Файл: Долорес Кэннон. Мы лшемді алам. Том Мскеу. Стигмарион баспасы, 2014 352 бет.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 159

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Д.: Менің клиенттерім түрлі деңгейге өтетін, солар кей деңгейдің тым асқақ екенін айтатын. Бәлкім, ол деңгейлерде бағыт деген ұғымның болмауы да ықтимал.

Дж.: Бағыт тек түрлі деңгейлер арасында өтіп жүретін тіршілік иелерінің пікірінше ғана бар. Шын мәнінде «тым асқақ деңгей» деген – олардың келген жері.

Д.: Бәрі де біздің бір сызықпен өлшеуімізден ғой.

Дж.: Солай.



Д.: Яғни, бұл бәріміз жеткіміз келетін деңгей ғой?

Дж.: Одан да биік деңгейлер бар.


Д.: Аа? Яғни, бұл ең биік деңгей емес пе?

Дж.: Дәл қазір оны айта алмаймын. Сізге тек қазіргі деңгейде тілдесу тәннің, сананың, жанның тазалығын талап ететінін айта аламын. Тазалық. Бұл сіздердің ғаламшардағы әдеткі тілдесу емес. Сіздердің ғаламшардағы адамдармен осындай тілдесу боп тұрады, бірақ көпшілік адам мұны тани алмағандықтан, не боп жатқанын түсінбейді.


Д.: Дженис біздің сеанстардың жазбасын тыңдамайтынын айтқан. Бәлкім, не болып жатқанын оның білмегені де дұрыс шығар?

Дж.: Ол не боп жатқанын жақсы түсінеді. Сізге соны айтып түсіндірмек ойдамын, ол өз білімін сақтай алады. Оның білімді сақтауы тіршіліктің басқа да түрлі күйлеріне қол жеткізудің кілті. Ең маңыздысы оның дамуы сатылап жүруі тиіс. Сізге бір нәрсені түсіну қажет. Бұл әйел көптеген тіршілік иелерімен жұмыс істеген. Оның беймәлім ұшатын нысандардың қуатымен жұмыс істеуі – оның міндетінің бір қыры ғана. Ол араларыңызда өмір сүргенмен, сіздердің әлемдікі емес. Оның не істеп жүргені ғылымның шегінен шығып кетеді. Бұл әйел материалды деңгейде қызмет етеді әрі ол шын мәнінде физиологиялық адами болмыс екенін түсінуіңіз маңызды. Соған қарамастан ол басқа деңгейлерде әрі басқа өлшемдерде де еркінен тыс қызмет көрсетеді.


Д.: Бұдан да биік деңгейлер баршылық дейсіз, бірақ неге онда бұл деңгейді шексіздік нүктесі дейсіз?

Дж.: Себебі, бұл шексіздік нүктесі.

Д.: Алайда мен үшін шексіздік деген одан биік ештеңе жоқ дегенді білдіреді.


Дж.: Шексіздік нүктесі бар әрі шексіздік нүктесінен асып кететін дүние бар. Д.: Ол мұнда жиі келіп тұруы керек пе?

Дж.: Бұл оның міндеті емес. Бұл... қарым-қатынас... өте қажетті... (сөз таба алмай жатыр).


Д.: Оның жұмысына?

Дж.: Хм. Көп фактор бар. Соның бірі – жайлылық.

Д.: Яғни, ол мұнда келгенде өзін жайлы сезіне ме? (Иә). Ақпарат ағыны мен жылдамдықты сезінсе де? (Иә). Ол сонда да өзін жайлы сезінеді.

Дж.: Шексіздік нүктесіне жету үшін жарықтың жылдамдығынан асу керек, түсінесіз бе? Жарықтан да жылдам болу шарт. Сонда сіз тіршіліктің бөгде күйіне өтесіз.



Д.: Біз біршама ұзақ әңгімелескен сияқтымыз, мен сұқбаттардың тым ұзаққа созылмауын қадағалаушы едім. Менімен сөйлескеніңіз үшін сізге шын жүректен алғыс айтамын.

Дж.: Егер өзгелер рұқсат бермесе, сіз менімен сөйлесе алмас едіңіз. Мені шын ықыласпен тыңдағаныңыз үшін рақмет, маған сөз табу қиынға тиді. Төзімді болғаныңызға алғыс.

Д.: Бәрі жақсы. Менімен әңгімелескеніңізге дән ризамын. Келешекте әлі де сөйлесерміз деп ойлаймын.

Дж.: Бәлкім, бұдан да көп дүниені талқылаудың сәті түсер. Бірақ қазіргі кезеңде еш уәде бере алмаймын.

