Файл: Долорес Кэннон. Мы лшемді алам. Том Мскеу. Стигмарион баспасы, 2014 352 бет.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 158

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Кей жағдайда адам диванда не төсекте жатқанда терезеден түскен жарықтың сәулесімен оның санасына геометриялық символдар енетін. Маған осы тақылеттес хабарлар көп жететін. Оларды біреудің қиялы деуге келмейді. «Сақтаушылар» кітабында жазғанымдай, бөгде ғаламшарлықтардың сөзінше, ақпарат өте жылдам, жасуша деңгейінде беріледі. Келешекте ақпарат дер кезінде санада ояна салады, адам ол неден пайда болғанын байқамай қалады.


Д.: Бұл нұсқаулық не жайында екенін білесің бе?

Дж.: (Күрсінді). Жоқ, бәрі өте жылдам жүріп жатыр.

Д.: Бәлкім, бұл өте ауқымды ақпаратты беретін жалғыз тәсіл шығар: тек соны сана мен тәнге енгізіп, проекция жасайтын шығар.

Дж.: Ол барлық жерде. Менің тәнім сорғыш мата сияқты.


Д.: Өзіңді жақсы сезініп тұрсың ба?

Дж.: Сәл-пәл қысылып тұрмын. Мен тіршілік иесіне көзіме көрінуін өтініп ем, ол адамның бейнесіне ауысты. Жарық қаласа адам болмысына ауыса алады екен. Ол кез келген затқа айнала алады. Мәссаған! Оһ! Ол қарсы алдымда адам болып тұр (Шаттана). Ол адамға ұқсайды, бірақ басқа. Ол жұмсақ жарық сияқты. Мен оның жұмсақ терісін сезіп тұрмын. Жап-жарық жаратылыс... мұз боп қатқан жарық сияқты.


Д.: Сеніңше, жұмыртқа мен дене жарықтан жасалған сияқты ма? (Иә). Ішінен жарық шашып тұр ма?

Дж.: Иә. Мен одан: «Сен бар болғаны жарықсың ба? Солай ма? Жарық қана ма?» деп сұрадым. Сол сәтте ол менің көз алдымда пішінге енді. Мен жарықтың адам бейнесіне айналғанын көргенімде сұмдық таң қалдым.


Д.: Сен одан кім немесе не екенін сұрай аласың ба?

Дж.: Оған сүйсінгенім сонша ештеңе сұрай алар емеспін. Мен үндемеуге тиіс екенімді іштей сезетін сияқтымын. (Ол әлденеге құлақ тіккендей). Маған бірдеңе болып жатыр, сондықтан мен үндемеуім керек. Сөйлеуге болмайды. Мен онымен тілдесіп жатырмын, бірақ қалай екенін түсіне алар емеспін. Мен осы жайттың орын алуына рұқсат бердім, себебі бұл маңызды әлденеге байланысты.

Д.: Ендеше уақыттың алдыңғы мезетіне өтейік. Сен оқиғалар тізбегін жеделдете аласың. Басқа ештеңе болып жатқан жоқ па? Сен тек сол жаратылыстың қасында тұрып, ақпаратты сіңіріп жатсың ба?

Дж.: Жоқ. Біз басқа жерге ауыстық.


Д.: Сен орындықтан тұрдың ба?

Дж.: Мен орындыққа отырмадым да. Мен қайда болғанымды білмеймін. Біз ғаламшар сияқты бір жерге қадам бастық. Біз бұдан былай ғарыш кемесінде емеспіз.

Шамасы, ол кемеден басқа жерге, басқа өлшемге ауысты.

Дж.: (Күрсінді). Мұнда айнала өте қатты жарық боп тұр. Көзді қарықтырады. Жан-жағым тым-тырыс. Біз серуенге шыққандаймыз. Бірақ жүріп келе жатқан жоқпыз. Әншейін, ауысып жатырмыз. Мұнда ешқандай сым жоқ. Мен сым көретін шығармын деп ойлағанмын (Сықылықтады). Бәрі жып-жылтыр, еш кедергі жоқ.



Д.: Жол-жөнекей не көрдің?

Дж.: Білмеймін (Көргенін айтатын кезде сәл сасқалақтап қалады, көргенін сипаттап беретін сөз таппайды). Жарықтың өн бойымен келемін. Күрт бәрі өзгеріп кетті. Жарық бөлшектерге бөлінген. Мен жарықтың ішіне енсем, ол өзгереді де, басқа бірдеңеге айналады. Басқа бөлшекке енсем, мұнда да бәрі басқаша боп кетеді.


Д.: Жарық неге айналып жатыр?

