Файл: Долорес Кэннон. Мы лшемді алам. Том Мскеу. Стигмарион баспасы, 2014 352 бет.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 153

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Қуат жиналады да, он есеге дейін артады. Сосын жинайтын құрылғыға жұтылады. Сосын керек кезінде құрылғыдан алып қолданады. Ең қызығы, қуатты арттыру үдерісі. Соның әрекет ету принципін түсінсеңіз, бәрі тез жүзеге асады. Егер қуатты арттыру үдерісі дұрыс жүзеге асса ғана қуатты жинау мен жұмсау мүмкін болмақ. Көп адамның басты қателігі осы болған. Олар жасап көрген, бірақ негізгі қарапайым сәтті өткізіп ала берген.


Д.: Ол қандай сәт еді?

Л.: Мәселе қуатты арттырған кездегі материалдың өлшемінде емес, сапасында. Бұл материалды осы Ғаламның бірнеше жерінен ғана табуға болады. Жер сол материал бар ғаламшардың бірі. Сондықтан жерліктер тым қарабайыр нәсіл болса да, жерліктермен ғаламдық келісімге келу өзге нәсілдер үшін аса маңызды. Өзге нәсілдер жерліктерді дамытуға көп рет көмектесуге тырысты. Бірақ олар көп рет сәтсіздікке ұшырап отырды.


Д.: Л бұл не келісім болды екен?

Л.: Бірнеше рет жерліктермен келісім жасалып, ғаламаралық рейстер келіп, осы материалды сатып алып отырған. Кейде жерліктердің шабуылынан соң сауда тоқтап қалып отырды. Көп дүние жойылып кетті. Өзге нәсілдер Жерден кетуге мәжбүр болды. Жаңа келісімге қол қою керек болды. Көбінесе мұндай келісімге Жердің белгілі бір өңірлеріндегі көшбасшылар келісетін. Кейде белгілі бір аумақты иелігіне алған жеке адамдармен келісім болатын.


Д.: Мен үшін келісім деген — екі тарапқа да тиімді болатын құжат (Солай). Жерліктер есесіне не алып отырған?

Л.: Жерліктер өздері білмейтін технологияларды алып отырған, не тым қарабайыр технологияларын дамытатын көмекті алған. Сол келісімдер бойынша адамдар өзекті зерттеулерге қажетті ақпаратты алған, соның арқасында даму жедел жүрген. Содан адамдар тәжірибеде анағұрлым көп білімді қолданған.


Д.: Өзге нәсілдер қолға түсіргісі келген материал – ол не болды екен?

Л.: Бұл минерал, ол Жердің беткі қыртысында жатыр. Ұсақ түйіршікті ұнтақ. Оны қысыммен жұқа беттерге престеп, қуатты ұлғайту үдерісі кезінде қолданады. Осы беттер қуатты фильтрлеген соң үнемі жаңасына ауыстырып отыру керек. Жердің әр бұрышында осы минералдың өте үлкен кені бар. Арнайы құрылғылар арқылы оған қол жеткізу оңай.


Д.: Яғни, бұл зат Жерде кең таралған? Ол қандай түсті?

Л.: Сұр түсті, сұрдың көп реңктерінен тұрады. Кейде оны балшықпен шатастырып алуға болады. Бірақ бұл зат ұнтақ тәріздес боп келеді.

Д.: Әлгіндей беттерді жасау үшін осы затты үлкен қысыммен престеу керек. Бұл заттан бет жасау үшін оны қыздыру керек пе, әлде басқаша жасай ма?


Л.: Жоқ, тек үлкен қысымда престейді. Қысым камерасына қойып, өте жоғары қысыммен престесе, ол зат өздігінен ысиды әрі қосымша жылытудың қажеті болмай қалады.


Д.: Сосын одан беттер жасайды?

Л.: Иә. Өте жұқа әрі иілімді беттер.

Д.: Оларды ұлғайту үдерісінде қолданады (Иә). Сосын қуат жинақтау камерасына түсе ме? (Иә). Сен бұл қуатты жағармай ретінде қолдануға болады дедің. Сонда бұл қуат қолдануға тиісті көліктің ішінде тұруы тиіс пе?

Л.: Иә. Кемеде аккумулятор бөлмесі бар – кеменің төменгі қабатында. Ұзақ саяхат үшін онда өте көп қуат мөлшері сақталады. Бұл бөлме аса үлкен емес. Себебі, бұл қуат өте күшті болғандықтан, аз ғана мөлшері көп уақытқа жетеді.


