерттеу жұмысының негізгі кезеңдері және сипаттамалары
№ 3 Лекция Тақырыбы: Зерттеу теориялары және стратегиялары
3.1 Теория және зерттеу байланысы
3.2 Қарама-қайшылық жаңа зерттеуге бастама ретінде
3.3 Дедуктивті және индуктивті әдіспен теориялар құрастыру
3.4 Зерттеудің эпистемологиялық құраушысы
Оқытудың техникалық құралдары: интербелсенді тақта
Жеңіл деңгейлі сұрақтар (20 ұпай)
Орта деңгейлі сұрақтар (30 ұпай)
№ 14 Лекция тақырыбы: Зерттеу жұмысын рәсімдеу және жариялау
14. 3 Магистрлік диссертациялар әзірлеу және рәсімдеу
14.1 Ғылыми мақала жазу әдіснамасы және шетелдік рейтингтік журналдарда жариялау
Шетелдік ғылыми журналға мақаланы жариялау
14.2 Ғылыми-зерттеу жобасын әзірлеу және рәсімдеу
14.3 Магистрлік диссертациялар әзірлеу және рәсімдеу
Магистрлік диссертацияның тақырыбын таңдау
Магистрлік диссертацияны безендіру ережелері
СӨЖ және ОСӨЖ тапсырмалары, олардың түрлері мен орындалуына қойылатын ұпайлардың үлестері:
СӨЖ тапсырмалары:
-
Ғылыми зерттеудің мақсатын анықтау әдістері -
Зерттеу міндеттерін анықтау жолдары -
Зерттеу гипотезаларын құрастыру -
Гипотеза құрастыру кезеңдері
ОСӨЖ тапсырмалары:
-
Мақсат, міндеттер және гипотеза құрастыру арасындағы байланыстар (пікір талас)
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
-
Брайман, А. Әлеуметтік зерттеу әдістері: Оқулық.1-том. / ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР жоғару оқу орындарының қауымдастығы. - Алматы: Полиграфкомбинат, 2014. - 584б. -
Брайман, А.Әлеуметтік зерттеу әдістері: Оқулық.2-том. / Ағыл. тіл. ауд. И.А. Баймұратова; ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР жоғару оқу орындарының қауымдастығы. - 4-басылым - Алматы: ЖШС РПБК
"Дәуір", 2016. – 456 б.
-
Бахтина И.Л.,Лобут А.А., Мартюшов Л.Н. Методология и методы научного познания [Текст] : учебное пособие / И.Л. Бахтина , А.А.Лобут, Л.Н. Мартюшов,; Урал. гос. пед. ун – т. – Екатеринбург, 2016. – 119 с. -
Кузнецов И.Н. Научное исследование. Методика проведения и оформление. – М.: Издательско-торговая корпорация «Дашков и К». 2014.-460с. -
Buckley, J. W., M. H. Buckley and H. Chiang. 1976. Research Methodology & Business Decisions. National Association of Accountants -
Новиков А.М. Как работать над диссертацией: Пособие для начинающего педагога-исследователя. – 4-е изд. – М.: Издательство «Эгвес», 2003. – 104 с.
№ 11 Лекция тақырыбы: Зерттеу объектісі мен ауқымы
Лекция мақсаты мен міндеттері: Ғылыми зерттеу объектісі, пәні мен зерттеу ауқымын анықтау процесін сипаттау, нақты мысалдар негізінде тиімді жолдарын көрсету, оның зерттеу процесінде маңызын көрсетіп, ерекшеліктерімен мазмұны жайлы ақпарат беру.
Лекция мазмұны
11.1 Ғылыми зерттеу объектісін және пәнін анықтау
11.2 Зерттеу ауқымын белгілеу немесе іріктеу
11.1 Ғылыми зерттеу объектісін және пәнін анықтау
Ғылыми зерттеу объектісі (нысаны) – кез келген бізді қоршап тұрған объективтік нақтылы өмір, ол қоғам, адамдар, оның алуан түрлі бірліктері (отбасы, топ, тап, мекемелер, институттар, мемлекет, т.б.), тіпті адамның өзі, оның барлық іс-әрекеті, қызметі, санасы, тәртібі, т.б, сонымен қатар ғарыш, планеталар, жер, жердегі тіршілік, табиғат және т.б. болуы мүмкін.
