Файл: Долорес Кэннон. Мы лшемді алам. Том Мскеу. Стигмарион баспасы, 2014 352 бет.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 165

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Д.: Бізге кім ақпарат беретінін сұрастыршы?

Дж.: (Үзіліс). Олар мені тыңдамайды.


Д.: Бәлкім, сен мұны ойша істей аласың?

Дж.: Тырысып-ақ жатырмын (Мейірімді дауыспен). Не боп жатқанын түсіне алар емеспін (Ол бірдеңе деп міңгірледі, әлдекіммен сыбырласқандай). Олардың қолы тимей жатқандай, сөйлесіп жатыр (Үзіліс, тағы да сыбырласу). Енді олар мені айнала қоршап тұр.


Д.: Олар не істеп жатыр?

Дж.: Ақпарат алмасып жатыр.


Д.: Сенімен бе, әлде бір-бірімен бе?

Дж.: Менімен де, бір-бірімен де.


Д.: Жақсы. Сенімен осы жағдай болып жатқан кезде араларынан біреу біздің сұрақтарға жауап бере ала ма деп ойша сұрашы?

Дж.: Бұл жағдай болып жатқанда бірдеңе сұрау қиын (Абдырап тұр, аздап әбіржіп тұр). Талай дүние боп жатыр, не сұрайтынымды да білмеймін (Ол қолымен бірнеше ишара жасады, айналасындағыларды нұсқап жатқандай). Мынау жігіт ауыстыруды жүзеге асырады, мынау да, мынау да (Осылай қайталай берді).


Д.: Бұлардың бәрі сенімен ойша сөйлесіп жатыр ма?

Дж.: Ойша деп ойламаймын. Қалай сөйлесіп жатқандарын білмеймін, бірақ ойша емес секілді.

Д.: Ендеше, уақытты алға оздыруымызға болатын шығар? Осы үдеріс біткен тұсқа жетейікші.

Дж.: Менің басым ауырып тұр!

Оның ыңғайсыздығы санасына түсіп жатқан ауқымды ақпараттан боларын сезіктенгем. Басына қолымды тигізген сәтте барлық жағымсыз әсер жоғалып кетеді деп нұсқау бердім (Ол жеңілдене ыңырсыды, мен оның өзін жақсы сезінгенін байқадым). «Ауқымды ақпаратты сіңіруді тоқтатып, менімен сөйлесе алатын сәтке жетейікші (Жеңіл тыныстады). Біздің сұрақтарға жауап бере алатын біреу бар ма?»

Дж.: Олар сізбен кім тілдеседі деп талқылап жатыр. Көруге тырысып жатырмын, бірақ қолымнан келер емес (Кенеттен ауыр күсінді). Ох, маған пирамида келді. Төбесі төмен қарап қапты. Оның үстінде сызықтар. Ол әншейін маған қарай төмен түсті.


Д.: Ол не? Жарық па?

Дж.: Неден жасалғанын білмеймін. Ол ауысып жатыр. Компьютерлік ойын секілді. Ол менің басыма төніп келеді. Ол менің тәніме еніп жатқанын көріп тұрмын. Ол көптеген деңгейден тұрады, бөліністерден. Сыртында сақиналары бар, ағаштағыдай. Ол төмендеп келеді, белгілі бір нүктеге жеткенше, сосын тоқтайды. Тағы да қозғалып, тоқтайды. Қозғалып, тоқтайды. Бүкіл денем соның ішінде тұрғандай. Ол денемді тұтас қамту үшін кеңейіп жатқандай. Қолым бір түрлі боп барады. Тәнім жойылып бара жатқандай (Мен алаңдап қалдым). Бәрі жақсы. Бұл қалыпты жағдай. Еш жерім ауырмады. Менің тәнім жоқ боп барады. Ол еріп барады.



Д.: Сен қайда жүрсең де менің дауысымды ести аласың. Бәлкім, не болып жатқанын біреу түсіндірер?

