Файл: Этнопедагогика жне этнопсихология пні бойынша syllabus 6В01301 Бастауышта оыту педагогикасы жне дістемесі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.05.2024

Просмотров: 156

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Негізгі әдебиеттер:[ 36,39,40,]

Қосымша әдебиеттер: [49,50,55]
Дәріс №8.

Тақырыбы: Қазақстан Республикасы халықтарының ұлттық салт және дәстүрлері – халықтық тәрбиенің негізі.

Жоспар:

1. Ән – халықтық педагогиканың құралы. Әннің жеке тұлғаға ықпалы

2.Бесік жыры
1. Ән – халықтық педагогиканың құралы. Әннің жеке тұлғаға ықпалы. Бұл күндері Қазақстанның саяси, экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени өміріндегі түбегейлі өзгерістер жас ұрпақтың тәлім-тәрбиесіне тікелей әсер етуде. Республикамыздың егемендік алып, ұлттық сана- сезіміміздің оянуы, тіліміз бен дініміздің, мәдениетіміздің қайта жаңаруы, өзінің жаңа даму дәурін басынан кешіп отырған орта мектеп оқушыларының адамгершілікті-эстетикалық тәрбиелілігіне деген обьективті қажеттілігін артырып отыр. Қазақ әндерінің халықтың өмірімен, тарихымен тығыз байланыстылығы, көркем образдылығы, философиялық ой тереңдігі, сан-алуан жанрлылығы мен варианттылығы оқушылардың түйсік-талғамын шарықтатып, көркемдік қажеттілігін, әсемдікті қабылдай білуін, адамгершілікті-эстетикалық идеалын қалыптастыруға ерекше қолайлы жағдай жасайды. Ән - яғни вокальдық шығарма- музыка өнерінің ең көне және кең тараған жанры. Қазақ халқының ән өнері ұлттық мәдениетіміздің ауқымды бөлігі. Ән мұраларының тәрбиелік мүмкіндіктері мен әдіс – амалы ұшан-теңіз, халықтың - болмыс тіршілігімен, өмір тынысымен сабақтас бағалы қазына. Атақты Ақан сері, Біржан сал, Жаяу Мұса, Естай ақын т.б. ән шығармаларын өздері шығарумен бірге, жоғары деңгейде орындай біліп, қазақи әншілік-кәсіпкерлік дәстүрді дамытушылар болды. Осы кезеңдерде қазақ халқының асқақ ойлы зиялы азаматтары Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарын рухани қазынамыздың қоғамдағы тәрбиелік роліне айрықша мән берді. Қазақтың халық әндерін жинастырып, зерттеуде аса көп еңбек сіңірген А.В.Затаевич болды. Ол жариялаған екі томдық «Қазақ халқының 1000 әні» және «500 қазақ әндері мен күйлері» қазақ фольклористикасына қосқан іргелі үлес болды.

Қазіргі музыкалық-эстетикалық тәрбиені халық творчествосы арқылы жүзеге асыру мәселесіне тікелей тоқталған зерттеушілер (Ұзақбаева С.А., Балтабаев М.Х., Өтемісов Ж.З., Қышқашбаев Т.А., Дүйсембинова Р.К. т.б.) республикадағы музыкалық-эстетикалық тәрбиенің құрылуы дәне даму жолдарын сабақтарда және сыныптан тыс уақытта берілетін музыкалық-эстетикалық тәрбиенің формаларын, әдістерін, амал-жолдарын саралап, тоқталып өтеді, сонымен бірге осы бағытта шешімін таппай отырған тәрбиелік мәселелерді қозғайды. Қазақ әндерінің поэтикалық құрылымының күрделілігі, жас буынның ой-сезімі мен танымдылығына әсер етуші күштерінің сан қилы болып келуі осы өнер түрінің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты. Халық әндері халықтың туындысы бола отырып елдің түпкір-түпкіріне хабардар жаршысы болды. Халық әнінің тағы бір ерекшелігі – оның өмірі мен жас буынның тәлім –тәрбиесімен тығыз байланыстылығы. Халық әнінің келесі ерекшелігі - оның тарихилық сипаты. Ән мазмұнынан елдің әдет-ғұрпын, салт-санасын, эстетикалық-адамгершілікті сезімдерін танумен бірге сол елдің басынан кешкен оқиғасын, тұрмыс-тіршілігін танып білуге болады.
Ән мұрасының әдебиет саласындағы жанрлық сипаты. Ә.Қоңыратбаев ән фольклорын тұрмыс – салт жырлары: а). бақташылық жырлары (төрт түлік мал туралы); ә) діни әдет-ғұрып тудырған жырлар (жарапазан, бәдік); б) үйлену жырлары (той бастар, жар-жар, сыңсу, жұбату, беташар); в) ұлыс жырлары; г) бөбек жырлары; д) жаназалау жырлары (естірту, қоштасу, жұбату), сондай-ақ аңыздар, ертегілер, қазақ эпосы, тарихи жырлар, айтыс поэзиясы деп топтастырған. Еңбек кәсіпкерлік әндері: түлік өлеңдері, егіншілік әндері, аңшылық-саяткерлік өлеңдері, жұмысшы жыры. Нақлият әндер: алғыс, бата, тілек өлеңдер, жарапазан, тақпақ, жұмбақ өлеңдер, мысал өлеңдер. Қиял әндер: аңыз өлеңдер, өтірік өлеңдер. Сатиралық-юморлық әндер.

