Файл: Лекция. Таырыбы оамны дамуындаы ылымны ролі жне ылыми зерттеулер Лекция масаты мен.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.05.2024
Просмотров: 223
Скачиваний: 0
СОДЕРЖАНИЕ
№ 2 Лекция. Тақырыбы: Зерттеу үдерісі және негізгі кезеңдері
2.1 Ғылыми зерттеу үдерісі және негізігі кезеңдері
Кесте 2.1 Ғылыми зерттеу жұмысының негізгі кезеңдері және сипаттамалары
№ 3 Лекция Тақырыбы: Зерттеу теориялары және стратегиялары
3.1 Теория және зерттеу байланысы
3.2 Қарама-қайшылық жаңа зерттеуге бастама ретінде
3.3 Дедуктивті және индуктивті әдіспен теориялар құрастыру
3.4 Зерттеудің эпистемологиялық құраушысы
Оқытудың техникалық құралдары: интербелсенді тақта
Жеңіл деңгейлі сұрақтар (20 ұпай)
Орта деңгейлі сұрақтар (30 ұпай)
№ 14 Лекция тақырыбы: Зерттеу жұмысын рәсімдеу және жариялау
14. 3 Магистрлік диссертациялар әзірлеу және рәсімдеу
14.1 Ғылыми мақала жазу әдіснамасы және шетелдік рейтингтік журналдарда жариялау
Шетелдік ғылыми журналға мақаланы жариялау
14.2 Ғылыми-зерттеу жобасын әзірлеу және рәсімдеу
14.3 Магистрлік диссертациялар әзірлеу және рәсімдеу
Магистрлік диссертацияның тақырыбын таңдау
Магистрлік диссертацияны безендіру ережелері
5.4 Магистрлік диссертация жазуда сақталыну қажет ережелер
Магистрлік диссертация − университетте алынған білімге негізделген, тиісті саладағы өзекті мәселелерді шешу бойынша теориялық және практикалық әзірлемелер мен ұсыныстарды қамтитын өзіндік ғылыми зерттеу.
Магистрлік диссертация – магистрді дайындаудың қорытынды кезеңі. Ол түлектің көрнекілігін, сәйкес білім саласындағы ғылыми проблемаларды шеше алатын және шығармашылық қалыптастыра алатын ғылыми жұмысшы ретінде көрсетуі тиіс.
Магистрлік диссертация магистранттың жеке өзімен ғылыми жетекшінің басшылығымен дайындалуы керек.
Магистрлік диссертация ғылым мен іс-тәжірибенің заманауи теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне негізделуі, ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерін қолдану арқылы жасалуы, негізгі қорғалатын ережелер бойынша ғылыми-зерттеулік (әдістемелік, істәжірибелік) бөлімшелерден тұруы, сәйкес білім саласындағы алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибеге негізделуі, нақты практикалық ұсыныстардан тұруы керек.
Магистрлік диссертацияның мазмұнына және безендірілуіне, оларды қорғауға және дайындауға талаптар білім саласындағы уәкілетті органдардың нормативтік құқықтық актілерімен анықталады.
Магистрлік диссертация сәйкес ғылыми мамандықтың «магистр» академиялық дәрежесін түлекке тағайындау үшін негіз болып табылады.
Магистрлік диссертацияның негізгі мақсаты – магистранттың ғылыми біліктілігінің деңгейін көрсету, өзіндік ғылыми ізденіс жасай ала білу қабілеті, нақты ғылыми міндеттерді шешуге қабілеттерді тексеру, оларды шешудің көптеген әдістері мен тәсілдерін білу. Магистрлік диссертация ғылыми білімнің жалпы ғылыми және арнайы тәсілдерін бейнелеуі керек.
Осы мақсатқа жету жолында келесі принциптік сипаттағы міндеттерді шешу керек:
-
Библиографияны құрастыру, таңдалынған тақырып бойынша әдеби көздерді зерттеу және ғылыми жалпыландыру; -
Зерттелінетін нысан бойынша динамикалық және құрылымдық өзгерістерді сипаттайтын, алғашқы, фактілік және статистикалық материалдарды жинау, өңдеу, талдау және синтез жасау; -
Зерттелінетін нысанды сәтті дамуын болжау және тиімділігін бағалау үшін экономикалық-математикалық есептерді қолданудың мүмкіндіктерін және әдістерін анықтау; -
магистрлік диссертацияның тақырыбын таңдаудың негізгі мотиві болып табылған - қорытындыларды, ұсыныстарды және ұстанымдарды іске асыру проблемаларын рационалды шешуге мүмкіндік беретін, ғылыми аргументация.