Дж.: Өтінем сізден (терең тыныстады) қазір сұрақтарға жауап беру мүмкін емес. Олар жауап берер, бірақ қазір емес.


Д.: Жарайды. Сенің халың жақсы ма?

Дж.: Иә. Тек тәнім еріп кеткені болмаса. Тұтастай...

Олар маған күтсін деді. Сол мезетті қолданып, Джениске өзін жақсы сезіну үшін қосымша нұсқау бердім.

Дж.: (Көзін жыпылықтатып, үзіліс жасады). Бізбен сөйлескіңіз келгенін түсінеміз, бірақ қазір бір жұмысты атқарып жатырмыз. Соны істеу үшін сіздің сеансты қолдануды жөн көрдік. Негізінен, бұл кеше кешке жасағанымыздың жалғасы. Сіз кеше кеште не болғанын білгіңіз келеді. Бірақ қазір болып жатқан оқиға бұл әйел үшін мүлде жаңа қадам. Ол не істеу қажетін тиянақты білетін болады.

Дауыс күрт өзгерді. Бұл өзгеріс үнемі кенеттен басталып кетеді. Сондықтан менімен сол тіршілік иелерінің бірі сөйлесіп жатқанын еш күмәнсіз түсінемін.


Дж.: Енді сізге бәрін түсіндіре аламын. Не білгіңіз келеді?

Д.: Дженис өзі көрген пішін мен оюлардың не қажеті барын білгісі кеп еді.

Дж.: Бұл тұтастай бір тіл. Бірақ сізбен ол туралы сөйлесе алмаймын. Алайда адамдар меңгеруге тиіс тілдесу тәсілі барын айтқым келеді. Бірақ оны қазір сізге түсінікті боларлықтай етіп айтып бере алмаймын. Дженистің тәжірибесі молайған шақта айтуға болар. Қазір ол нұсқаулар алып, келешекте жұмысына қажет болар өзге де тілдесу тәсілдерін меңгеріп жатыр. Мұны мысалмен келтірсек болады: сіз Францияға бару үшін француз тілін үйренесіз, француз халқымен сол тілде сөйлесесіз. Ол тілдесу тәсілдерін болашақтағы жұмысы үшін үйреніп жатыр. Бұл өзін қорғау үшін де маңызды.


Д.: Бұл символдар оған өзін қорғауға көмектесе ме?

Дж.: Символдар әзірге адамдардың білуге болмайтын нәрселерінен қорғап тұрады. Дегенмен бұл символдар оның санасында сайрап тұруы маңызды. Сонда келешекте олар санасында жаңғырып, белсенді түрге көшеді. Ол білуі, түсіндіруі, үйретуі тиіс кезге жеткенде бәрі жаңғырады.


Д.: Келешекте сол символдардың суретін салып, маған түсіндіріп бере ала ма?



Дж.: Мүмкін. Оны мен шешпеймін. Шешімді анағұрлым жоғары деңгейде қабылдайды. Ол туралы бұның алдындағы сеанстарда сұрап, жауабын алған боларсыз.

Д.: Мен сұрағанмын. Бірақ олар әзірге маған жауап бере алмаймыз деді.

Дж.: Онда мен де сізге сол жауапты айтамын.

Д.: Дженис қазір жиылып тұрған бір топ тіршілік иелерінің мақсаты не екенін білгісі кеп еді.

Дауыс қайтып өзгерді. Бұл жолы ол өте нық әрі кәсіби түрде шықты.

Дж.: «Мен жауап берейін. Бұл топтағы тіршілік иелері әр деңгейден тәжірибесі бар болғандықтан осында тұр. Бұл топты дамудың түрлі саласындағы «үздіктердің үздігі» десек те болады. Оларды магистратурада сабақ беретін профессорлармен салыстыруға болады: бұлар университеттің бірінші курсына сабақ беретін профессорлар емес».

Д.: Дженис бәрін бірдей көре алмайтынын, бірақ олардың әр түрлі екенін айтып еді.