Дж.: (Ол дым түсінбеді). Бір жолмен жүріп келе жатып, екіншісіне ауысқан сияқты, бірақ бүтіндей солай емес.


Д.: Алдағы жерде ғимарат не басқа нысандар бар ма?

Дж.: Бұл ғимарат емес, бірақ олар соның ішінде тұрады.


Д.: Жарықтың ортасында жүріп саған қайда тұратынын көрсетіп келе ме?

Дж.: Жарық – бұл бәрінің тұтасуы... Құдай-ай! Мен мұны түсіндіре алмаймын.


Д.: Сипаттап бере аласың ба?

Дж.: Жоқ. Мен мұндайды бұрын-соңды білмегем. Мен көрген дүниенің ешбіріне ұқсамайды.

Д.: Мысалы, мен үйді не ғимаратты қабырғасы бар деп түсінемін (Оның түр-әлпетіне қарап, бұл оймен келіспегенін байқадым). Басқаша ма?

Дж.: Жоқ. Бұл үй әрі адамға айналатын жарық. Сосын жарық... Сипаттап бере алмаймын.

Д.: Сен одан жауапты табуға көмек сұрай алмайсың ба? Меніңше, ол жауапты біледі. Бәлкім, содан соң сен сипаттауға сөз табарсың (Ұзақ үнсіздік).

Осындай жағдайдың бәрінде субъект қажетті түсіндірмені таппайды, мен басқа жаратылыстардан көмек сұраймын.

Дж.: Мұны түсінетін уақыт келмеді.


Д.: Мұның бәрін саған неліктен көрсетіп жатқанын айтты ма?

Дж.: Бұл бірінші қадам.


Д.: Ненің бірінші қадамы?

Дж.: Білмеймін.


Д.: Ол саған айтып бере ала ма?

Дж.: Уақыты келмеді.


Д.: Бұл Жер емес қой? (Иә). Басқа ғаламшар ма?

Дж.: Олар мұндайды ғаламшар деп атамайды


Д.: ДЖ не деп атайды?

Дж.: Қазір айта алмаймын.


Д.: Бұл материалды дүние ме?


Дж.: Нені айтасың?


Д.: Біздің Жер материалды дүние, тығыз, оған жанасуға болады. Бұл басқа ма?

Оның дауысы өзгерді. Дженис сабырлы сөйлей бастады. Ол әдетте ұялыңқырап, сенімсіз сөйлейтін. Ал қазір оның дауысы өктем шықты. Бәлкім, мен енді жауап алатын шығармын. Бұл бұрында жауап беретін әлдене еді. Оның түпсанасы? Әлде басқа жаратылыстың санасы ма?

Дж.: Бұл басқа шынайылық, басқа өлшем. Ол... (абыржыды) тығыз емес.

Д.: Яғни, ол басқа, дегенмен шынайы дүние (Иә). Онда өмір сүретін тіршілік иелері тәнге мұқтаж ба? (Жоқ). Дженис тәнді көрген ғой?

Дж.: Иә. Оған мүмкін болатын тәнді көрсетті. Бірақ біз үнемі сол пішінді сақтап тұрмаймыз.




Д.: Бұл тығыз физиологиялық дене емес қой? (Жоқ). Сіздерге тән керек емес пе?

Дж.: Солай.


Д.: Түсінуге тырысып жатырмын. Сіздер қазір барған жер – эволюцияның биік деңгейі ме?

Дж.: Бұл эволюцияның өте жоғары деңгейі.

Д.: Маған кейбір өлшемдер туралы айтып еді. Адамдар Жерге тәнін тастап басқа бір рухани деңгейге өтетінін айтушы еді. Бұл соған ұсқай ма?

Дж.: Иә.


Д.: Бірақ мен естігеннен де жоғары деңгей болып тұр ғой?


Дж.: Сұрағыңызды түсінбедім?

Д.: Менің тәжірибемде болған адамдар физиологиялық өлшемде тәнін өлген соң тастап шығып, рухы не әруағы басқа деңгейге өтетінін айтушы еді. Кейде сол деңгейлер Жерге ұқсайтынын, бірақ басқа спектрде дейтін. Одан да жоғары ауысқанда сол нысандар – оларды не деп айту керек екенін білмеймін – өзгереді-мыс. Бұл жолы бәрі басқаша ма?

Дж.: Кей функциялар ұқсайды. Кей қасиеттерді сізге белгілі деңгейге жатқызуға болады. Алайда қазіргі шексіздік нүктесінде үйдің қажеті жоқ. Тәнге сұраныс жоқ. Себебі, мұндағы тіршілік мүлде басқаша... (Елжірей...) Сіздің терминология...


