Файл: Лекция. Таырыбы оамны дамуындаы ылымны ролі жне ылыми зерттеулер Лекция масаты мен.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.05.2024
Просмотров: 216
Скачиваний: 0
СОДЕРЖАНИЕ
№ 2 Лекция. Тақырыбы: Зерттеу үдерісі және негізгі кезеңдері
2.1 Ғылыми зерттеу үдерісі және негізігі кезеңдері
Кесте 2.1 Ғылыми зерттеу жұмысының негізгі кезеңдері және сипаттамалары
№ 3 Лекция Тақырыбы: Зерттеу теориялары және стратегиялары
3.1 Теория және зерттеу байланысы
3.2 Қарама-қайшылық жаңа зерттеуге бастама ретінде
3.3 Дедуктивті және индуктивті әдіспен теориялар құрастыру
3.4 Зерттеудің эпистемологиялық құраушысы
Оқытудың техникалық құралдары: интербелсенді тақта
Жеңіл деңгейлі сұрақтар (20 ұпай)
Орта деңгейлі сұрақтар (30 ұпай)
№ 14 Лекция тақырыбы: Зерттеу жұмысын рәсімдеу және жариялау
14. 3 Магистрлік диссертациялар әзірлеу және рәсімдеу
14.1 Ғылыми мақала жазу әдіснамасы және шетелдік рейтингтік журналдарда жариялау
Шетелдік ғылыми журналға мақаланы жариялау
14.2 Ғылыми-зерттеу жобасын әзірлеу және рәсімдеу
14.3 Магистрлік диссертациялар әзірлеу және рәсімдеу
Магистрлік диссертацияның тақырыбын таңдау
Магистрлік диссертацияны безендіру ережелері
Экологиялық заңдылық – зерттеу мәселесінің табиғилығына (натурализм) байланысты. Экологиялық заңдылық ғылыми нәтижелер адамдардың күнделікті өмірлерінде, табиғи бағдарларында қолданылып немесе қолданылмайтыны жайлы сұрақтарды қарастырады. Мысалы:
Сикоурел (1982: 15) айтқандай: «Біздің күнделікті өмірде кездестіріп жатқан жағдайларымыз, пікірлеріміз, құндылықтарымыз, мақсаттарымыз және білім деңгейіміз оларды табиғи ортасында қалай болатыны жайлы оқығандарымызбен сәйкес келеді ме?» деген сұрақ туындауы мүмкін.
4.2 Зерттеу жобасы түрлері
Зерттеу жобалары түрлерін негізгізінен беске бөліп көрсетсе болады:
- Экспериментті және байланысты зерттеу жобалары.
Экспериметтік зерттеу дегеніміз жаңа ғылыми білім алуға бағытталған зерттеу әдісі. Теориялық зерттеу барысында алынған ғылыми нәтижелерді эксперименттік жағдайда тексеру керек болып табылады. Эксперимент нақты есепке айналатын жағдайда құбылысымен процестерді байқауға немесе есепке айналатын жағдайда құбылысымен процестерді байқауға немесе ғылыми негізінде қойылған зерттеулерге арналған жұмыстар жиынтығы.
Эксперименттік жоба зертханалық эксперимент пен далалық эксперимент болып екі негізі маңызды түрге бөлінеді.
Зертханалық эксперимент зертхана ішінде немесе жасанды ортада өткізіледі. Мысалы: Хауэл мен Фрост (1989), харизмалық жетекші (Макс Вебердің (1947) заңды билік түрлерімен байланысты атау) басқа жетекші түрлеріне қарағанда, мекемеде тиімдірек болатын мүмкіншілігіне қызықты. Олар харизмалық жетекшілік пен жетекшіліктің басқа екі түрі - ойланыптолғану және құрылымдаудың тиімділігін салыстыратын зертхана экспериментін ұйымдастырды. Бірнеше гипотеза талданды, соның ішінде таңдалғаны: «Харизмалы жетекші қол астында жұмыс істейтіндер, ойланыптолғанатын жетекшімен жұмыс істегендерге қарағанда тапсырманы орындау қабілеті жоғары болады» деген тұжырым жасалды (Хауэл мен Фрост, 1989: 245). Бұл экспериментке 144 оқушы өз еркімен қатысты. Олардың пән бағалары, зерттеуге қатысуға келіскендері үшін 3 % жоғарылатылды. Бұл оқушылар кездейсоқтық әдісімен үш жетекші түрінің бірінің қол астына тапсырма жасауға белгіленді. Тапсырма ретінде симуляцияланған бизнес тапсырма берілді. Барлық үш жетекшілік әдісін екі әртіс әйел орындады. Кең ауқымда гипотезаға сай, харизмалық жетекші қол астында тапсырма орындағандар жалпы алғанда, басқа жетекші қол астындағыларға, әсіресе ойланып-толғанатын жетекші қол астында тапсырма орындағандарға қарағанда жоғарырақ бағаланды.