Дж.: Олар алуан түрлі.


Д.: Дженис олардың кейбірін таныды. Сіз бірнеше сұраққа жауап бере аласыз ба?

Дж.: Егер мен жауап бере алмасам, жауап бере алатын біреу шығады. Топпен бірге сізге серіктес боламыз деп келістік. Егер топтан біреу бұл сұраққа қазір жауап берудің қажеті жоқ десе, жауап бермейміз.

«Бау-бақша сақтаушылары» деген кітабымда Филмен жұмыс істегенімде осындай жағдай болып еді. Менімен он екі тіршілік иесі қатар сөйлескен. Олар маған Жер ғаламшарына тіршілікті енгізу тарихын айтып беріп еді. Олар да үнемі тек рұқсат етілген тақырыпты айта аламыз дейтін.

Д.: Арқалай алатын жауаптың бәрін қабылдаймын. Жауап беру мүмкін болмаса, айтыңыздар. Қазіргі кезде Жерде көп адамды алаңдататын жағдайлар боп жатыр. Англия даласындағы шеңберлерге қатысты. Оларды «жүгері шеңберлері» дейді, бірақ ондай шеңберлер көбіне-көп бидай мен дәнді дақылдар еккен жерде кездесетін. Соңғы бірнеше жыл қатарынан көрінді. Осы жайлы айтып бере аласыздар ма? Олар қайдан шықты, неліктен шықты?

Дж.: Бұл шеңберлердің бірнеше себебі бар әрі олар әр түрлі себептер. Сіз спиральдің не екенін түсінесіз бе? (Иә). Терезені ше? (Иә). Кей кезеңдерде белгілі бір қуаттар оларды Жердің қуатымен, Жердің тербелісімен қарым-қатынас орнату үшін қолданады. Мен сізге техникалық нақтылығын түгендеместен жауап беруге тырысып жатырмын. Бәрін толық айтып бере алмаймын, кейде мұндай шеңберлер кемелердің қонуы салдарынан пайда болатынын айта аламын. Шеңбердің пайда болуы кеменің ұшу тәсіліне әрі сіздердің ғаламшардың гравитациялық күшіне байланысты. Басқа да себептері бар.


Д.: Бірақ шеңберлердің бәрі дерлік кемеден соң қалмайды, солай ма? (Иә). Кейбірі белгілі бір өрнекті көрсетеді. Шоғырлас шеңберлер және сан алуан пішіндер.

Дж.: Солай. Бір-біріне қалай орналасқаны туралы айтып жатырсыз ғой. (Ұзақ үзіліс). Кешіріңіз. Мен жауаптарын білем, бірақ оны келесі кездесуде айтамын. Қазір айта алмаймын, себебі қазір бәрі түсініксіз қала бергені жөн. Бар айтарым, қазір кейбір адамдар бір жобаны жасап жатыр. Бұл сол жобаның бөлігі. Осынау шеңберлерден еш зиян жоқ екенін білсеңіз де жеткілікті. Олар қуат ағынының басқа қырларымен байланысты. Олар осында болуы тиіс. Дженис символдарды зерттеп жатқанда, Жер дейтін нәзік ғаламшардың ішкі қабатын тұрақтандыруға бүкіл күш жұмсалып жатыр. Бұл шеңберлер өте күшті. Оларды ақпарат жіберу үшін фокус нүктесі ретінде де қолданады. Сізге бар айтарым осы.


Д.: Өрнектердің белгілі бір мағынасы бар ма?

Дж.: Бар.


Д.: Мұндай шеңберлердің көбісінің Стоунхендж сияқты тарихи орындардың маңынан табылуында бір мән бар ма?

Дж.: Әрине. Сіз Стоунхендж жайында ойлағанда жер бетіндегі ежелгі ескерткіштер мен «киелі жерлер» туралы ойлайтыныңыз анық. Бұлар бірден киелі боп кетпейтінін біле жүріңіз. Олар қуат резервуары болған. Бұл жерлермен біздер сан ғасырлар бойы жұмыс істеп келеміз.