Толығырақ Ахмет Ясауи Университтетің веб сайтынан Магистрлік диссертация жазу ережесіне қараңыз.
Оқытудың техникалық құралдары: интербелсенді тақта
Оқудың тәртібі, оқыту әдістері мен түрлері: баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру, шолу лекция
Әртүрлі күрделілік деңгейдегі тапсырмалар (сұрақтар) және оларды бағалаудағы ұпайлардың үлестірілуі:
Жеңіл деңгейлі сұрақтар (20 ұпай)
-
Зерттеу барысында этикалық нормаларды ұстану маңызын көрсетіңіз. -
Зерттеу барысында плагиатты болдырмау жолдарын көрсетіңіз.
Орта деңгейлі сұрақтар (30 ұпай)
-
Соңғы жылдардағы ғылым жетістіктері мен зардаптарын салыстырмалы талдаңыз. -
Ғылым этикасының қағидаларының бір объективтілікті анықтаңыз және оның зерттеу жұмысындағы маңызын талдаңыз. Күрделі деңгейлі сұрақтар (50 ұпай) -
«Мақсат құралды ақтайды» деген қағиданы этикалық тұрғыдан бағалаңыз.
СӨЖ және ОСӨЖ тапсырмалары, олардың түрлері мен орындалуына қойылатын ұпайлардың үлестері:
СӨЖ тапсырмалары
-
Зерттеу этикасының негізгі қағидалары -
Зерттеу жұмысында әдебиеттерге сілтеме жасау ережелері -
Зерттеу жұмысын плагиатқа тексерудің интернет құралдары
ОСӨЖ тапсырмалары:
-
Плагиаттың зардаптары (пікір талас) -
«Адам өлсе де, оның аты өлмейді» деген ұғымның ғылымға қатысы
(пікір талас)
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
-
Брайман, А. Әлеуметтік зерттеу әдістері: Оқулық.1-том. / ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР жоғару оқу орындарының қауымдастығы. - Алматы: Полиграфкомбинат, 2014. - 584б. -
Брайман, А. Әлеуметтік зерттеу әдістері: Оқулық.2-том. / Ағыл. тіл. ауд. И.А. Баймұратова; ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР жоғару оқу орындарының қауымдастығы. - 4-басылым - Алматы: ЖШС РПБК
"Дәуір", 2016. – 456 б.
-
Бахтина И.Л., Лобут А.А., Мартюшов Л.Н. Методология и методы научного познания [Текст] : учебное пособие / И.Л. Бахтина , А.А.Лобут, Л.Н. Мартюшов,; Урал. гос. пед. ун – т. – Екатеринбург: 2016. – 119 с. -
Кузнецов И.Н. Научное исследование. Методика проведения и оформление. – М.: Издательско-торговая корпорация «Дашков и К». 2014.-460с.
Сайттар:
-
http://www.scival.com/ -
http://apps.webofknowledge.com/ -
https://www.springer.com/ -
https://www.sciencedirect.com/ -
https://scholar.google.ru/ -
ayu.edu.kz
2 МОДУЛЬ. ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕСІ
№ 6 Лекция тақырыбы. Зерттеудің эмпирикалық әдістері
Лекция мақсаты мен міндеттері: Зерттеудің эмпирикалық әдістерінің мәні, түрлері және ерекшеліктерін көрсетіп, қолданылуы мен маңызы жайлы ақпарат беру.
Лекция мазмұны
6.1 Зерттеудің эмпирикалық әдістерінің мәні
6.2 Эмпирикалық зерттеу әдістерінің түрлері
6.3 Эмпирикалық зерттеудің әдістемелік циклы
6.4 Зерттеудің интерғылыми, жалпы ғылыми және жеке ғылыми әдістері
6.1 Зерттеудің эмпирикалық әдістерінің мәні
Эмпирика сөзі грек. тілінен έμπειρία — тәжірибе деген мағынаны білдіреді.