Д.: Жақсы. Мен өте төзімдімін. Күте тұрамын. Әзірге мен қолдан келгеннің бәрін істеуге тырысып жатырмын.

Мен Джениске нұсқау жасап, ол есін жинады. Ол әдеттегідей есін жия алмай, отыруға икемделе алмады. Ол есін жиған соң сөйлей беретін, бірақ бір түрлі әлсіреп, босаңсып қалады да, орнына тұра алмай қиналады. Бірнеше минут өтіп, орнына тұрған күннің өзінде біраз уақыт теңселіп жүретін. Ол үшін бұл қалыпты жайт еді. Содан болар, мен онша алаңдай қоймайтынмын. Әбден өз-өзіне келгенше сеанстың кей детальдарын талқылап алатынбыз. Болған дүниелер оның есінде қалмаушы еді. Түстікті ішіп, біраз тынығып, біз бөлмеге оралып, келесі сеансты бастадық. Осы жолы келгенімде тек екі сеанс өткіземіз деп келіскенбіз. Бұрын үнемі үш сеанстан өткізетінбіз. Қатарынан үш сеанс өткізу клиент түгілі, өзімді де қатты қалжыратып тастайтын. Сеансты бастамас бұрын нені білгіміз келетінін талқылап алдық. Дженисті өткен аптада санасына проекция жасаған символдар қызықтырды. Мен оған мұны білудің уақыты әлі келмегенін әлгі тіршілік иесі айтты деп түсіндірдім. Оның көңілі су сепкендей басылды. Бірақ өзімнің тәжірибемнен бұл үдерісті жылдамдатуға болмайтынын білетінмін. Уақыты келгенде олар бізге қажетті ақпараттың бәрін береді. Қалай болғанда да оларға бәрін айтқызуға құзіретіміз жетпейді. Мен әрдайым олардың сенімін ақтауға тырысатынмын. Әйтпесе, ақпаратқа жеткізер жолды жауып тастар еді, мен зерттеуімді тоқтатуға мәжбүр болар ем.

Дженистің кеше кеште басынан өткен бір қызық жағдайын зерделемек болдық. Ол қараңғы автотұрақтағы көлігіне барады, оталдырғаны сол айналасынан түтін бе, тұман ба көтеріліп келе жатқанын байқайды. Көлікке бірдеңе боп қалған екен деп сыртқа шығып, айналып, түтін қайдан шығып тұрғанын іздейді. Сол сәтте түтін көліктің алдына жиырыла қалады. Сол бұлттың арасынан Дженис мысық көреді. Есінде қалғаны – сол мысыққа қарай қадам жасағаны. Есін жиса, ол үйге кетейін деп көлігінде отыр екен. Бірақ бірнеше сағат өтіп кетіпті. Осы жолғы сеанста сол жағдайды түсінуге тырысып көрмекке бел байладық.


Кодтау сөзді айтқаным сол, Дженис терең трансқа кірді. Мен оны кешегі кешке апардым. Кездесуден шығып, көліктұраққа келеді. Қайтадан сол оқиғаны бастан кешірді.

Дж.: Мына түтін капоттан шығып жатқан жоқ па деп қарап жатырмын. Түтінге онша ұқсамайды. Бірақ ол көліктің алдынан, алдыңғы терезенің түбінен шығып жатты. Қою түтін емес, селдір бұлт сияқты. Басында көлік қызып кетті ме деп ойладым, бірақ іштей бұл басқа дүние екенін сездім. Күтіп тұрдым, не болар екен деп ойладым. Сол сәтте мысықты көрдім.

Мен: «Мен білдім. Мен білдім. Мен білдім» дедім. Мен оған қарай жүріп ем, ол мысық емес екен. Түтін мен мысық мені көліктен түсіру үшін ғана қажет болыпты. Мысықтың қашатынын біліп тұрдым, мен соңынан ердім. Тура солай болды. Іштей көргенімнің бәрі дәл солай емес екенін біліп тұрдым.


Д.: Ары қарай не болды?

Дж.: Мен тоқтай қалдым. Бір жиілікке ниет түзеп жатқандаймын. Мысықтың көзіне қарап, ниет түзедім. Осы шақтан басқа жиілікке ауысып жатқандаймын. Теледидардың арналарын ауыстырғандай. Бірақ аздап басқашалау. Сосын сен сәуленің ішінде не дәлізде кетіп бара жатасың. Ауысып жатқанымды білем. Бірақ тәнім ауысып жатыр ма, ойша ауысып жатырмын ба, соны ажырата алмаймын.


Д.: Осы оқиғаның кезінде мысықтан басқа әлдене көрдің бе?