Д.: Бірақ шеңберлер жаңадан түскен сияқты.

Дж.: Солай сияқтанады. Сіз оларды бұрын көрмегенсіз, бірақ олар әрдайым болған еді. Сіз оларды өлшемдердің белгілі бір ығысуынан соң байқадыңыз.



Д.: Яғни, олар жердің бетінде бар болған?

Дж.: Олар жердің беткі қабатының астында болды. Олар тек қазір жер бетіне шықты. Жер өте күшті өзгерістерді бастан кешіп жатыр... (Күрсінді). Сіздің ғаламшардағы ығысу оларды жердің бетіне шығарып жіберді.

Д.: Яғни, бұрын олар қуатты түрлендірген, яки басқа қызметін жердің астында жатып орындаған (Иә). Қазір соның бәрі жердің бетінде жасалады?

Дж.: Иә, себебі, бәрі өзгерді.

Д.: Көптеген адам мұны өзгеше бір қарым-қатынас деп есептеп жатыр.

Дж.: Бұл солай. Бұл шеңберлер тербеліс фокусының нүктесі ретінде қолданғанын сізге айттым ғой, әлде айтпадым ба? Тілдесу үшін әдеттегі тәсілді қолданбағанда осылай болады екен. Айналаңның бәрі сенің ойыңды оқиды деп ойлап қала бересің, айтпағым: шеңберлер қуаттың фокус нүктесі болып есептеледі. Қуаты белгілі бір схема бойынша енеді. Спираль бойымен. Сосын көтеріледі... (Сөз таба алмай жатыр).

Д.: Сол жерден? (Иә). Шағылғандай? (Иә). Жақсы. Дженис қуатқа байланысты жобаға қатысып жатқанын айтқан.

«Сақтаушылар» кітабымда Дженис жердің қуатын реттеуге бағытталған қуат туралы жобаға қатысып жатқаны айтылған. Бұл жобаға көп адам тартылған. Бірақ олар мұны саналы өмірде білмейді. Маған да осы жобаға қатысып жатырсың деген. Саяхаттарым менің қуатым қайда керек болса, жердің түкпір-түкпіріне жетелеп әкеліп жатты. Жобаға қатысқан адам өз қуатын жоғалтпайды.

Дж.: Бұл жобаның басқа кезеңі ғой.


Д.: Алайда, қуат тайқып барып кері қайтады. Солай ма?

Дж.: Әр түрлісі бар... Мен жауап берейінші? (Қыздың дауысындай жұмсақ, сұрағы бәсең естілді, шамасы маған қарата айтылмады). Иә. Мен жауап бердім бе? (Бұл да жұмсақ естілді, ол маған қарата айтып жатқанын түсінбей қалдым).

Ұзақ үзіліс болды. Сосын басқа дауыс сөйледі. Алдыңғысынан да жұмсақ. Меніңше, ол да әйел жаратылысының дауысы.

Дж.: Шамасы, мен сізге жауап бере алатын сияқтымын. Бұл жобаға қатысты дүниенің бәрін түсінуге жетпедіңіздер. Бірақ біздің топтың мүшелері айтатын кейбір маңызды детальдерді біліп жүргендеріңіз абзал. Сіз білуге тиіс бір нәрсе – мұндай шеңберлер Перуде, ғаламшардың басқа түкпірлерінде де бар. Бірақ адамдар оны білмейді. Біздер адамзат баласына басқа да тілдесу тәсілдері барын білдіртуге тырысып жатырмыз. Осы шеңберлер арқылы тілдесетіндер бар. Қуаттың шеңберлері Жердің өн бойымен қозғалады. Бұл да сол жобаның бір бөлігі. Тек бұл басқа кезеңі. Жер ғаламшары кеңістікке айналатынын сіз білуге тиіссіз, солай ма? (Иә). Ол қалай айналады? Қай бағытта айналады?