Файл: Этнопедагогика жне этнопсихология пні бойынша syllabus 6В01301 Бастауышта оыту педагогикасы жне дістемесі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.05.2024
Просмотров: 159
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қасиетті ана қызының тәрбиелі жан болып өсуі үшін жасынан-ақ шашты қарияның алдынан аттатпай өсіреді. Халқымыз “келіннің – аяғынан, қойшының - таяғынан” дегенде, жаңа отаудың береке-құтын, ағайын-туыс, ауыл арасындағы беделін, болашақ ұрпағына дұрыс тәлім-тәрбие беруін келіннің жақсы-жаман қасиеттерімен өлшеген.
Қазақ халқы келіннің келген жерінде жақсы жар, абзал ана, ұқыпты әйел болуы, біріншіден, оның өскен ортасына байланысты десе, екіншіден, келген жеріне де байланысты деп қарайды. Жаңа түскен жас келінге енелері қонақ күту, ас ұстау, бала күту, т.б. мәселелерде үнемі ақыл-кеңес беріп үйретіп отырады. “Келіннің жақсы болмағы қайын ененің топырағынан” деп, ененің жас келінге қамқоршы болуын талап еткен. Сондықтан да “Жақсы ауылға келген келін – келін, жаман ауылға келген келін – келсап болады” деп текке айтпайды. Көп жағдайда отбасының беріктігі әйелге байланысты. Әйел сабырлылығы, кешірімділігі, сыпайылылығымен, т.с.с. жақсы қасиеттерімен үй-ішіне береке әкеп, шаңырақ бақытын орната алады.
Халықтың ауыз әдбиетінде жас әйелдің төзімділігін, шыдамдылығын суреттейтін мынадай бір аңыз бар.
Ертеде бір шаруа кісі жалғыз баласына өзі теңдес біреудің қызын алып береді.Той тарқаған соң екі үш күннен кейін жас келін отауында қыздармен сөйлесіп отырып қатты күледі. Сол кезде атасы сыртта дәрет алып отыр екен, келінінің қатты күлгенін ерсі көріп: “Осыншама саңқылдап күлген қандай көргенсіздің баласы екен” депті. Бұл сөз жас келінге өте ауыр тиеді де, сол сағаттан бастап мүлдем сөйлемей қояды. Кешке күйеуі келіп тіл қатса, келіншегі мылқау адам сияқтанып үндемейді. Арада төрт-бес күн өткеннен кейін күйеуі шешесіне келіп: “Келініңізге бір нәрсенің салқыны тиген бе қалай, тілі байланып қалыпты”, - дейді. Бұл сөзді естіген соң атасы өз еліндегі бақсы-балгерлерге келінін көрсетіп, емдетуге әрекет жасайды. Бірақ келінге ешқандай ем қонбайды, сол тілсіз қалпында жүре береді. Келін ата-енесін жақсы күтетін болса керек, сонымен оны тастауға қимай 6 жыл өтеді. Келінге мүлде ем қонбай , тілі шықпай қойған соң, 7-жылға қарағанда отағасы баласына тоқал алуға рұқсат береді. Баласы біреудің қызын айттырып, алып келеді. Жаңа келген келін арбадан түспей жатыпы:
-Келіншектің үйін ілгері тігіңдер, көкжименнің үйін кейін тігіңдер, - деп отауын тігіп жатқандарға бұйыра сөйлейді. Сонда жігіттің бірінші әйелі шығып:
- Келін, келін, келін-ай,
Келмей жатып сөзге бақ.
Мен келгелі жеті жыл,
Сөйлегенім бүгін-ақ, - депті.
Бұрынғы келіннің сөйлеп кеткенін естіген атасы ақсарбас айтып: “Ойбай, балам, ана сампылдаған тоқалыңды құрт, ақ келінімнен садаға кетсін”, - деп, жаңа келген келінді отауын да тіктірместен, төркініне апарғызып тастайды.
Кейіннен келіннің жеті жылдай сөйлемей қойған себебін естігенде: “Ақ сақалдыдан кеткен ағаттық, сайтанға болар тояттық”,- депті атасы.
Міне, бұл үлен кісінің аңдамай айтқан бір ауыз сөзі жас адамның жүрегіне қандай ауыр жара салғанын көрсетеді.
Әрине, үлкеннің үлкендігі, кішінің кішілігі болуға тиіс. Үлкен тек кейде оларға ақыл түрінде жұмсақ айтса, кейде ашуланып қатты айтуы мүмкін. Жастар кішілік жасап, үлкеннің ондай ашуын көтеруге тиіс. Үлкенді сыйлау – біздің халқымыздың ежелгі дәстүрі. Ол дәстүр бойынша жастар үлкеннің алдын кесіп өтпуге, сыпайы болуға, үлкенмен сөз жарыстырмауға, тіпті, үлкендердің алдында қатты күлмеуге тиіс. Осындай ата дәстүрімізді бүгінгі жастар жадында сақтап, жалғастыра білуі қажет.
