Файл: Долорес Кэннон. Мы лшемді алам. Том Мскеу. Стигмарион баспасы, 2014 352 бет.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 154

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Д.: Оған дейін олар бұл материалды қолданбаған ғой?

Л.: Олар түрлі тәжірибелер жасады. Бірақ оны қолға түсіру үшін өте ұзақ жол жүретін. Сондықтан бұл материалды қолданудан бас тартқан.


Д.: Л оған дейін қандай қуат түрін қолданып келді?

Л.: Олар жарықты қолданды. Бұл олардың көңілінен шығатын тәсіл еді. Бірақ ол кейде жоқ болатын. Бітіп қалатын.


Д.: Л ол жарықты қайдан алатын?

Л.: Оны беттерге жинайтын. (Линда көріп тұрғанын түсінбегендей, баяу сөйлеп кетті). Қалқанға, беттерге. Қойшы, маңызды емес. Олар барған кейбір жерлерде жарық болмады. Олар өз тақталарын қуаттай алмады. Олар қозғала алмай қалды. Соңдарынан құтқару топтарын жіберіп отырды.


Д.: Бұл жарықтың бастапқы қуат көзі не еді?

Л.: Түрлі Галактикалардағы Күндер.

Д.: Бірақ олар бір-бірінен өте алыста ғой.

Л.: Солай. Кемшіліктің бірі арақашықтықта жатыр (Ақырын сөйлеп тұр, бірдеңені зерттеп тұрғандай). Кей тақталарда үлкейтетін әйнектер болды, соның арқасында Күннің жарығын алыс қашықтықтарға жіберуге болады. Бірақ ол үшін тым үлкен техника қажет еді. Ондай техниканы кеменің ішіне орнату мүмкін емес еді. Сондықтан кемелерге кішігірім қуат тақталарын орнататын, жағармайсыз қалатындықтан, тым алысқа саяхаттай алмайтын.


Д.: Кристалдар ше? Неге соларға тәжірибе жасамады ма?

Л.: Жоқ. Ол кезде мұндай мүмкіндік туралы ойламады. Олар қуаттың басқа түрін іздеді, себебі саяхаттап жүріп жарықтың қайнар көзінің радиусынан тыс қашықтыққа шықпауы тиіс еді.


Д.: Яғни, әлгі жаңа метариалдың ұлғайтатын қасиеті бар болып тұр. Солай ма?

Л.: Жоқ. Материалдың өн бойында ондай қасиет жоқ. Бірақ қолдағы ұлғайтқыш технологияның арқасында материалдың қасиетін өзгерте алды. Олар бұл ұнтақты өздерінің жүйелері арқылы өткізіп, кішігірім құтыда сақтады. Содан кейін алыс қашықтыққа саяхаттай алды, әрі жағармай үшін көп орын қажет болмады.


Д.: Бірақ жағармай деп олар әлі де жарықты айтатын?

Л.: Иә, жарық керек болды. Бірақ олар бұл материалды сақтау орыны ретінде қолданды. Олардың энергетикалық жүйесінде сақтау жетіспей тұрған еді. Осы материал қуатты кішігірім құтыда сақтауға көмектесті. Бұрын кемелері тек үлкен тақталардың арқасында қозғалатын. Бұл материал олардың энергетикалық жүйесінде үлкен революция жасады. Материалды қолданудың талай тәсілін тапты. Басында жай келіп алып кететін. Кейін жерліктермен саудаласатын болды. Ұзақ уақыт саудаласуға келіспей жүрді. Оларды біреу көріп қойғанда адамы жоқ елсізге ұшып кете беретін. Бірақ Жердің тұрғындары көбейе берді. Бұл материал тұрған елсіз жерді табу қиындай берді. Содан соң Жердегі бірнеше үкіметпен келісімге келді, бір елмен келісімге келсе, адамдар оларды тоқтатып тастайды деп қорқып, ғаламшардың бірнеше нүктесінде келісімге отырды.


Д.: Сен айтқан әңгімеге орала аламыз ба? Осы материалға қол жеткізу үшін адамдармен келісімге келді дедің. Есесіне олар адамдарға жаңа технология мен жаңа білім беріп отырды.

Л.: Солай.


Д.: Бұл келісімді нендей жағдай бұзуы мүмкін еді?

Л.: Келісім бірнеше рет бұзылды. Адамдардың билікке құмарлығы мен сараңдығы шектен шыққанда. Адамдар берген білімді адамзат игілігі үшін емес, соғыс жасау үшін қолданған кездерде. Осындай жағдайлар орын алғанда адамдар бөгде ғаламшарлықтарды құлдыққа алғысы келді. Осындай оқиғалар басталғанда бөгде ғаламшарлықтар Жерді тастай қашты. Адамдардың бір буын ұрпағы ауысқан кезде олар жаңа келісімге келуге тырысатын.


