Файл: Этнопедагогика жне этнопсихология пні бойынша syllabus 6В01301 Бастауышта оыту педагогикасы жне дістемесі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.05.2024

Просмотров: 158

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Көпұлтты еңбек ұжымында жұмыс істегенде, бұл ұлттың өкілдері жерлестік және ұлттық кіші топтар құруға әуестігі жоқ, өйткені, олар адамда ең басты орынға жеке бастың қасиеттерін қояды, ал белгілі бір этникалық қауымға жату оларға маңызды емес.

Белорустардың қатысуымен болатын қақтығыс жағдайлар өте сирек, себебі олар жолдастарының әзілдерін кек тұтпайды, ызаландырған жағдайда да реакция көрсетпейді.

Олар әдетте өзара сөйлескенде де, басқа ұлт өкілдерімен сөйелескенде де орыс тілінде сөйлейді.

Басшылық орында болса, белорустер өз міндеттерін орындауда өте жауапты, бағынушыларға тең талаптар қояды, оларға қамқорлық көрсетеді. Олар басқа ұлт өкілдерінен бағынушылықтары бар болса, оларды оқыту мен тәрбиелеуде шыдамдылығымен ерекшеленеді. Белорустар тәкаппар келеді.

II. Қазіргі Балтық маңы елдері тарихи- мәдени жағынан алғанда ерекше аймақ. Оны ірі үш ұлт мекендейді, олар- литван, латыш және эстон ұлттары.

Балтық маңы елдерінің ортағасырлар кезеңіндегі және күрделі тарихи жағдайда дамуы олардың этникалық және мәдени қалыптасуына әсерін тигізбей қоймайды (XIII ғ. бастап, Балтық маңы елдерін неміс жауынгерлері, Дания, Швеция, Польша басқыншыларының жаулауы). Балтық маңы еледерің ішінде тек литвандар ғана XIII ғ. өз мемлекеттілігін құра алды.

Литва халқы әсіресе славян тілдес халықтармен, оны ішінде орыс, белорус халықтарымен тығыз байланыста болды.

Литвандар - Балтық маңы елдерінің ішіндегі халық саны жағынан бірінші орында. Литвадан тыс литвандар Европа, Солтүстік және Оңтүстік Америка елдерінде көптеп тұрады. Тек 1886- 1940 жылдардың ішінде ғана Литваның бүкіл халқының 25 % -і шетелдерге көшіп кеткен. Бұның себебі патшалық Ресей мен буржуазиялық Литвадағы ауыр экономикалық және саяси өмір жағдайлары болатын.

Ежелгі литвандардың негізгі кәсібі егіншілік пен мал шаруашылығы болған.

Литван жанұясында салт бойынша басты тұлға әке, яғни үйдің қожайыны және жанұя басшысы болумен бірге , ол жанұяның мүшелерінің тағдырын, жанұя қаражатын басқарып отырған. Соңғы кездерде литван жанұясында, оның тұрмыс салттарына терең өзгерістер пайда болды. Білім алуға байланысты жас ұрпақтың қазіргі заманғы жанұядағы беделі өсті. Үлкендер тек өмірлік тәжірибесі бойынша ақыл- кеңесші ретінде ғана саналды.

Литвандар - қанақжай халық. Қонақ күтуде оларға басты мәселе қонақтың көңілін табу. Орыс тілін еркін меңгерген, сондықтан да бұл тілде өтетін қарым-қатынастардан қиналмайды. Олар өте сезімтал, ұжымдағы жолдастарының жүріс-тұрыстарына өте терең әрі эмоционалды реакция көрсетеді. Литвандықтардың атадан келе жатқан қаситтері – еңбекқорлық пен байқағыштық.


Латыштар. Латыштар туралы ертегіде мынадай әңгіме бар – ыдыс толы алтын мен мыс тұрса, олар мысты таңдайды,- деген. Бұл сөз олардың бойындағы аса жоғары бағаланатын адалдықты білдірсе керек.

Латвия- ауыл шаруашылық өнеркәсібі аса дамыған республика. Латыш халқы көп ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мәдени дәстүрлерге өте ұқыптылықпен қарайды. Латыштар өте жақсы малшылар, бау- бақшашылар және кәсіпшілер. Жанұя басшысы және мал-мүліктің иесі ер адам. Бірақ та әйел де үлкен дербестікке ие. Маңызды мәселелерді ерлі-зайыптылар бірігіп шешеді. Күнделікті үй жұмыстарын әйел орындайды. Үй жұмысында, үй шаруашылығында балалар белгілі бір міндеттер атқарады.

