Файл: Долорес Кэннон. Мы лшемді алам. Том Мскеу. Стигмарион баспасы, 2014 352 бет.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 156

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Сондықтан кітаптан негізгі жұмысым – бөгде ғаламшарлықтардан басқа тақырыптарды алып тастайын дедім.

Жылдар бойы қарапайым регрессия сәтінде алынған паранормалды саланың маған беймәлім шегінен асып кеткен ақпараттар өте көп жиналды. Сол кезде жазып жүрген басты тақырыптан ауытқымау үшін мұндай ақпараттарды кітапқа енгізбедім. Бұл ақпараттарды түсінбеуім оларға еш зиянын тигізбейтінін білдім. Оларды шетке ысырып қойдым. Келешекте өзім түсіне бастаған уақта бұл ақпараттардың маған пайдасын тиерін түсіндім. Қарапайым адамдар бұл концепцияларды түсінер-түсінбесін білмедім, қашан түсінерін білмедім. Сондықтан түбі бір кітап жазып, тек осы ақпараттармен бөлісіп, өз таным-түсінігін тереңдеткісі келетіндер табылып қалар деп үміттендім.

Осы ақпарат жеке менің түсінігім мен ойлау жүйемді өзгертті. Ғалам қалай тіршілік ететіні туралы бүкіл ақпаратты білем деп шешкен сәтте «олар» менің түсінігімді кеңейтетін жаңа ақпарат беріп, менің санам жаңа бағытта зерттеу жұмысын бастап кететін. Олар мұны үнемі абайлап жасайтын. Ақпаратты аз-аздан ұсынатын. Мен шошып кетпесін дейтін. Ұсынған ақпаратты дұрыстап қорытып алуыма уақыт беретін. Өз сеніміме күмән келтіргім келмейді, өз теорияларыма ризамын, ойымды өзгерткім келмейді деп бәрінен бас тартсам да болар еді. Бірақ мен білуге ынталы едім. Қызықты саяхаттың келесі бұрылысында не күтіп тұрғанын білгім келеді. Бұл ақпаратты мен түсінбегенмен, түсінетін басқа біреу табылып қалар. Менің зерттеулерім өз таным-түсінігін өзгертуге қорықпайтындарға арналады. Менің кітаптарым адамзатты ойлантуы тиіс.

Джениспен сеанстарым 1980-жылдардың соңы мен 1990-жылдардың басында болған, ол кезде мен Нострадамус жайлы материалымды жазумен шұғылданып жүр едім. 1986 жылы мені Арканзастағы беймәлім ұшатын нысандар туралы зерттеуге қатысуға шақырды. Сол кезде бірінші рет осы қызықты тақырыпқа тап болған ем. Осының бәрін «Сақтаушылар» кітабында баяндадым. Арканзастың солтүстік-батысында орналасқан таудағы үйімнен Литл-Рокқа осы екі әйелмен жұмыс істеу үшін саяхаттайтынмын. Олар тамаша клиент еді әрі өте құнды ақпараттармен бөлісті. Литл-Рокқа жету үшін мен кемі көлікпен төрт сағат жол жүруім тиіс болатын. Қалаға келе сала неғұрлым көп сеанс өткізуге тырысатынмын. Құрбым Пэтсидің үйіне тоқтайтынмын. Мен сеанс өткізу үшін ол маған екінші қабаттағы бір бөлмесін босатып берген. Дженис сонда келетін, бір күнде бірнеше сеанс өткізуге тырысушы ем. Осындай кезекті саяхат кезінде бір күнде үш сеанс екеуміз үшін де тым көптік ететінін түсіндік, өйткені түн жарымында әрең аяқтадық. Содан кейін зорықпай қанша уақыт жұмыс істей алатынымызды екшедік. Сол жолы, 1990 жылы біз «жоғалған» уақыт туралы зерттемекші едік, Дженис бір ай бұрын осындай жайтты бастан кешірген. Оны достары Литл-Роктың сыртындағы үйде өтетін сенбілік кешке шақырады. Ол өз үйінен шығарда құрбысына қоңырау шалып хабарласып, не ала келейін деп сұрайды. Сөйтіп жолға шығады. Келсе, құрбысы оған қатты ашуланып жүр екен. Сауық кеш бітіп кеткен. Қонақтар тарап жатыр. Құрбысы оған: «Қоңырау шалып, кешігетініңді айтқаның жөн еді» депті. Дженис оның не айтқысы келгенін түсінбейді. Сөйтіп тұрғанда үйден шыққанына төрт сағат өтіп кеткенін байқайды. «Сақтаушыларда» кеңседе түстік ас ішіп отырып, бірнеше сағат жадысынан өшіп қалған жайтты еске түсіреді. Бұл шынымен бір қызық оқиға болды. Тағы да ыңғайсыз жағдайға тап болып, достарының алдында ақталмас үшін Дженис әлеуметтік жауапкершілігі бар міндеттерден басын алып қашатын болды.