Д.: Яғни, жерліктер технологияны алған соң оны әскери мақсатта қолданған ғой? Осыны айтқың кеп тұр ма?

Л.: Иә. Мұндай жайт көп рет қайталанған.

Д.: Алған технологиясын берген жанашырларына қарсы қолданғаны қызық екен.

Л.: Егер қолдарына осынау күш берілсе, бітті, жебеушілерін қадағалап, қалағанын істеткізе аламыз деп ойлаған. Бұлардың материалы бөгде ғаламшарлықтар үшін жалғыз қуат көзі деп ойлады. Бірақ олар қателесті. Жерде басқа да қуат көздері болды.


Д.: Сол кезде бөгде ғаламшарлықтар Жерден кетіп қалды ма?

Л.: Иә. Олар кетіп отырды. Өздеріне тиген кесірінен соң өз технологияларын бірге алып кетіп отырды. Кейде жерліктер кесірін тигізбесін деп сол технологияларды жойып тастап отырды. Адамзат деградацияға түсетін. Жердің тарихында мұндай жағдайлар бірнеше рет қайталанды. Адамдар белгілі бір деңгейге дейін жетіледі де, сосын билік пен сараңдыққа бой алдырып, үйренгенінің бәрін ұмытып кетеді. Өз-өздерін жойып, даму жолында көп қадам артқа кетеді.

Бартоломью жарқырауықтар әлеміне келгенде ол уақыттың шегінен аттағандай, әлде олардың әлемінде уақыт болмады. Басында досы берген, оның санасында сақталған біліммен бөлісті. Әңгімесі қызған сайын ол келешек туралы ақпарат ала бастады, мұның бәрі Бартоломьюге қолжетімді емес еді. Ол расымен уақыттан тыс жерде болды – өткен шақ, осы шақ, келешек онымен бірге бір сәтте, бір бүтін боп тұрды. Оның айтқан ақпараты қазіргі заманға лайық болғанын солай түсіндіруге болатын сияқты. Оның санасы Линданың санасымен бірігіп, ең күрделі әрі маңызды түсініктерді сәйкестендіріп отырды. Бірақ ол кішкентай тіршілік иелерін не үшін оқытып жатыр? Біздің заманымызда олар қандай рөл атқармақ?



Л.: Адамдар даму жолына түсу үшін өткен шақта жіберген қателіктерінен сабақ алмады. Бұл бірнеше ұрпақ арасына кедергі келтірді. Басқа нәсілдер жерліктерге даму үшін көмектессек қой деп үміттенеді. Егер олар көп уақыттан бері аттай алмай келе жатқан шекараны аттаса, онда даму жолында ілгерілер еді. Осы кедергіден өте алмауы жерліктерді бір қателікті қайталай беруге себепші болып тұр. Дәл қазір сол үшін осында жиналдық – сол шектен аттайтын тәсілді тауып, адамзатты жаңа даму жолына түсіру. Біз адамдарға соны жасау үшін көмектесеміз. Осында жиналған барлық тіршілік иелері адамзатқа дамуын тежеп тұрған шыңыраудан өтуге көмектесуге ниетті. Сонда адамзат баяғыдан дайындалған даму жолына түседі. Адамдардың надандығы сол шыңыраудан өз күшімен аттауға кедергі болып жатыр.


Д.: Сонда бұлар қалай көмектеседі?

Л.: Бұлардың көбісін жақында Жерге жібереді. Олар ағарту жұмыстарын жүргізеді, сүйіспеншілікті үйретеді, сол шыңыраудан аттауға көмектеседі. Олардың көбісі Жерде қалмау жөнінде шешім қабылдайды. Бірақ өз еркімен қалғандар көп жұмыс істеп, сол еңбегі үшін марапатталатын болады.

Д.: Мынау кішкентай тіршілік иелері Жерге көмектесуге келеді дегің келіп тұр ма? (Иә). Қалай көмектеседі? Олар өздерінің энергетикалық жарық пішінінде қала ма?

Л.: Кейбірі қандай болса, сол күйінде қала береді. Кейбірінде адамның бойына енетін қасиет болады. Бір жарқырауықта бір сәтте он шақты адамның бойына ене алатын қасиет болады. Олар адам тәнін жарықтандырады, сонда адам ойы жетіліп, рухани өресі өседі. Осы уақытқа дейін мүмкін болмаған дүние мүмкін болады.