2.Бесік жыры. Қазақ халқы «Балалы үй – базар, баласыз үй – мазар» деп перзентін ерекше қастерлеп, нәрестеге арналған көптеген ән-жырды өмірге әкелген. Нәресте өмірге келгенде шілдіхана жасалып үш күн бойы өлең айтылып, күй тартылып қызық-думан толастамаған. Қырқынан шыққан соң бесікке бөленген бала ана әлдиімен, бесік жырларын естіп ер жетеді. Бесік жырларының ерекше мәнерлілігі нәрестенің психикасына оңтайлы әсер етіп, көңіл-күйін орнықтырып, нерв жүйесін тыныштандырады. Бесіктегі баланы уату игі тілектермен, оның болашағына деген жарқын үмітпен айтылады. Музыкалық әуен құрылымы қарапайым, жан тербетер мамыражай болып келеді. Бөбек анасының сүйіспеншілікке толы, жанға жағымды нәзік әуеніне балқып күн санап өсе береді.

Негізгі әдебиеттер:[ 22,35,36,]

Қосымша әдебиеттер: [41,45,49]
Дәріс №9.

Тақырыбы: Жаңа этномәдени ортаға халықтардың бейімделуі

Жоспар:

1.Жаңа мәдени ортаға бейімделуге әсер ететін негізгі факторлар

2.Бончер бойынша топтың мәдениаралық қатынастың 4 – негізгі белгісі
Ежелгі уақыттан бастап соғыстармен стихиялардың әсерінен, ел, жер көру, білім алу мақсатымен адамдар бір елден екінші елге қоныс аударып отырған. Оларға қоныс аударушылар, визиттерлер, туристерді жатқызуға болады. Қоныс аударушылар өз елдерінен мәңгілікке басқа елге көшеді. Визитерлерге дипломаттарды, миссионерлерді, студенттерді, тыңшыларды және іскер адамдарды жатқызуға болады. Ал туристер деп бір елден басқа елге қысқа мерзімге келген адамдарды, яғни олардың ішінде ғылыми конференцияға қатысушыларды да айтуға болады. Зерттеушілер әр түрлі мәдениет пен этнос өкілдерінің бір – бірімен жағымды өзара қатынас жасаудың көптеген факторларын қарастырады:



Территория, яғни бір ғана топ үшін ортақ немесе өзіндікі болуы мүмкін;

Өзара әрекеттің ұзақтығы (күнделіті, ұзақ, қысқа уақыттағы);

Мақсаты (өзара іс – әрекет ету,оқу,бос уақытты өткізу);

Қоғам өміріне әсер ету типі (бақылаудан белсенді қатынасқа дейін);

Контактінің жиілігі мен тереңдігі;

Статусымен құндылықтарының теңдігі;

Сандық қатынасы (көпшілік және азшылық);

Ерекшелік белгілері (тіл, дін және т.б.).

Сонымен мәдениет аралық білімді меңгерудің маңызы зор, осы процестің қорытынды нәтижесі, адамдардың жаңа ортаға бейімделумен аяқталады.

Мәдениаралық бейімделу мәселесіне деген қызығушылық 20 - ғасырдың басында пайда болды. Р.Линтон және М.Херцковиц деген ғалымдар аккультурация мәселесін зерттей келе, «топтың бір немесе екі топ мәдениетінің өзгеруімен сипатталатын әр түрлі мәдениетпен тікелей және ұзақ қарым – қатынас түрі» деп тұжырым жасады. Психология ғылымында 50 – жылдары мигранттардың арасында потологиялық феномендерге (невротикалық, психосологиялық аутқулар мен қылмыстық жүріс – тұрысы т.с.с.) деген қызығушылық пайда болды.