Латыштарды Латвия территориясында тұрып жатқан басқа ұлт өкілдерінің латыш тілін, оның мәдениетін және салт-дәстүрлерін үйренгісі келмейтіндігі ренжітеді. Латыштар қиындықтардан қиналмай өтеді, аз уақыт ішінде көп жұмыстар атқарады. Олар бала кезден жеке дара, аз балалы отбасында өскендіктен, өз сезімдерін сараң көрсетеді. Кәмелетке толғаннан кейін ата- аналарынан бөлініп кетеді. Осы жерден олардың туысқандарға аз тартылатындығын, аз ғана жеке адамдық байланыстарды қанағат ететінін, басқа адамдарға қатысты аса көпшіл еместігін, олармен қарым-қатынаста күмәншіл екендігін байқауға болады.

Негізгі әдебиеттер:[ 22,34,39,]

Қосымша әдебиеттер: [44,45,52]
Дәріс №12.

Тақырыбы: Халық педагогикасындағы тәрбиенің түрлері

Жоспар:

1. Құрсақ және бесік тәрбиесі.

2. Халық педагогикасындағы дене тәрбиесі.

3. Халық педагогикасындағы еңбек тәрбиесі

4. Халық педагогикасындағы сұлулық-сымбат тәрбиесі

5. Халық педагогикасындағы ақыл-ой тәрбиесі

6. Халық педагогикасындағы адамгершілік-имандылық тәрбиесі

7. Халық педагогикасындағы ерлік тәрбиесі

8. Халық педагогикасындағы экологиялық тәрбие

9. Халықтық педагогикада ұрпақты тәрбиелеудегі отбасының алатын орны

10. Ұлттық салт-дәстүрлердің жаңарған түрлері, жаңа заман туғызатын салт-дәстүрлердің тәлімдік мәні.
1. Құрсақ және бесік тәрбиесі.

Әрбір ұлттың бала тәрбиелеу туралы ескіден келе жатқан жеке-жеке жолы бар. Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып көп буын қолданып келе жатқан тастақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші, сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиісті және әрбір ұлтың баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті.

Қазақ балалар әдебиетінің атасы болып саналатын Ы.Алтынсаринның 1879 жылы жарық көрген «Қазақ хрестоматиясы» алғашқы оқулық ретінде ғана емес, жалпы қазақ балаларының рухани дүниесіне назар аударудағы алғашқы бет бұрыс еңбек болғаны белгілі. Мәселен, бесік жыры, тұсау кесу жырлары, қуырмаш ойындарын балалардың рухани әлемінен қалай бөле –жара қарауға болады.



Атамыз қазақ «Бесіксіз үйде береке жоқ» деп түйді. Баланы өмірдің жалғасы, мәні мен сәні деп бағалайды. Ежелден от басында баланың көп болуын тіледі. Бір баласы бардың шығар-шықпас жаны бар, көп баласы бардың үйінде жанған шамы бар,- дейтін сөздер соны аңғартады.

Көшпелі халықта баланы жел-құздан, суықтан әр түрлі аурудан сақтайтын, тыныш ұйықтататын асыл мұраның бірі – бесік. Бесікте жатқан бөбек таза болады, ұзақ ұйықтайды, суық тимей денсаулығы мықты болып өседі .

Халық дүниеге келген жас нәрестенің болашағын ойлап, бар жақсылықты соның жолына бағыштап, көркем сөзге, өлеңге, әнге, күйге қосып, неше түрлі қызықты ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар айтып, әңгіме шығарып, оларды күнделікті тәрбие ықпалдарында пайдаланып отырған. Жас нәресте дүние есігін ашқан күннен бастап, бесікке бөленіп, айтылған «Бесік жыры» соның дәлелі, тәрбиелік ықпалдық бостауы болмақ. Бесікті кім тербетсе де жыр айтқан.

Бесік жыры. Әлемде бесік жырын айтпайтын халық жоқ. Сәби жүрегіне алғашқы рухани нәр ең алдымен осы әлди жыры арқылы сіңеді. Бесік жырларының бүкіл поэтикалық құрылымның бүлдіршіндер табиғатына лайықталғандықтан, алғашқы кезде, бөбек құлағына сөз бен саздың ырғағын сіңіріп, кейіннен таза тәрбиелік қызмет атқаратындығын назарда берік ұстаған жөн.