Д.: Сипаттап беру өте қиын екенін түсініп тұрмын. Дегенмен де, сипаттауға тырысып көрейікші. Басқаша тербеліс? Жиілік?

Дж.: (Сенімді түрде). Тербеліс! Тиянақты түрде бұлай емес, бірақ сізге түсінікті болу үшін біз «тербеліс» деген терминді қолданайық. Сіздің білгеніңіз – сізге айтқым келгеннің азғантай бөлшегі. Менің айтпағымды түсіну де, сіздің тілде түсіндіру де өте қиын. Сөзбен айтып сипаттау мүмкін емес.

Д.: Сөз жеткіліксіз. Маған бұрын да солай деуші еді.

Дж.: Мен мұны басқаша жасай аламын, бірақ қазір емес.

Олар бұрын да ақпаратты тек мен арқылы беретіндерін меңзейтін («ченнелинг» сияқты, бірақ мен объективті бақылаушы болып қала бердім). Әлде бұрындары айтылғандай, символдарды тікелей менің санам арқылы проекциялауды айтып тұр ма? Мұндай кезде мен ақпаратты анықтап, жеткізуде шектеліп қалар ем. Бәлкім, мен өзім түсінер ем, бірақ өзгелерге жеткізе алмай қалар ем.

Дж.: Барлық тілдер шектеулі. Бірақ біз тіл арқылы тілдеспейміз.

Д.: Дженис өте ауқымды ақпарат алып жатқанын айтты, ол бәрін сорғыш матадай сорып алып жатырмын деді. Бұл сіздердің тілдесу тәсілдеріңіз бе?

Дж.: Көп тәсілдің бірі. Ақпаратты сіңірудің ең жедел түрі.


Д.: Бұдан өзге қандай тәсілдерді қолданасыздар?

Дж.: Ол сізге символдар туралы айтты деп ойлаймын. Бірақ бұл тура мағынасын беретін сөз емес. Дженис медитация жасаған кезде көрген символдарды айтып тұр.



Д.: Бірақ ол біз түсіне алатын сөз. Сол символдарды талдай аламыз ба?

Дж.: Оны мен шешпеймін.

Д.: Джениске осы ақпараттарды не үшін беріп жатқаныңызды айта аласыз ба? Дж.: Әзірге жоқ. Маған сізді жақсырақ тану керек.

Д.: Жақсы.

Дж.: Ол да мұны естуге дайын болуы тиіс.

Д.: Аа, егер сен дайын болмасаң, ол дүние үрейлі көрінуі мүмкін. Түсінікті.

Бұл дауыс Дженистің әдеттегі дауысына емес, өте сенімді, нық сөйлеген ер адамның тембіріне ұқсады.


Д.: Сіздер оған ақпаратты бейсаналы түрде беріп жатсыздар ма?

Дж.: Бір жағынан солай, бір жағынан олай емес. Мен жаратылысты айтқанымда ол бейсаналы, саналы, материалды, бейматериалды – тіршіліктің барлық қабатын қамтиды.

Д.: Яғни, сіздің айтпағыңыз біздің түсініктен анағұрлым күрделі, анағұрлым терең болып тұр ғой.

Дж.: Мүмкін.


Д.: Оған бұл ақпараттың ерте ме, кеш пе қажеттілігі бола ма?

Дж.: Міндетті түрде.


Д.: Оның жердегі өміріне көмегі тие ме?

Дж.: Міндетті түрде.


Д.: Бұл ақпарат басқаларға да көмектесе ме?

Дж.: Міндетті түрде.


Д.: Бұл ақпаратты өзгелерге де айтатын күн туа ма?

Дж.: Бұл ақпарат күн сайын жетіліп, уақыты келгенде бәрі білетін болады. Әр нәрсенің өз уақыты бар. Ақпараттың бір бөлігі өздігінен белгілі болады. Екінші бөлігіне рұқсат беріледі. Сондықтан сіздің сауалыңыздың жауабы «иә», бірақ бұл кезеңде емес.

Д.: Жақсы. Мен өте төзімдімін. Мен ақпаратты жазбаша жазып, көмегі тиеді-ау дегендермен бөліскім келеді.

Дж.: Ол көптеген факторларға тәуелді дүние. Сіздің сұраққа мақұлдайтын жауап бере алмаймын. Себебі, мұның бәрі ғаламшараралық және галактикаралық оқиғалар нәтижесіне тәуелді.

Д.: Мен ақпараттың Жердің тұрғындарына көмегі бола ма деп ойлап ем. Бәлкім, бәрін білуге рұқсат боп қалар.

