Файл: Долорес Кэннон. Мы лшемді алам. Том Мскеу. Стигмарион баспасы, 2014 352 бет.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 171

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Д.: Бірақ негізгі идея – дәл қазіргі сәтте біз өміріміздің осы бөлігіне мән беруге тиіспіз. Солай ма?

Дж.: Егер біз осы өлшемдегі өмірден екінші өлшемдегі өмірге ауыссақ, онда осы өмірдегі бір бөлшегімізді өзімізбен бірге келесі өмірге ала кетеміз. Мұнда, материалды өмірде біз қолдан келгеннің бәрін істейміз.


Д.: Рухани деңгейде ме?

Дж.: Иә.

Д.: Бірақ біз басқа өмірлер жайлы білмейміз ғой. Себебі, біз тек осы өмірге мән беріп, қазір осында не істегенімізге ғана байлаулымыз.

Дж.: Біз мұнда өзіміздің тербеліс жиілігіміздің себебінен келдік. Біз көшкен кезде қуат тербелісі үдейді. Егер біз мына бағытқа (алға) көшсек, ол үдейді, ал былай (артқа) қозғалсақ – ол баяулайды.

Оның сурет салып болғаны анық еді. Сондықтан мен оған төсекке жатуға көмектестім, ол көзін жұмды. Ол ыңғайланып жатқанша, мен блокноттағы суреттерге қарадым. Оларды кітапқа енгізу үшін сақтаудың қажеті болмас деп ойладым. Ооның қағазға салғаны баланың шимайына ұқсайтын тек мағынасыз сызықтар мен нүктелер ғана салынған еді. Мен сипаттаудың ең маңызды бөлігі диктофонға түскенін білген едім.

Дж.: Біз Джениспен түрлі тілдесулер арқылы таныстық. Бұл су жаңа тілдесу концепциясының бастамасы. Оны Эйнштейн жақсы білген еді.

Д.: Ол ақпараттың үйде диванда жатқанда терезеден түскен жарықтың сәулесімен миына енгенін айтқан еді. Ол не еді? Бейнелер ме? Символдар?

Дж.: Қуат өрнектері.


Д.: Олардың мақсаты не?

Дж.: Әр өрнекте ақпарат жасырылған. Әр түрлі концепция. Бәлкім, ғаламшардың күллі тарихы болуы мүмкін.


Д.: Сол бейнелерде ме?

Дж.: Иә. Ол ақпаратты өз санасында сақтай алады. Бұл дәруменді капсулаға ұқсайды. Адамның уақыты мен кеңістікаралық, ғаламшараралық уақытпен сәйкесетін тұсы... (қажет сөз таппай дағдарды)… белгілі бір жағдайды туындатады. Мысалы, оны сіз жазып алуыңыз мүмкін. Біз сіздің бәрін дұрыс жазып алатыныңызға сенгендіктен тілдесеміз. Оның үстіне сіздің ниетіңіз таза.

Д.: Маған ештеңе өзгертуге болмайды деп ескерткен. Бәрін сол күйінше қалдыруым керек.

Дж.: Сіз өзгертпедіңіз (Жұмсақ дауыспен). Бір-екі жағдайдан басқасын.

Д.: Кейде өзгерткеннен басқа амал қалмағанда өзгертуге мәжбүр болдым, дегенмен негізгі ақпаратқа тимедім. Яғни, сол ақпаратты жеткізудің мақсаты солай болғаны ғой.

Дж.: Бұл да мақсаттың бірі. Басқа мақсаты да бар. Бұл оған бұрын айтқан жобамызға қажетті белгілі бір тербеліс жиілігін сақтауға септесуі тиіс еді. Бұл оның санасында бар басқа ақпаратты белсенді ету үшін де қажет. Оның үстіне ол уақытпен интеграцияға түседі, себебі ол уақыт қиылысының қаншалықты маңызды екенін біледі. Ол... (қажетті сөзді таппай жатыр)... өзінің ішінде бар кей концепцияларды белсенді етуге тиіс. Себебі, оларды оның... біздер «имплантация» деген сөзді қолданбаймыз, бірақ ақпарат оның жады банкіне енгізілген. Сондықтан материалды өмірде нақты шарттар туындаған кезде ақпарат оның санасында оянады, сонда уақыт интеграциясы жүзеге асады. Дегенмен қайнар көз деңгейінде, қуат өрнектері деңгейінде ғаламшар тербелісі өзге өлшемдермен байланысты, ақырында ол қайнар көзге тәуелді болмақ. Сондықтан адамзат өз ғаламшарын жойып жібермегені өте маңызды, өйткені бұл жағдай бүкіл өлшемдерге де, қайнар көздің өзіне де қатты әсер етпек. Дженистің таңдауы болған дегенімді түсіндірейін, біз оның жолына ақпаратты қойып қойғанда, ол оны кері ысырды. Бұл оның таңдауы еді. Біз оны кітаптарға қарай бағыттадық, солар оның белгілі бір естеліктерін оятуы тиіс еді. Бірақ ол сол кітаптарды оқымады. Сол себепті естеліктері оянбады. Сосын біз оның санасына физиологиялық стимул бердік, сонда ғана оның жады банкіндегі концепциялар оянды. Егер ол өзінің мүмкіндігін қолданбаса, бізге келесі уақыт қиылысын күтуге тура келеді.