Д.: Яғни, ол кеме қосымша жағармайсыз ұзақ уақыт ұша алады ғой?

Л.: Иә. Көп жыл бойы ұша алады.


Д.: Бірақ кеме бәрібір қосымша жағармай алу үшін қуат көзіне қайтады ғой?

Л.: Иә. Бірақ олар қазір түрлі Күн мен Айлардан қуат жинайтын портативті құрылғы жасаумен айналысып жатыр. Тек кемеде әлгі беттер болса болғаны. Әзірге дегендеріне қол жетпей жатыр. Себебі, әлгі беттер... (Ұзақ үзіліс)... Меніңше, ең дұрысы «нәзік». Олар белгілі бір температурада, қолайлы шарттары бар жерде сақталуы тиіс. Егер сақтау шарттарын орындамаса, онда беттер қуатты ұлғайту күшінен айырылады. Фильтрсіз оларды көп жасамайды. Себебі, қажетті қасиетінен айырылып қалады. Алайда беттерді жасайтын минералды ұзақ сақтауға болады. Беттің өзін жасай салып қолдану керек.


Д.: Л егер минералды өз табиғи ортасында сақтаса, мысалы Жерде сақтаса, ұзағырақ сақтауға бола ма?

Л.: Оның еш айырмашылығы жоқ. Бұл ұнтақты ұзақ сақтай беруге болады. Бірақ одан бет жасаған соң лезде қолдану керек.


Д.: Адамдарға әлде басқа жаратылыстарға ол ұнтақ қауіпті ме? (Жоқ). Мүлде зияны жоқ элемент пе?

Л.: Иә. Сіз оны «инертті» деп атар едіңіз. Оның ерекше қасиеті жоқ. Қасиет қысым жасаған соң пайда болады.


Д.: Яғни, адамдармен келісімге келіп, өзге нәсілдер осы ұнтақты алғысы келген?

Л.: Иә. Осы ұнтақ болмағанда Жерді тағдыр тәлкегіне тастар еді. Себебі, жерліктердің оқыс мінезі көп, содан көптеген нәсілдердің төзімі таусылған.


Д.: Л жаңағы элементтің қуат көзін сақтау қасиетін тек бір ғана нәсіл біле ме?

Л.: Жоқ. Ондай нәсілдер көп, олар Жерге анда-санда кеп тұрады. Бірақ оларды бүкіл нәсілдерден құралған Кеңес қадағалап отырады. Дәл осы Кеңес шешім шығарып отырады. Кім Жерге баратынын, жерліктерге не беретінін, Жерден не әкетуге болатынын да сол Кеңес шешеді. Мұның барлығын жерліктермен байланысқа түспес бұрын шешіп қояды. Ешкім жерге Кеңестің рұқсатынсыз келмейді.




Д.: Бұл Кеңес туралы бұрын естіген едім. Бірақ Кеңес қайда орналасқанын білу қызық. Сенде сондай ақпарат бар ма?

Л.: Кеңес тек кеңес мүшелері жете алатын жерде. Олардың әрбірі өз нәсілінің арасында зор абыройға кенелгендер. Кеңес қайда екенін ешкім білмейді.


Д.: Бірақ бұл материалды орын ғой?

Л.: Жоқ, ол материалды орын емес. Бұл орын басқа деңгейде. Онда тек белгілі бір жетілу дәрежесіне жеткендер бара алады.

Д.: Яғни, Жерге өзге нәсілдердің келуін Кеңес қадағалайды, солар қажетті материалды алып кетуге рұқсат береді. Жерліктермен білім алмасуға да солар рұқсат етеді.

Л.: Дәл солай.


Д.: Өзге нәсілдер Жерге тек сол материал үшін емес, басқа себептермен де кеп тұрады деген менің болжамым рас па?

Л.: Иә. Кейбіреулер келіп, біздер неге белгілі бір дүниені жасап жатқанымызды түсінгісі келеді. Біздің өмір сүру салтымызды бақылау үшін келеді. Кейбірі бізге бейбітсүйгіштікті үйреткісі келеді. Басқа нәсілдер Жерге түрлі себеппен келеді, тек саудаласу үшін емес. Кейбірі тек әуестіктен келеді, бірақ мұндай жайт өте сирек болып тұрады. Себебі, атмосфераға тек әуестіктен кіруге рұқсат алу мүмкін емес.