3. Жастарды отбасылық өмірге дайындаудың маңызы. Ерлі-зайыпты болып өмір сүру табиғат заңы. Жастарды келешек жұбайылық өмірге тәрбиелеудің қоғамдық әлеуметтік маңызы зор. Бүгінде мектепте жастарды жұбайылық өмірге тәрбиелеудің жеткілікусіз жүргізілуі салдарынан қыз бен жігіттің 35-40-қа келгенге дейін үйленбеуге талпынбауы, оң жақта отырып қыздың некесіз бала табуы немесе бүгін қосылып, отбасы тауқыметіне шыдай алмай ертең айырылысуы етек алып, әдеттегі заңды құбылысқа айналып барады. Қыздар жігіттерге тұрмысқа шығарда «әке-шешең бар екен, бірге тұра алмаймыз» деп шарт қоятыныды жиі естейміз. Бұл олардың келешекте өздерінің ата-ене болатынын ойламағандық. Баланың әке-шешеге қатыгез болуы, тек өзі үшін ғана өмір сүруді мақсат етуі, әке-шешесін немесе ата-енесін қарттар үйіне апарып тастап тірі жетім етуі-осы тасбауырлық, суық тәрбиенің нәтежесі.
Бүгінгі статистика бойынша үйленуден айырылысу екі есе көбейді. 30-35 жасар келіншектер күйеуін қуып жіберіп, бір-екі баласымен салт тұрғанды ұнатады. Баланың әкесіз тірі жетім етіп өсіруге бірден бір себепкер болады. Нәтежесінде әкесіз өскен бала өзімшіл, бірбеткей, ата-ана қадірін білмейтін тасбауыр болып өседі. Қазақта «Үйлену оңай, үй болу қиын» деген мәтел бар. Ерлі-зайыпты өмір сүру үшін психологиялық дайындық, қиыншылыққа төзе білу, шыдамдылық, кешірімділік қасиеттер керек.
К. Маркс «Отбасы-кішігірім мемлекет. Оны басқару үшін де өзара келісім, саясат керек» деп текке айтпаған.
Негізгі әдебиеттер:[ 22,35,36,]
Қосымша әдебиеттер: [41,45,49]
Дәріс №11.
Тақырыбы: Әлем халықтарының ұлттық-психологиялық ерекшеліктері
Жоспар:
1. Славян және приболтика ұлты өкілдерінің ұлттық-психологиялық ерекшеліктері
2. Орта Азия мен Қазақстан халықтарының өкілдерінің ұлттық-психологиялық ерекшеліктері
3. Еділ маңы (Поволжья) ,Солтүстік, Сібір, Қиыр Шығыс халақтарының ұлттық-психологиялық ерекшеліктері
4. Кавказ, Молдова және Украинаның оңтүстік халықтарының ұлттық-психологиялық ерекшеліктері
Этнопсихологияны ғылыми пән ретінде абстрактілі түрде қарауға болмайды. Адамдардың нақты ұлттық психологиялық ерекшеліктеріне назар аудару керек. Осы себепті этнопсихология саласындағы зерттеулерге бұрынғы Ресей мемлекетінің ұлттарын алуға болады. Біздің мемлекетіміз әлемдегі көпұлтты полиэтникалық мемлекет болып табылады. Онда 70-тен астам ұлттар мен ұлыстар тұрады. Олардың көпшілігі сан жағынан ерекшеленеді: орыстар 125 млн, 5,5 млн. татар, 4,4 млн. украйндықтар, шуаштар 2 млн. шамасында. Дүние жүзі мемлекеттерінің ұлттары тарихы көп ғасырмен өлшенеді, кейбіреулері 1917 жылдан кейін қалыптаса бастады. Қазіргі кезде Кеңес одағының тарауын әр-түрлі бағалауға болады. Одан бөлініп шыққан тәуелсіз мемлекеттерге де, біріңғай көзқарас қалыптаса қойған жоқ. Дегенмен де, осы тәуелсіз мемлекеттердің халқы жаңа тәуелсіз мемлекеттер одағында өмір сүретін болады. Сол себепті біз өз көршілерімізді білуіміз керек. Олардың ұлттық психологиясын халықаралық қатынас саласында ескеріп отыруымыз керек.