Баланы бесікке салу рәсімі ауылдастар арасына арнайы тойланып, түрлі әдет-ғұрып салттары, ырым жоралғылар жасалады. Бесік баланы тамақтандырып, бағып-қағуға ғана ыңғайлы емес, оны әнмен тербетіп ойнатып, көңілін алдап, аялап, ардақтауға да қолайлы. Бесік сөзінің көне қолданыстарын көне жазба ескерткіштерінен бастап жазба деректердің барлығын жолықтыруға болады. Бұдан қазіргі түркі тектес халықтар ішінде сәл ғана өзгешеліктермен қолданылатын «бесік» сөзі бұл халықтар ұғымында ертеден бар, бесікті күнделікті тұрмысында көне заманда-ақ пайдаланған деп түюге әбден болады. Қазақ бесігінің жетістігімен қоса, жетілдіретін тұсының бар екендігін кезінде Жұмабаев өзінің «Педагогика» кітабында жазған. Жалпы қазақ бесігін жетілдіріп, күнделікті өмірге ендіру мәселесі кешенді түрде күн тәртібіне қойылуы тиіс. Қазақта баланы бөлерде бесікті отпен аластап:

Алас, алас пәледен қалас.

Көзі жаманның көзінен алас,

Тілі жаманның тілінен алас,

Қырық қабырғасынан алас,

Отыз омыртқасынан алас!

дегендей ырым өлеңдер айтылады.

Дәстүрлі бесік жырына ұзақ жылдар бойы позициялық негізгі қаңқасы толық сақталып Қазақстанның барлық түкпірінде өзгеріссіз айтылатын жырлар жатады. Бұл жырлар негізінен, тікелей балаларға арналған. Бұл жырларды қазақ халқының дәстүрлі бала тәрбиелеу ісінің, халық тұрмысының, ұғым-түсінігінің, арман-мақсатының көріністері мол. Суырып салма бесік жырлары адамның жеке басындағы, тұрмыстағы тарих пен қоғамдағы түрлі оқиғалардың әсерінен тауып тарап отырған. Балаға деген махаббат еркелету, айналып-толғану бесік жырының негізгі өзегі.


Бесік жырының түрлі көріністерін, болашақ ұрпақ жөніндегі халық мұратын танимыз, ошақ басы, бесік қасында отырған қазақ әйелінің мұң шеріне ортақтасамыз. Бесік жырын тереңдей зерттеу ісі, тарихшы-этнографтарға, музыка танушыларға, педагогтарға, тілшілерге, де көп мағлұмат берері даусыз.

Сәбилік ғұрып жырлары. Нәрестенің дүниеге келуі қай халықтың салтында болмасын үлкен шаттық, зор қуаныш. Бұл күнді әр отбасы ұлан-асыр той жасап, атап өтеді, оны ән мен күйдің нәрестеге айтылатын ақ тілектің тиегі ағытылады

Шілдехана дастарханы жиылып, ауыл үлкендері қайта сәтте ақсақалдан бата тіленеді.

Шілдехана соңында берілетін бата-ақ сақалды қарияның сәбиге, оның ата-анасына арнап айтқан ақ тілегі. Бұл сәби атына үлкендер тарапынан білдірілетін алғашқы тілек.

Сәбилік ғұрып-жырларының басты мазмұны тілек тілеу болса, міндеті- халықтың дәстүрлі түсінігіне байланысты әдет-ғұрып, дәстүрлі салттарды өлең –жырлармен сүйемелдеу. Оның алғашқы негізінде баланы ауру-сырқаудан, сыртқы қауіп-қатерден сақтау жөніндегі сарын басым болса, кейін заман ағымына қарай өзгеріске ұшырап, баланың бағытты өмірі, жарқын болашағы жөнінде ата-анамен үлкендердің тілек тілеу мазмұнына басым бола бастайды.

Мәпелеу жырлары. Нәрестенің дені сау, ауру-сырқаудан аман, әбден шыныққан, ел армандаған мықты азамат болып өсуі үшін туған сағаттан бастап-ақ қам жейтін ата-ана. Халық тәжірибесінде әбден қалыптасқан дәстүрлі әрекеттерді бұлжытпай орындайды: суға шомылдырады, майлап, сылайды, денесін жазып, түрлі жаттығулар жасатады, кеудесіне отырғызып, мойнына, тізесіне мінгізіп, ойната жүріп буынын бекітеді. Бала тәрбиесіндегі осы әректтердің барлығының да әнмен, жырмен, сөзбен сүйемелдене отырып жасалатынын байқау қиын емес.