Жаңа мәдени ортаға бейімделуге әсер ететін негізгі факторлар:

Даралық ерекшеліктері – демографиялық және жеке адамдық. Мысалы: балалар және жас адамдар тез бейімделеді, әйелдер және қарт адамдар тез бейімделе алмайды.

Өмірлік тәжірибе жағдайлары жиі іс – сапарлар, көшіп қону.

Бейімделудің топтық факторларына әсер ететін мәдениеттердің әсерін былайша көрсетуге болады:

Мәдениетаралық ұқсастықтар мен айырмашылықтар деңгейі.

Қоныс аударушылар мен визитерлердің мәдени ерекшеліктері.

Қоныстанған елдің ерекшелігі.

Бончер топтың мәдениаралық қатынастың 4 – негізгі категориясын ашып көрсетті.

Геноцид – қарсы топтың жойылуы.

Ассимиляция – басым топтың салт – дәстүрін, наным – сенімін, нормаларын өз еркімен немесе өз еркінсіз қабылдауы немесе сол басым топқа еніп кетуі.

Сегреация – топтардың ерекше дамуына бағытталуы.

Интеграция – өз мәдениетін сақтай отырып, бір уақытта өзге де мәдениеттермен байланыста болу.

Дж.Берии осыған ұқсас өз концепциясын ұсынды. Оның айтуынша, индивиттерде және топтарда аккультурацияның төрт стратегиясы бар екенін көрсетті:

Интеграция – өз мәдениетін сақтай отырып, бір уақытта өзге де мәдениеттермен байланыста болу

Ассимиляция – топтар өз мәдениетін жоғалтпаса да, өз мәдениетімен байланысын жоғалтпайды.

Сепаратизм – топтар өз мәдениетін сақтап қалады, яғни басқа топтармен байланысқа түспейді.


Маргинализация – топ және оның мүшелері өзінің мәдениетін жоғалтады, басқа мәдениетпен де байланыс құрмайды.

Нәтижелі бейімделу үшін мәдениаралық өзара қатынасқа дайындық қажет. Ол үшін индивитті дайындаудың бірнеше тәсілдері бар. Олар 3- аспектіден тұрады:

Оқыту тәсілі бойынша-дидактикалық немесе эмперикалық.

Оқыту мазмұны бойынша-жалпы мәдени немесе мәдени спецификалық.

Жалпы нәтижеге жетуге байланысты конгнитивтік, эмоцианалдық немесе жүріс-тұрыстық.

Индивитті мәдени аралық қатынасқа бейімдеуде ағартушылық, бағыт-бағдар, нұсқау беру және тренингтің маңызы зор.

Ағартушылық мақсаты-этникалық қауымдастық және мәдени білімдерді қалыптастыру.

Бағыт-бағдар мақсаты - тез арада сол елдің наным-сенімдерін, құндылықтарын, негізгі деп танылатын ережелерімен таныстыру.

Нұсқау беру мақсаты-жаңа мәдени ортаға бейімделуде кездесетін, мүмкін болатын проблемаларын шешуде өз көзқарасын қалыптастырып, көмек береді.

Тәжірибеде жаңа мәдени ортаға бейімделуде басқа топ мүшелерімен тікелей өзара қарым-қатынас жасауды оқыту тренингтің үлесіне тиеді.

Негізгі әдебиеттер:[ 32,34,35,36]

Қосымша әдебиеттер: [41,46]
Дәріс №10.

Тақырыбы: Халық педагогикасындағы отбасы тәрбиесі

Жоспар:

1. Отбасындағы ата-әке тәрбиесінің рөлі.

2. Отбасындағы қыз бала тәрбиесінің рөлі.

3. Жастарды отбасылық өмірге дайындаудың маңызы.
1. Отбасындағы ата-әке тәрбиесінің рөлі. Әрбір отбасының қалыптасқан әдет-ғұрпы, ата дәстүрі болады. Сонымен бірге жалпы қазақ отбасына ортақ дәстүрлеті де бар. Оларды атап өтсек мыналар: жасы кішілер үлкендердің атын атамай, ата, әже, әпке, аға, әке деп сыйлап қарым-қатынас жасауы, сондай-ақ жасы кішілер үлкендердің әсіресе қариялардың алдын кесіп өтпеуі, отбасы мүшелерінің бірін-бірі ренжітпеуі т.б.

