Файл: Долорес Кэннон. Мы лшемді алам. Том Мскеу. Стигмарион баспасы, 2014 352 бет.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 162

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Д.: Сағат тілі бойымен?

Дж.: Шын мәнінде оның маңызы жоқ. Шеңбердің мәнісі – олар тепе-теңдікті орнатуы үшін қарсы бағыттағы эффектіні көрсетуі тиіс. Бұл бір міндеті. Олардың бойымен қуат циркуляция жасайды. Егер сіз басқа өлшемдерді көре алсаңыз, сіз спиральді көрер едіңіз. Айналу эффектін көрер едіңіз. Сіз мұны көрмейсіз, бірақ олар қозғалады. Үздіксіз қозғалыста. Зырылдауықтай зырылдап тұрады. Сағат тілінің бағытымен. Шеңберлер қай бағытта айналады? Мен көргендер екі бағытта да қозғалғаны байқалып тұр.


Д.: Зырылдауықты ойлап тұрмын. Зырылдауық айналып, кеңістікте қозғалады. Жердегі жанасу нүктелері осылар болып тұр ма?

Дж.: Сіз мұны құйын сияқты елестетуіңізге болады.

Д.: Жақсы. Ол ғарышта орналасқан. Сосын жерге жақындап, онымен жанасады.

Дж.: Солай. Шын мәнінде шеңбердің кіндігінен сәуле өтеді, сол айналады. Фокус нүктесі туралы айтқанымыз есіңізде ме? Сәуле тура шеңбердің кіндігіне түседі де, айнала бастайды.

Англиядағы шеңберлерге бірнеше рет барған саяхаттарымда назарым түскені сол нәрсе еді. Белгілі бір фокус нүктесі бар, шеңберлер содан туатындай көрінетін. Бұл шамамен қатты қысыммен шлангымен су шашу сияқты, сонда ортадағы нүктеден айналасына шеңбер сызылар еді. Бұл шланг емесін білетінмін, шамасы қуат ағыны, бірақ шланг мен тапқан ең оңай балама болды.


Д.: Жер қыртысындағы қозғалысты тұрақтандыруға көмектесетін жобаның бір бөлігі болды ғой?

Дж.: Иә.


Д.: Нақты бір жерлерге ғана бағытталған ба, әлде тек осы жерлерде анық көріне ме?

Дж.: Осы жерлерде сыртқы қабатқа шыққан. Бұл адамзаттың өзіне сұрақ қойып, ізденуіне бір сылтау болды. Оның үстіне осынау білім мен түсінікті игеруге қабілетті жандарға үлкен мүмкіндік туып тұр.

Д.: Кей шеңберлердің ішіндегі масақтар бір бағытта, сыртындағы масақтары қарсы бағытта екенін көруге болады.

Дж.: Рас.


Д.: Неге сыртқы бағыт қарсы жақтан жүрген?

Дж.: Ішкі қысымды теңгеру үшін.


Д.: Бұл шамасы өте жылдам жүретін нәрсе ғой. Солай ма?

Дж.: Иә, өте жылдам. Сіз оны көре алмайсыз.


Д.: Шеңберлер түнде пайда болады дейді. Сәуле қайдан шығады сонда?


Дж.: Мен оны... (Тыныс алу жиіледі, дауыс үзіліп, үзіліп, шиқылдады да, тоқтап қалды. Жазылған дауысты тыңдағанымда бұл жері бір қызық естілді, кей сәтінде түсіну қиын болды. Бұл қуат ағыны болғаны ма?) сізге айта алмаймын.


Д.: Айта алмайсыз ба?

Дж.: (Тіршілік иесі қатты толқыды). Иә.


Д.: Жарайды. Ол сәуле неден шығатынын білгім келіп еді, ғарыштан ба, кемеден бе, әлде...?

Дженистің түрінен өзін жайсыз сезініп тұрғанын байқадым. Ол тағы ыстықтады деп ойладым. Мен көрпесін түзеп, тағы да қосымша нұсқау бердім. Бірақ ар жақта басқа бірдеңе болып жатқандай. Ол тез-тез тыныстап жатты. Оның тыныс алуын нұсқау беріп, қалыпқа келтіру үшін бірнеше секунд қажет болды. Ол қайтадан босаңсыды, мен сұрақ қоюымды жалғастырдым. Бірақ тіршілік иесі сөзімді бөлді.