Сондықтан зерттеу объектісі дегеніміз – ол небір мәселенің тасымалдаушысы, яғни зерттеушінің талдаудың астына алатын зат немесе жағдай болып табылады. Мысалы, әлеуметтік салада объект ретінде адамдар, олардың іс-әрекеті, олардың оқу, еңбек ету немесе демалу секілді өмір сүру жағдайлары қарастырылуы мүмкін. Мысал: Зерттеу объектісі – Х ауылының тұрғыны немесе Х ауылындағы жағдай болуы мүмкін.
Жалпы ғылымның зерттеу тақырыбы мен мәселесін анықтағаннан кейін оның объектісі (нысаны) мен пәні анықталады. Эпистемологиялық тұрғыдан объект - бұл танушы немесе ізденушінің қарсы алдында тұрған танымдық ісәрекетіндегі білген тақырыпқа қарсы келетін нәрсе. Яғни, бұл зерттеуші зерттеу барысында айналысатын практиканың немесе ғылыми білімнің бөлігі.
Көбіне зерттеу объектісі, сондай-ақ зерттеу тақырыбын таңдағанда зерттеушілер оған мән бермейді, оларды әр диссертацияда «талап етілетін» бос формальдылық деп санайды. Шын мәнінде ондай емес. Егер зерттеуші зерттеу объектісінің дұрыс таңдамаса бұл өрескел әдіснамалық қателіктерге, кейіннен іріктеме қателіктеріне, сосын жалпы алынатын нәтижелер қателіктеріне әкелуі мүмкін.
Сондықтан, зерттеу объектісінің нақтылауға зерттеу жұмысы немесе диссертациямен жұмыс жасаудың басында мұқият назар аудару керек.
Оның үстіне, зерттеу объектісі кез-келген зерттеуде болғандықтан - сіз оны нақты анықтамасаңыз немесе диссертацияның зерттеу объектісін нақты белгілемеген болсаңыз жаңа бастаған диссертация кез-келген басқа ғылымның объектісіне - экономика, информатика, әлеуметтану, педагогика, психология және т.б. ғылымдардың объектісімен шатастырып алуыңыз мүмкін. Әсіресе бір біріне жақын ғылымдардың зерттеу объектісін шатастырып алу жиі кездеседі. Мысалы,
педагогика мен психология, экономика мен социология, бухгалтерлік есеп пен аудит зерттеу объектілері жиі шатастырылады.
Төменде бірнеше салалар бойынша зерттеу объектілеріне мысал келтірілген, зерттеу объектісі мен қоса зерттеу пәні бірге қарастыру қажет, сонымен қатар осы мысалдарда зерттеу тақырыбы да берілген:
Педагогика бағыты бойынша мысалдар[6]:
-
Тақырыбы: «Компьютерлік оқыту жағдайында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын дамыту» (Т.К. Смыковскаяның диссертациясы); Зерттеу объектісі: «оқушылардың шығармашылығын дамытуға бағытталған бастауыш мектептегі оқу процесі», зерттеу пәні: «компьютерді қолдануда оқуда бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын дамыту». -
Тақырыбы: «Физика сабағында нашар оқитындардың танымдық қызығушылықтарын дамыту» (М.Е. Волковтың диссертациясы) Зерттеу объектісі: «Физика пәнін оқытуда студенттердің танымдық қызығушылығын қалыптастыру процесі»; Зерттеу пәні: «нашар оқитындардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыруға бағытталған физика сабағын оқытудың дәстүрлі емес формалары мен әдістері»; -
Тақырып: «Ретроспективті талдау педагогикадағы болжамдық зерттеу әдісі ретінде» (С.П. Пимчевтің диссертациясы); Зерттеу объектісі: «Педагогикадағы ретроспективті талдау әдісі»; Зерттеу пәні: «Педагогикадағы болжамдық зерттеулердегі ретроспективті талдау әдісінің теориялық және әдіснамалық негіздері және практикалық маңыздылығы».