Д.: Яғни, ол сол себепті дәл маған келген болды ғой? Мен оның ақпараттарын оятуға көмектесуім қажет қой?

Дж.: Иә. Мен сізге барынша түсіндіруге тырыстым, Дженис – жан-жақты тұлға, ол түрлі өлшемдермен тілдесуге шыға алады. Ол уақыттың толық мағынасын біледі, оның кеңістікаралық қиылыстардағы байланыстарын анық түсінеді. Бұл білім аз-кем бейімделіп, мысалы, күннің тұтылуы сияқты түсініктермен түсіндірілсе де, бұл сіздің ғаламшардың тарихын тұтастай өзгерте алады. Егер «Ұшбұрыш» жобасының әр мүшесі белгілі бір сәтте ғаламшардағы болуға тиіс нүктеден табылса, тарих өзгереді. Егер бір адам қажетті нүктеге жетпей қалса, онда адамзат уақыты мен кеңістікаралық уақыт сол сәтке, сол қиылысқа, сол түйісуге ешқашан қол жеткізе алмай қалады. Кеңістікаралық уақыт адамзат баласының уақытының келешегіне проекция жасауы тиіс. Сонда осындай өзгерістер мүмкіндігі туады. Әйтпесе, бәрі бекер болмақ.

Д.: Бірақ біз қарапайым адамдармыз. Біз белгілі бір нүктеде болуға тиісті екенімізді, қажетті нәрсені жасауымызды білмейміз.

Дж.: Сіз білесіз. Білесіз. Сіз білесіз. Ол біледі. Сіздер даярлық жасап жатсыздар. Дженис сізбен қарым-қатынаста, сіз онымен қарым-қатынастасыз. Сіз жұмыс істеп жатқан адамдардың бәрінде де осындай байланыс бар. Уақыты келгенде сіз оны білетін боласыз. Сіз ішіңізден: «Мен осыны жасауым керек, Мен мұны жасауым керек» деп ойлайсыз. Сіз істеуге талпынасыз. Мен сізге айтқан уақыт қиылыстарын ұмытпаңыз. Сіз оны анықтай алмайсыз, сіздің клиенттер де анықтай алмас. Оның бәрі алдын ала анықталып қойған. Бұның сізге не сіздің клиенттердің уақытына қатысты болмайтынын біліп жүріңіз. Бұл тұтас ғаламшар үшін әмбебап мағыналы жағдай болмақ. Сіздің Нострадамуспен тілдесуіңіз сияқты.

Д.: Бірақ ол кезде аяқ астынан болып еді.

Дж.: Негізі алдын ала болжанған еді. Сіз жұмысыңызды уақыт қиылысынан бастап едіңіз. Сіз оны басқа уақытта істей алмас едіңіз. Болмай қалар еді. Қазіргі таңда сіздің Нострадамуспен жұмысыңызға қарағанда беймәлім ұшатын нысандармен жүргізіп жатқан жұмысыңыз әлдеқайда маңызды екенін түсінуіңіз қажет. Мұны сізге кез келген сәтте әзір болсын деп айтып жатырмын. Сіз дайындық жасауыңыз керек. Сіздің беймәлім ұшатын нысандармен жұмысыңыз әлі бітпеді. Джениспен жасаған жұмыстың басым бөлігін сіз жалпы түсінік алсын деп жасаттық. Беймәлім ұшатын нысандармен қарым-қатынасыңыз жалғасқан сайын өзіңіздің бұл жобадағы рөліңізді айқын түсінетін сәтке келесіз. Ақпараттың кей бөлігі жариялауға келіңкіремейді. Сіз кей ақпаратты қолданасыз, бірақ көп бөлігі қазір жарияланбауы тиіс. Себебі, бұл білімді тарату тербеліс деңгейінде келешекке араласу боп кетеді. Өз кітаптарыңызды сатқанда, ақпаратты таратқанда не болып жатқанын өзіңіз де білмей қаласыз. Сол сәтте қуат деңгейінде не болып жатқаны туралы ойланып көріп пе едіңіз?



Д.: Мен көп адаммен байланыс орнататынымды білемін.

Дж.: Бірақ қуат деңгейінде не болады? Біз қуат туралы айтып жатырмыз. Не болады? Нострадамус қуаты сол туралы кітапты оқыған әр адамның өн бойынан өтеді.

Д.: Көп адам не сезінгенін хат жазып, көрген жерде айтады.

Дж.: Мен де соны меңзеп отырмын. Олар сізге мен айтқан дүниені айтып жатыр.

Сеансты қайтадан аяқтауым керек еді. Мен клиенттеріме бір жарым сағаттан артық уақыт транста отыруға рұқсат етпеуші ем. Әйтпесе, ақыры жағымсыз салдарға ұрындыруы ықтимал, летаргия не есінен адасу секілді.

Д.: Сеансты аяқтайтын уақыт болған сияқты. Мен өзімнің жұмысымды жалғастыра беремін, уақыты келгенде қажетті ақпаратты аламын. Сіздің кім екеніңізді білмеймін, бірақ ақпарат бергеніңіз үшін зор алғыс айтқым келеді.

Дж.: Мен уақыттан тыс жердемін. Жаратудан тыс жерде.


Д.: Жаратудан тыс жерде. Яғни, Жаратудан әлдеқайда бұрын?

Дж.: Иә. Сіз ғажап жаратылыссыз. Біз әрдайым сіздің қасыңыздамыз. Біз сізді қажетті ақпаратқа бағыттап отырамыз. Шын мәнінде сіз біздің аудармашымызсыз. Тура Ностардамустың аудармашысы болғаныңыздай. Өйткені, оның ақпараты біздің білім деңгейімізден түскен.

Д.: Мен ақпаратты лайықты түрге келтіру үшін барымды салып жүрмін.

Дж.: Сіз өз жұмысыңызды тамаша орындап жүрсіз.

Осыдан кейін тіршілік иесінің кетуін өтіндім. Джениске тәніне оралып, есін жинауға көмектестім. Тіршілік иесінің кеткені бірден байқалды. Себебі, Дженис жөтеліп, қимылдай бастады. Бұған дейін мұндай белгілер болмаған еді. Осыдан кейін барып оның толық есін жиюына көмектестім. Бұл менің Джениспен соңғы сеансым болған еді. Осыдан кейін біздің өмірлік жолымыз түйіспеді. Оны тек өзінің қауіпсіздігі ғана мазалайтын. Сондықтан екі кітапта да оның аты-жөні мен мамандығын басқаша етіп ауыстырдым. Мен одан алған осынау тамаша ақпараттар үшін, ол мені таныстырған концепциялар үшін шексіз ризамын. Өйткені, мұның барлығы менің ойлау жүйемді өзгертті, өмірге деген көзқарасымды өзгертті. Бұл менің өз жұмысымды қалай атқарып жүргеніме, ақпаратты қалай жинайтыныма да әсер етті. Дженистен алған ақпараттар әлемге басқа көзбен қарауға көмектесті. Біздердің шынымен де бәрін мүмкін ететін көп өлшемді ғаламда өмір сүріп жатқанымызды көрсетті.
5 ТАРАУ

БІЛІМ САҚТАУҒА АРНАЛҒАН ҒАЛАМШАР

Бұл сеанстың бір бөлігі «Сақтаушылар» кітабына енген еді. Ұрланған адамдардың оқиғаларын зерттеудің басында, «жоғалған» уақытын іздеген адамдардың дені ғарыштық кемеге жеткізіліп, сол жерде бөгде ғаламшарлықтармен қарым-қатынас жасаған. Ары қарай жағдай өзгере берді. Адамдар ғарыштық кеменің орнына басқа әлемдерге баруы туралы оқиғаларды жолықтырдым. Төртінші тарауда да сондай мысал келтірілді. Мұндай зерттеулерде ешқашан болжам жасауға болмайтынын түсіндім. Мен ортақ кесте таптым дегенде сол кестеге сай келмейтін, мүлде басқа бағыттағы жағдайларға тап болам. Бұл менің беймәлім әлемді зерттеудегі түсінігімді кеңейтті. Бұл жағдайдың бірінші оқиғасын «Сақтаушылар» кітабына енгіздім. Жоғалған уақыт туралы оқиғалардың драмалық қырын сипаттап шыққым келді. Қалған бөлігі қалыптан шығып кеткен соң мен оны осы кітап үшін сақтап, хикаяны түгелдей осында айтып бермекші болдым.