Дж.: (Мейірімді түрде). Өтінем...


Д.: Не дейсіз?

Дж.: Есімді жинап алуыма мұрсат беріңіз.


Д.: Жақсы. Тек Дженис ыстықтап кетті. Бұл қуаттың кесірінен бе?

Дж.: Иә. Оның тәні жобаның осы кезеңдегі қуатын толық сезінді. Біз сізбен тілдескенде тән өткізгіш болатынын түсінерсіз. Бірақ тән осы жобаға қатысатындықтан оның қуатпен жанасуын тоқтату мүмкін емес.

Адамдарға жұмыс ойша жүріп жатқандай көрінеді-ау. Бәлкім, сіз «ойша» дегенді түсінерсіз, бірақ шын мәнінде олай емес, бұл үдеріс адам тәніне әсер етеді. Әрі бұл тым жылдам жүреді. Сіз айттыңыз ғой: «Өте жылдам боп жатыр-ау деп». Сіздің сол сөзіңіз оны әрекетке келтірді. Бұл деңгейде өте ықтиятты тілдесу керек.

Д.: Кешіріңіз, мен білмедім.

Дж.: Сіз біле де алмас едіңіз. Біз сізбен тілдесіп, жұмысыңызға көмектескіміз келеді. Тіршілік иелерімен жұмыс істеуіңізді жалғастыра бергеніңізді қалаймыз. Сеанс кезінде тіршілік иелері сізбен тілдесуді жалғастыру үшін сіздің де, біздің де әңгімемізді реттеп отырғанымыз жөн екенін түсінерсіз. Әрекеттесуші қуат деңгейі деген... (Ойы шашырады, сөз таба алмай)... өте шетін мәселе.

Д.: Мен тек оның әсерленгенін білдім. Аяқ астынан қызуы көтерілгендей.

Дж.: Адам шеңберлердің бірінің кіндігінде болса, нақты айналдыратын күш адам тәнінде үлкен көлемдегі жылуды түрлендіре алады. Сіздермен ақпарат бөлісуге келдік. Мұнда тілдесу үшін келеміз. Себебі, бұл дүниенің бәрі өте маңызды. Алайда адамдарға көмектеу үшін сіздерге кей затты үйретуіміз керек.



Д.: Иә, себебі мен қай сөзім нені әрекетке айналдыратынын білмеймін. Солай болуын анық қаламаған едім.

Дж.: Тән зақымданбайды. Бәлкім, сіз жаңағы көргеніңізден соң адамның тәні зақымданады деп ойлап тұрған шығарсыз. Бірақ бұл әйел... (қайтадан сөз таппай қиналды).


Д.: Бейімделген?

Дж.: Осыған өте жақын. Бірақ бұл жай бейімделу емес (Тағы да абдырап тұр). Дайындалған. Иә. Осылай атасақ болады. Ол өзінің саналы өмірінде осы жобаға қатысып жатыр, сондықтан осынау жылдар бойы қарапайым адам шыдас бермейтін қуаттарға бұл әйел шыдай алатын деңгейге дейін дамыған. Дезинтеграцияның кей эффектісі болмаса, қарапайым адамның тәні мұндай қуаттарға шыдай алмас еді.

Д.: Оның шыдай алатыны жақсы екен, өйткені мен оған зиянымды тигізейін демедім, шеңбер туралы әңгімені үзуге тура кеп тұрғанын біліп тұрсыз ба?

Дж.: Мәселе тек шеңберлер туралы әңгімеде емес. Шеңберлер – осы істің бөлінбес бөлшегі, сізге әлі пирамидалармен бетпе бет келуге тура келеді. Мысырда материалды пирамидалар бар. Алайда осы шеңберлерге ұқсайтын пирамидалар бар. Сіздер оларды әлі Жердің беткі қабатынан көресіздер. Бұл қуатпен жұмыс істеудің тағы бір тәсілі. Қуатпен жұмыс істеу сіздердің ғаламшарды қолдау үшін өте маңызды. Кейде ұшып келіп, жерге қонатын кемелер де осы тектес із қалдыратынын сіз білуге тиіссіз. Сондықтан шеңбердің бәрі біркелкі емес.