Зерттеу пәні - бұл зерттеушінің көз қарасы бойынша объектінің ең маңызды деген тұстарынан танып білу немесе ерекшеліктерін көрсете отырып, зерттейтін объектіге жасаған белгілі бір бағыттағы «проекциясы».
Бір объект әртүрлі зерттеулердің немесе тіпті бүкіл ғылыми бағыттардың пәні бола алады. Мысалы, «оқу процесі» зерттеу объектісі ретінде дидактиктер, әдіскерлер, психологтар, физиологтар, гигиенистер, физиктер, математиктер, биологтар және т.б. зерттей алады. Бірақ олардың бәрінде әртүрлі зерттеу пәндері болады.
Диссертациялық зерттеудің тақырыбы көбінесе оның зерттеу пәнімен сәйкес келетіндігін немесе олардың айтылу жағынан өте ұқсас екенін ескеру керек. Мысалы, Ю.Г. Гузун диссертация тақырыбы: «Дербес компьютер математикадағы білімді түзету құралы» - бұл тақырып «Зерттеу пәні деген не?» Сұрағына нақты жауап береді. Яғни бұл жерде зерттеу пәні: «Дербес компьютер математикадағы білімді түзету құралы».
Басқа жағдайларда зерттеу тақырыбы мен пәні арасында кішкене өзгешеліктер болуы мүмкін. Мысалы, тақырып: «Жас жеткіншектерде танымдық қызығушылықтарын арттыруды өзін-өзі тәрбиелеуге дайындық шарты ретінде дамыту» (Л.В. Елисеева диссертациясы); зерттеу пәні - «жасөспірімдерді танымдық қызығушылығын дамыту негізінде өзін-өзі тәрбиелеуге дайындау». Немесе тақырып: «Жас жұмысшылардың өндіріске кәсіби бейімделуінің тиімділігін арттырудың әлеуметтік-педагогикалық шарттары» (В.Н. Кожарская); Зерттеу пәні - «жас жұмысшылардың өндіріске кәсіби бейімделуінің тиімділігі», мақсаты - жас жұмысшылардың өндіріске кәсіби бейімделуінің тиімділігін арттырудың әлеуметтік-педагогикалық жағдайларын анықтау.
Кейбір басқа жағдайларда зерттеу тақырыбы оның мақсатына сәйкес тұжырымдалуы мүмкін: «Студенттерге ауылшаруашылық машиналарын басқаруды үйретудің әдіснамалық негіздері (... мысал келтіре отырып)» - Н.Н. Паламар. Бұл тақырыпқа сәйкес зерттеудің мақсаты студенттерді оқытудың әдіснамалық негіздерін, негізгі мазмұнын, формаларын, әдістерін, құралдарын анықтау керек екендігі анық. Сонда зерттеу пәні: «Ауылшаруашылық жоғары оқу орындарының студенттеріне ауылшаруашылық машиналарын басқаруды үйрету әдістері» болады.
11.2 Зерттеу ауқымын белгілеу және іріктеу
Зерттеу ауқымын белгілеу зерттеу процесінің маңызды компоненті болып табылады. Осы маңызды әрекетті орындау барысында зерттеуші өзінің зерттеу шекарасын белгілейді және оны зерттеу тақырыбында көрсетеді. Яғни зерттеудің ауқымы тақырыптың өзінде көрініс табу керек. Шекаралар бірнеше себептерге байланысты белгіленеді, олардың ең бастысы – қажетті және мүмкін болатын зерттеу шекарасын (ауқымын) анықтау.