2. Халық педагогикасындағы дене тәрбиесі.

Халықтық педагогиканың түрлі қырларын сөз еткенімізде дене тәрбиесі туралы айрықша тоқталудың өзіндік себебі бар. Өйткені, адам баласын ең алғаш дүниеге келген күннен бастап алдымен дене тәрбиесі қолға алынады.

Сөз жоқ адамның жан-жақты жетілген, қоғам талабына сай жеке басының қалыптасып, саналы азамат болуы үшін жан тәрбиесі мен тән тәрбиесі қатар қажет. Ата-бабамыз «Тәні саудың – жаны сау» деп бекер айтпаған. Мұнаң біз жан тәрбиесінің өзі тән тәрбиесінен бастау алатын процесс екендігін көре аламыз. Қай кезде де ұрпағының аман-сау, дене күші мығым азамат болып өсуін армандаған халық нәресте жаңа дүние есігін ашқан сәттен алақанға салып, ең алдымен дене күтіміне көңіл бөлген. Сәби дүниеге келген күннен бастап халық өміріндегі атқарылатын дәстүрлер мен ырымдардан да аға ұрпақтың баланы қалай күтіп-баптағанын байқаймыз.


Мәселен, жаңа туған нәрестені қалай күту жөнінде аналардың келіндеріне ақыл-кеңестер беруі, нәрестені тұзды сумен шомылдыруы, денесін майлап, қол-аяғын созып, буындарын шынықтыруы, шала туған балаға айрықша қамқорлық жасауы, түлкі тымаққа салып асырауы, оған бие сүтін беруі т.т. көптеп айтуға болады.

Дене тәрбиесі туралы айтқанда қазақ халқының әсіресе қыз баланың дене сымбаттылығына, оның көрікті болуына айрықша көңіл бөлгендігін көреміз. «Аттың көркі – жал, қыздың көркі – шаш» деп ұққан аналар қыз баланың шашының күтіміне, оның әдемі де жақсы болып өсуі үшін айранмен, ірімшіктің сары суымен жудырған. «Қыпша бел, қиылған қас, қолаң шашты» екіншіден, халық ару-қыздарының киім-киісіне де бақылау жасап отырған, айрықша мән берген. «Қыз өссе – елдің көркі», «Адам көркі – шүберек, ағаш көркі - жапырақ» деп қыз балаға қынама қамзол, дүрия бешпет, кәмшәт бөрік, қос етекті көйлек, биік өкше етік тіктіріп кигізген. Сондай-ақ ең асыл заттары - әшекейлер де қыздарына тағылған, әсіресе күмістен, алтыннан жасалған сырға, шашбау, шолпы, жүзік, білезік сияқты бағалы бұйымдар қыздарға тағылған. «Қыздың көркі қызылда» деген халық мақалы қыздардың әшекей заттарға үйірлігін айтады.

Дене тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, материалдық игіліктерді өндіруде оның маңызын ерекше түсінген қазақ халқы «Денсаулық – зор байлық» деп ой топшылаған. Бірінші байлық денсаулық деп, денсаулықтың болуын баға жетпес байлыққа теңеп, ұрпағына ескерткен. Қазақ халқы өмір сүру тарихында ауру-сырқаумен халықтық ем-дом арқылы күрескен. Халықтық медицина тәжірибесіне сүйенген ата-ана бала ауырса халықтық емдерді қолданған. Тіс аурыса меңдуана басқан, іш ауырып, салқын тисе қойдың тұздалмаған құйрық майымен сылаған.

Оқушылар дене-бітімінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұруға ықпал етеді. Жақсы денсаулық – адамның еңбек және қоғамның іс-әрекетке жемісті қатысуының маңызды кепілі. Оқушылардың денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғамымыз мейлінше мүдделі. Сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, спорт секцияларында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып, қолайлы жағдайлар жасау қажет. Табиғи қозғалыстың түрлері жүгіру, қарғу, жүзу, лақтыру, шаңғы, коньки, велосипед тебу, акробатика өмірге қажетті дағды және іскерліктерді қалыптастырады. Жас адамдардың денесі түрлі жаттығулар көмегімен ширап, дамиды. Сондықтан күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік сияқты адам қабілетін дамыту оқушылардың қозғалтқыш тәжірибесін байытады, дене қозғалысын үйлестіреді. Дене тәрбиесі саласында ырғақ, жеке гигиена, дене шынықтыру мәдениеті, туризм, спорт ерекше орын алады.