Далалық эксперимент - табиғи ортадағы яғни, мектеп сыныптарында және ұйымдар ішінде немесе жаңа реформалар немесе жаңа саяси бағыт енгізу тәрізді шынайы өмір ортасында өткізіледі.
- Кросс-секциялық зерттеу жобасы.
Кросс-секциялық жобасы дегеніміз - бірнеше тақырыптар қиылысынан тұратын (әдетте екіден көп) және белгілі бір уақыт аралығында сандық немесе санауға болатын көрсеткішті жинау мақсатында, екі немесе одан да көп (әдетте екіден көп) айнымалыларға қатысты және одан әрі байланыс бағытын анықтау үшін, деректер жинақтауға байланысты және зерттеу жұмыстырында ең көп қолданыстағы жоба түрі (Сурет 4.1). Мысалы: Кросс-секциялық жоба және ішкі дәлділікке: Денсаулық пен өмір салты сауалнамасы негізінде бір мысал қарастырайық. Блакстер (1990) сұхбатттың кең ауқымды кросс-секциялық зерттеудің кейбір нәтижелеріне деректер жинақтауда үш тәсілді қолданғанын айтады: әр респондентінің физиологиялық мәліметтерін медбике көмегімен жинау; стандартталған сұхбат жүргізу; өз бетімен сауалнама толтыру. Мәліметтер 9000-ға жуық адамдардан тұратын кездейсоқ іріктеліп алынған топ арасында жиналды. Бір мезгілде, Блакстер тұлғаның темекі шегіп-шекпеуі мен оның диетасы арасында байланыс барлығын көрсеткен болатын. Алайда бұл байланысты қалай талдауымызға болады? Блакстер бұл мәселеде өте абай болып, екеуінің арасындағы себеп-салдар қатынасын тұжырымдамайды.
Сурет 4.1 Кросс-секциялық зерттеу жобасының мәліметтер қиылысы
[1,117б]
Жиналған мәліметтерге сүйеніп, темекі шегу белгілі бір диетаға себепкер немесе диета темекі шегуге себепкер, не болмаса екеуінің арасындағы байланыс шын мәнінде, мысалы, «салауатты» өмір салтына берілгендік немесе немқұрайлылық сияқты үшінші бір айнымалының әсерінен туындағаны туралы түсінік болуы мүмкін. Сондықтан бұл жерде себепсалдар әсері бағытының тұрлаусыздығы (екіұштылығы) орын алған.
- Созылмалы зерттеу жобасы. Созылмалы зерттеу жобасы зерттеу жобасының жекелеген бір түрін ұсынады. Уакыт пен қаржы шығыны болғандықтан, әлеуметтік зерттеуде бұл аз қолданатын жоба. Бұл жобаның әлеуметтану, әлеуметтік саясат және адам жағрафиясы сияқты әлеуметтік ғылым пәндерінде кездесетін әдеттегі түрі - кросс-секциялық жоба ішіндегі өз бетінше толтырылатын сауалнама немесе стандартталған сұхбаттасу зерттеуі негізінде жасалған сауалнама зерттеуінің кеңейтілген түрі (Сурет 4.2). Осыны ескерсек, сенімділік, қайта өндіргіштік және дәлелділік тұрғысынан созылмалы зерттеу жобасы кросс-секциялық зерттеуінен кішкене ерекше. Дегенмен созылмалы зерттеу жоба айнымалылардың уақыт реттілігіне әлдебір анықтық бере алады, сондықтан себеп-салдар қатынасы туралы қорытынды жасауға көбірек мүмкіндік бере алады. Мысалы: Британдық үй-іші созылмалы қайталамалы зерттеу 1991 жылы басталды, 10,264 адамдар-дан құралған ұлттық іріктеме тобы мен 5,538 үй-ішінен (жанұядан) бірінші рет қызығушылық танытқан алты басты салаға қатысты сұхбат алынған:
-
үй-іші ұйымы; -
жұмыс қарқынының бет алысы; -
табыс пен әл-ауқат; -
баспана жағдайы; -
денсаулық; -
әлеуметтік-экономикалық құндылықтар.
