Файл: Лекция. Таырыбы оамны дамуындаы ылымны ролі жне ылыми зерттеулер Лекция масаты мен.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.05.2024

Просмотров: 219

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

№ 2 Лекция. Тақырыбы: Зерттеу үдерісі және негізгі кезеңдері

Лекция мазмұны

2.1 Ғылыми зерттеу үдерісі және негізігі кезеңдері

2.1 Ғылыми зерттеу үдерісі

Кесте 2.1 Ғылыми зерттеу жұмысының негізгі кезеңдері және сипаттамалары

2.1.7 Жазбаша есеп

№ 3 Лекция Тақырыбы: Зерттеу теориялары және стратегиялары

3.1 Теория және зерттеу байланысы

3.2 Қарама-қайшылық жаңа зерттеуге бастама ретінде

3.3 Дедуктивті және индуктивті әдіспен теориялар құрастыру

3.4 Зерттеудің эпистемологиялық құраушысы

Оқытудың техникалық құралдары: интербелсенді тақта

Жеңіл деңгейлі сұрақтар (20 ұпай)

Орта деңгейлі сұрақтар (30 ұпай)

№ 14 Лекция тақырыбы: Зерттеу жұмысын рәсімдеу және жариялау

Лекция мазмұны

14. 3 Магистрлік диссертациялар әзірлеу және рәсімдеу

14.1 Ғылыми мақала жазу әдіснамасы және шетелдік рейтингтік журналдарда жариялау

Мақала атауы

Мақаланың құрамдас бөліктері

Аннотация

Негізгі бөлігі

Қорытындылар

Әдебиет

Шетелдік ғылыми журналға мақаланы жариялау

Мақалаларды рәсімдеу ережесі

14.2 Ғылыми-зерттеу жобасын әзірлеу және рәсімдеу

14.3 Магистрлік диссертациялар әзірлеу және рәсімдеу

Магистрлік диссертацияның тақырыбын таңдау

Магистрлік диссертацияны безендіру ережелері

Оқытудың техникалық құралдары: интербелсенді тақта

1 деңгейлі сұрақтар (20 ұпай)

2 деңгейлі сұрақтар (30 ұпай)

3 деңгейлі сұрақтар (50 ұпай)



5 Лекция тақырыбы: Зерттеулердің этикалық аспектілері

Лекция мақсаты мен міндеттері: Зерттеулердің этикалық аспектілері, оның зерттеу процесінде қиындықтары және кері әсері, магистрлік зерттеу ережелері жайлы ақпарат беру.

Лекция мазмұны

5.1 Ғылыми этиканың нормалары

5.2 Ғылымдағы әлемінің өзіндік этикалық ережелері мен қағидалары

5.3 Соңғы жылдардағы ғылым жетістіктері мен зардаптары.

5.4 Магистрлік диссертация жазуда сақталыну қажет ережелер

5.1 Ғылыми этиканың нормалары

Ғылым экономикалық, саяси, әлеуметтік, әдіснамалық, эстетикалық және этикалық жағынан зерттеледі. Біз этика мен ғылым арасындағы байланысты қысқаша қарастырамыз.

Ғылым этикасы – жаңадан қалыптасып келе жатқан келешегі зор кешенді ғылыми бағыт. Ол ғылыми қызметтің әлеуметтік-этикалық және гуманистік проблемаларын зерттейді.

Ғылыми қызметтің нәтижелерін, жаңалықтарын, жетістіктерін қоғам мен адамның игілігі үшін қолдануда және ғылыми-техникалық прогреспен ұштастыра білуде ғылымның әлеуметтік және моральдық жауапкершілігі артып отыр. Ғылыми жетістіктерді іс жүзінде қолдану этикалық нормалар мен қағидаларды қамтиды. Оған бүкіл адамзатқа төнген термоядорлық немесе экологиялық апат қаупі кепіл. Сондықтан ғалымдардың әлеуметтік жауапкершілігінің маңызы өте зор. Осы өзекті мәселені ғылым этикасы зерттейді.

