Файл: Долорес Кэннон. Мы лшемді алам. Том Мскеу. Стигмарион баспасы, 2014 352 бет.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 150

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Кодтау сөзді айтып Линданы Бартоломью жарық адамдарына сабақ беріп жатқан мезетке оралттым.

Линда: Мен платформада тұрып, жарықтан жаралған тіршілік иелеріне лекция оқып жатырмын. Олар мені келіп, білімімен бөліседі деп көп күткен екен. Ол өзінің монологын құдды екеуміз бір секунд бұрын сөйлескендей жалғады. Біздің оралуымызды күткен уақыт тоқтап қалғандай.

Л.: Мен оларға Жердің тарихын айтып беріп жатырмын. Ол ғасырлар бойы қалай дамыды, кімдер Жерге бөгде ғаламшардан келіп, дамытуға үлес қосқанын айттым.


Д.: Сен оларға Жердің даму тарихының белгілі бір мезетін айтып беріп жатсың ба?

Л.: Мен қазір ғана оларға Жерге көп ұстаздың келіп, өз білімімен бөліскенін айтып бердім. Олар аз ғана уақыт болса да, жерліктерге ауылшаруашылықты үйреткенін, құрылыс технологияларды көрсеткенін айттым.


Д.: Жерліктерге бар үйреткені сол ғана ма?

Л.: Иә. Олар дән егуді, жер жыртуды, егін жинауды үйретті. Қай кезде егу қажетін, қай кезде егін жинау, тамақты ұзақ сақтаудың құпиясын айтып берді. Бұған дейін жерліктерге беймәлім болған құрылыс салудың технологиясын көрсетті. Олар енді үй сала алады.


Д.: Л оларға дейін адамдар қандай құрылысты мекендеген?

Л.: Адамдар ағаш пен теріден тұрғызған үйлерде тұрған. Оларға жердің қазба байлығын қолдануды үйретті. Кірпіш жасауды, тастан үй қалауды. Анағұрлым ұзаққа шыдайтын, жауын-шашынға төзімді, сапалы үй салуды үйретті.


Д.: Л тағы не үйретті?

Л.: Кейбір жерліктерге стихиялардың күшін қолдануды үйретті. Күн мен Айдың, жұлдыздың қуатын Жерде тұратындар үшін қалай дұрыс қолдану қажетін үйретті. Күннің қуатын қалай қолдану қажетін көрсетіп берді.


Д.: Л Күн қуатын қалай қолдануды үйретті?

Л.: Арнаулы құрылғылар арқылы. Сол құрылғылар күн ұзаққа күннің қуатын сіңіреді. Бұл қуат көп нәрсе береді. Заттарды қозғай алады, жарық береді, тамақты ұзақ сақтай алады. Оны әр түрлі қолдануға болады. Жерліктер мұны бұрын білмеген еді. Олардың күн қуатын жинайтын және дұрыс қолданатын арнаулы құрылғысы болмады. Бұл білімді тек кейбір жерліктерге ғана үйретті. Оларға ешкімге айтпайсың, білімді таратпайсың деп уәде бергізді. Мұндай адамдарды абыз не құдай санады. Күн қуатын қолдануды тек солар білді. Оларға шәкірт таңдауға рұсқат етілді. Білімін соларға беріп отырды.


Д.: Соншама таңғажайыпты жасай алатын құрылғыны сипаттап бере аласың ба?

Л.: Ол Жерден алынған заттан жасалмады, басқа жақтан алып келген заттан жасалған. Қолаға ұқсайды, бірақ қола емес. Жердің заты емес. Құрылғы өте ұзын, үшбұрыш пішіндес болды. Жердің бетінде жататын, оны Күн қажет нүктеге жеткенде тәулігіне бір рет қана қолдануға болатын. Бұл зат Күн мен Жердің көкжиегі тоқайласатын нақты бір бұрышта орнатылуы маңызды еді.



Д.: Яғни, ол бір жапырақ металл болды ғой?

Л.: Материал металға ұқсас еді. Заттың өзі үшбұрышты болды. Ұзындығы 1,5 метр, биіктігі бір метр болды.


Д.: Сен бөгде ғаламшарлықтар адамдарға Ай мен жұлдыздың күшін қолдануды үйретті дедің. Бұл шын ба?

