Файл: Долорес Кэннон. Мы лшемді алам. Том Мскеу. Стигмарион баспасы, 2014 352 бет.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 169

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Дж.: Мен өткен шаққа бара аламын. Барғым келген жаққа барамын. Яки, баруға тиісті жерге барамын. Жаратқанға бара аламын, Киелі жарыққа жетемін.

Ол терең тыныстады, қозғалақтады. Бір нәрсе болды.

Дж.: Бұл ақпаратты енгізу. Мұнда да ұстаз бар. Ол сізбен және Джениспен сөйлескісі келеді. Ол қазір сізге кеңістік пен уақыттан тыс жерде екеніңізді айтқысы келеді (Дауыс өзгерді). Ең алдымен сіз қайнар көздің қуатымен байланысты негізгі принциптерді білуіңіз қажет.

Д.: Жаңа нәрсені білуге әрдайым құштармын.

Дж.: Сіз жолықтырған бөлшек – бұл қайнар көздің бөлшегі. Бәрі де жарықтың бөлшегінен басталады. Бар тіршілік сіздің теріңіздің титтей тесігінен басталады. Егер көз алдыңызға молекуланы елестете алсаңыз, онда сіз жарықтың нүктесін көргеніңіз. Қайнар көздің деңгейінде сіз бар болғаны осындай ғана бөлшексіз. Барша тіршіліктің бөлшектерінің байланысуы арқасында қайнар көздің қуаты пайда болатынын айтқым келіп тұр. Егер сіз бөлшектің ішіндегі өрнекті көрсеңіз, оны басқа бөлшектің бетіне қойсаңыз, олар ең ұсақ сызығына дейін сәйкеседі. Бірақ қуат материяға айналғанда бөлшектер қайнар көзден шығып сәуле бойымен – немесе сәуленің ішінде саяхаттайды, қалай түсінген жеңіл болса, солай қабылдарсыз. Ол жасуша сияқты жарылып, бөлінеді де, түрлі тұлғаларға айналады. Ол бірнеше рет бөліне алады. Бір рет бөліне алады, кейде миллион рет бөлінеді. Сол кезде ол не әйел, не еркекке, не еркек-еркекке, не әйел-әйелге, не әйел-еркекке айналады. Бөлінген үстіне бөлініп, бір өлшемнен екіншісіне саяхаттап жүре береді. Әр өлшемде қайнар көзде қандай боп жаралса, сол қалыпқа түседі де өсе бастайды. Ғаламдар мен галактикаларда саяхаттап жүріп, әр жерде тіршілік етіп жүре береді. Егер бөлшек материалды әлемде, Жерде өмір сүрсе, ол адамға айналады... жұбайлар сияқты... бөлінген бөлшектердей... бұл адамдар ұқсас болады. Бір-бірін танымаса да, бір танысқаннан дос болып кететіндер бар, олар қайнар көзден шыққанда бір-бірінен адасып қалғандар. Адамдардың қосылуы өте сирек. Тек ұлы мақсат туғанда ғана адамдар бірігеді. Себебі, адамзат шынайылықты өзгерте береді, өйткені жер шарында шынайылыққа қол жеткізу өте сирек. Сондықтан бәрі ғаламшарлық мақсаттарға бағынышты. Адамзатқа ортақ ұлы мақсат болуы тиіс. Бұл таңдауға тәуелді. Ұлы мақсат. Сіздер қуат өрнегінде тіршілік етесіздер. Ақырында бәрібір пайда болған кездегідей қуатты өрнекпен қайнар көзге ораласыздар. Мен кеңістіктен, уақыттан, жаратылыстан тыс дүниені айтып жатырмын. Мен сіздермен жаратылыстан тыс ауқымда тілдесіп тұрмын. Жаратылыс – мен айтып жүрген бұл шеңбер. Сол арқылы адамзат өте алады, егер қалай қайтарын білсе, өзінің қайнар көзіне орала алады. Солай өтпес бұрын бұл жер бетінде істеуге тиіс жұмысты істеп кетеді, себебі соның уақыты туып тұр. Мен сізге уақыт туралы, адамзат уақыты туралы, кеңістікаралық уақыт туралы айтқанмын. Сізге жалпы уақыттың не екенін түсіндіруге тырыстым. Сізге уақытты түсіну маңызды. Бұл сіздің жұмыс. Біздің кітаптарда осы жөнінде айтасыз. Сіздің жұмыс кеңістікаралық уақытты түсіндіру.


Д.: Оның үстіне өте күрделі концепцияларды түсіндіруім керек.

Дж.: Сіздің міндетіңіз – күрделі концепцияларды қарапайым ету, көшеде кетіп бара жатқан адам оқып, бірден түсінетіндей ұғындыру. Адамдар бірнеше өмірді қатар сүріп дағдылануды үйрене бастауы тиіс. Олар осы Жер бетінде істеген әр ісі келесі өмірлеріне әсерін тигізетінін ұғынуы керек. Олардың жолы барлық өмірлерін қамтитынын білсін. Қазір тұрған жерден не айтқанымыз, қазір қайда болсақ, сол жерден не сөйлесек, соның қуат ізі мәңгілікке қап кетеді. Сіз тек өлшемдер арасында көшіп жүресіз.

Д.: Мені жоғалған білімге, жоғалған ақпараттарға бағыттап жатқандайсыз.

Дж.: Иә, ол жоғалған.

Д.: Мен соны қайтаруға тиіс екенімді сеземін.

Дж.: Иә. Сізге сол туралы айтып отырмын. Нострадамустың сәуегейлігіне келгеніңіз, сол жолдың басы еді. Айсбергтің ұшар басы ғана. Тек бетіне қол тигізгендей едіңіз. Сіз онымен сөйлескенде, ол шынайы өмір сүргендей еді, себебі, ол үшін шынайы өмір – өзі бар жер. Оның өзінің шынайы өмірі бар, дәл сіздікіндей. Ол әрдайым бар бола бермек. Бар болғаны орын ауысу ғана. Біз тілдесуімізді 11:16 бастағанымыз есіңізде ме? Біз тура 11:16 бастадық, себебі, бұл уақыт байланысты... (Үзіліс). Мен сізге қағаз бетінде түсіндірейін.

Мұндай нәрсе бұрындары да, сеанс кезінде боп тұратын. Бірақ дәл қазір мұндайға даяр емес ем. Джениспен сөйлесуді жалғастыра жүріп, сөмкемді ашып, ішінен қажеті боп қалар деп сап қоятын блокнот пен маркерімді алдым. Төсектің жанына қайта оралғанымда Дженис басын көтеріп отырды, мен оған маркер мен блокнотты ұсындым. Ол зор күшпен көзін ашып, қағазға телміре қарады.

Талай жылғы тәжірибемнің бастапқы кезінде бірнеше рет куә болғам. Клиенттің айкезбе сияқты әйнек көзбен отырғанын бақылаудың өзі қызық. Ол айналасына мән бермейді. Тек қағазға жазған, не суретін салған нәрсеге қадалып қалады.

Дж.: (Ол сурет сала бастады). Мына жақта сіз, мұнда біз, мұнда сіз, мұнда мен сізбен біргемін. Бұл флюид. Ол үздіксіз қозғалыста. Ол ешқашан тоқтамайды.


Д.: Мынау не?

Дж.: Деңгейлер (Ол тоқтады, сосын суретін жалғастырды). Мен сізге кеңістікаралық уақытты түсіндірмекпін (Ұзақ үзіліс). Олар көп, көп.


Д.: Мына сызықтар не мағына береді?

Дж.: Уақыт. Период.


Д.: Уақыт периоды? (Иә). Яғни, түрлі жылдар?

Дж.: Иә, бұл жылдардан да күрделі, оның құрамында Ғаламдар мен Галактикалар болады. Бәрі де қаншалықты ұзаққа жүретініңізге байланысты. Уақыт периодтарының кез келгенінде шексіздік нүктесіне келуге болады (Ол сурет салуын жалғастыра берді). Шексіздік, шексіздік, шексіздік. Сіз, мен, материалды әлемде өмір сүретін бүкіл тіршілік иелері солай...



Д.: Мына нүктеде. Жақсы.

Дж.: Сосын... Киелі қайнар көз.

Д.: Флюидтің ішінде. Жақсы.

Дж.: Осының бәрі флюид (Ол даталарды жаза бастады). Ох, мақұл, қандай жылды жазып жатқаным маңызды емес. Сіздер қозғалысты бастайсыздар. Қуат әрдайым осы бағытта қозғалады.


Д.: Алға ма?

Дж.: Және мұнда.

Д.: Алға және артқа.

Дж.: Уақыт та дәл солай. Уақыт та дәл солай.


Д.: Алға және артқа бір мезгілде?

Дж.: Бір мезгілде. Егер дематериализацияны меңгерсе, ендеше физиологиялық тәнде қала тұрып, сіз о баста болған бөлшекке қайтадан айнала аласыз. Сіз мұнда келе аласыз, өйткені сіз мұнда болғансыз. Сіз мына жерден мұнда ауысқанда бүкіл тіршіліктің бәрін бастан кешіргенсіз. Сіз үнемі бүкіл тіршіліктің өн бойынан өтесіз. Бұл өте күрделі. Алайда сіз бөлшек ретінде ары-бері көшкенде осында келетініңізді білуіңіз керек.


Д.: Осы жылы ма әлде уақыт аралығында ма?

Дж.: Осы уақыт аралығындағы кез келген өмірге көше аласыз. Себебі, әр уақыт аралығында өмірлер біреуден көп. Бөлшек шын мәнінде Нострадамусқа бара алады, себебі ол уақыттан тыс өмір сүретінін айтқым келген. Өйткені, мұнда – Жарату сәтінде – уақыт тоқтап тұрады! Адамзат уақыты тоқтап қалады.


Д.: Жарату сәтінде?

Дж.: Иә. Сіздердің адамзат тарихында Құдай Жер мен Көкті жаратты деп айтады.

Д.: Маған мұнда уақыт тоқтамайды, уақыт басталатын секілді.