Дж.: Иә. Тура көз алдымда бір топ жаратылыс пайда бола кетті. Мен соларға бара жатқанымды білдім. Мен кемедемін. Олар сонда тұрды, бір жағынан олар онда тұра алмайтындай. Не болса да соларға қарай қозғалып келем. Мені әлдене автоматты түрде тартып жатқандай. Сосын мен бір дыбыс естідім. Не болып жатқанын білдім. Мен өзімді басқаша сезіндім. Созылмалы зат сияқтымын. Мен ауысып жаттым. Олар мені күтіп тұр.


Д.: Олар кімдер?

Дж.: Үлкен топ. Басқа тіршілік иелері. Оларды танимын дей алмаймын. Бірақ арасындағы жасыл киімдегі жігітті танимын. Мен бәріне зер сала қарадым. Бірақ тым жылдам қозғалып жатқандықтан, бәрін анық көре алмадым.


Д.: Сен біреуін танимын дедің ғой?

Дж.: Мен бұл киімді бұрын да көргенмін. Үлкен аудиториядағы кездесуге барғанда. Бұл жігіт лекция оқыған. Мен сонда отырдым. Бірақ бу іспетті болып тұрдым. Бір нәрсеге қарап тұрсаң, соның физиологиялық пішінін көресің. Бірақ ол кенеттен буға айналып кететіндей. Бұл көрудің басқа түрі. Біз бәріміз сонда болдық, сол үлкен аудиторияда, ол қарсы алдымызда тұрды. Сосын ол кетіп қалды. Оны басқа біреу ауыстырды.



Д.: Сонда сен оны танығандықтан соларға ердің бе?

Дж.: Оны көргендіктен, білгендіктен бәрі жасқы болады деп ойладым.


Д.: Қазір қайдасың?

Дж.: Білмеймін. Ауада көлбеу ұшып жүрмін. Маған мұның бәрі түсініксіз. Бірақ Жерде емеспін.


Д.: Айналаңнан не көріп тұрсың?

Дж.: Жұлдызды аспан. Бірақ кеше түні жұлдыздар көрінді деп айта алмаймын.


Д.: Айналаңнан не сезіп тұрсың?

Дж.: Олар осында екенін білемін. Баратын жағыма дайындық жасалып жатыр. Олардың қасынан сонда жету үшін өттім. Олар менің және баратын жердің аралығында. Мен қауіпсіз жердемін. Олар да менің бәрі жақсы болатынын білетінімді айтып жатыр. Мұнда жеткен соң тек жатуым керек.


Д.: Қасыңда біреу бар ма?

Дж.: Мен оларды сезем, бірақ көрмеймін. Бетіме қызылкүрең сәуле түсіп тұр. Ол бүлкілдеп тұр. Жыбырлайды. Жүректің соғысына ұқсайды. Бірақ аздап басқашалау. Өте ауқымды дүние, кейде бұл сәуледен тыс қалған нәрсенің бәрі жасыл түсті боп көрінеді. Жарқырап тұрған әлдене. Жарқыраған күлгін түсті бір орталық. Мен оны көргенмін, бірақ не екенін білмеймін. Сосын сәуленің ішінде түрлі пішіндер көрінеді, бірақ мен оларды бұрын-соңды сәуленің ішінен көрмеппін. Бұрын мұндай болмаған еді. Пішіндер. Оюлар. Пішіндер. Оюлар (Ол бұл сөздерді жылдам, жылдам қайталап жатты, бұлар тез-тез пайда болып жатқандай). Іште не болып жатқанын бақылап тұрғандаймын. Ол менің ішіме еніп барады. Пішін, ою, пішін, ою, пішін, ою. Пішіндер қылауға ұсқайды. Алтыбұрышты пішіндер.


Д.: Сен не сезініп жатсың?

Дж.: Ох, мен емтиханға даярланып жатқан адам сияқтымын. Қиналып әлдене жаттап жатырмын. Шын мәнінде үндемей жұтып жатырмын. Бірақ осылай боп жатыр (Үрейлі). О, Құдайым, қарашы!


Д.: Дженис, жаныңда біреу-міреу бар ма, осы оқиғаның мақсаты не екенін сұрайтын, жауабын айтатын кім бар?

Дж.: Біз мұнда үлкен топпыз.

Д.: Біздің сұрақтарға жауапты кімнен сұрай аласың? Сен пішіндерді қарап тұрғанда олармен әңгімелесер едік.

Дж.: Жарық пен пішіндер жоқ боп кетті. Мен біреудің әңгімесін естіп тұрмын. Бірақ олар не туралы сөйлесіп жатқанын білмеймін.