Л.: Айдың да өз қуаты бар. Адамдар мұндайды ешқашан түсінбеген. Күннің аса қуатты, белсенді күшіне қарағанда Айдың қуаты өте пассив. Алайда, Айдың пассив қуаты Күннің қуатындай күшті.

Д.: Біздер Айды суық деп білеміз.

Л.: Иә. Бұл мүлде басқа күштің түрі. Содан ғой адамдар Ай суық деп ойлайды. Бірақ олай емес.


Д.: Айдың қуатын жинау үшін қандай құрылғы қолданды?

Л.: Ол әйнек сияқты жарқырап тұратын, жылтырақ болды.


Д.: Әйнек сияқты мөлдір болды ма?

Л.: Жоқ. Ол күмістей жарық әрі жылтырауық болды. Доғал боп жасалған қақпа сияқты заттың ең биігіне, дәл маңдайшасына иіліп қадалған, жан-жаққа айналып тұрады. Ол Күн қуатын жинайтын құрылғыдан ірірек болды. Шамамен диаметрі 15 метр. Биіктігі 6 метр болды. Өте, өте үлкен болды.


Д.: Сондықтан айналу үшін ол биікте тұруы керек болды ма?

Л.: Иә. Оны айналдыру үшін көп адамның күші керек болды.


Д.: Айдың қуатын не үшін қолданушы еді?

Л.: Уақыттың адам пошымына тигізер әсерін өзгерту үшін, адам тәнін емдеу үшін керек еді. Оны қолданудың түрлі тәсілі көп.


Д.: Ол уақыттың адам тәніне әсерін қалай өзгертеді?

Л.: Жасы ұлғайған сайын адам тәнінде жасушаралық байланыс бүліне береді. Сондықтан іш құрылыс қартая бастайды. Өзінің қызметін дұрыс атқара алмай қалады. Ақырында организм ажал құшады. Бұл құрылғы жасуша құрылымын жасартады. Сонда адам жастық шағын ұзартады. Бірақ бұл білім тек санаулыларға берілген. Солар Жер бетінде ұзақ жасап, адамдарға көмектесу үшін өмір сүрген.



Д.: Ол қуатты сақтап тұру керек қой?

Л.: Әрине. Құпия жерлерде сақталған. Адамдарға оларды құдайлардың ғибадатханасы деп, кіруге тыйым салған.


Д.: Сондай жерлерде Күн мен Айдың қуаты сақталған ба?

Л.: Иә. Бірақ екеуін екі бөлек сақтаған. Себебі, Күннің қуаты Айдың қуатын бүлдіреді екен.


Д.: Жұлдыздардың да қуатын қолданды дедің ғой? Оны қалай қолданды?

Л.: Белгілі бір жұлдыз конфигурациясынан шығатын жарықтың бөлшектерін жұтып қойып отырған.


Д.: Бірақ жұлдыздар тым алыс қой. Қалай жұтып қойып отырған? Жұлдыздан көп қуат алу мүмкін емес шығар?

Л.: Жұздыздан қуат жинамады. Жұлдыздың аспандағы орыны маңызды еді. Соларға қарап болжам жасайтын, заттардың рухани табиғаты туралы білім жинайтын.


Д.: Яғни, жұлдыздан қуат алмады. Тек зерттеді ме?

Л.: Жұлдызды зерттеу... (сөз таба алмай қиналды)... Басқа уақыттағы... Мен түсіне алар емеспін. Жорамал... жоспарлау... болжам айту. Сәуегейлік. Мен шатастым.


Д.: Саған бұл таныс емес пе? Соны айтқың келіп тұр ма? Түсінбей жатсың ба?

Л.: Түсінбей жатырмын. Жұлдыздардың аспандағы орналасуы оларға ертең не болатыны туралы сәуегейлік ақпаратты беретін.

Линда астрологияның негізін айтып түсіндіруге тырысып жатқаны анық еді. Бірақ Бартоломью бұл сөзді білмеді немесе не туралы айтылып жатқанын мүлде түсінбеді. Бұл тағы да Линданың емес, Бартоломьюдің санасына жүгініп жатқанымыздың бір дәлелі болды.


