Файл: Кне тркі ескерткіштеріні жанрлы жне кркемдік ерекшеліктерін, дамуын, зерттелу тарихына сараптама жасаыз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.05.2024

Просмотров: 54

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
 — Алтын Орда дәуірінің әдеби мұрасы. Авторы — Құтб қыпшақ тайпасынан шыққан. Ол бұл шығарманы Низами Гәнжауидің парсы тілінде жазылған “Хұсрау уа Шырын” поэмасынан аударған. Поэма Хұсрау деген жігіт пен Шырын есімді қыздың арасындағы шынайы махаббатты баяндауға арналған. Хұсрау мен Шырын махаббаты — Әзірбайжан ақыны Низами мен үнді ақыны Әмір Хұсрау Дехлевиден бастап қазіргі уақытқа дейін жырланып келе жатқан тақырыптардың бірі.Таяу Шығыс пен Орта Шығыс, Кавказ мен Орталық Азия, үнді халықтарының фольклорында “Хұсрау мен Шырын” аңызы негізінде жазылған барлығы 50-ден астам поэма бар. Ақын-жазушылардың талай ұрпағының назарын аударған бұл аңыз ғасырлар өткен сайын сан түрлі өзгерістерге ұшырап, өңделіп отырған. Оның әрбір нұсқасы қайталанбас халық даналығымен толығып, сюжеттері де көп өзгерген. А.Н. Самоилович"Хұсрау мен Шырынды" Алтын Орданың әдеби ескерткішіне жатқызады

Дастанның  оқиғасы  Шырын  мен  Хұсраудың  махаббаты  
туралы,  сүйіспеншілік,  ғашықтық,  жақсылықты,  ізгілік  пен  
адамгершілікті  үлгі  етеді.  Шығыс  халықтарына  кең  тараған  
əдеби сюжетке құрылған. 

39. Захириддин Мұхаммед Бабырдың  «Бабырнама» атты тарихи шығармасының танымдық мәні, тарихи маңызын анықтаңыз.

1. Тарихи шығарма, Орта Азия халықтарына ортақ құнды мұра. Авторы – Моғол империясының (1526–1258) негізін қалаған Захир әд-Дин Мұхаммед Бабыр. Түркі (шағатай) тілінде 1526–1930 жылы жазылған. Кітап – Темір әулеті құрған мемлекеттердің құрылымын, әдет-ғұрпын, салт-санасын және топонимикасынзерттейтін тарихшы, этнограф, географтар үшін және орта ғасырда түркі тіліндежазылған әдеби, ғылыми шығармаларды зерттеумен айналысатын әдебиетшілер мен тіл мамандарына қажетті құнды еңбек. «Бабаранамада» мәліметтердің молдығы, тілінің байлығы жағынан ерекше туынды. Шығарма Темір әулетінің билік құрған ұрпақтарына тарихи мінездеме бере отырып, 15–16 ғасырлардағы ФерғанаХиндустан аймағындағы (бүгінгі Орта Азиямемлекеттері, АуғанстанПәкстанҮндістан) елдерінің, халықтарынының тарихы, Темір әулеті мен Мұхаммед Шайбани арасындағы, 
Моғолстандағы тақ таласы, билік және жерүшін жүргізілген соғыстар жайлы егжей-тегжейлі сөз етеді. Үлкенді-кішілі қалалардың (АқсикентКабулШашБұхара, т.б.) салынуы, архитектурасы, қирауы, СырдарияЖетісу бойындағы елді мекендер туралы жазады. Орта ғасырлардағыАлмалық (Жаркент түбінде), Алмату(Алматы), Янги (Таразкент) қалаларына тоқталып, бұлардың моңғолдар мен Шайбани әулеті билеушілерінің кесірінен қирағаны айтылады. Бұл қалалар маңында бау-бақшалар, түрлі жабайы жемістер, Орта Азия мен Үндістан тауында жан-жануарлардың ондаған түрлері болғандығы баяндалады. Бабыр дүние салысымен шығарма парсы тіліне (ауданы Абдул-Рахым), одан ағылшын тіліне тәржімаланған. Шығарманың қолжазбасын Н.И.Ильминский орыс тіліне аударып, 1857 жылы Қазан қаласында, ал А.С.Беверидже 1905 жылы Лондонда бастырып шығарды. «Бабырнама» ағылшын (1826, 1921), француз (1871), орыс (1943, 1958), өзбек (1960), қазақ тілдерінде (1990, 1993) жарық көрді. 1980 жылы француз тіліндегі жаңа аудармасына және оның басылуына ынталы елдердің (КСРО, Ауғанстан, Үндістан) ғалымдарының қатысуымен ЮНЕСКОтарапынан арнаулы комиссия құрылды. «Бабырнаманың» осы аудармасы француз (1985, 2-рет), түрік (1987), жапон (1995, 1996) тілдерінде басылды.

