Файл: Долорес Кэннон. Мы лшемді алам. Том Мскеу. Стигмарион баспасы, 2014 352 бет.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 168

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
, соны білуге тырысып жатырмыз. Біз іздестіріп жатқандықтан, біршама реттеу жасауға тура келеді.

Д.: Жақсы. Бірақ ол қиналып тұрса, бұлай жасаудың қажеті жоқ шығар...

Дж.: Қажеті бар, жоқ деу орынсыз. Сіз өз жұмысыңызды жасайсыз, не жасамайсыз. Қатал болып көрінгім келмейді. Бар айтарым, бұл өте маңызды ақпарат. Соны жеткізудің ең тиімді тәсілін табуымыз керек. Сіз топпен жұмыс жасағанда, қазіргідей тұрақсыз күйде қалмай, мейлінше тепе-теңдік жағдай орнауы тиіс. Сондықтан біздер біршама түзету жасауымыз керек, сонда жаратылыс пен топ арасында, топ пен сіздің арасыңызда, сіз бен жаратылыс арасындағы теп-теңдік орнатамыз.

Шеңбер сияқты маңызды тақырыптарға ауысқанда бәрі өте жылдам жүреді.

Иә, өте жылдам. Бірақ біз оны өз ықтиярымызға аламыз. Біздер «жылдам» деген сөз осыншама реакция тудырарын білмедік. Сондықтан біз бұл әйелдің де реакциясын зерттеп жатырмыз.

Д.: Менің де айтпағым сол еді. Менің сөздерім оған қалай әсер етерін білмеген едім.

Дж.: Біз сізді түсінеміз. Егер сізге қаталдық көрсетіп жатсақ, сіздің түсінетініңізді де білеміз. Бұл сізге ашуланғандықтан емес. Амалсыз солай етуге мәжбүрміз (Ұзақ үзіліс).


Д.: Сіз біреуді тыңдап жатсыз ба?

Дж.: (Оның дауысы қалыпты дауысқа ауысқандай). Иә. Әлдекім сізбен сөйлескісі келеді. Бірақ ол ағылшынша сөйлемейді. Ал мен айтып бере алмаймын. Не істейтінімізді шешіп жатырмыз.


Д.: Басқа ешкім айтып бере алмай ма?

Дж.: Бәрі тығырыққа тіреліп тұр, шешім табуға тырысып жатырмыз.

Д.: Оларға біздің уақытымыз тығыз екенін айтыңыз. Олар маған нұсқау бергендіктен өзіме жолданған үндеуді білгім келеді (Аздап қобалжып). Бәлкім, олар басқа біреу арқылы жеткізер?

Дж.: ОЛАР соны ойластырып жатыр (Жұмсақ дауыспен айтты, басқа біреумен сөйлесіп отырғандай). Жақсы (Күрсінді).


Д.: Олар дайын ба?

Дж.: (Басқа дауыс, қаттырақ шықты). Мүмкін.

Д.: Мен ешбір ережені бұза қоймаған шығармын. Соны біле алмай отырмын.

Дж.: (Ол қыздың дауысымен сөйледі, сосын жөтелді, дауысын қырнап, сөйлеуге дайындалып жатқандай. Бұл дауыс расымен әйелдің дауысы еді, өте нәзік дауыс). Сіз ешбір ережені бұзбадыңыз. Бірақ бұл тақырыпты қозғағанда өте сақ болуыңыз керек. Осы ақпаратпен бөліскен адамдарыңызға өте мұқият болыңыз. Кейбір шетін тақырыптар бар. Ақпаратпен қалай болса, солай бөліспеуіңіз маңызды. Сіз бәрін дұрыс жасайтынсыз. Сол үшін сізге ризамыз. Мәселе ақпараттың табиғатында әрі уақытта. Қазіргі кезде әр адам бәрін білгені жөн емес. Сіз кімнің нені білуі тиіс дегенді өте дұрыс ажыратасыз. Соның арқасында сізбен емін-еркін серіктес бола аламыз. Мәселе тек сенімде емес, кілтипан ақпаратпен бөлісетін уақыттың әлі тумауында. Сондықтан келешекте ақпарат алғанда сізге жаңа нұсқау алғанша бұл ақпаратпен бөліспе деп айтып отыратын болады. Қажет болған кезде сіз өзгелерге де кеңес беретін боласыз. Бірақ ақпаратты алған дереккөзіңізді әсте атамаңыз. Біз де өз тарапымыздан өзгелердің білмеуге тиіс ақпаратын білдіртпеуге тырысамыз.