Ғалым ғылымға таза, адал, шыншыл, әділ пиғылмен еңбек етуі тиіс. Ғалым этикасы - бұл ғылым этикасына қарағанда тар мағынадағы ұғым. Бұл екі ұғымнан басқа әдістемелік әдебиеттерде ғылыми қызметкердің этикасы деген ұғымдар да кездеседі. Ғылым этикасы өзара қарымқатынастағы моральдың философиялық және әлеуметтік жағын қарастырады. Ғылыми этиканың нормалары:

Біріншісі, жалпы адамзаттық адамгершілік талаптарын орындаудан тұрады.

Екіншісі, этикалық нормалар ғылымға тән арнайы құндылықтарды корғауға қызмет ету. Яғни ғылымға адал қызмет ету, риясыз іздену арқылы ақиқатты дәлелдеу. Күнделік ғылыми әрекетте алған білімді бірден дәлелдеу мүмкін емес, ақиқат екенін дәлелдеу қиын. Бұл сондықтан ғалымның тактикасына, адамгершілігіне жүктеледі.

Әдетте ғылым мен адамгершілік мәселелері бір-біріне қарама-карсы ұғым деп қарайды. Ал шындығында ғылым адамгершілік, мораль талаптарының дамуымен тығыз байланысты. Ғылым әрбір дәуірдің адамгершілік құндылықтарын реттеп отырады. Белгілі бір этикалық талаптар, ережелер анықталып отырады.


Шын мәнінде табиғат сияқты ғылым адамгершілік категориясына бағынбайды, ғылымның басты мақсаты-объективті шындық.

Ғылым шындығында шынайы емес, оны адамдар жасайды. Ал адамға тән нәрсе адасуы; жолдан тайуы; пиғылының азғыруы, қатты ынтығуы, яғни сезімге берілуі сияқты көріністер ғалымның бойына болатындықтан оның қорытындысы әрқашан да шынайы болады деп айта алмаймыз.

5.2 Ғылымдағы әлемінің өзіндік этикалық ережелері мен қағидалары

Ғылыми ортада көп уақыттан бері өздерінің адамгершілік нормалары тыйым салу, ғылыми қызметін реттеу сияқты ғалымдар әлемінің өзіндік этикалық ережелері мен қағидалары бар. Олар:

  1. Объективті шындықты талап ету. Мұның мәнісі қатып қалған көзқарас немесе пікірде шыншылдық болмайды, оған факті мен дәлел керек.

  2. Ғылым этикасының қағидаларының бірі – білімді дәлелдеу. Ғылымдағы адамгершілік ұстанымның бірі – субъективизмді қаралау. Мұның мәнісі әр адамның өзіндік көзқарасы болады. Өзіндік пікірі болады. Оған дәлел керек. Мысалы: XVI-ғасырда атақты ғалым, астролог Никалай Коперник астрономия әлемінде төңкеріс жасайды. Оның «Күнді жер айналады» деген тұжырымы дау туғызған еді. Оның кітаптарының таралуына қатаң тыйым салынды. Көпшілік күннің жерді айналып жүргенін көріп жүргендіктен, Коперник айтты екен деп жердің күнді айналатынына сенбеді.

Шіркеу тыйым салған Коперниктің кітабын оқып, оның ойын ары дамытқан италяндық ойшыл, Джордано Бруно «аспанда көптеген жұлдыздар бар, күн – солардың біреуі ғана» дегені үшін, инквизиция оны отқа жағып жіберген.

Коперниктің айтқандары дұрыс деген Галилей, ақырында “мен қателестім” деп инквизиция алдында мәлімдеме жасағандықтан аман қалған.

  1. Келесі ғылыми этиканың қағидасы ол ғылыми еңбектегі этикалық талаптар. Мысалы: ол авторлық мәселе және ғылыми зерттеулерді жариялау. Басқа еңбектерден алған цитаталарға дәл, нақты сілтеме (ссылка )жазу.

  • авторлық мәселесі;

  • пікір беру;

  • плагиат мәселелері – өзгенің еңбегін пайдаланғанда сілтеме жасамау.

Плагиатты алдын алу: Әдебиетке шолуды жазу барысында плагиат немесе шығармашылық ұрлық жасамауды, заңсыз пайдаланбауды естен шығармау керек және ғылыми зерттеу жұмысын жүргізу ережелерін сақтау қажет.