Зерттеу ауқымын белгілеу дегеніміз – зерттеудің ұзақтығын, зерттеудің қай бөлігіне кімнің қатысатынын таңдау, тұжырымдамалық параметрлерді анықтау және қарастыру, сонымен қатар сұрақтардың түрлері мен санын белгілеу процесі болып табылады.
Зерттеу ауқымын белгілеу және енгізу зерттеу түрлеріне қарай өзгеше болуы мүмкін. Мысалы, эксперименттік жобаларда ғылыми жұмыстарға кіріспес бұрын немесе зерттеуді бастамас бұрын зерттеудің шекаралары нақты анықталған болады. Зерттеуші тақырыптарды және олардың зерттеуге енуінің болжамданған жоспарын жасайды, деректерді жинау үшін қандай құралдар мен стратегиялардың қажеттігін анықтайды және зерттеудің алдында оған кіретін нақты тұжырымдамалық параметрлер мен аналитикалық стратегияларды анықтайды.
Ал анкеталық немесе сұхбаттық зерттеулерде шекараны белгілеу жобасы жасалынып және ол зерттеу процесі барысында нақтыланып отыруы мүмкін. Зерттеуші шекаралық шарттар туралы үнемі шешім қабылдауы керек, яғни: кіммен сұхбаттасу керек, қалай және қандай мәліметтер жинау керек, зерттеудің тұжырымдамалық мәселелері қандай және т.б.
Шекараларды белгілеудің басты процесі ол сол шекараны немесе зерттеу ауқымын қорғау болып табылады. Әсіресе зерттеуге жаңа адамдар және / немесе жаңа респонденттер тартылған жағдайда бұл өте маңызды.
Зерттеу ауқымын қорғаудың көптеген түрлері болуы мүмкін. Мысалы, эксперимент түрін зерттеуде кім қатыса алатын және кім қатыса алмайтынын анықтайтын шекаралар мұқият сақталып, қорғалуы керек. Зерттеуге рұқсаттың ережелеріне сәйкестігін тексеру рәсімдері ғылыми-зерттеу жұмыстарының бөлігі болып табылады. Адамның зерттеуге қосылуы арнайы этикалық және құқықтық қорғауды қажет етеді.
Зерттеу ауқымын белгілеу тікелей іріктеуге байланысты.
Іріктеу дегеніміз - қызығушылық танытатын топтардан бірліктерін (мысалы, адамдар, ұйымдар) таңдау процесі. Сондықтан іріктемені зерделеу арқылы біз өз нәтижелеріміздің қайдан шыққаны, және олар қайдан таңдап алынғанына жауап береміз.
Іріктеудің әдістері ықтималдылыққа байланысты ықтималдық негізде іріктеу және ықтималды емес негізде іріктеу деп екіге бөлінеді.
Ықтималдық негізінде іріктеу – бұл жерде, жиынтықтың әр мүшесінің таңдалу мүмкіндігі бірдей болады, Мысалы жалпы тұрғындардың кез келгенінің таңдалу мүмкіндігі. Ықтималды негізде іріктеу бірнеше түрге бөлінеді:
-
Кездейсоқ негізде - берілген сан кездейсоқ түрде толығымен таңдалады. Мысалы, лоторея сияқты. -
Жүйелі негізде - халықтың әрбір n-ші элементі таңдалады. Мысалы, 1000 адамның әрбір 5-шісі таңдалса, сонда зерттеуге 200 респондент іріктелініп алынған болады. -
Кездейсоқ бөлшектелінген негізде - популяция сегменттерге бөлінеді, мысалы, университеттің жұмысшыларын академиялық және әкімшілік жұмысшылар деп бөлуге болады. Содан кейін әр топтың кездейсоқ саны таңдалады. -
Кластер негізінде - белгілі бір кіші топ кездейсоқ түрде таңдалады. Кластердің ерекшелігі бұл жерде бір іріктемеде бірнеше респонденттерден құралған топтың таңдалуында.
Ықтималды емес негізде іріктеу - популяцияның таңдау мүмкіндігі бірдей болмайды; оның орнына таңдау кейбір факторларға байланысты болады, мысалы: