Файл: Лекция. Таырыбы оамны дамуындаы ылымны ролі жне ылыми зерттеулер Лекция масаты мен.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.05.2024

Просмотров: 214

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

№ 2 Лекция. Тақырыбы: Зерттеу үдерісі және негізгі кезеңдері

Лекция мазмұны

2.1 Ғылыми зерттеу үдерісі және негізігі кезеңдері

2.1 Ғылыми зерттеу үдерісі

Кесте 2.1 Ғылыми зерттеу жұмысының негізгі кезеңдері және сипаттамалары

2.1.7 Жазбаша есеп

№ 3 Лекция Тақырыбы: Зерттеу теориялары және стратегиялары

3.1 Теория және зерттеу байланысы

3.2 Қарама-қайшылық жаңа зерттеуге бастама ретінде

3.3 Дедуктивті және индуктивті әдіспен теориялар құрастыру

3.4 Зерттеудің эпистемологиялық құраушысы

Оқытудың техникалық құралдары: интербелсенді тақта

Жеңіл деңгейлі сұрақтар (20 ұпай)

Орта деңгейлі сұрақтар (30 ұпай)

№ 14 Лекция тақырыбы: Зерттеу жұмысын рәсімдеу және жариялау

Лекция мазмұны

14. 3 Магистрлік диссертациялар әзірлеу және рәсімдеу

14.1 Ғылыми мақала жазу әдіснамасы және шетелдік рейтингтік журналдарда жариялау

Мақала атауы

Мақаланың құрамдас бөліктері

Аннотация

Негізгі бөлігі

Қорытындылар

Әдебиет

Шетелдік ғылыми журналға мақаланы жариялау

Мақалаларды рәсімдеу ережесі

14.2 Ғылыми-зерттеу жобасын әзірлеу және рәсімдеу

14.3 Магистрлік диссертациялар әзірлеу және рәсімдеу

Магистрлік диссертацияның тақырыбын таңдау

Магистрлік диссертацияны безендіру ережелері

Оқытудың техникалық құралдары: интербелсенді тақта

1 деңгейлі сұрақтар (20 ұпай)

2 деңгейлі сұрақтар (30 ұпай)

3 деңгейлі сұрақтар (50 ұпай)



  • Қолайлылық - белгілі бір уақытта болу, мысалы асханада түскі ас кезінде.

  • Мақсатты - адамдарды әдейі таңдауға болады, өйткені олардың көзқарастары осы мәселеге қатысты. Яғни осы зерттеліп жатқан мәселеге қатысы бар адамдардан ғана іріктеу жүргізу.

  • Квота - популяцияда кіші топтар бар деген болжам жасалды, ал респонденттердің квотасы осы әртүрлілікті көрсету үшін таңдалды.

Оқытудың техникалық құралдары: интербелсенді тақта Оқудың тәртібі, оқыту әдістері мен түрлері:баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру, шолу лекция

Әртүрлі күрделілік деңгейдегі тапсырмалар (сұрақтар) және оларды бағалаудағы ұпайлардың үлестірілуі:

  1. деңгейлі сұрақтар (20 ұпай)

    1. Зерттеу объектісі мәні мен маңызын ашып көрсетіңіз.

    2. Ғылыми зерттеу пәнінің мәні мен маңызын ашып көрсетіңіз.

  2. деңгейлі сұрақтар (30 ұпай)

    1. Зерттеу ауқымын белгілеу өзгешеліктерін талдаңыз.

    2. Ықтималдық негізінде іріктеу әдістерін тізімдеп жазыңыз және талдаңыз.

  3. деңгейлі сұрақтар (50 ұпай)

    1. Ықтималды және ықтималды емес негізінде іріктеу әдістерін салысырып жазыңыз және мысал арқылы мүмкіндіктерін бағалаңыз.

СӨЖ және ОСӨЖ тапсырмалары, олардың түрлері мен орындалуына қойылатын ұпайлардың үлестері:

СӨЖ тапсырмалары:

  • Ғылыми зерттеудің объектісін анықтау процесі

  • Ғылыми зерттеудің пәнін анықтау процесі

  • Зерттеу міндеттерін анықтау жолдары

  • Зерттеу гипотезаларын құрастыру

  • Гипотеза құрастыру кезеңдері

  • Зерттеу ауқымын анықтау ерешеліктері

  • Ықтималдық негізінде іріктеу әдістері

  • Ықтималдық емес негізінде іріктеу әдістері

ОСӨЖ тапсырмалары:

  • Ықтималды және ықтималды емес іріктеу әдістерін салыстыру

(пікір талас)

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

  1. Брайман, А. Әлеуметтік зерттеу әдістері: Оқулық.1-том. / ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР жоғару оқу орындарының қауымдастығы. - Алматы: Полиграфкомбинат, 2014. - 584б.

  2. Брайман, А.Әлеуметтік зерттеу әдістері: Оқулық.2-том. / Ағыл. тіл. ауд. И.А. Баймұратова; ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР жоғару оқу орындарының қауымдастығы. - 4-басылым - Алматы: ЖШС РПБК

"Дәуір", 2016. – 456 б.

  1. Бахтина И.Л.,Лобут А.А., Мартюшов Л.Н. Методология и методы научного познания [Текст] : учебное пособие / И.Л. Бахтина , А.А.Лобут, Л.Н. Мартюшов,; Урал. гос. пед. ун – т. – Екатеринбург, 2016. – 119 с.

  2. Кузнецов И.Н. Научное исследование. Методика проведения и оформление. – М.: Издательско-торговая корпорация «Дашков и К». 2014.-460с.

  3. Buckley, J. W., M. H. Buckley and H. Chiang. 1976. Research Methodology & Business Decisions. National Association of Accountants

  4. Новиков А.М. Как работать над диссертацией: Пособие для начинающего педагога-исследователя. – 4-е изд. – М.: Издательство «Эгвес», 2003. – 104 с.




12 Лекция тақырыбы: Зерттеу әдістерін таңдау, мәліметтер жинау

Лекция мақсаты мен міндеттері: Ғылыми зерттеу әдістерін таңдау, мәліметтер жинау процесін сипаттау, нақты мысалдар негізінде тиімді жолдарын көрсету, оның зерттеу процесінде маңызын көрсетіп, ерекшеліктері мен мазмұны жайлы ақпарат беру.

Лекция мазмұны

12.1 Зерттеу әдістерін таңдау критерилері және алгоритімі

12.2 Зерттеуде мәліметтер жинау техникалары әдістері

12.3 Зерттеу әдістерін таңдау критерилері және алгоритімі

Зерттеу барысында зерттеушінің шешімін табу қажетті маңызды мәселенің бірі бұл зерттеу әдісін таңдау. Себебі зерттеуде қолданылуы мүмкін әдістер көп. Бірақ солардың ішінен зерттеуші ағымдағы зерттеуге сәйкес келетін зерттеу әдісін таңдау қажет, ал кейде тіпті жаңа зерттеу әдістерін құрастыру қажеттілігі де туындауы мүмкін. Ең бастасы зерттеу әдісі зерттеу барысында сенімді және дұрыс нәтижелер алуға мүмкіндік беруі қажет.

Қажетті зерттеу әдістерін таңдаудың ең қарапайым әдісі зерттеу әдістерінің күшті және әлсіз жақтарына қарай таңдау болып табылады. Ол үшін алдымен әрбір әдістердің әртүрлі жағдайларға сәйкес күшті және әлсіз жақтарын анықтау қажет (Кесте 12.1).

Кесте 12.1 Зерттеу әдістерінің күшті және әлсіз жақтарының сипаттамасы

Зерттеу әдістері

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

Пікір жинау (Opinion)

  • Байланыстарды зерттеуге, болжамды зерттеуге ыңғайлы;

  • Үлкен көлемді үлгіні немесе мәліметтерді қолдана алады;

  • Әдістемелік жағынан қолдануға қарапайым әдісі;

  • Мәліметтерді талдаудың көптеген түрлерін қолдануға болады.

  • Пікір -ол факт емес, яғни әрбір адамның пікірі немесе көз қарасы шындықтан өзгеше болуы мүмкін;

  • Әдістеме сауалнама құралында және адамдардың сұрақтарға бейімділігінде бейтараптыққа ие;

  • Уақыт өте келе пікірлер тұрақсыз, ал топ пікірін жинақтап, талдау қиынға соғу мүмкін, себебі әр адамның пікірі әртүрлі болып шығуы мүмкін;

  • Зерттеудің этикалық талабы да өте күшті, себебі жеке адамдардан көптеген рұқсат алуға тура келуі мүмкін.

Эмпирикалық (Empirical)

- Пікірлерге емес, фактілерге негізделеді;

- Жалпы, жағдайлардың тек аз ғана бөлігін егжей-тегжейлі







  • Нақты мінез-құлықты талдауға, фактілерді табуға және шындықты іздеуге жақсы сәйкес

келеді;

  • Зерттеушінің белсенді қатысуын талап етеді;

  • Кейс-стади және далалық зерттеулерге кең мазмұн береді;

  • Зертханалық зерттеулерде ең көп бақылауды қамтамасыз етеді;

  • Ойын және модельдеу сияқты күрделі математикалық әдістерді қолдана алады.

зерттеуге болады және осы оқшау жағдайлардан жалпылау мүмкіндігі шектеулі болады;

  • Қазіргі уақытпен шектелген және көп уақытты қажет ететін

әдіс;

  • Далалық зерттеулер тәжірибелік дизайнға ие, бірақ бақылау жоқ;

  • Зертханада эксперименттік дизайн және бақылау бар, бірақ бірнеше себептер бойынша бақылаулар жеткіліксіз болуы мүмкін.

Мұрағаттық зерттеу

(Archival)

  • Деректерді, құжаттарды, тарихи талдауды, нақты дәлелдерді жинауды, трендтерді экстраполяциялауды және т.б. талдауға өте ыңғайлы;

  • Тексерілген және көбінесе нақты ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі.

  • Қажетті ақпарат табылса, жылдам зерттеу жүргізу мүмкіндігі бар.

  • Таңдау аздығы - тек белгілі бір заттар ғана жазылады, мысалы, тек ақ көбелектердің өсу жағдайы бар, ал қалғандары жоқ болуы мүмкін;

  • Селективті зерттеу- тек бар мәліметтерден пайдалану мүмкіндігі;

  • Зерттеуге қажетті көп нәрселер жоғалып, жарияланбай қалуы мүмкін және т.с.с.

  • іріктеп алу - іріктеу қателіктері болуы мүмкін;

  • Кемшіліктерді толтыру – редакциялау қажет.

  • Алдыңғы зерттеушілердің субъективті пікірлері мен зерттеу кемшіліктері болуы мүмкін.

Аналитикалық зерттеу

(Analytic)

  • Қосымша деректерді іздеудің қажеті жоқ, бар деректерден максималды нәтижелер алуға болады;

  • Аналитикалық зерттеулер тек қолда бар мәліметтермен шектелмейді, яғни аналитикалық жолмен қажетті мәліметтерді қалыптастыруға болады;

  • Ол қиял мен шығармашылық үшін кең ауқымды мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді;

  • логика, философия, операциялық зерттеу әдістерін қолдануға жақсы сәйкес келеді.

  • Бұл зерттеу әдісін сынға алу қиын. Яғни тексеру қиын болу мүмкін.

  • Сирек кездесетін бірінші деңгейдегі ақыл-ой қабілеттерін қажет етеді, яғни зерттеушінің аналитикалық қабілеттерінің жоғары болуын талап етеді.

  • Ол логикалық қателерге ұшырауы мүмкін, мысалы семантика мәселелері және т.б.

  • маңызды емес проблемаларға назар аударылып, адасуға жол берілуі мүмкін.

  • Тек теория жасай алады, ешқашан дәлелдемейді.

Ескерту – [5] әдебиет негізінде әзірленген


Сондықтан зерттеу әдістерін таңдаған кезде үнемі бірнеше зерттеу әдістерін таңдау ұсынылады. Себебі бір әдістің кемшілігін басқа бір әдіспен толықтырып отыруға болады.

12.2 Зерттеуде мәліметтер жинау техникалары әдістері

Әрбір зерттеу әдістерінің мәліметтер жинау техникасы да әртүрлі болады. Мысалы, төмендегі кестеде сандық және сапалық зерттеу әдістерінің мәліметтер жинаудағы ерекшеліктері салыстырылып келтірілген (12.2 Кесте)



Сандық әдістер:

Сапалық әдістер:

Әдетте сандарды пайдаланады және көптеген жағдайлардан ұқсас белгілер іздейді.

Әдетте сөздерді және нақты бір жағдайды зерттеуде қолданылады.

Дедуктивті болып табылады.

Индуктивті болып табылады.

Зерттеушіні идеалды, объективті бақылаушы ретінде қатыстыру.

Зерттеуші тарапынан көбірек қатысуды талап етеді.

Себеп пен салдарға назар аударады.

Құбылыстарды әлеуметтік, институционалдық, саяси және экономикалық тұрғыдан түсінуге баса назар аударады.

Гипотезаны талап етеді.

Көбіне гипотезаны қажет етпейді.