Д.: Мен сіздердің нұсқауларыңызды орындаймын.

Өзімнің тәжірибемнен оларды тыңдауға тиіс екенімді білетінмін. Әйтпесе, олар ақпаратты жариялатпаудың амалын табар еді. «Сақтаушылар» кітабында мен сеанстар жазылған төрт кассетамның сегіз жылға жоқ боп кеткенін айтқанмын. Себебі, олар ол кезде жарияланбауы тиіс болған. Сол сеанстар өткелі бері он шақты жыл уақыт өтті. Сондықтан ол ақпаратты айтатын уақыт енді жетті деп ойлаймын. Олардың сөзінің жаны бар. Жұмыс барысында бірнеше рет өте құпия ақпарат алдым, оны маған не менің жеке қауіпсіздігіме алаңдап, не әлі уақыты келмеді деп жариялауға рұқсат етпеді. Сол себепті мен олардың нұсқауына үнемі құлақ асып үйренген едім.

Д.: Бізге мына істі аяқтайтын уақыт боп қалды-ау деп ойлап тұрмын. Біздің өткізгіш бүгін ауыр сынақтан өтті. Бүгін менімен сөйлескен топтың барлық мүшесіне алғыс айтқым келеді.

Дж.: Басқалары да бар. Олар сізбен келесі жолы сөйлесер.

Д.: Бәрін дұрыс істеуге тырысамын. Егер менен қателік кетсе, онда бұл білместіктен.

Дж.: О, біз сіздің қабілетіңіз туралы жақсы білеміз. Біз сізге ризамыз. Кейде төтенше жағдайлар туындап жатады. Сол сәтте қатал көрінуіміз бек мүмкін.

Д.: Бірақ мен қолымнан келгеннің бәрін жасап жатқанымды біліп жүріңіздер. Сіздердің сенімге селкеу түсірмеуге барымды салам. Себебі, байланысымыз менің кесірімнен үзіліп қалуын қаламаймын.

Мен Джениске кодтау сөзді айтып, оны фәни дүниеге қайтаруға ыңғайланып ем, ол мені тыңдаудың орнына қолымен ым-ишаралар көрсетіп кетті.



Д.: Бұл нені білдіреді?

Дж.: (Жұмсақ дауыспен). Біз сізге «сау бол» деп жатырмыз.

Д.: Меніңше, дәл мұндай ишараны көрсете алмаймын. Бірақ көп рақмет.

Содан соң Дженистің есін жиғыздым. Ол қалыпты өмірге оралды. Оның есінде дәнеңе жоқ. Бірге өткерген сынақтың бәрі оның тәніне де, жан саулығына да еш зиянын тигізбегендей. Бұл сеанста тіршілік иелерінен көп ақпарат алдым. Осындай өзгеше салада қызмет істеп жүріп, клиенттеріме қауіп төне ме деп алаңдаймын. Себебі, біз беймәлім кеңістікті зерттейміз, соңы не боларын, не күтерімізді де білмейміз.