Д.: Бірақ кеме қонған жерлерде мұндай қуаттың эффектісі жоқ. Олар кемелердің қозғалысынан соң қалады ғой?

Дж.: Алайда оларды содан соң қолданады.


Д.: Бұл сәулелер ғарыштан ба, әлде кемеден түсе ме деп сұрап ем? Олар қайдан шығады?

Дж.: Оны сізге айта алмаймын. Біз бұны келесі жолы талқылайық. Мұнда сізбен тілдеспеген жаратылыстар бар. Бәлкім, оларға қояр сұрағыңыз бар шығар?

Д.: Жақсы. Дегемен мен қандай тақырыпқа сөйлесуге болмайтынын білмеймін.

Дж.: Сізге білдіртеді.

Мен сұрақ қоюға енді дайын болғанда, әлдене болды. Топ мүшелері мұны тосын жайт деп есептеді. Ол жайт менің жұмысымнан маңызды еді.

Дж.: (Қатқыл дауыспен). Нұсқау беріңіз!


Д.: Не?

Дж.: (Мазасыздана). Нұсқау беріңіз!


Д.: Қай мағынада?

Дж.: Жаратылыстың жанына батып барады. Нұсқау беріңіз!

Дженис басын ұстап тұрды. Мен оған жағымсыз жайттар болғанда айтатын қалыпты нұсқауларды айттым. Маңдайының ортасына саусағымды тигізіп, нұсқау бердім, сонда жағымсыздық бәсеңдейді. Бірақ әлгі тіршілік иесі араласты да, бір саусақпен басып тұр деп пәрмен етті. Маған айтылған пәрменді орындауға тырыстым. Бірақ ол тағы араласты. «Ол жерді емес».


Д.: Қай жер екенін көрсетіңіз.

Дж.: (Ол маған қай жер екенін көрсетті). Ақырын! Мен сізге көмектесемін. (Ол менің саусағымды ұстап, маңдайының ортасындағы қажет нүктеге апарды). Мен сізге көмектесемін. Нұсқау беруді жалғастыра беріңіз.

Мен нұсқау беруді жалғастырдым, дегенмен бірдеңе дұрыс болмай жатты.

Дж.: Маған қолыңызды беріңізші! Қолыңызды қозғалтпаңыз! Бұл өте маңызды! (Қатаң түрде). Қолыңызды қимылдатпаңыз! Маған қолыңызды беріңіз! Бұл өте маңызды! Қолыңызды бос ұстаңыз! Саусағыңызды беріңіз! (Жұмсақ айтты). Маған саусағыңызды беріңізші.

Д.: Мінекей.

Ұзақ үзіліс болды. Дженис менің саусағымды ұстап, маңдайындағы қажетті нүктеге апарды. Мен қолымды бос ұстап, жағымсыз сезімдерді босатуға нұсқау бердім.

Дж.: Мен аяқтаған кезде сізге белгі беремін. Қаталдығым үшін кешірім сұраймын, бірақ тосын жайт болып қалды.


Д.: Не болып жатқанын түсіндіре аласыз ба?

Дж.: (Үзіліс). Сөйлемеңіз!

Д.: Менің денемнің қуатын қолданып жатсыздар ма? (Жоқ).

Өте ұзақ үзіліс болды. Содан кейін барып Дженис шамалы босаңсығандай көрінді. Тыныс алуы қалыпты болды.

Дж.: (Машиналды түрде). Рақмет сізге. Қаталдығым үшін кешіріңіз, бірақ төтенше жағдай болып қалған соң жаратылыспен физиологиялық қатынас жасауға тура келді. Біздің деңгейде оны істеу мүмкін емес.


Д.: Сіздерге көмектесе алғаным үшін қуаныштымын, мен де Дженистің қауіпсіздігі үшін алаңдаулымын. Не болғанын айта аласыздар ма?

Дж.: Бір минут. Біз жағдайды тұрақтандырып алайық.