Д.: Жерде тұратындардың бойына ене ме? Олардың бойында басқа рух бар емес пе?

Л.: Бар. Олар табиғат заңдылығын бұзбайды. Тәнге иелік етпейді. Олар тек жарықтың бөлшегіне айналады. Адам тәнін жарықтандырып, дамуына көмектседі.

Д.: Мен оларды адам тәніне туа салған сәттен еніп, адамға айналады екен десем...

Л.: Жо-жоқ. Бұл мүмкін емес. Бұл жарқырауықтар өте пәк әрі қатты дамыған. Оларға өзгенің тәніне иелік ету қажет емес. Оларды мұндай істер үшін жаратпаған. Олар сіздердің түсініктен әлдеқайда биік. Олар сіздердің түсініктегі рух емес. Олар – жарықтың жаратылысы, Жаратқанның бір бөлшегі. Қайнар көз.


Д.: Біздің жанымыз да Құдайдың бөлшегі ғой?

Л.: Рас, солай. Алайда Жаратқан әр түрлі заттың қайнар көзі ғой. Олардың әрбірі түрлі мақсатта жаратылған. Бірақ бәрі бір бүтіннің бөлшегі.

Д.: Бірақ олар бір сәтке адам тәніне енсе – сен адам тәніне иелік етпейді дедің, тек көмектеседі екен – мұндайға Ғаламдық заңдылықтар қалай рұқсат береді? Меніңше, жан тәнді сақтаушы. Адам тәніне енуге құқы бар тағы бірдеңе бар ма?


Л.: Иә. Егер келісім болса, бұл тіршілік иелері адам тәніне ене алады. Бұл жаратылыстар өте пәк, олар ешқашан адамға өз қалауын тықпаламайды. Көп жан олардың келуін тағатсыздана күтіп жүр.


Д.: Мұндай рұқсатты сана деңгейінде бере ме?

Л.: Жоқ. Оны басқа деңгейде береді.

Д.: Яғни, адам санасы не болып жатқанын білмейді.

Л.: Солай. Сана деңгейінде адам бірдеңе өзгеріп жатқанын түсінеді. Бірақ дәл не өзгеретінін түсінбейді. Егер сол өзгерісті қабылдап, өздеріне дамуға рұсқат етсе, кейіннен не болғанын білер. Олар мен қазір саған айтып отырғанымды біледі. Алдымен олар ойлау жүйесі өзгергенін байқайды. Қатты таң қалады. Өзгергісі келетін сезімі күш алады. Бірақ өздері неліктен, дәл қалай өзгеру қажетін түсінбейді.


Д.: Бірақ бұл жағдай әр адамның басында болмайды?

Л.: Жоқ. Тек кейбіріне беріледі. Олар қалғандарына өзінің ойлау жүйесін сіңіреді. Басқалары басқа шешім қабылдайды. Кей адам өзгергісі келмейді. Олар өзгерістерге қарсы қатты күреседі. Көп қайғы мен уайым шегеді. Бірақ мұндайлар өзгергісі келетіндердің табанында тапталып қалады. Оларға кетуге тура келеді. Себебі, олар жаңа ортада бақытсыз боп қалады.


Д.: Бәлкім, мұндай адамдар жарқырауықтар тәніне енуге мүлде қарсы болғандар шығар?

Л.: Солай. Жарқырауықтар адам тәнінің қызметіне еш араласпайды. Жанға бөгет жасап, адамның өмірінде жетуге тиіс мақсатына кедергі келтірмейтінін түсіндіргім келеді. Олар тек адамды қажетті даму жолына түсіру үшін келеді. Осы уақытқа дейін жеткен жетістік пен келісілген дүниені өзгертпейді.


Д.: Бұл ерік-жігердің еркіндігін бұзу болып шыға ма?

Л.: Солай. Олар адамзатқа тек шыңыраудан біржолата аттауға көмектесу үшін келетін шұғыла. Сонда адамдар примитивті өмір сүру дағдысына айналып келе бермейтін болады.


Д.: Сол үшін Жер бетіне өзінің рухани пішінінде келе ме? Себебі, адами болмыс өздігінен шыңыраудан аттай алмағандықтан ба?

Л.: Иә, солай.

Д.: Аруше жаратылыстары да адамдарға көмектескісі келген. Бірақ оларды үнемі осы ғаламшардың физиологиялық болмысы тартып кетіп отырды. Олар ылғи сәтсіздікке ұшырай берді.

Л.: Иә. Сондықтан осы жарқырауықтарды жаратқан.