Клиенттің денесіне қатты мән беріп отырамын. Туындай қалуы ықтимал кез келген түйткілдің алдын алуға тырысамын. Тіршілік иелері бұрын маған ондайға алаңдамауымды сұрайтын, түйкіл бола қалса, өздері ескертетінін айтқан, осы сеанста олар сонысын дәлелдеді. Мен ешқашан білмей қалатын жағдай туралы ескерттім. Мен өте бағалы сабақ алдым. Тек өзімнің тәжірибеме ғана сүйеніп жүре алмайтынымды түсіндім. Жұмыс барысында мені ылғи жоғары өлшемдегі тіршілік иелері бағыттап отырды. Егер осы соңғы сеанстағы болған жағдайлар мені қатты састырса, келесі сеанс кезінде алған ақпараттарға мен мүлде дайын болмай шықтым. Оқырмандарым осынау күрделі концепцияларды түсінер деп үміттенемін. Соңғы сеанстан бері бір жыл өткен. Бірде Литл-Рокқа келгенімде Дженис менімен жұмыс істей алмады. Содан бір күн бұрын түнде бір жаққа барғанын айтты. Соның салдарынан үйінен шыға алмай, көлікке отыра алмадым деді. Бұрындары да ол көлікке отырып алып, кілтті қайда саларын білмей дал болған сәттерді бастан кешкенін айтқан еді. Қарапайым дүниелер аяқ астынан өте күрделі боп кететінін айтатын. Құдды санасы бос қалғандай көрінетін. 1991 жылы Литл-Рокқа келген сапарымда мен Лу Фариш үшін беймәлім ұшатын нысандардың бірнеше байланысын зерттеуім қажет еді. Бәрін демалыс күндері бітірмекші боп жоспарладым. Жұмысты бастамас бұрын Пэтси, Дженис және тағы да бірнеше достарымызбен түстеніп алмақшы болдық. Түскі ас кезінде бәріміз жеке өмір туралы сөйлестік, беймәлім ұшатын нысандар, не менің жұмысым туралы ләм-мим демедік. Дженис өзінің айырылысып кеткен жігіті қайта оралғанын айтты. Ол беймәлім ұшатын нысандармен кездесулеріне қарамастан өте бақытты көрінді. Түстіктен соң біз Пэтсидің үйіне қайттық. Сеансты сонда өткіздік. Біздің соңғы кездесуімізден бері Дженистің өмірінде көптеген паранормалды жағдайлар орын алған екен. Бірақ солардың ешбірін де таңдамайық деп шештік. Сеанс кезінде нендей жағдайға жете алатынымызды білейік дедік. Джениске жасалған әр сеанс тосынсыйлар мен күтпеген жағдайларға толы болатын. Дженис төсекке жатқан кезде мен кодтау сөзді айттым, ол трансқа енді. Бірақ ол менің сөзімді бөлді де, сеансты бастау үшін белгілі бір уақыт күту керек деді.


Дж.: Тура 11:16 жалғастыруымызға болады.

Д.: Жақсы. Егер сағатыма сенсем, бірнеше минут қалды. Сағатым түзу жүріп тұр деп сенейік.

Дж.: Өтінем, 11:16-да. Біз анық білеміз. Әйтпесе, ақпарат түспей қалады.

Бұл беймәлім ұшатын нысандардың сеанс басталмай тұрып байланысқа шыққан бірінші реті. Әдетте біз өзіміз оларды іздейтінбіз. Мен сағатыма қарап қойып, Дженисті трансқа енгізуді жалғастыра бердім.

Дж.: Оған арналған кодтау сөзді қайталауыңызға тура келеді.

Мен кодтау сөз диктофонға түсіп қалмасын деп оны өшірдім де, сөзді айтып болып, дикофонды қайта қостым.


Д.: Қайда барғың келеді? Әлде сені мен бағыттайын ба?

Дж.: Біз уақыт қиылысына барамыз. Уақыттың қиылысы барын білесіз ғой.


Д.: Иә, сен маған айтқан едің. Не үшін уақыт қиылысына барғың келеді?

Дж.: Себебі, бұл тәжірибенің басы болмақ. Бұл қиылыс көп қырлы болғандықтан, көп дүниемен байланысты болады.

Д.: Дәл қазір сен айтқан уақыт болды. 11:16.

Дж.: Мен сәттің ішінде, сен минуттың.


Д.: Мұнымен не дегің келіп тұр?

Дж.: Біз уақыттың әр түрін сәйкестендіру туралы айтып тұрмыз. Адамдардың уақыты жайлы айтқанда, минут пен сағатты атайсыз. Дегенмен басқа әлемдерде уақыт минут, сағатпен өлшенбейді. Алайда ақпаратты бір өлшемнен екіншісіне өткізу үшін адамдар уақытының анық бір сәтінде болуға тиіспіз. Әйтпесе, жеткен ақпарат бүтін емес әрі келісілмеген боп қалады.