Д.: Яғни, мәселе менің қуатымда емес, физиологиялық жанасуда болып тұр ғой.

Дж.: Иә. Сізге, яки сіздің қуатыңызға еш қатысы жоқ. Егер әлдене сезіп тұрсаңыз, біз оны жоқ қыламыз.

Д.: Жоқ, мен ештеңе сезіп тұрғам жоқ.

Дж.: Мен олай ойламаймын.

Д.: Сіздер менің қолымды қолдану үшін сәл-пәл босаңсуға тырысып жатырмын.

Дж.: Ол өте қиын. Сіздің ықыласыңызды қатты бағалаймын. Бұл өте маңызды.

Тағы да ұзақ үзіліс орнады. Сол кезде Дженис менің саусағымды маңдайындағы басқа нүктелерге қозғалтып отырды. Ол бірнеше рет күрсінді.


Д.: Неге әр түрлі нүктелерге басып жатқаныңызды түсіндіріп бере аласыз ба?

Дж.: Бұл меридиандық нүктелер. Бұл нүктелі массаж сияқты нәрсе. Сіздің жанасуыңызбен адам менімен байланысқа түседі, бірақ сіздің тәніңіз ол байланысқа араласпайды.


Д.: Мен мұны жазып алғым келеді. Сіз маңдайға, көзге, құлақтың маңайындағы нүктелерге бастыңыз...

Дж.: (Менің сөзімді бөліп). Қолыңызды беріңіз! Түзу ұстаңыз!

Д.: Сіз құлақтың алдындағы маңайға, иектің астына, маңдайға жанастыңыз. Сосын кеңсіріктің ортасына.

Осы қимылдар қайта-қайта қайталанды. Сосын ол босаңсып, менің қолымды жіберді. Шамасы, төтенше жағдай аяқталды.

Дж.: Рақмет.


Д.: Енді жақсы болды ма?

Дж.: (Өзінің кәдуілгі дауысымен). Иә, жақсымын.

Д.: Мен көмектесе алғаныма қуаныштымын. Не істеп жатқанымды өзім білмедім. Ыңғайсыз отырып қалыппын. Сондықтан босаңсуым қиын болды.

Дж.: (Қатал дауыс қайта оралды). Қолыңызды қолдануға рұқсат бергеніңізге рақмет!


Д.: Нендей төтенше жағдай орын алғанын айта аласыздар ма?

Шеңберлердің қалдық эффектісі. Қазір сіз өлшемдер арасында отырғаныңызды түсінуіңіз маңызды. Сізбен сөйлесіп отырған тіршілік иесі де солай. Бір өлшемнен екіншісіне лайықты реттілік жасалмай, жылдам ауыса берсе, жаратылыстың физиологиялық тәні қатты қиналады, ауырады. Сол үшін біз... (тағы да сөз таппай),.. былайынша, өзімізден өзіміз озып кеттік.


Д.: Тез қозғалдыңыздар ма?

Дж.: Бәрі уақытқа байланысты. Ғарыштың уақыты, жердің уақыты, биологиялық уақытта. Егер осы уақыт түрлері сәйкеспесе, жаратылыстың тәнінде осындай жағдайлар боп қалуы ықтимал. Сіз шеңбер туралы айтқанда, жаратылыс соны басынан кешіреді. Сізге соны түсіну керек.

Д.: Мен білмедім.

Дж.: Сізге соны білудің қажеті жоқ шығар деп ек.

Д.: Бірақ мен білгім келеді. Сонда Дженистің қауіпсіздігін қамтамасыз етем. Оны қиналудан сақтап қаламын ғой.

Дж.: Келешекте нұсқаулар алып отырасыз. Аса бір мұқтаждық болмаса, жағдайдың алдына түсіп, асықтырмайық. Осы топтағы тіршілік иелері үшін мұндай ақпарат алмасу түрі ерекше боп тұр. Сіз білуге тиіс нәрсе... (Дженис ауыр тыныстады, ол қайтадан қиналып жатқандай).


Д.: Дженис, тағы ыстықтадың ба?

Дж.: Сізбен тілдесу үдерісін тездетудің амалы бар ма екен