Эмпирикалық зерттеулер бұл - өз нәтижелерін шындықты сынау ретінде тікелей немесе жанама байқауға негіздейтін зерттеулер. Басқа сөзбен айтқанда эмпирикалық зерттеу қорытындылары нақты эмпирикалық, яғни тәжірибелік дәлелдерден құралған кез келген зерттеу ретінде анықтауға болады.
Әдіс - белгілі бір қорытындыға жетуге көмектесетін әрекеттердің жиынтығы ретінде танылады.
Мысалы, эмпирикалық ғылымның негізін салушылардың бірі – Френсис Бэкон танымның әдісін циркульмен салыстырған. Әрбір адамның ойлау қабілетінің деңгейі әр түрлі, сол себепті барлық адамдардың жетістікке жетуге деген мүмкіндіктерін теңестіру үшін белгілі бір құрал керек. Ғылыми әдіс осындай құрал болып табылады.
Сондай -ақ, әдіс адамдардың мүмкіндіктерін теңестіріп қана қоймай, олардың іс - әрекетін біркелкі жасап, ғылыми зерттеулердің ұқсас нәтижесін алуға ықпал етеді.
Қазіргі заманғы ғылым белгілі методологияға, яғни қолданылатын әдістердің жиынтығына негізделген. Осыған қоса әрбір ғылым саласы тек қана арнаулы объектіге ғана емес, сол объектіге сәйкес арнаулы әдіске де ие болады. Яғни әрбір зерттеудің тиімді нәтижелерге жету үшін өзіндік ерекше әдісі немесе әдістер жиыны болады.
Зерттелетін заттардың әртүрлілігінен пайда болатын, жаратылыстану ғылымы мен гуманитарлық танымның методологиялары арасында бірқатар айырмашылықтар бар.
Қазіргі заманғы ғылымда жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдардың методологияларының бір-біріне жақындасу тенденциясы байқалуда, бірақ олардың негізгі және қағидалық айырмашылықтары әлі де сақталуда.
6.2 Эмпирикалық зерттеу әдістерінің түрлері
Эмпирикалық зерттеу әдістері ғылыми зерттеу еңбегінің анықтаушысы болып табылады, олар тәжірибемен, оның ішінде ғылыми еңбекпен байланысты және бастапқы зерттеу материалдарын қорландыруды, бекітуді және жалпылауды қамтамасыз етеді.
Шартты түрде ғылыми зерттеулерді практикалық және теориялық мүмкіндіктеріне қарай: эмпирикалық және теориялық әдістерге бөлуге болады.
Эмпирикалық зерттеудің өзі екіге бөлінеді: Сипаттамалық және эксперименттік зерттеу әдістері.
Сипаттамалық зерттеу әдістері – белгілі бір зерттеу объектісінің жағдайын, мүмкіндіктерін және байланыстарын сипаттайды. Оның өзі сандық және сапалық зерттеу әдістеріне бөлінеді.
Сурет 6.1 Эмпирикалық зерттеу әдістерінің түрлері
Негізгі эмпирикалық әдістерге төмендегілер жатқызуға болады:
-
бақылау – объективті шынайылықты арнайы түрде қабылдау; Бақылау – белгілі мақсаты мен міндеті бар объектіні мақсатты түрде және жүйелі түрде қабылдау. Ұзақтығына байланысты бақылауды ажыратады: ұзақ уақыттылық, қысқа уақыттылық, үздіксіз, дискретті (аз уақыт ішінді бірнеше рет қайталау). -
суреттеу – объектілер туралы мәліметті табиғи және жасанды тілдің көмегімен бекіту; -
өлшеу – объектілерді ұқсас қасиеттері немесе белгілері бойынша салыстыру; Яғни өлшеу дегеніміз арнайы текникалық құралдардың көмегімен тәжірибелік жағдайда белгілі бір физикалық мәнді табу процесі.