Д.: Яғни, келу үшін мақсат керек қой?

Л.: Дәл солай.


Д.: Жерге арам пиғылмен келетін нәсілдер бар ма?

Л.: Сирек, Кеңес өте парасатты, ондай жағдайды болдырмайды. Негатив онсыз да жерліктерді бірнеше буын бойы өкшелеп келеді. Кейде бөгде ғаламшарлықтар Жердегі сол негативтің әсеріне түсіп қалады. Адамдар содан оларды жаман деп ойлап қалады. Бірақ олар Жердің атмосферасын тастап шыққанда қайтадан өз қалпына келеді.


Д.: Яғни, бұл тәсіл қуат жинауға және кемелерге жағармай жинаудың бір амалы екен, басқа амалдары бар ма?

Л.: Кемелерге жағармай жинаудың амалы көп. Бұл тек біреуі ғана. Бұл тәсіл қарапайым болмаса да, көптеген ғаламшарлар үшін қоршаған ортаға зиянын тигізбейтін қауіпсіз амалдардың бірі. Өте тиімді әрі кең тараған амал. Қуатты сақтау үшін үлкен кеңістікті талап етпейтін амал.


Д.: Қоршаған ортаға зияны тиетін тәсілдер болып тұр ғой?

Л.: Әрине. Оны сен ғаламшарыңның тарихынан өзің де білесің. Жерде де қауіпсіз қуат көздерін жасау жұмыстары жүріп жатыр. Адамдар сондай қуат көздері барын білсе, Жер бетіндегі тұтынып отырған қуат көздерінің көбісі жойылып кетеді. Ол үшін адамзат ояну керек. Бірақ мұндай өзгерісті қаламайтындар көп.


Д.: Ал басқа нәсілдер қауіпті қуат көздерін қолданып көрді ме?

Л.: Жоқ, әйтеуір, сен айтып тұрғандарды қолданып көрмеді. Атом қуатын зерттеген, бірақ ешқашан қолданбаған. Одан бас тартты. Себебі, ол Галактиканы қатты ластайды. Ол жақсы қуат көзі емес, құбылмалы зат.


Д.: Яғни, олар қауіпсіз тәсілдерді тапқан ғой. Бұл материал өте сирек болса, басқа нәсілдер өздеріне ыңғайлы болатын қуат көздерін алатын басқа тәсілдерді іздеген болар?

Л.: Солай. Олар осы материал бар басқа ғаламшарларды тапты. Алайда осы материалды алатын өзге қуат көздерінен қарағанда Жер ең жақыны. Сол себепті Жерді тағдыр тәлкегіне тастамады. Бұл өте ыңғайлы.


Д.: Егер жерліктер кенді қазу жолын білсе, сол затты қолдануына болар ма еді?

Л.: Иә. Кейбір жерліктерге қалай қолданатынын айтқан. Бірақ экономикалық табысы көптеу басқа қуат көздер көп болғандықтан, адамдар бұл қуат көзіне мән бермеді. Жерліктер алдыңғы қуат көздері әлдеқайда артық деп есептеді. Шын мәнінде олай емес. Жаңа қуат көздері Жерде жиі қолданысқа түсіп тұрды, бірақ олар туралы білім тез жоғалып қала берген соң тоқтап қап отырды.


Д.: Бәлкім, бұл тәсіл тым қарапайым болғандықтан жерліктер оның жұмыс істейтініне сенбеген шығар?

Л.: Бұл да көп себептің бірі. Одан да маңызды себептері бар — билік пен сараңдық. Шәкірттерім сұрақ қойып жатыр. Олар бөгде ғаламшарлықтар Жерде кемелеріне жағармай болатын материалдың барын қалай білген деп сұрап жатыр. Олар кездейсоқ біліп қалған. Бұл олар үшін үлкен жаңалық болды. Себебі, сол метариал үшін басқа Галактикаларға ұшып баратын. Сол жолғы экспедиция мақсаты дәрігерлерге медициналық білім беру еді, ол кезде ежелгі емдеу тәсілдерін қолданатын, соның кесірінен мыңдаған адамдар өліп кететін. Содан бұл бөгде ғаламшарлықтар жерліктерге адам тәнінің дене тұрқы мен биологиялық ерекшеліктері туралы негізгі білімді бермекке келеді. Ғаламшарды ары қарай дамыту үшін осы біліммен бөлісу өте маңызды болды. Ол кезде ғаламшарда оба таралып жатқан. Жүздеген адамдар өліп кетті. Мәйіттерді не істейміз деп бас қатырады. Елге ортақ көр қазып жүріп әлгі қымбат метариалды тауып алады.