Д.: Шамасы бұл өте жақсы уақыт болғаны-ау, адамдарға өз өмірін жеңілдетуге көп игілік беріліпті. Содан соң не болды?

Л.: Біраз уақыт бәрі жақсы болды. Абыздар білімін парасат жолымен жұмсады. Олар адамдарға дамуға көмектесті. Мейірімді болды. Өздерінің науқас тәндерін емдеді. Сосын негатив пайда болды. Ол да ашық аспан астындағы арамшөп сияқты аяқ астынан қаптап кетеді. Ол дәнді де, масақты да жойды. Білім жоғалып қалды.


Д.: Бұл біртіндеп жасалды ма, әлде негативтің пайда болуына бір оқыс жағдай себепші болды ма?

Л.: Жоқ, бұл жайт біртіндеп асқынды. Жерліктерге сыйланған таңғажайып дүниелерді адамдар көтеріліс жасап, жойып жіберген. Олар Күннің қуатын өздеріне пайдаланғысы келген. Бұл қуат құдайдың үйі саналатын ғибадатханада сақталатынын біліп қойған. Бұл қуат адамдарға берілсін, ол адамдарды мықты етеді деді. Әскер жинап, ғибадатханаға шабуыл жасап, абыздарды өлтіріп, қуатты дұрыс қолдана алмады, себебі білімдері болмады. Содан қуат жойылады. Үлкен аумақ бос қалды. Жарылыс болып, өрт шығып, бұқара қырылады. Білімді таппай қалады.



Д.: Айдың қуатын да жойып жіберді ме?

Л.: Иә. Айдың қуаты жарылмайды. Бірақ ол Күннің қуатының жанында сақталатындықтан, ол да жойылып кеткен.


Д.: Сол білімді бергендер қайтадан білімді бере алмады ма?

Л.: Жоқ, олар Жерді баяғыда тастап кеткен ғой. Олар кеткелі бірнеше ғасыр өтіп кеткен. Олар өз мекендеріне қайтып, Жерде не болып жатқанынан бейхабар еді.


Д.: Адамдарға білім бергеніне қарағанда олар жақсы тіршілік иелері болғаны-ау?

Л.: Иә. Жерде болған жағдайды білгенде, олар қатты қайғырды. Бірақ олар өте кеш білді. Адамдарға жаңа құрылғылар бермеу туралы шешім қабылдайды.


Д.: Бірақ жерліктердің арасында тірі қалғандар болды ғой?

Л.: Иә. Ғибадатханадағы шабуылдың кесірінен болған жарылыстан алыс орналасқан адамдар тірі қалды. Олар апаттан жырақ еді. Олар тек тым кәрі және жас адамдардан тұратын. Бұлар ғибадатхананы бүлдірген үшін құдайлар ашуланды деп ойлады. Олар шын мәнінде не болғанын білген жоқ.


Д.: Олардың өмірі содан кейін өзгерген шығар?

Л.: Иә, бұлар қолда бар азғантай білімге қанағат етті. Естеріне түскенде егін егетін. Не істеу қажетін айтып отыратын абыздары қалмады. Бірақ сонда да қолдарынан біраз дүние келетін. Қордың аз қалғанына қарамастан тірі қалды.

Д.: Оларға күш пен қуат септесіп отырған кездегідей деңгейге шығу мүмкін болмаған шығар.

Л.: Ол деңгейге шыға алмады. Бұл зияны орасан болған регресс еді. Көп дүние жойылып кетті. Көп технология мен көп құпия құмға сіңді.


Д.: Аман қалғандар қарабайыр тіршілікке қайтып оралды ма?

Л.: Иә. Бірақ олар үй салуды, егін егуді жалғастыра берді. Бұрынғыдай бір-бірімен саудаласуды білді.


Д.: Олар тастан үй салуды ұмытпады ғой?

Л.: Жоқ. Бірақ олардың қолында тастарды қозғайтын құрылғылар болмады. Бәрін өз қолымен қозғауға тура келді. Тасты қозғайтын қуат қалмаған еді.

Д.: Тасты қозғау үшін Күннің қуатын пайдаланушы ма еді? (Иә). Тастарды левитацияның күшімен қозғаған ба? Менің не айтып тұрғанымды түсініп тұрсың ба?