Бәрінен қиыны неге бұлай болғанын өзі де түсіндіре алмады. Тек 1989 жылы екеуміз жұмысты бастағанда оны көлігімен бірге автострададан «ұрлап» кеткенін білдік. Оны қайтып орнына қайтарғанда, Дженис түсініксіз күй кешеді, бірақ оның өмірінен бірнеше сағат өшіп кеткенін сол күйі түсінбеген. Біздің жұмыс кезінде Дженис өмір-бақи бөгде ғаламшарлықтармен серіктес болғанын анықтадық. Бірақ өзі оны сезбеген. Бұл серіктестік көбеюдің бастапқы кезеңі туралы тәжірибелермен басталып, үлкен әрі көркем «аналық» кемедегі кез келген дүние бойынша білім алуға дейін жалғасқан. Әрине, бұл ақпараттың бәрі оның санасы үшін жұмбақ күйінде қалған. Бәрі оның бейсанасында сыртқа шығарар мезетін күтіп, сақтаулы тұрған. Дженистің бір түйсігі басқа деңгейде әлдене болып жатқанын сезген, бірақ жалпы өмірінде ол тек түсініксіз жайттарды байқаған.

Сеанстың басында Дженис үшін кодтау сөзді айттым. Ол терең трансқа түсті. Сосын мен оны «жоғалған» уақытты бастан кешкен күнге апардым. Ол үйден шығу үшін даярланды. Бірақ іштей қазір әлдене боп қалатындай сезіктенді. «Достарымның жақындағанын сезіп тұрмын. Олар мұнда келгелі біраз болды. Мен оны сезем. Мен бір жұмысты атқаруым керек болған. Сауық кешіне барғым келмеді. Себебі, онда басқа АДАМДАР болуы тиіс еді. Олар мені әшкерелеп қоюы мүмкін. Бұл жеке құпия. Адамдар оны түсінбейді. Сондықтан барғым келмейді. Мен біреумен кездесуім керек. Бірақ қашан екенін білмеймін. Неде болса, үйде қалып, жанымда ешкім жоқ жерде күткенім абзал деп түйдім».

Шамасы, бұл сезімдер Дженистің түйсігінде ғана болды-ау. Себебі, саналы өмірінде Дженис тек аздап әбіржитін. Бірақ неден әбіргіжегін өзі де түсінбейтін. Осы сезімдері және бола жаздап тұрған жайттар арасында байланысты ол түсінбеді. Себебі, бәрі адамның сергек санасынан тыс, басқа деңгейде өтіп жатқан.

Тек кейіннен ғана оны «жоғалған» уақыттың эпизодтарымен сәйкестендірді. Ол үйден шықты, бірақ сезігі қалды. «Бір түрлі сезім болды. Егер осы жайт кезінде көлікте отырсам, еш жамандық болмасын түсіндім. Апат болады деп алаңдамасам да болады. Бастапқыда көлікті жүргізе алмасам қайтем деп қобалжыдым. Дым білмеу үрейлендірді». Сәл жүрген соң ол сыбырлады: «Ох! Олар осында!» Оның түр-әлпеті әлдене болғанын білдіріп тұрды.

