Файл: Долорес Кэннон. Мы лшемді алам. Том Мскеу. Стигмарион баспасы, 2014 352 бет.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 172

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Д.: Жарық қайда?

К.: (Тыныс алуы жиіледі). Олар көктен түсіп келеді. Құдды тек жарықтан тұратын құйын секілді. Төмен жағы маған қарай түсіп келеді. Бұл бір... Күн сияқты... Ағаш бұтасының арасынан күн сәулесін көргендейсің... Бұл бір жап-жарық сәуле... Мен одан қандай күшті қуат тарағанын сезіп тұрмын (Терең тыныстады).


Д.: Тұтасқан жарық па?

К.: Жарықтың шұғыласы, сәулесі сияқты.

Оның тыныс алуы мен дауысынан бұрын-соңды көрмеген тосын жайтқа тап болғаны анық еді.


Д.: Сен әлі де көлікте кетіп барасың ба?

К.: Жоқ! Мен жай ғана бармын.


Д.: Не айтқың кеп тұр?

К.: (Сенімсіз). Мен осы жарықтың бір түйірі сияқтымын.


Д.: Бірақ сен бәрібір көлікте отырсың ғой?

К.: Жоқ. Ұшып жүрмін (Терең тыныстап жатыр). Мен уақыт пен жарықтың шегінен асып, ұшып барам. Қайда бара жатқанымды білмеймін. Осының өзі қалыпты дүние (Оның екі көзі айналасын бағып тұрғандай). Мен ұшу мен қозғалуды сезіп келем. Түрлі реңктер, уақыт, кеңістік арасында ұшып келем... (Терең тыныстап жатыр). Бұл бір сүйкімді сезім.


Д.: Бар көргенің осы ғана ма? Түрлі түсті реңктерді көріп тұрсың ба?

К.: (Еріне). Түрлі реңктер мен алтын түсті жарық, мүлгіген тыныштық (Ол жеп-жеңіл тыныстады). Мен – бұл барша әлем, барша әлем – бұл мен екенін сезіп тұрмын. Бүкіл тіршілік осында бар.


Д.: Сен бір жаққа ұшып барасың ба, әлде ауысып жатырсың ба?

К.: Иә. Ауысып жатырмын. Жоғарғы жаққа... Басқа жерге, басқа уақытқа кетіп барам.


Д.: Қайда бара жатқаныңа қарайықшы?

К.: (Сенімсіз). Мен жерге түскен сияқтымын. Бұл бір... (Терең тыныстады). Сипаттау өте қиын боп тұр.

Түскен жерін сипаттау оған өте қиын болды. Шамасы, ол өте тегіс жерге түскен секілді. Тегіс жердің үстінде бірнеше биік үшкір ғимараттар бар. «Ғимаратқа ұқсайды. Гранит сияқты сұп-сұр. Жылтырақ түс, сұрға келеді».


Д.: Сен сонда барғың кеп тұр ма?

К.: Иә. Бірақ іштей қарсылық сезініп тұрмын. Бұл бір ғажап (Көңілі бұзылып, жылап алды). Осында келу! (Ол өкіріп тұрып жылады).

Бұл көрініс неге осынша жылатқанын түсіну қиын болды.

К.: Мен мұны қайталап көремін деп күтпеген едім (Ол мұрнын тартып қойып, жылап тұр).



Д.: Не айтқың кеп тұр?

К.: Мен үйге қайтып келген сияқтымын (Ол енді бақырып жылады).


Д.: Бұл жер саған таныс па?

К.: (Мұрнын тартып). Иә. Маған таныс. Бірақ арамызды бөліп жатқан тым көп уақыт бар еді. Мұнда ерте ме, кеш пе қайтып келем деп күтпеген едім (Әлі жылап тұр). Сондай тамаша сезім.

Мен оған басу айтқанда денем тітіркеніп кетті. Дежавю секілді сезім. Дәл осындай эмоцияны Фил аяқ астынан Үш Сүмбі ғаламшарына барғанда сезінген еді, сол көрініске ұқсап кетті. Сол жерді ол өз үйім деп атай берген еді. Көптен бері болмаған жерім деген. Енді ешқашан көрмейтін шығармын деп ойлаған. Бұл туралы «Бау-бақша сақтаушылары» кітабында айтылған. Клара тура сол жерге баруы мүмкін бе?


Д.: Сен адам көріп тұрсың ба?

К.: (Өксіп). Жоқ, дәл қазір ешкімді көріп тұрғам жоқ. Мен қазір ғана келдім... (Ол ес жия бастады).

Д.: Яғни, бұл кездейсоқ жағдай болды.

К.: Қатты таң қалып тұрмын. Мен... Мен мұнда тағы келем деп күтпеген едім. Шынында да аяқ астынан болған жағдай. Ұзақ жол жүріп келген адам сияқтымын. Көп уақыт өткендей (Ол әлі де сезімнің құшағында еді). Мұнда келу... (Жылады).