Адамдарды және жауаптарды

категорияларға бөлуге мәжбүр етуі мүмкін кемшілігі бар, сонымен бірге тақырыптар мен мәселелерге тереңірек үңіле алмайды.

Кемшіліктері бар, олар бірнеше адамға ғана назар аударады, сондықтан оларды жинақтау қиын болуы мүмкін.



Мәліметтерді жинау және талдау әдістерін қарастырғанда ең алдымен, екі түрлі деректерді ажырату керек:

1)Құрылымданған деректер (Structured data)

2)Құрылымданбаған деректер (Unstructured data)

1)Құрылымданған деректер (Structured data) – бұл деректер жоғары деңгейде ұйымдастырылған және оларды оңай кодтауға және статистикалық талдауға болады. Бұл деректер құрылымданған әдістер арқылы жинақталады.

Құрылымданған әдістер (Structured techniques) - бұл алдын ала қойылған балама жауаптарды таңдаумен бірнеше сұрақтарды ұсынуды білдіреді. Мысалы, сауалнамалық зерттеулерде жиі қолданылады және оларды басып шығаруға және пошта арқылы жіберуге, телефон арқылы немесе Интернет арқылы көбейтуге болады. Олар көптеген адамдармен байланысудың тәсілін білдіреді. Көбінесе
құрылымданған әдістер жоғары құрылымданған мәліметтерді жинауға және жабық сұрақтарды (иә / жоқ, нұсқаны таңдау немесе Ликерт шкаласы) пайдалану үшін қолданылады. Құрылымданған әдістерде жауап беру жылдамдығын жоғарылату үшін анкетаны қысқа әрі оңай толтырылатындай жасалу қажет. Мысалы, Лайкерт шкаласы (сомалау арқылы бағалау әдісі) –объектіге қатысты сезімдердің қарқындылығын көрсетуге мүмкіндік беретін, кеңінен қолданылатын әдістеме. Мұндай жағдайда бағалау мынадай ұйғарымдарды пайдаланып, 5 балды (7, 10 болуы мүмкін) жүйемен жүргізіледі, ол: 5 – толығымен келісемін, 4 –келісемін, 3 – бейтараппын, 2 – келіспеймін, 1 – толығымен келіспеймін деген жауаптардан тұрады. Жауаптың жиынтық мөлшері қатысушыға әрбір ұйғарымы үшін алған баллдар жиынтығымен есептеледі. Салыстыру үшін іріктеме қатысушылары жиынтығының орташа стандартты мәні белгіленеді. Содан соң қорытынды шкалада сұрақтардың қайсысы жоғары және төмен баллдар арасында екендігін білу үшін жауаптарға баға беріледі. Бұл әдісті сауалнама құрастырғанда, мәнді сұрақтарды таңдау үшін пайдалануға болады. Құрылымданған мәліметтерді талдау ерекшеліктері:

Деректер алдын-ала белгіленген санаттарға сәйкес келетіндіктен, оны символдармен кодтауға болады (әдетте сандар, бірақ кейде әріптер). Талдау әдетте статистикалық деректер арқылы жасалады. Статистикалық талдаудың екі негізгі формасы бар:

  • Сипаттамалық талдау (Descriptive) - статистика заңдылықтарды анықтау және айнымалылар арасындағы айырмашылықтарды көрсету үшін қолданылады.

  • Ықтималды талдау (Inferential) - статистикалық қорытынды жасау, себеп пен салдарды түсіндіру және болжау жасау үшін қолданылады. Мұнда зерттеушіні тәуелді айнымалылардың (оның мәні басқа айнымалыға байланысты немесе әсер ететін) және тәуелсіз айнымалылардың (бағынбайтын айнымалы) арасындағы байланыс қызықтырады.

Деректерді Excel сияқты электрондық кестеге енгізіп, талдау жасау үшін SPSS, Statistica немесе Minitab сияқты статистикалық пакетті қолданған дұрыс.

2)Құрылымданбаған деректер (Unstructured data) - бұл деректер өзгеруі мүмкін, көбінесе ашық сұрақтар, байқау және т.с.с. жағдайларда туындайды және кодталудан бұрын біраз реттеу жұмыстарын қажет етеді. Бұл деректер жартылай құрылымданған әдістер арқылы жинақталады.

Жартылай құрылымданған әдістер (Semi-structured techniques) мұның бәрі белгіленген үлгіге сәйкес келмейтін жауаптар алуға мүмкіндік береді. Оған келесілерді атап өтсе болады:

Сұхбат –