1997 жылы Клара сеанс жасашы деп маған бірнеше рет хат жазып, қоңырау шалды. Мұндай өтініштер тым көбейіп кеткендіктен, жаңа адамдармен сеансты тек солардың қаласына келгенде бос уақытым болса ғана жасаймын деп келісетін болдым. Себебі, бәрімен бірдей жұмыс істеу қиынға соқты. Өзімнің күш-қуатымды сақтауға тиіс болдым. Жалпы жұмысымның бастапқы кезінде сеанс өткізу үшін үлкен арақашықтық жүріп өтуге дайын ем. Көмек сұраған әр адамға қол ұшын созуға әзір болдым. Бірақ уақыт пен жағдай өзгерді. Қазір менімен жұмыс істеші деген адамдар өте көп. Үйде сеанс өткізуді доғардым. Лекция оқитын күндері де сеанс өткізбейтін болдым. Лекциямен барған сапарларымда түрлі нәрсе істеп кетсем, күш-қуатым лезде таусылып қалатынын сезетін болдым. Сондықтан сеанстарды маңызды ештеңе жоспарламаған күндері ғана істейтін болдым. Әдетте адамдарды тізімге жазып қоямын, келесі жолы сол адамның қаласына барғанда кездесуді белгілейміз. 1997 жылы Клара менің Голливудтағы конференцияға баруды жоспарлағанымды білген. Сондықтан ол маған хабарласып, кездескісі келетінін айтты. Ол Сан-Францискоға жақын жерде тұратынын, бірақ Голливудқа келуге дайын екенін айтты. Мен оның ыңғайын көріп, оған жоқ дей алмайтынымды түсіндім. Конференция сәтсіз болды. Ұйымдастыруы нашар, жарнамасы мүлде болмады. Аудитория бос болғандықтан бірнеше баяндамашы ортаға шықпады. Қатысып жүрген конференцияларымның арасындағы ең нашары осы болды. Сондықтан менде бос уақыт өзім ойлағаннан да көп боп қалды. Фил (досым әрі «Бау-бақша сақтаушылары» кітабының кейіпкері) қазір осында тұратын. Ол маған Голливудты аралатып, саяхат ұйымдастырды. Голливудты жасөспірім кезімнен көргім келетін. Бұрын-соңды Голливудты толық аралауға мүмкіндік болмап еді. Себебі, көбіне уақытымның бәрін қонақүйде не конференц-залда өткізуші ем. Содан соң бірден әуежайға баруға тура келетін. Біз бұл жолғы жағдайды пайдаланып, қаланы араладық, бұл керемет қала маған шынында қатты ұнады.

Клараның келуіне қарай мен жақсы демалып алдым. Сеансқа уақытым жеткілікті еді. Ол менің қонақүйдегі нөміріме келді. Фил сәлден соң келіп, бізді вестибюльде күтпекші болды. Артынша бірге кешкі ас ішуге келіскенбіз.

Клара қырықтан асқан сары шашты сүйкімді келіншек болып шықты. Белсенді, ақылды, дені сау. Алдын ала сұқбатта мен әдетте түйткілді анықтауға, не сеанс жасаудың себебін білуге тырысамын. Клара өзін мазалаған бір нәрсе бар деді – бірнеше жыл бұрынғы жоғалған уақыты. Ол үнемі жұмыс бабымен Гавайида өтетін конференцияға ұшып барады екен. Сол жолы Мауи аралында көлікпен кетіп бара жатады. Ымырт үйіріле бастаған шақ. Бірақ айнала көп-көрім жарық, ол бұрын болған қонақүйді тауып алмаққа ынталанады. Бұл қонақүй жағажайда орналасқан еді. Клара мұхитқа қарап отырып кешкі ас ішкісі келеді. Келе жатып қақпаға кіретін бұрылыстан өтіп кетеді де, кері қайтатын жер іздеп алға озады. Аралдың бұл шетінде тропикалық өсімдіктер қалың өскен. Пальмалар екіжолақты жолды көлеңкелеп тұрады. Шетте үйлер тұрады. Бірақ олар жолдан жырақта еді. Анық көруге ыңғайсыздау. Ақырында Клара бұрылатын жер тауып, бұрылады. Бірақ бұрын талай кеп жүріп сол жерді байқамағанына мән береді. Тоқтаған кезде модульді үйлері бар кішігірім кварталға келгенін байқайды. Айнала әдемі безендірілген, пальмалармен қоршалған. Жол жиегінде бұрын бұл жерді көрмегені Клараға бір түрлі көрінеді. Ол көлігін бұра бастайды – жадында қалған соңғы сәт осы екен. Келесі сәтте ол төртжолақты көліктері зуылдаған үлкен жолдың бойында, аралдың басқа шетінде есін жияды. Кеш батқан. Бұл жерге қалай келгенін білмейді.