«Ұлдың ұяты-әкеге, қыздың ұяты-шешеге», деп қараған халқымызда ұл баланы тәрбиелеуді аталар мен әкелер өз қолына алса, ал қыз баланы тәрбиелеу әжелер мен аналардың міндеті болып саналған.

Ата-бабамыз ұлды өздеріндей еңбек сүйгіштік, малсақ, жауынгер, әнші, күйші, аңшы, құсбегі бір сөзбен айтқанда «сегіз қырлы-бір сырлы» етіп тәрбиелеуді мақсат еткен. Ер баланы он жасынан бастап ат жалын тартып азамат болғанға дейін мал бағу мен аң аулауға, отын шабуға, қора салуға ағаштан, темірден, теріден түрлі тұрмысқа қажетті бұйымдар жасауға, яғни қолөнер шеберлігіне баулыған.

Мысалы, малды ерте өргізу, саулатып қоя бермей, алдын кес-кестеп қайырып, тоқтатып жаю, шаңқай түске дейін жусатпауды тапсырған.


Қонақ күту, үлкенге иіліп сәлем беру, ән айтқызу, домбыра тартып күй шерткізу, өлең-жыр жаттату, жаңылтпаш-жұмбақ үйрету немесе теңге алу, жамбы ату, аударыспақ, сайыс, көкпар, күрес сияқты ұлт ойындарын үйрету тәрбиенің басты шарты болып есептелген.

Аталары балалары мен немерелеріне ертегі, аңыз-әнгіме, мақал-мәтелдер айтып беріп, шешендікке, тапқырлыққа тәрбилеген. Мысалы, А.Құнанбаев, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, М.Әуезов сияқты ұлы ақын- жазушылардың немесе Төле би, қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке сияқты ел билеуші би-шешендердің жастайынан елдің салт-дәстүрлері мен заңдарын, аңыз-әңгіме мен өлең-жыр, мақал-мәтелдерін жаттап, жадында сақтап, көп білуі – әкелері мен аталарының әсері екені сөзсіз. Көпті көрген қариялар – отбасының, ауыл-аймақтың үлгі тұтар тұлғасы, тәлім-тәрбие мектебі сияқты.

Қауылында бала тәрбиесіне бүкіл ауылдың үлкендері, әсіресе қарттары араласқан. Үлкендер ауылдастарының балаларының өрескел мінез-құлқын көрсе, ұрысып, зекіп тыйым салуға, ақыл-айтуға, тіпті, ретті жерінде ұруға да құқылы болған. Ән айтуға, күй шертуге, зергерлік өнеріне бейімі бар балаларды әке-шешесі, атасы ел ішінде аты шыққын әнші, күйші, ұсталардың жанына қосып, шәкірттікке беруі ата дәстүрі болып саналған. Ал шәкірттің ұстазын ұлы әкесіндей сыйлауы, оның өнерін жалғастырып, көпке тарату немесе жақсының жанында жүріп, өнегелі шешен, ақын, билердің, көпті көрген қариялрдың батасын алу олар үшін парыз болып есептелген. Сол мектептен тәлім-тәрбие алған өнер адамдары ұстаздарының жолын қуып, өнерін жалғастырған. Мысалы, Біржанның өнер мектебінің түлектері: Үкілі Ыбырай, Иман Жүсіп, Балуан Шолақ, Ақан сері, Мәди т.б. Тәттімбеттің шәкірттері: Жақсымбет, Қыздарбек, Ж.Қаламбаев, Ә.Хасенов; Құрманғазының шәкірттері: Сейтек, Дина, Соқыр Есжан, т.б. – халық композиторларының өнер туындыларын жадында сақтап, бүгінгі күнге жеткізушілер.

Сондай-ақ, атақты күйші Сандыбай, зергер ұсталар: Әйтеке, Балтеке, Үйсінбай, Отамашы Шоқбатыр, Кәдірсіз, Смый, суретші Ә.Қастеевтер – өз өнер мектептері бар халық таланттары. Олардың өнер үлгілері ұрпақтан-ұрпаққа шәкірттері арқылы тарап, бірден-бірге жалғасып, бүгінгі дәуірге жеткен. Ежелгі ата-бабаларымыз «Жігітке жетпіс өнер аз», «Өнерді үйрен де, жирен», «Өнерлі өлмейді» деп насихаттай отырып, қол өнері мен шешендік, тапқырлық, ақындық өнерді тең санаған.

2. Отбасындағы қыз бала тәрбиесінің рөлі. Қай ата-ананы алсақ та, қызының ертең барған жерінде “балдай батып, судай сіңіп” кетуін, жақсы жар, әдепті келін, аяулы ана болуын армандайды.