Д.: Бөгде ғаламшарлықтар ма, әлде жерліктер ме?

Л.: Жерліктер. Бөгде ғаламшарлықтар сырттай бақылап отырған. Олар адамдардың күйбең тірлігіне ешқашан араласпаған. Олар тек бақылап отырып адамдарға жаңа технологияны үйренетін құралдарын беріп отырған.



Д.: Араласпаған болса, дәрігерлерге қажетті ақпаратты қалай берген?

Л.: Телепатия арқылы. Дәрігерлер өздері ойлап тапқандай күй кешкен. Оларға дерт бір адамнан екінші адамға қалай жұғатынын, қанда қалай қап кететінін білдірткен. Адам тәні үшін қан өте маңызды.


Д.: Дәрігерлер дерт қалай жұғатынын білмеген бе?

Л.: Жоқ, олар адам тәнінде ағып жатқан қанның қандай маңызды екенін білмеді. Адамның өмірлік күші қанда екен. Ал адамдар тазалық ережелерін сақтамады.


Д.: Ол кезде адамдар микроб туралы ештеңе білмеді, солай ма?

Д.: Білмеді. Бөгде ғаламшарлықтар соны айтқысы келді — бактерия мен адам қаны денесінен ағып кетпеуі тиіс дегенді.


Д.: Ағып кетпеуі?

Л.: Олар қансыраған адамның қанын тоқтатпайтын. Қан адам үшін маңызды екенін білмеді. Егер біреу жарақаттанса, қан көп кетсе, ешкім қан тоқтатуды білмейтін. Адам тірі қалу үшін белгілі бір мөлшерде қан қажетін ешкім білмеді. Бұл үлкен қателіктің бірі еді. Тазалықтың болмауы бактериалды инфекцияларды тудырды. Бактериялар адам тәніне, сосын қанына түсіп жатты. Ол заманда ешкім дезинфекция туралы білмеді. Жуынып, денесін таза ұстау маңызды екенін білмеді. Ешкім химияның не екенін білмеді. Ең бірінші міндет адамдарға сумен жуынуды үйрету керек болды. Өздері тұратын мекенді таза ұстауды үйрету.


Д.: Бөгде ғаламшарлықтар бұл білімді бір дәрігерге үйретті ме, әлде?

Л.: Көп дәрігерге үйретті. Бұл білімнің дәнегін әр түрлі санаға егіп шықты. Көп дәрігер бұл өзінің ойы екен деп ойлады. Бұл ақпаратты оларға бөтен біреу беріп жатқандай емес, өзі ойлап тапқандай ғып жіберді. Жайдан жай санасына сарт ете қалатын.

Д.: Егер бір адамға ғана берсе, оны бір түрлі санап, одан елдің бәрі қорқатын еді деп ойлап тұрмын.

Л.: Жоқ. Бұл ақпаратты көп адамға таратты. Ақылдаса келе осы амал дұрыс деп танылды.


Д.: Бірақ бөгде ғаламшарлықтар мұны шектен шығу демеді ме?

Л.: Жоқ. Бұл олардың сыйы болды. Адамдар аларын, алмасын өздері шешті. Бұл шектен шығу емес, адамдарда бұл ақпараттан бас тарту мүмкіндігі болды. Бірдеңе істеу керек болды. Себебі, адамдар қырылып жатты.


Д.: Л олар бұл ақпаратты бергісі келгенде ғаламшарда оба қатты тарап кетіп пе еді?

Л.: Олар Жерге келгенде оба қатты асқынып, ушығып кеткен еді. Сондықтан олар келді. Адамдар жаппай қырылып жатқан. Өзге нәсілдер Жер бетіндегі өмір теңгерімі бүлініп, адамдар құрып бітеді деп қорықты. Ешкім оны қаламады. Жерге арнаулы топты тапсырмамен жұмсады. Олар тапсырманы мүлтіксіз орындап, соның марапатына өздері білген қуат көздерден де артық қуат көзін алды.