«Бабырнаманың» 460 жылдығы халықаралық деңгейде тойланып, «Бабырнама және Шығыс Ренессансы» деген тақырыпта ғылыми-теориялық конференция өтті (1990, 22–26 қазан, Ташкент қаласы).[1]

 

40. Захириддин Мұхаммед Бабырдың  «Бабырнама» атты тарихи шығармасының «Ферғана» атты бірінші бөлімін талдаңыз, идеялық мазмұнын саралаңыз.

Бабырнама үш бөлімнен тұрады.Олар-Ферғана,Кабул,Үдістан.Алғашқы бөлімінде 15ғасырдың 2ші жартысында Ферғана жазығындағы Ахсикент,Намаған,Ош ,Самарқан сиякты елді мекендердің онда тұрған түрлі тайпалар мен жамағаттардың әдет-ғұрпын, тілдік ерекшеліктерін, мәдениітімен,жан жануарлар дүниесін баяндаумен бастайды.Әсіресе, ата-баба шежіресі,кәсібі тыныс тіршілігі,тіпті аталған өлкелердің бау бақшасы,жеміс жилегі, өзен суы,ұшқан құсына дейін сүйіспеншілікпен, туған жерге деген ыстық махаббатпен жазған.Соның ішінде Ферғана уалайатының  халқы тілі жайында халқы бәрі дерлік түркі тілінде сойлейтінін айтқан.Қалада да базарда да түрікше сөйлемейтін адам ұшыраспайды деген.


41. Захириддин Мұхаммед Бабырдың  «Бабырнама» атты тарихи шығармасының «Кабул» атты екінші бөлімін талдаңыз.

Кабул бөлімінде Ауғанстанның Герат аймағында билік құрған Сұлтан құсайын мен оның уәзірдері,бектері,ақындары мен ойшалдары жайында да қызықты деректер айтылған.Бабыр әрбір қаламгердің шығармашылығы ғана емес,мінез құлқына жақсы жаман жақтарына да назар аударған.Онда сөз зергерлерінен парсы әдебиеті жұлдыздарының бірі Жәмі,Әлішер,Науаи секілді суретшілер мен музыка өнері саңлақтарына да тоқталған.

42. Захириддин Мұхаммед Бабырдың  «Бабырнама» атты тарихи шығармасының «Үндістан» атты үшінші бөліміне талдау жасаңыз, саралаңыз.

 
Үндістан бөлімі де дерегі мен тарихи дәлдігімен ерекшеленеді.Алдыңғы 2бөлімдей мұндаба Үнді елін солтүстігін жаулап алу барысында өзі басынан өткізген жәйттерді ғана емес, осында өмір сүретін тайпалардың өткені мен бүгіні, елдігі мен ерлігі, тіпті рухани өміріне дейін зейін қойған.Захираддинннің Бабырнамесі сүйтіп Орта Азия мен Ауғанстан  һәм үндістаннның энциклопедиясы болып шыққан.Ол тарихшылар мен этнографтар,әдебиетшілер мен тілшілер үшінде баға жетпес құнды деректер бар ,орта ғасырлар тынысын жеткізе білген бағалы туынды.

43. Н.Келімбетовтің Ежелгі дәуір әдебиетіне қосқан үлесі, зерттеу еңбектеріне тоқталыңыз.

Немат Келімбетовтың көне әдебиеттегі зерттеуге қосқан үлесі аса қомақты. "Қызыл империя тұсында ол кісі түркі, ислам заманына барды, Орхон-Енисей жазбаларын да зерттеді. Ол біздің заманымызға дейінгі жыл санауымыздан мың ғасырға кетіп қалды, соңғы шыққан монографиясында біздің 3 мың жылдық тарихымызды баяндап берді. Сонау сақтар, ғұндар дәуірінен бастап кешегі Мұхамед Қайдар Дулатиға дейінгі, бүкіл қазақ әдебиетінің жүрген жолын зерттеді. Бұл Немат Келімбетовтың әдебиеттегі ерлігі. Немат аға ежелгі дәуір әдебиетінің бірден бір зерттеушісі, ол осы саланың ғылыми мектебінің негізін қалаушы және тұңғыш ежелгі дәуір әдебиеті оқулығының авторы", -деп атап өтті дөңгелек үстел барысында Қансейіт Әбдезұлы. Оның пайымдауынша, бүгін тұсауы кесілген, әр тілде жарық көрген кітаптар қазақ руханияты үшін үлкен оқиға. "Өйткені, бұл әдебиеттану ғылымы саласындағы аударылған алғашқы еңбектер. Енді әлем қазақ көне әдебиетін танитын болды", - деді ол.

Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Нұрлан Оразалиннің айтуынша, Н. Келімбетовтың еңбектері қазақ әдебиетінің абырой-беделіне қосылып отырған үлес. Төсекке байланып, тағдыр сынға алған кездері Н. Келімбетов рухыныңмықтылығының арқасында өзін сақтай білді, қаламын да қолынан түсірмеді. Қазақтың арғы-бергі ұлы тарихы мен әдебиетін түгендеп, жинаған қазынасынан бірізді ғылым жасады. Кеңес дәуірінде алдындп кездескен қиындықтарға қарамастан, ғылымды, әдебиетті тереңге алып кететін үлкен-үлкен монографияларды дүниеге әкелді. Әлемге қазақ жерінен қандай ұлылар өсіп шыққандығын, қазақтың бай әдебиеті, бай тарихы болғандығын жеткізе білді. 
Басқосуға еліміздің көрнекті жазушылары, ғалымдар мен ақындар, зиялы қауым өкілдері, жоғары оқу орындарының басшылары қатысты. Отырыста жазушының әдебиет, тарих саласына қосқан үлесі, сонымен қатар Немат Келімбетовтың неміс тіліне аударылған "Үміт үзгім келмейді" атты романы жақында Еуропаның Франц Кафка қоғамының марапатын алғандығы атап өтілді. Аталмыш роман қытай, түрік тілдеріне аударылып, тұсаукесер рәсімдері Ыстамбұл және Бейжің қалаларында өткізілген болатын. Еуропаның Франц Кафка қоғамының марапаты иегерлерінің қатарында бұған дейін әйгілі кинорежиссерлер Стивен Спилберг пен Милош Форман, жапонның атақты жазушысы Харуки Муроками болған.



"Үміт үзгім келмейді" деп аталатын хикаят -монологы мен "Ұлыма хат" деген эссесінде өмірге деген құштарлық, ұлттық рух, биік адамгершілік мұраттары сөз болады. "Қариялар" атты эссесінде қарттардың жас ұрпақ алдындағы парасатты парызы, қоғамдағы рөлі айтылады. Ал, "Күншілдік" атты хикаят-диалогында жамандық атаулының қайнар-бастауы күншілдік екендігі нақты деректер негізінде баяндалған.
Елімізде қаламгердің есімі көпшілік оқырман қауымға әлем классиктерінің үздік шығармаларын қазақ тіліне аударған аудармашы ретінде жақсы мәлім. Ғалымның "Ежелгі түркі поэзиясы және қазақ әдебиетіндегі дәстүр жалғастығы", "Қазақ әдебиеті бастаулары", "Көркемдік дәстүр жалғастығы", "Ежелгі дәуір әдебиеті", "Ежелгі әдеби жәдігерліктер" және тағы да басқа іргелі зерттеулері жарық көрген.


 

44. А.Қыраубаеваның Ежелгі дәуір әдебиетіне қосқанүлесі, зерттеу еңбектеріне шолу жасаңыз.

А. Қыраубаева қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі мен қазақ әдебиетіндегі шығыс поэзиясының ықпалы мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Ұстаз-ғалымның қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірін зерделеудегі еңбектері әдебиетті дәуірлеу кезеңдеріне қатысты тұжырымдарда үлкен маңызға ие болды. Әдеби жәдігерлерді зерделеудегі ғалымның көзқарастары көне дәуір мұраларын зерттеу бағытындағы ғылыми мектептің қалыптасуына негіз болды. Ғалымның табанды зерттеулерінің нәтижесінде оның қаламынан «Махаббатнама» (1985), «Түркі әдебиеті» (1988), «Ғасырлар мұрасы» (1988), «Жаным садаға» (1995), «Шығыстық қисса-дастандар» (1997) атты монографиялар мен оқу құралдары, жүзден астам ғылыми-әдістемелік, публицистикалық мақалалар жарыққа шықты.

 

Шәкірттерінің ыстық ықыласына бөленген ұстаз-ғалым қазақ мектептеріне арналған тұңғыш «Ежелгі әдебиет» оқулығының (1996), жоғары оқу орындарына арналған «Ежелгі дәуір әдебиеті» хрестоматиясының (1991) авторы.

https://stud.kz/referat/show/45126

45. Әбілғазы Баһадүр «Түрік шежіресі» атты тарихи шығармасының зерттелуі мен насихатталуын, философиялық, тәрбиелік мәнін түсіндіріңіз.

Шежіре-и Түрк”, “Түрік шежіресі”, “Шәджәрат ат-Түрік” — Хиуа ханы әрі тарихшы Әбілғазы баһадүр ханның шығармасы. Онда түркі-моңғол тайпалары және Шыңғыс хан мен оның әулеттерінің автордың өзіне дейінгі тарихы қамтылады. Шығарманы Әбілғазы бастап (1663), баласы Ануша аяқтаған (1665). 

Шежіре-и Түрктің” кіріспесінде автор өзінің 3 өнерді жете меңгергенін, соның бірі ретінде “бұрын