Плагиат екі ұшты түсінік болып табылады: Қысқаша оксфорд сөздігінде шығармашылық ұрлық жасауға

«басқа біреудікін (пікірлерін, жазбаларын, ойлап тапқандарын) өзінікі тәрізді алу және қолдану» деген анықтама берілген. Сонымен қатар, Ұлыбритания желідегі Encarta ағылшын сөздігінде «басқа біреулердің идеясын немесе жазба жұмысын көшіріп алу және оны түпнүсқа ретінде ұсыну» деген анықтама берілген. Шығармашылық ұрлық эссе немесе баяндама дайындау барысында оқыған әдебиеттерге ғана байланысты емес. Басқалары жазған эсседен немесе веб парақтардан ешкімге тиесілі емес ақпаратты ауқымды мөлшерде алу да шығармашылық ұрлыққа жатады. Және өзін-өзі шығармашылық ұрлыққа итермелеу де мүмкін, бұған адам өзі бұрын жазған және түпнұсқа ретінде өткізіп тастаған ақпаратын қайтадан қолдануы жатады. Сондықтан тіптен өзіңіз жазған ғылыми еңбектерге де дұрыс сілтеме жасай білу қажет.

Кез келген шығармашылық ұрлық ғылыми алдаудың түрі деп қарастырылады және егер шынында академиктердің саналарында жалған ғылыми нәтижелер жасау тәрізді теріс қылықтар орын алса да, немесе білместіктен жасалса да бұл әрекеттердің айырмашылықтары өте аз.

Ізденушілер арасында шығармашылық ұрлық деңгейі барған сайын көбейіп барады деген көп таралған пікірлер бар, алайда бұл пікірдің дұрыс немесе бұрыстығын анықтау қиынға соғатыны анық. Шынында, шығармашылық ұрлықтың өз алдына қаншалықты кең таралғанын айту қиын, себебі таралу деңгейі туралы берілген бағалар арасында елеулі айырмашылықтар бар. Осы плагиаттың орын алуына маңызды себеп - егер негізгі себеп деп айтпағанда - ғаламтор деген пікірді көбі қолдайды. Веб парақтарынан оңайлықпен көшіріп алуға болатын мән-мәтіндер, электрондық журналдар мақалалары, электрондық кітаптар, коммерциялық негізде сатылатын желідегі эсселер және басқа көптеген ақпарат көздерінен алып, өз эссесінде қолдану білім алушылар мен басқа жерлерде плагиат мәселелерінің кеңінен таралып кетуіне себепші негізгі факторлар деп қарастырылады.

Дегенімен, интернет ол деректер мен мәліметтер базасы, сол базаны дұрыс қолдану, яғни басқа бір ғалымның еңбегіне құрметпен қарау бұл әрбір ізденушінің ажырамас серігі болуы тиіс.

5.3 Соңғы жылдардағы ғылым жетістіктері мен зардаптары.

Қазіргі заманда экологиялық проблемаларының шиеленісу, адамзат пен табиғаттың өзара әрекеттесуінің құндылығы арта түсуде, қазіргі заманғы ғылым өзінің экологизациялық дәуіріне аяқ басып отыр. Ғылым алдында жаңа мақсат тұр ол мақсат табиғатпен соғыс емес, керісінше адам мен табиғат біріктіре отырып дамыту.


Мәдениет тарихында ғылым мен адамдардың тығыз өзара әсерлесуіне қарамастан ғылым міндетін орындауда ізгілікке жат, адамдық қасиетке жатпайтын әрекеттері кездеседі, сондықтан да ғалымның адамгершілік жауапкершілігі деген сұрақ тұрады. Зерттеуші қазіргі кезде өзінің зерттеу нәтижесінің сапасы алдында ғана жауап бермейді. Ол сол зерттеудің салдарын да ойлануы керек, оның зерттеуінің салдарынан қандай зардабы бар екенін де ойлануы қажет. Бұрыннан белгілі ғылыми жетістіктер тек қоғамның дамуына әсер етпеуі керек.

Дәл қазіргі жағдайда ғылым адамзатты бақытсыздыққа немесе жер бетіндегі өмірдің жоғалып кетуіне себепкер болуы мүмкін деген мәселе өткір қойылып отыр.

Мысалы: бірқатар ғылым саласында биологияда қатерлі зерттеулер жүргізілуде микро организмдерді ойлап табу, ауруды қоздыратын, бұрыннан бар имунитетті құртатын микроорганизмдерді ойлап табу, гендік инженериядағы жаңалықтар, антибиокке қарсы тұратын микробтарды тауып отыр. Бұл келтірілген мысалдардан ғылымның міндеті, әрқашан да адамгершілікке жатады деп айту қиын.