Көп ұлттар мен халықтардың тарихи экономикалық және саяси дамуы діни, мәдени тілдік, миграциялық әсері этникалық және этнографиялық топтардың шаруашылық мәдени және ұлттық психологиялық ұқсастықтары болуы мүмкін. Сондықтан да әр аймақтың халықтарының ұлттық психологиялық ерекшеліктерін қарастыра отырып, бірнеше этноаймақтық (шартты түрде) топтарға біріктіруге болады:
-Славян ұлтының өкілдеріне- орыс, украйын, беларус, поляк, болгар және сонымен қатар закарпаттық чехтарды жатқызуға болады, олар ұлттық психологиясы жағынан украйын халқына жақын.
-Прибалтика мемлекетінің өкілдеріне – эстондықтарды, латыштар мен литвандарды жатқызуға болады.
-Кавказ ұлтының өкілдеріне – адыгейлер, черкестер, қарачайлар, абазиндер, ингуштар, балқарлар, кабардиндер, шешендер, осетиндер, аварлар, даргидер, құмықтар, лактар, табасарандар, ноғайлар, рутильдер, ағұлдар және т.б. дағыстандық халықтарды жатқызуға болады: азербайжандар, грузиндер, армяндар, абхаздар, аджарлар, айсорлар, күрдтер және парсылар ;
-Орта Азия мен Қазақстан халықтарының өкілдеріне – өзбектер, қазақтар, тәжіктер, қырғыздар, түркімендер, қарақалпақтар және т.б. жатады.
-
Еділ маңы (Поволжья) ұлттардың түбегейлі өкілдеріне – татарлар, башқұрттар, чуваштар, мордвалар, марийлер, қалмақтар және т.б. жатады. -
Солтүстік, Сібір, Қиыр Шығыс халақтарына – якуттер, буряттар, карелдер, финдер, комилер, саамдар, ненецтер, хантылар, мансилер, эвенкілер, үдегейлер, чукчалар, ителмендер, эскимостар, коряктар, нивхалар, нанайлар, тувиндер, хакастар және т.б. жатады. -
Молдова және Украинаның оңтүстік- батыс аймақтарының халықтарына- молдавандар, румындар, гагауздер, немістер, еврейлер, гректер және т.б. жатады. -
қытай, корей, дүнген, жапон және т.б. жат тілде сөйлейтін ұлттар.
Орыстар. Орыстардың басым көпшілігі өздерінің тарихи қалыптасқан этникалық территориясында өмір сүреді. Бұл территория Ресей территориясы болып табылады. Орыс жалқының түпкі тегі б.э. бірінші мыңжылдығында Днестр-Днепр өзендерінің аралығындағы кең алқапты жайланған, егіншілікпен айналысқан тайпалар болған.
Ф.Энгельс, орыстарды батыс европалық елдермен салыстыра отырып, былай дейді: «олар ешқашан да үрейге берілмейді, одан өзге, орыстардың дене бітімі жақсы қалыптасқан, денсаулықтары мықты, көп жүреді, талапшыл емес, тамақ талғамайды және дүниедегі ең «тілалғыш халық». Орыс адамы психологиясының Л.Толстой, К.Симонов, А.Толстой сияқты көрнекті білгірлері, басқа да ойшылдар мен әдебиетшілер орысқа тән мінез қырларының мынадай жақтарын баса көрсеттеді: жоғары азаматтық, ынтымақтастық, көмекке келуге даярлық, көпшілдік, қайырымдылық, батырлық, батылдық, талғампаздық пен ынтазарлық.
Украйындар. Ежелгі славян халықтарының бірі-бұл украйын халқы.
Украйындарға орындаған ісіне деген қызығушылық, табанды, еңбекқор, өзін және өз жұмысын көрсете білу, ұқыптылық, тиянақтылық, өмірге құштарлық, іскерлік және дербестік тән. Олар өздерінің ежелгі жаугершілік кезеңдердегі басқыншы жауларына қарсы көрсеткен ерліктерін, табандылықтарын, жауға төзбейтін мінездерін, жақсы ұйымшылдығын, жеңіл басқарғандықтарын, әскери салт-дәстүрлерін мақтан тұтады.
Белорустар - славян халқына жатады. (9,5 млн. Адам, оның 7,7 млн. Беларусь республикасында тұрады).
Халықтың аты ретінде де, сөз ретінде де «белорус» халқы ежелден келе жатыр, бірақ белорус ұлты XIX ғ. аяғында XX ғ. басында қалыптасты. Бірақ қалыптасу үрдісі өте күрделі әрі қиын өтті. Олардың басты ерекшеліктері: өздеріне деген сенімділік, еңбек сүйгіштік, қарапайымдылық, және өзінен үлкендер мен әріптесерге деген құрмет, қандай жағдай болмасын төзімділік, достыққа адалдық.