Бұл дауыс тек ер адамдікіндей емес, өте парасатты әрі қарт адамның дауысына ұсқады. Әр сөзді мұқият әрі анық айтты. Арасында үзіліс жасап, қажетті сөз іздегендей міңгірледі. Одан басқа еш мүдірмей сөйледі. Өзімді өте парасатты жаратылыстың қасында отырғандай сезіндім.

Дж.: Жерде бұл ақпарат еш көмектеспейтін, оның қажеттілігін сезінбес адамдар әрдайым болады. Тіпті кесірін тигізуі де ықтимал. Себебі, олар мұндай ақпаратты білуге, тануға дайын болмайды. Сондықтан оны таңдалған жекелей индивидуумдар арқылы жеткізеді. Олар оны сіңіріп, өз болмысына қабылдай алады. Мұндайлар сіздің ғаламшарда көп емес. Сондықтан егер сіз осы шексіздік нүктесіне тағы тап болсаңыз, алған ақпараттың әрбірін қорғай білуіңіз қажет.



Д.: Мені мұнда тағы келеді деп ойлайсыз ба?

Дж.: Әр нәрсенің өз уақыты болады. Сізбен осы кезеңде көп дүниені талқылай алмаймын. Қалай болғанда да маған мұның бәрін айтып түсіндіру қиын. Бұл мендегі түйткіл. Мұны басқаша жүзеге асырса болар еді, бірақ сіз осы қалпыңыздан айнымаңыз. Сондықтан сізбен тілдесу үшін... сөз қалыптасатын деңгейге дейін өзімнің тербелісімді түсіргенше мүдіріп жатырмын, оны түсінерсіз деп ойлаймын. Сондықтан сізбен тілдесу қиын. Тағы кездесетін болсақ, тілдесуді ыңғайлы қалыпқа түсірудің амалын табармыз.


Д.: Сізбен тек басқа адамдар арқылы сөйлескенім дұрыс деп тұрсыз ба?

Дж.: Осы кезеңде, сол дұрыс. Сізбен басқаша тілдессек те болар еді. Қолымнан келер еді. Бірақ олай етпедім. Сөз естімесеңіз, сіз үшін ол ақпараттың құндылығы қалмас еді.


Д.: Яғни, тілдесу үшін мен осы тәсілді қолдануым керек қой?

Дж.: Міндетті емес, бірақ мақсатыңызға сай келетін жалғыз тәсіл әзірге осы, сізге осылай тиімді болмақ.

Д.: Меніңше, олай емес. Менің жұмысым үшін мен ақпаратты өзге адамдар, өзге дәнекерлер арқылы алғаным пайдалы. Осы тәсіл маған ыңғайлы. Кей адам мұны ешқашан тсүінбейді дегеніңізге келісемін. Оларға бұл ақпарат тек зиянын тигізуі де әбден ықтимал. Баяғыда маған айтып еді, кей ақпарат дәрі сияқты шипалы, ал кейбірін теріс түсінсең, не теріс қолдансаң қиын деп.

Дж.: Өзі де солай.

Д.: Бұл әлем кей ақпаратқа дайын емес деген. Сондықтан менің кей сұрақтарыма жауап берілмей келеді. Мен соны жақсы түсінемін, сондықтан өзеуремейтінімді байқаған боларсыз.

Дж.: Иә. Дәл қазір бәрін айта салуға болмайтыны өкінішті.

Д.: Дженис өзіне қажетін сіңіріп жатқаны маңызды. Бір күні сол ақпаратты қолданатын сәт туар, ол мұны саналы түрде білмегені де жақсы.

Дж.: Ол мұны біледі. Дженис — Жер бетінен шексіздік нүктесіне келуге сенім артуға тұрарлық сирек адам. Мұнда келіп, қайтып кету үшін адам өте сенімді болуы тиіс. Өте сенімді. Оның сана деңгейі біз түсінерлік деңгейде болғаны жақсы. Мұндай адамдар түрлі деңгейде тілдесе алады. Неге тілдесу дәл қазір болып жатқанының басты себебі сол. Оған қоса тағы бір жайт бар, адам өзінің жұмысын құпия сақтай алуы маңызды. Адамдар шексіздік нүктесін білмеуі тиіс, біріншіден олар оған сенбейді. Екіншіден, оны түсіне алмайды. Үшіншіден, олар Дженисті жындыханаға жауып тастауы мүмкін.

Д.: Мен олай болғанын қаламаймын.

Дж.: Ондайға ешқашан жол бермейміз.

Д.: Сендер Құдайдың деңгейі деген жердесіңдер ме? Жаратушының Деңгейі? Дж.: Иә, бұл шексіздік нүктесі.