Дәл қазіргідей ғалым бұрын ешқашан өзінің жаңалығы үшін моральдық жауапкершілікті сезінбеген еді.

«Мақсат құралды ақтайды» деген қағида этикаға сай емес болуы мүмкін (цель оправдает средства) бұл ғылыми этикаға жат. Мысалы: Зигмунд Рашердің тәжирбиелерінен көргендей, өз мақсатына жету үшін қаншама адам шошырлық эксперименттерді қолданған. Мақсаты дұрыс болғанымен, сол мақсатқа жетудегі құралының дұрыс емес екенін көреміз.

Достоевскиий сөзі бар: «Бүкіл әлемнің бақыты бір күнәсіз баланың көз жасына тұрмайды» деген. Осылайша ғалым өзінің мақсаты мен құралына, сонымен бірге өзің әрекетіне, ар алдында, адамдар алдында үлкен жауапкершілікті сезінуі тиіс.

Қазіргі зерттеу жұмыстарының алдында ғылым адам танымын дамыту міндетін ғана койып отырған жоқ, сонымен бірге адам мен табиғат өмірін жақсарту ( табиғатқа да, адамға да зиян келтірмей) міндетін қойып отыр.

Ғылым-моральға қарсы деген көзқарас бар (аморальна) Неге? Жаратылыста мінез құлықты ғылыми салыстыру, өлшеуге құрылған өзіңіздің махаббат, ар-ұятыңызды, намысыңызды өлшеп көре аламыз ба? Бұлар адамның сезіміне негізделген. Кейбір биологтар өздеріне тәжірибе жасайды. Ғылымда да моральдық критерийлер (талаптау) азғындап кеткен, бұзылған.

Ертедегі грек құлды сөйлейтін құрал, ол адам емес деп санаған. Қазіргі биологтар жануарларға тәжірибе жасай отырып, адалдық пен парыз туралы ойланбайды. Мүмкін біздің ұрпағымыз Павловтың тәжірибесіне жиіркенішпен қарауы мүмкін (иттерге жасаған тәірибесі). Бірақ этикалық мәселелер бәрібір ғалымның жұмысының нәтижесінің алдында тұрады. Бұл жерде әркім өзі шешеді.


Ф.Габер адамзатты азоттың жетіспеушілігінен құтқарған ғалым (аммиак алу жолын ашқан) бір кездері уланғыш заттарды әскери соғыста пайдалануды ұсынған. Бірінші дүние жүзілік соғыс кезінде Германиядағы әскери-химиялық өнеркәсіпті құруды ұйымдастыру болды. Соғыстан кейін ғалым соғыс өнеркәсібін дамытуға қатысты. Бұны азаматтық. патриоттық борышым деп түсінген.

Р.Оппенгейлеер екінші дүние жүзілік соғыс кезінде атом бомбасын шығаруды басқарған. 1947-1953 жылдары АҚШ атом энергиясы жөнінде комиссияның төрағасы болады. 1954 жылы барлық постан алып тастайды. Оның кінәсі су астындағы бомбаларды шығару және атом қуатын тек бейбіт мақсатта қолдану қажет деп баяндағаны еді.

Академик П.Л.Капица кеңес үкіметі кезінде атом бомбасын шығаруға қатысты, 1945 жылы оны АНСССР физика проблемалармен айналысатын директорлықтан алып тастайды. Ол 8 жыл үйден шықпайтын тұтқынға алынады. Ол саяжайда өзінің баласы С.П.Капицамен бірге физикамен айналысады.

Академик А.Д.Сахаров- су астында бомбаның құрастырушы. СССРдегі 50 жылдан бастап ядролық қаруды қабылдау жөнінде баяндама жасайды.

Сахаров «Размышление о прогресс, мирном существовании и интеллекуальной свободе» деген еңбегінде адамзат алдындағы қауіпті көре білді, демографиялық ашарлық, экологиялық апат, ұлтшылдық, диктаторлық режим. Бұл еңбегінің жарық көруі Сахаровты құпия жұмыстан шығарып жіберуге сылтау болды.