Өлшеу белгілі бір физикалық мәнді арнайы этолон ретінде қабылданған мәнмен салыстыру арқылы зерттеуге мүмкіндік береді. Өлшеудің эксперимент үшін маңызы зор болған оның теориялық және практикалық мәселелеріне арнайы ғылым саласы метрология айналысады. Статистикалық өлшеу барысында зерттелетін мән өзгермейді. Динамикалық өлшеу барысында зерттелетін мәні өзгеріп отырады. Өлшеу сондай-ақ тура және жанама болуы мүмкін. Тура өлшеу барысында зерттелетін мәнді нақты тәжірибе барысында анықталады.
Жанама өлшеу кезде зерттелетін мәнді функционалды байланысы бар, басқа мәнді өлшеу арқылы анықталады.
-
Эксперимент немесе тәжірибе жасау – құбылыс қайталанған кезде қажетті жағдайлар қайталанғанына байланысты өзгерістерді арнаулы дайындалған орындар арқылы бақылау.
Эксперимент зерттеу әдістері – объектіні оның бұрын белгісіз қасиеттерін анықтау немесе теориялық ережелердің дұрыстығын тексеруге бағытталған тәжірибелік әдістерінің жиынтығынан тұрады. Ол белгілі бір зерттеу идеясымен анықталады.
Ғылыми-зерттеу тәжірибесінде эксперименттік зерттеу ерекшелігі келесі сатылардан тұрады:
-
айғақтайтын; -
қалыптастыратын; - түзететін; - бақылау.
Экспериментке жататын жеке сұрақтарды арнайы қарастыру үшін тәжірибе ғылыми әдіс ретінде қажет болып табылады. Оның жүзеге асуы арнайы жағдайларды және гипотеза талап ететін белгіленген параметрлері бойынша топтарды құруды қарастырады. Кез келген экспериментті жүргізу үшін:
-
тексеруге жататын гипотезаны әзірлеу; -
гипотезаны эксперименттік тексеру үшін жағдайларды қамтамасыз ету; - тәжірибе нәтижелерін бекіту әдісін әзірлеу.
Тәжірибені жүргізудің әдіснамасына байланысты оның маңыздылығын ескеру қажет. Эксперимент әдіснамасы немесе методологиясы дегеніміз эксперименттік зерттеуді қою және жүргізу реті. Тәжірибені жүргізу кезеңдерінің реттілігі оның интелектуалды және материалдық шығындары ескерілмегенде алға қойылған мақсатқа жете алмайды. Сол себепті зерттеуші экспериментті дайндау кезінде келесілерді жасау міндетті:
-
нысанды мақсатты бағытталған бақылау үшін жоспар құру; -
тәжірибе жүргізілетін шекараны анықтау; -
зерттеу нысанына шарттардың, мінездемелердің, әсердің өзгеруін, жағдайлардың қайталануын есептеп қажетті жағдайларды құру. -
зерттеліп жатқан нысанды оқу және сипаттау мақсатында жүйелі бақылауды жүргізу. -
тәжірибе нәтижелерін талдау.
Сонымен экспериметтік зерттеу дегеніміз жаңа ғылыми білім алуға бағытталған зерттеу әдісі. Теориялық зерттеу барысында алынған ғылыми нәтижелерді эксперименттік жағдайда тексеру керек болып табылады. Эксперимент нақты есепке айналатын жағдайда құбылысымен процестерді байқауға немесе есепке айналатын жағдайда құбылысымен процестерді байқауға немесе ғылыми негізінде қойылған зерттеулерге арналған жұмыстар жиынтығы.
6.3 Эмпирикалық зерттеудің әдістемелік циклы
1940 жылы Де Гроут есімді атақты голланд психологы және шахматшысы шахматты қолдануда көптеген әйгілі эксперименттер өткізеді. Зерттеу барысында ол дәйекті және қазір кеңінен қолданылатын эмпирикалық зерттеулер әдістемелік циклын ойлап тапты.
Эмпирикалық зерттеудің әдістемелік циклы - белгілі бір субъектілердің қалай жұмыс істейтіні немесе өзін-өзі ұстауы туралы гипотезаны қалыптастыру процесін баяндайды, содан кейін бұл гипотезаны эмпирикалық деректерге қарсы жүйелі және қатал тәсілмен тексеруді ұйымдастыру жүйесі.