Қайталамалы зерттеу мүшелері жыл сайын сұхбаттан өтіп тұрды және үлкен мәліметтер базасы жинақталды. Бұл мәліметтер басқа зерттеулерде де қолданылуына болады.
Сурет 4.2 Созылмалы жобаның ұлғаймалы матрицасы, мұндағы Т – тәуелсіз айнымалы [1,120б]
-
Жеке тақырыптық зерттеу жобасы. Қарапайым жеке тақырыптық зерттеу жалғыз жағдайдың қарқынды және жіті талдануын қамтиды. Жеке бір мектеп зерттеу немесе жеке адамды зерттеу (биографиялық зерттеу) болуы мүмкін. Жеке тақырыптық зерттеуі белгілі бір жағдайдың күрделігімен және өзіне тән ерекшелігімен байланысты. Мысалы: Холдуэй (1982, 1983) өз қаласындағы полиция қызметінде жүріп, докторлық диссертациясына зерттеу жүргізген полиция офицері. Оның басты әлеуметтік зерттеу тәсілі этнография болатын, ол қарым-қатынасты байқап жүретін, әңгімелерді тыңдайтын, құжаттарды зерттейтін және алған әсерлері мен тәжірибесін жазып жүретін қатысушы-бақылаушы рөлінде болды. Оның басшылығы да Холдуэйдің өзінің қоластындағыларға зерттеу жүргізіп жүргенінен, яғни бүркемелі зерттеуші рөлінде жүргенінен хабары жоқ болатын. Бұл этикалық тұрғыдан алғанда шүбәлі, талас тудыратын тәсіл. Бірақ, Холдуэйдың зерттеуі тәртіп сақшыларының мамандық мәдениетін және полиция жұмысының сырын ашады.
-
Салыстырмалы зерттеу жобасы. Салыстырмалы жобаны жеке жоба түрінде түсініп алу маңызды. Қарапайым тілмен жеткізсек, бұл зерттеу түрі азды-көпті бірдей тәсіл қолдану арқылы екі салыстырмалы оқиғаларды зерттеуді қамтиды. Ол салыстыру қисынын іске асырады, яғни феномендерді (ерекше жағдайды) бір бірімен салыстырады(Сурет 4.3).
Сурет 4.3 Салыстырмалы зерттеу жобасы құрылымы [1,132б]
Әрбір зерттеу жобасы зерттеу нәтижелерін бағалаудың өлшемдерімен байланысты қарастырылған.
4.3 Қате түрлері
Пайда болу себебіне, ерекше сипатына және бейнелену шарттарына байланысты өлшеу қателіктері мынадай түрлерге бөлінеді.
Кездейсоқ қате – бір шаманы қайталап өлшегенде, кездейсоқ өзгеретін қателіктер. Кездейсоқ қате өзгеретін, тұрақсыз факторлармен анықталады. Кездейсоқ қатенің мәні мен таңбасын анықтауға болмайды. Кездейсоқ қатені есепке алу үшін, өлшеуді бірнеше рет өткізеді.
Математикалық статистика әдістерін қолданып өлшенетін шаманың кездейсоқ қатесін бағалайды да, күтетіндей қатенің мәнін анықтайды.
Өрескел қате – бұл күткен қатеден өте асып кететін қателік.
Мүлт кету – бұл өлшеу нәтижесін бұрмалайтын қате. Бұл қате эксперимент өткізушінің субъективті қатесі. Өрескел қате мен мүлт кету қате әдетте эксперименталды мәліметтерден жойылады.
Жүйелік қате – бұл бір шаманы қайталап өлшегенде тұрақты болатын немесе белгілі заңмен өзгеретін қателік. Табылған және бағаланған жүйелік қателерге жөндеу енгізіліп, өлшеу нәтижесі шығарылады.