Л.: Иә, дәл солай болуы керек. Қуат қозғауға тиіс нысанға енеді де, оны магниттік күшпен қажетті жерге жеткізетін. Затты қажет жерге қозғаған соң қуат жоқ боп кететін.


Д.: Яғни, қуат көздерін жойғаннан кейін жұмыстың бәрін қолмен істеуге тура келді ме?

Л.: Солай. Адамдар қуат күшін қалай қолданатынын бұрын білмеді.

Д.: Олар білімнің бір бөлігін ғана сақтап қалған. Бірақ онысы аздық етті. Бұдан үйренеріміз көп.

Л.: Иә, үйренеріміз көп, білуге тиіс дүние де көп. Кей жағдайлар өте қайғылы болды.


Мен Линданың есін жиғыздым. Бұл сеанс әдеттегіден тез бітті. Себебі, біз әлі банкетке әзірленуіміз керек еді. Уақытымыз аз. Есін жиған соң Линда Бартоломью айтқан құрылғыларды сипаттап берді. Бір парақты алып, екі бүктеп, Күннен қуат алатын құрылғы қай бұрышта тұрғанын көрсетті.

Нострадамус туралы кітаптың беттеуі және редакциялауынан қолым тимей жүріп, Линдамен келесі кездесу 1990 жылы маусым айында Литл-Роктағы жазушылардың съезіне барғанда болды. Әр күнім минутына дейін жоспарлы болса да, Линда мен Джениске уақыт тауып, жұмыс істемек ойым болды, бірақ Линдамен бір сеанс өткізуге ғана уақыт таптым. Кодтау сөзді айтып, Линданы жарқырауық тіршілік иелеріне, соларға өз хикаясын айтып жатқан Бартоломьюге жібердім.

Л.: Жарық адамдар маған сұрақты жаудырды. Олар бәрін білгісі келеді. Бөлісетін уақыт жеткенше бұл білімнің бәрін бізге бергеніне разымыз. Дәл осы міндет бізге жүктелгеніне ризамыз. Олар бір-бірімен сөйлесіп жатыр. Сабақты жалғастыру үшін оларды сабырға шықыруым керек (Үзіліс). Сабырға шақырдым, ары қарай жалғастырайық.


Д.: Олар қойған сұрақты мен үшін қайталай аласың ба?

Л.: Сұрақ көп болды. Олар сұрақтарын бір мезетте қояды екен. Оларды таң қалдырған сұрақпен жалғастырайық. Қуат көздері туралы айтып жатқанбыз. Күн мен Ай (арада екі ай өткен, ал біздің әңгімеде үзіліс болмағандай) оларды таң қалдырды. Ғаламда Күн мен Айлар өте көп. Бәрінде сондай қуат бар. Басқа ғаламшарларда да Жердегідей сол қуаттарды игеріп, адамзат кәдесіне жаратуға әбден болады. Оның үстіне ғаламшараралық саяхаттарға қолдануға болады.


Д.: Бұл қуатты жағармай ретінде қолдануға бола ма?

Л.: Иә. Оны әр түрлі жолмен қолдануға болады. Ол жағармай бола алады, қуат көзі болады, тағы да көптеген тұтыну тәсілдері бар. Белгілі бір ғаламшарды немесе өңірді мекендейтін жаратылыс иелерінің рухани дамуына да көмектеседі. Бұл қуат адамға шипа береді, шипа рухани даму мен жетілуге әкеледі. Сондықтан жарқырауықтар шулап кетті, олар мұндайды таңғажайып деп отыр.


Д.: Олар мұндайды бұрын-соңды естімеген бе?

Л.: Кейбіреулері естіпті. Көбісі естімеген. Олар мұндай болуы мүмкін деп ойлаған, бірақ анығын білмеген. Солардың көбісіне менің сөздерім дәлел болды.


Д.: Бұл қуатты қолдану үшін оны игеру керек қой?

Л.: Солай. Бірақ ол соншалықты күрделі мәселе емес. Қалай игеру қажетін аз адам біледі, бірақ шын мәнінде еш қиындығы жоқ. Бұл қуаттың қайнар көзінде қуатты ұлғайту, қуатты жұту сияқты үдерістерді арттыру арқылы жүзеге асады.