Д.: Тапсырманы басқаша орындау үшін бе?

Л.: Иә. Олар мұнда сондықтан келген.


Д.: Сондықтан Бартоломью оларға Жердегі біздің тарихты айтып беруі тиіс пе?

Л.: Иә, олар бүкіл жағдай қалай жиі қайталанғанын білуі керек. Олар да сәтсіздікке ұшырамау үшін адам болмысын толық танулары шарт. Адам бастаған ісін өзі аяқтауы қажет.


Д.: Л олар енген сәтте адам ашық-жарқын болуы керек пе? (Иә). Бұл жайт ерекше бір тәсілмен жүзеге аса ма? Адамның бейсанасында қорғаныш рефлекстері бар ғой.

Л.: Әрине. Өте жеңіл жолмен. Тек дамысам деген ниет болса болғаны. Бұл алмастыру емес, құлай берілу емес. Бұл бірігу, қосылу, қатарласу. Артық ету үшін қосылатын элемент, нашарлату үшін емес.


Д.: Басқаша реттелмей жатса, қайтеміз енді? Л айтшы, Жерге көмектесу үшін келейін деп жатқан басқа рухтар не жаратылыстар бар ма?

Л.: Әзірге бәрі сырттан бақылап, күтіп отыр. Кеңес жерліктер белгілі бір даму деңгейіне жеткенде өзге нәсіл өкілдері Жерге ұшып келе алар деп үміттеніп отыр. Жермен ашық сауда-саттық қарым-қатынасын орнатар еді. Жер көпшілікке есігін ашар еді.

Зерттеуімнің басында осы ақпаратты алғанымда ол маған шимай-шатпақ болып көрінген. Бірақ содан кейінгі бірнеше жылда бұл ақпарат еселеніп, дүниежүзі бойынша жасаған түрлі сеанстармен дәлелдене берді.
ЕКІНШІ БӨЛІМ

«САҚТАУШЫЛАР» КІТАБЫНЫҢ ЖАЛҒАСЫ

4 ТАРАУ

ДЖЕНИСТІҢ ЖАЗБАЛАРЫ

«Сақтаушылар» кітабын жазғанымда беймәлім ұшатын нысандар (БҰН) мен бөгде ғаламшарлықтардың адамдарды ұрлау жайттарын зерттеуге ден қойып едім. Осы кітабымда БҰН туралы еленбейтін жайттарды, олардың жерге қонғанын, адам ұрлаған оқиғаларын зерттеуді қалай бастағанымды жаздым. Ары қарай менің жұмысымда күрделі мәселелер қалай туындағанын баяндадым. Кітаптың соңғы тарауы Арканзас штатындағы Литл-Рок қаласында тұратын, 1980-жылдардың соңы мен 1990-жылдардың басында бір жас келіншекпен жасаған жұмысыма арналды. Бұл келіншек өте құнды ақпараттармен бөлісті. Соның арқасында мен бөгде ғаламшарлықтардың тек басқа ғаламшар мен галактикалардан ғана емес, басқа өлшемдерден де келетінін білдім. Бұл келіншектен алған идеялардың кейбірі мен үшін соны болды. Ондай жайттарды бұрын-соңды ешкім айтпаған еді.

Джениспен жұмыс істеген шақтарда тосын жайттар болып тұрды. Сеансты бастаған сәттен ол өте терең трансқа (сомнамбулалық деңгей, оның өзінің мені жойылып, оны ғарыш кемесіне жеткізген бөгде ғаламшарлықтар соның тілімен сөйлей бастайтын) түсіп кететін. Мұндай жағдай басқа клиенттермен жұмыс істегенде де боп тұрды, құдды бір мен сол бөгде тіршілік иелерімен тікелей байланыс орнатқандаймын. Дженистен алған ақпарат өте ауқымды болды, ол «Сақтаушылардың» көп бөлігін қамтыды. Ол тіршілік иелері менің кез келген сұрақтарыма жауап беріп, түрлі тақырыптағы ақпаратты ұсынды.

Мені «Сақтаушылар» кітабы күн өткен сайын қалыңдап бара жатқаны алаңдатты. Солардың ішінен біразын алып тастауыма тура келерін білдім. Сеанс кезінде Дженис БҰН мен ғарыштық кемелерден ары асып, өте күрделі метафизикалық концепцияларға сүңгіп кететін. Біз тек ғарыштық кемелерді басқарып, Жерде тәжірибе жасайтын тіршілік иелерімен ғана емес, алайда соларға таныс, адамзат баласына мүлде беймәлім кемел жаратылыстармен де сөйлестік.