Дж.: Ол адамзат баласы үшін басталады, бірақ басқа өлшемдер үшін тоқтайды. Себебі, екі бағытқа да біркелкі мөлшер беріледі. Сізде де біркелкі мөлшер. Адамзат уақыты осы жерде басталады. Бүкіл уақыты. Тұтас уақыт континуумы. Алайда біздің уақыт — рухани уақыт — мүлде басқаша уақыт, дегенмен ол да сіздердікімен сәйкестендірілген. Оның механизмі мүлде бөлек. Сіз айтасыз: «Талтүс». Ал біздіңше ол: «Түк емес!» Себебі, біз уақытқа мұқтаж емеспіз. Себебі, біз бәріміз. Біз әрқашан болғанбыз. Нострадамус мұнда бұрын-соңды болғанның бәрі болып саналады, ол мәңгілікке бар, ажал оның өмірін үзгенмен, ол мұндағы тіршілігін жоймайды. Шынайы өмірде сіз оның өліміне тірелесіз, сіз оның өлімінен аттайсыз. Сіз мәңгілікті мекендеген онымен бірігесіз, одан алған ақпаратты қайтадан осында әкелесіз.

Д.: Адамдарға өткен өміріне регрессия жасағанымда олар өткен өмірін қайтадан сүре ме? (Иә). Өткен өміріндегі тұлға ешқашан өлмейтіндей көрінеді.


Дж.: Ол өлмейді ғой.

Д.: Мен кез келген уақыттағы әр тұлғамен байланыса аламын.

Дж.: Солай. Сіз тербеліс деңгейінде осындағы бөлшекті басқа өлшемдегі бөлшекпен байланыстырасыз. Бұл шамамен сіздіңше, «1964 жылғы Рождествода не болғаны есімде. Шыршаны айнала отырғанбыз, маған қуыршақ сыйлады» дегеніңіздей. Бұл осы өмірдегі жағдай. Бірақ сіз сол кездегі тербеліс жиілігінде айтасыз. Мына жерде (Суретін салады). Осы тербеліс жиілігінде. Осы өміріңізде сіз Жердің 1945 жылғы тербелісіне ыңғайландыңыз. Бұл өмір 1-9-4-5 жылы басталды. Бұл уақыт осы өлшемдікі. Бірақ өлгеннен кейін бөлшек осында саяхаттайды.


Д.: Өзі шыққан қайнар көзге орала ма?

Дж.: Бірақ осында болған жағдайға байланысты ол мұнда оралады (Ол даталарды көрсетті).


Д.: Егер ол он тоғызыншы ғасырға оралғысы келсе, орала ала ма?

Дж.: Осы жерден қайтса да болады. Біз аздап физикаға кіріп кеттік. Білуге тиіс тағы бір нәрсе бар. Эйнштейн мен Нострадамус туралы не білуіңіз қажет? Мынадай сала бар... (Сурет салды).


Д.: Бұл не?

Дж.: Мұның бәрі білім. Ежелгі білім. Нострадамус пен Эйнштейн сияқты адамдар осы жерден бастаған.


Д.: Бүкіл білім саласы ма?

Дж.: Иә. Бірақ олар өздерімен Жерге таңдаған бағыттарын ғана ала кетті. Олар міндетті түрде мынаған (бүкіл білім саласы) оралмады. Алайда Жарату нүктесін өткеннен кейін сіздің қайда жүргеніңіз маңызды емес.


Д.: Дегенмен олар білімнің көп бөлігін түпсанасында сақтаған ғой? Солай ма?

Дж.: Иә. Олар осы білімді тарату мақсатымен келген.


Д.: Олар біздің уақытқа алып келген. Жақсы. Осынау титтей шуақты «жан» деп атағанымыз дұрыс па?

Дж.: Сіз оны жан деп атасаңыз да болады. Алайда, шын мәнінде оны сіздің «қайнар көз қуаты» деп атағаныңыз жөн болар еді. «Жан» деп адамзат баласы «қайнар көз қуатына» ат қойғаны. Себебі, бәрі айнала қуат. Бәрі де абсолютті түрде қуат. Ары қарай бұл... (Ол сурет салуын жалғастырды).

Д.: Флюид.

Дж.: Киелі қайнар көз немесе флюид. Шуақ дегеніміз осы флюид.


Д.: Бұл шамамен біздің Құдай туралы концепциямыз ғой?

Дж.: Бәлкім. Қаласаңыз, оны Құдай деп атаңыз. Оны Тәңір деп атасаңыз да болады. Ырқыңызға қарай атай беріңіз. Шын мәнінде оның аты жоқ. Бізде де ат жоқ. Бұл нүктеде бәріміз де флюидпіз. Шынында біз осындай күйде тіршілік етеміз. Мына жерде, мына жерде бірігуге болады. Бәрін білген соң шығып кетсе болады... (Сурет салып жатыр). Көрдіңіз бе, олар бір-бірінің үстіне қатталып жиналады (Сурет салып жатыр).


Д.: Мына нүктелердің бәрі. Бір-бірінің үстіне қатталып жиналады.

Дж.: Бүкіл молекулалар бір-бірінің үстіне қатталып жиналған соң олар қайтадан бөлініп кете алады.