Дженис: (Шаттана). Үлкен! Үлкен кеме! Тура менің үстімде! «Бұл не» деп қарап тұрсам. Мен көлікті қозғалтқаныма небәрі бір, екі минут өтті-ау...





Долорес: Айналаңнан басқа көліктерді көріп тұрсың ба?

Дж.: Басқа көліктер барын білем, бірақ мен мұнда жалғыз сияқтымын. Мен құдды бір тоннельде, жеке кеңістікте секілдімін, басқа көліктердің кеңістігінен бөлініп қалғандаймын.

Мұндай оқиғалар кезінде сыртқы әлемнен бөлініп қалу феномені, ешкім ештеңе байқамауы «Сақтаушылар» кітабында зерттелген.

Мен мұның жеке-дара тәжірибе екенін түсіндім, сырттан ешкім ештеңе байқамады.

Дж.: Мен үлкен кемелерді көргенмін. Ал мынау тіптен үлкен. Мәссаған! (Ол қатты таңданып тұрды). Кеме сұр түсті, үлкен, құдды күнді бұлт жауып қалғандай. Бірнеше қабатты кеме, әрбірінде кішігірім терезелер самсап тұр. Кеме сондай үлкен!


Д.: Айналада не болып жатыр?

Дж.: Мен ауысып жатырмын (Мен түсінбедім). Уууух! Саусағыңды сырт еткізесің де, көше саласың. Біііір! Болды! Ойдың жылдамдығымен ауыса саласың. Жаңа ғана автострада да едім, әп-сәтте көктемін.


Д.: Көлігің де сонда ма?

Дж.: О, иә.


Д.: Не көріп тұрсың?

Дж.: Тұтас қала сияқты. Көлікті қалдырдық. Мен соларға ілесіп бара жатырмын. Олар мені күткен. Бұл шет-шегі жоқ жер, адасып кетуге болады. Жүрген жолымды есте сақтау қиын.

Әлгі тіршілік иелері оны оғаш бір құрылғыға отырғызды. «Бүгіліп отырмын. Бір жағынан жай көліктің орындығы секілді. Ешбір сымдары жоқ. Мен сымдар болады деп ойлағам».

Ол кенеттен терең дем алды, өзін ыңғайсыз сезінгендей. Тосын сезім бойын кернегенін байқадым. Ауа жетпей жатқандай. «Бұл зат мұны қалай істеді? Тым жылдам қозғалып барады».

Басым айналып барады деді. Денедегі өзгерістерді қалай жеңілдетуге болатынын айтып бердім. Бірнеше секунд ол жылдам қозғалысты айтты. Бар күшімен дем алмауға тырысқандай. Дауысы қаттырақ шықты. Ол кіріп отырған затты сипаттап бере алмады. Көз алдында барлық түстер араласып кеткендей. Алдыңғы қатарға не сезінгені шықты.

Дж.: О, Құдай! Ох! Бұл шынында да тым жылдам болды. Зу ете қалдым. Денем тітіркеніп тұр. (Шошына күлді). Денемнің бәрі дірілдеп кетті.

Мен оған көңіл күйді қалай жақсартуға болатыны туралы ақыл-кеңес айттым.

Ол терең тыныстап тұрды. Мен оны тезірек келешектегі уақытқа өткізіп жібергім келді. Сонда оның денесі бір қалыпқа түсер дедім. Бірнеше секундтан соң терең тыныстауы басылды. Оның келесі ескертпесі мені таң қалдырды.

Дж.: (Сыбырлап). Сіз айғайлап сөйлеп тұрсыз.

Мен сасып қалдым. Мен дауысымды қатты шығармаған едім. Мен ешқашан олай істемейтінмін, ол транстың қалыбын бұзуы мүмкін.