Д.: Мұндайды көбіне түсіну қиын. Әдетте сеансты мүмкіндік болған кезде өткіземіз ғой.

Дж.: Иә, бірақ басқа өлшемдердің уақытымен жұмыс істеп жатқан субъект мұның маңызды екенін біледі. Ол қажетті дүниені дер кезінде жасау керек екенін біледі. Әйтпесе, бәрін өткізіп алуға болады.


Д.: Бұл бір қақпа секілді ме, әлде портал ма? (Иә). Барғың келіп тұрған жерді өзің айтасың ба?

Дж.: Біз оны саяхат кезінде тауып аламыз.


Д.: Сен қалай саяхаттамақсың?

Дж: Сәуле болып. Жарықтың титтей ғана, өте кішкентай бөлігі болып.


Д.: Қайда саяхаттап жүрсің?

Дж.: (Қатты күрсініп, дем шығарды). Жұлдыздар арасында.


Д.: Сен онда не көріп тұрсың?

Дж.: О, бұл керемет! Бұл мүлгіген тыныштық.


Д.: Қайда бара жатқаныңды көріп тұрсың ба?


Дж.: Маған ештеңе көріп қажет емес. Мен онда жеткенде сеземін.

Д.: Ол жер бірдеңеге ұқсай ма, соны білгім келген.

Дж.: Мен материалды әлемге қарамаймын. Мен бір өрнекті көрем де, сол жер ме, әлде басқа ма, бірден түсінемін. Сол өрнектің ішіне енсем, керек жерге келгенім. Ол сенің бойыңа енеді, сен оған айналасың. Оны көруің міндетті емес, себебі сен өзің соған айналасың. Егер сіз материалды әлемді көргіңіз келсе, соны сұрайсыз да, соған қарайсыз. Кейде бәрі басқа түсте болып жатады. Алқызыл кварц түсіндей. Сіз оған жақындап келе жатқаныңызды білесіз. Сәл қалды, сәл-сәл... Қимыл жылдамдайды. Жылдам, жылдам ауысасыз. Өте жылдам. Бұл бөлшек сяхаттағанда оны көру мүмкін емес, ол өте жылдам қозғалады, алайда менталды деңгейде басқа жылдамдықты сезесіз.


Д.: Ол көзге көрінбейтін боп кетеді дегің кеп тұр ма?

Дж.: Иә. Бііірр! (Назарын әлденеге аударғандай. Жұмсақ күйде). Жарайды.


Д.: Не болды?

Дж.: Қиылыс. (Алаңдап)... Түйісу.


Д.: Жолдың түйісуіндей ме?

Дж.: Иә. Картадағыдай.


Д.: Сол нүктеге жеткенде не болады?

Дж.: Тоқтайсың.


Д.: Неге?

Дж.: Әр түрлі себеппен. Қайда тұрғың келетініне байланысты.


Д.: Бұны қалай түсінеміз?

Дж.: Бұл нүктеде ақпарат жинауға болады. Немесе басқа өлшемге кетуге болады. Мүлде басқа өмірді бастауға.


Д.: Сен ақпарат жинағың келе ме?

Дж.: Біз жаңадан бастадық қой, дегенмен мен ақпаратты осы нүктеден бастап жинағым келеді, себебі, бұл қажетті ақпаратқа апаратын қақпа. Біз тоқтап тұрмыз, адамзат уақыты осы уақытқа сай келсін деп күттік, айтқан сөзім түсініксіз екенін білем, бірақ басқаша түсіндіре алар емеспін. Егер адамдардың уақыты осы уақытқа сәйкеспесе, байланыс орнамайды, түсінесіз бе? Сондықтан бізге тоқтауға тура келеді. Сәйкестік туған сәтте сізге алға екпінді түрде қозғалуға болады. Егер екі шеңберді алып, оларды қатарластыра қойып, олар сәйкескен тұстан сіз екеуінің ортасынан өте алар едіңіз.


Д.: Егер екеуінің сәйкескен тұсынан өтсем, қажетті ақпаратты табатын жаққа жетемін бе?