Әдіс қателігі - өлшеу әдістің келешілігінен болатын қателер (теориялық қателік). Аспап қателігі – бұл өлшеу құралдың қателігі. Конструкциялық кемшіліктерінен, өлшеу құралдын, дайындық технологиясының кемшіліктерінен, олардың тозуынан және олардың жасалған материалдық тозуынан пайда болатын қателік.
Құрылғы (құрал) қателігі – бұл өлшеу құралы дұрыс орнатылмағаннан пайда болатын қателік.
Тұрақты қате – қайталанған өлшеу өткізгенде өзінің мәнін өзгертпейтін қателер.
Ауыспалы қате – қайта өлшенген шама әртүрлі мәнді болады. Егерде ол өссе, не азайса, онда оны прогрессивті деп атайды. Ауыспалы қатені периодтың немесе бөтен заңмен өзгертуге болады. Ауыспалы қатенің пайда болу себебі сыртқы факторлардың және өлшеу құралының конструкциялық ерекшелігіне байланысты.
Оқытудың техникалық құралдары:
интербелсенді тақта
Оқудың тәртібі, оқыту әдістері мен түрлері: баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру, шолу лекция
Әртүрлі күрделілік деңгейдегі тапсырмалар (сұрақтар) және оларды бағалаудағы ұпайлардың үлестірілуі:
Жеңіл деңгейлі сұрақтар (20 ұпай)
-
Зерттеу жобасын жасау мәні мен маңызын көрсетіңіз. -
Зерттеудің сапасын бағалау өлшемдерінің мәні және түрлерін көрсетіңіз.
Орта деңгейлі сұрақтар (30 ұпай)
-
Сенімділік өлшеміне жататын тұрақтылық және ішкі сенімділік факторларын салыстырып талдаңыз. -
Қайталама зерттеу өлшемін анықтаңыз және оның зерттеу жұмысындағы не себепті аса маңызды еместігін талдаңыз. -
Заңдылық өлшемін анықтаңыз және қолданылатын маңызды түрлерін талдаңыз.
Күрделі деңгейлі сұрақтар (50 ұпай)
-
Зерттеу жобасы түрлеріне жататын зертханалық эксперимент пен далалық эксперимент тиімділігін салыстырмалы бағалаңыз. -
Зерттеу жобасы түрлеріне жататын кросс-секциялық зерттеу жобасының ғылымдағы рөлін бағалаңыз.
СӨЖ және ОСӨЖ тапсырмалары, олардың түрлері мен орындалуына қойылатын ұпайлардың үлестері:
СӨЖ тапсырмалары
-
Зерттеу мәліметтерінің сенімділігі негіздері Зерттеу мәліметтерінің заңдылық мәселелері -
Жеке тақырыптық зерттеу жобасы ерекшеліктері -
Салыстырмалы зерттеу жобасының негізгі құрамдас бөліктері -
Эксперементтік зерттеулердің қолданылу аясы
ОСӨЖ тапсырмалары:
-
Ғылыми зерттеу қателіктерін алдын алу шаралары (пікір талас)
(дөңгелек стол)
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
-
Брайман, А. Әлеуметтік зерттеу әдістері: Оқулық.1-том. / ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР жоғару оқу орындарының қауымдастығы. - Алматы: Полиграфкомбинат, 2014. - 584б. -
Брайман, А. Әлеуметтік зерттеу әдістері: Оқулық.2-том. / Ағыл. тіл. ауд. И.А. Баймұратова; ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР жоғару оқу орындарының қауымдастығы. - 4-басылым - Алматы: ЖШС РПБК
"Дәуір", 2016. – 456 б.
-
Бахтина И.Л., Лобут А.А., Мартюшов Л.Н. Методология и методы научного познания [Текст] : учебное пособие / И.Л. Бахтина , А.А.Лобут, Л.Н. Мартюшов,; Урал. гос. пед. ун – т. – Екатеринбург, 2016. – 119 с. -
Кузнецов И.Н. Научное исследование. Методика проведения и оформление. – М.: Издательско-торговая корпорация «Дашков и К». 2014.-460с.
Сайттар:
-
http://www.scival.com/ -
http://apps.webofknowledge.com/ -
https://www.springer.com/ -
https://www.sciencedirect.com/ -
https://scholar.google.ru/