Бір жылдан соң Мауиға конференцияға ұшып келгенде қызық үшін былтырғы көлігін бұрған жерді іздеп көрмекші болады, себебі сол оқиға санасынан өшпеген еді. Ол бүкіл аралды айналып шығып, қонақүйді тапқанмен, модульді үйлері бар кварталды сол күйі таппайды. Содан бері бұл оқиға оған маза бермепті. Сондықтан ол маған сеансқа келген. Клара сол кеште не болғанын білгісі келді, қалайша ол аралдың бір басында тұрып, екінші жағына өтіп кетті? Неге бұл жайт есінде жоқ?

Клара тамаша клиент боп шықты. Мен оны еш кедергісіз лезде терең трансқа енгіздім. Ол сол бір оқиға болған датаны есінде сақтап қапты. Мен оны дереу гавайлық Мауиға барған 1994 жылдың наурыз айына апардым. Ол өзін «Мауи-Сан» қонақүйінің әйнек есігін ашқалы тұрған жерінен көрді. Жыл сайынғы конференцияға келген беті. Мұнда жұмысы мен демалысты қатар өткізуге келген. Ол қонақүйдің айналасын көмкеріп тұрған жарқын түсті гүлдерге сүйсінді. Қонақүйге тіркелген соң мен оны алдағы уақытқа, басқа қонақүйге кешкі асқа кетіп бара жатқан жерге апардым.

Клара: Мен бұрын ол жерде ешқашан кешкі ас ішкен емеспін. Жай ғана сол маңнан өтіп бара жатқам. Бұл қонақүй мұхиттың жағасында орналасқан.

Ал мен тоқтаған қонақүй қыратта орналасқан еді. Сол үшін осы қонақүйге барып, терезесін ашып, мұхиттың толқындарын тыңдағым келді. Көптен бері сонда барғым кеп жүрген. Бірақ сәті енді ғана түсіп тұр.


Долорес: Қазір тәуліктің қай мезгілі?

К.: Ымырт үйіріле бастады. Сағат неше екенін білмеймін, бірақ кеш қарая бастады. Көшеде шам жоқ. Жолды көру қиындап кетті. Мен «Астлендтің» жанынан өтіп барам. Бұл өте үлкен қонақүй. Бірақ мен оның кіретін қақпасын көрмей қалдым. Ағаштар көп еді. Кіретін есігі... көзге түспей қалды, сондықтан жанынан өте шықтым (Көңілсіз). Көрмей келем. Сондықтан көлікті бұратын жер іздеп, ары қарай жүріп келем. Мен бүгін осы қонақүйден кешкі ас ішкім келіп тұр.

Ол өзімен өзі сөйлесіп жатқандай. Параллельді түрде менің сұрақтарыма жауап беріп жатыр.

К.: Сонымен, мен әлгі жерді көріп тұрмын. Бұл тұйық жол. Мұнда бұрылып кетуге болады екен. Хммм. Бұрын бұл жерді көрген емеспін (Сасқалақтады). Хммм. Мұнда әдемі пальмалар мен гүлдер бар, дуал тұр, бірақ мен оның ар жағын көріп тұрмын. Мұнда түрлі... (керек сөзді таппай тұр)... модульді үйлер тұр, әлде өте әдемі ықшам үйлер. Жарайды, бұл жер өте әдемі.


Д.: Сен көлікті бұратын жерді таптың ғой?

К.: Иә. Бұл тығырық, мен көлікті бұрып жатырмын (Бәсең дауыспен). Жарықты көріп тұрмын (Үзіліс, сосын абыржу). Бұл... көзді қарықтыратын жарық.