Дж.: Сіз құдды дауыс зорайтқышпен сөйлеп тұрғандайсыз.

Ол күрсініп, ыңырсыды. Әлі де өзіне өзі келе алмай жатқандай. Мен оған дауысымды қалыпты қабылдауын бұйырдым.

Дж.: Рақмет. Сіздің дауысыңыз зорайтқышпен сөйлегендей болды.


Д.: Қозғалыс іркілгенде не көрдің?

Дж.: Менің санамда ол әлі іркілмеді. Денем қозғалмағанмен, мен әлі де жылдамдықты сезіп тұрмын.

Д.: Сен қалыпты жағдайға оралып жатсың. Сенің ыңғайсыздықты сезінгеніңді қаламаймыз.

Дж.: Бұл ыңғайсыздық емес. Мені теріс түсініп қалмаңыз. Осылай болуы тиіс-ау. Мен осы оқиғаға қатысқым келген соң қатысып жатырмын. Ыңғайсыздық емес. Бұл тәжірибе. Бұл жерде ол мүмкін емес. О, Құдай, не деген жылдамдық! Түсінесіз бе, жарықтың жылдамдығынан асу үшін тез қозғалу керек.

Д.: Бірақ сенің тәніңе оның әсері болмайды.

Дж.: Менің тәнімді соған бейімдеді. Оның төзім деңгейі... Мұны басқаша айтуға болады, бірақ қалай екенін білмей тұрмын.

Ол тағы да терең тыныстады. Содан ол қатты ыстықтады. Сосын жамылған көрпенің астына шығуға тырысты. Мен оған көмектестім. Кейде сондай жағдай болып қалады. Бұл қуаттың флуктуациясына (ауытқу) ұқсайды.

Кейде клиент ыстықтайды, сосын жаурайды, артынша қайтадан ыстықтайды. Дженис бірнеше секунд жағымсыз сезімді бастан кешті. Жылдам қозғалыстан құтылмағандай. Мен оған тезірек саяхатының жетер жеріне жетіп, өзінің әңгімесін жалғайтын тұсқа ауысуын пәрмен еттім. Әрең дегенде ол терең бір тыныстап алып, қалыпты дем алуға көшті. Есін жиып, қолымен қызық қимылдар жасады.


Д.: Бұл қимылды не үшін істеп жатсың?

Дж.: (Нәзік дауыспен). Бұл амандасу.


Д.: Кіммен амандасып жатсың?

Дж.: Тіршілік иесі.

Ол қолымен түрлі қимылдар жасап жатты. Ризалық қалыппен. Оның қасындағы тіршілік иесі де солай жасап жатқанын аңғартты. Мені ұмытып, тек өзінің қимылдарын ғана бағып отырғандай. Мен оны қайтадан сөйлеттім. Бұл қандай тіршілік иесі деп сұрадым.

Дж.: Тіршілік иесі жарықтан тұрады. Оның денесі жоқ. Түссіз, өте қатты жарқырайтын жарық. Өмірімде мұндай жарықты бірінші рет көріп тұрмын десем де болады.


Д.: Бұл тіршілік иесі сенімен сөйлесіп тұр ма?

Дж.: Иә. Оның қимылы түсіндірме мен нұсқауға ұқсас.


Д.: Сен оның сөздерін қайталай аласың ба?

Дж.: Мен оларды естіп тұрғам жоқ (Қинала күрсінді). Бұл сөздер емес. Менің бойыма еніп жатқан тозаң сияқты. Айтпағым, бұл ақылдан да артық дүние. Анағұрлым үлкен.

Көптеген оқырманнан ақпарат алу жөнінде оғаш тәсіл болғанын оқығанмын. Мәселен, ақпаратты түрлі символмен беріп, ол бірден санаға көше салатыны туралы. Мұндай жайт беймәлім ұшатын нысандарды бақылаған кезде, не содан кейін боп тұрады.