Д.: Шамасы, бұл ерекше жер болды ғой. Не болып жатқанын айтып берші.

К.: Қарап тұрсам, мен мұнда жарыққа ілесіп келгендеймін. Және... (Үзіліс). Адамдарды көріп тұрмын.


Д.: Ол адамдар қайда?

К.: (Сабырға кеп). Ғимарат жақтан бір топ адам келе жатыр.


Д.: Олар сені көріп тұр ма?

К.: Иә. Мен оларға бір қызық боп көрініп тұрмын (Тағы да мұрнын тартып, жылады).


Д.: Неге сен оларға бір қызық болып көрініп тұрсың?

К.: Мен олар сияқты сұр емеспін. Мен жарықпын. Мен жарықтан жасалғам. Олар қызығып тұр. Мен де. Маған да қызық.


Д.: Олардың түрі қандай?

К.: Бастары қоңыр, олардың түрі мынадай.


Д.: (Мен оның қолмен көрсеткен ишарасын түсінуге тырыстым). Сеніңше, тым созылған ба?

К.: Иә. Иектері үшкір. Денесі жоқ, тек бір бас қана.


Д.: Жұмыртқаның пішінін айқындап қарай аласың ба?

К.: Мен тек санасын көріп тұрмын. Ол өте...

Оған түсіндіру қиынға соқты, бірақ ол жылағанын, мұрнын тартқанын доғарды.


Д.: Олар не киіп алған?

К.: Бұл скафандр сияқты. Бәрінікі бірдей, сұр түсті.


Д.: Осы адамдар сені жарқырап тұрған жарық секілді көріп тұр ма?

К.: Мен жай жарықпын. Олар маған қызығып тұрғандай. Олар жақын келіп, маған қол тигізіп көріп жатыр. Мен сәл қобалжып тұрмын, бұдан не шығарын білмеймін ғой.


Д.: Сен олардың қолын көріп тұрсың ба?


К.: Иә. Нашар дамыған, тек... ох, саусақтары бар... Мен тек үш саусақ пен кіп-кішкентай шылдыр шүмекті көріп тұрмын. Кеспелтек сияқты.


Д.: Олар жарыққа жанасты ма?

К.: Иә. Мен сүйіспеншілік сезіп тұрмын.

Д.: Сен қауіптеніп тұр ең.

К.: Иә. Бірақ олар жақындаған кезде... (Оның мимикасы мен дауысынан жағымды сезім сезініп тұрғаны білінді). Олар өте қағылез екен.


Д.: Бірақ қазір сен қауіптеніп тұрған жоқсың ғой?

К.: Жоқ. Бәрі жақсы.


Д.: Олар сенің не екеніңді түсініп тұр ма?

К.: Шамасы, олар менің кім және не екенімді жақсы біледі. Біз бірге ғимараттарға бара жатырмыз. Олар маған солардың бірі екенімді айтып жатыр. Бірақ бұл жерді ақпарат зерттеу үшін тастап шығыппын. Мен жарық сияқты тіршілік иесі болуым керек екен, мен ақпарат жинап, осында әкелдім.


Д.: Сен қанша уақыт жоқ болдың?

К.: Көп уақыт жоқ болғам. Өте, өте...


Д.: Бірақ олар сені таныды?

К.: Бірден танымады. Олардың сөзінше, басында бұл не деп қызығып, мен екеніме сенбепті. Енді таныды.


Д.: Мұндай тапсырмамен көбісін жұмсай ма екен?

К.: Мың жылда біреу, не екі мың жылда біреуін жұмсайды.


Д.: Неге сенің ақпарат жинағаныңды қалады?

К.: Бұл мекеннен тыс дүниені тану үшін, сол білімді сақтау үшін жинайды.


Д.: Сонда жинаған білімдері олардың тарихының бөлігі боп саналмай ма?

К.: Иә. Бұл басқа жер мен уақыттың тарихы мен білімі.


Д.: Егер өз тарихы болмаса, оларға бұл білім не үшін керек?

К.: Бұл білім оларға пайдалы болуы ықтимал. Оны жоғалтып алмау керек.


Д.: Яғни, олар сені өздерінде жоқ ақпаратты жинауға жұмсаған болды ғой?

К.: Өздері білмейтін жаңа жер туралы ақпарат жинауға жұмсады. Ақпараттың бәрін біртұтас етіп жинау үшін қажет болды.


Д.: Ақпарат жинаудың басқа тәсілдері жоқ па екен?

К.: Бұл тіршілік иелері ара-тұра өздерінен біреуін таңдап, жұмсайды. Солар ғарыштағы бөтен галактикаларға жетіп, басқа уақытқа өтіп, басқа жерлерге барып, сол жақтағы кеңістік пен жерлер туралы ақпарат жинап келеді. Сосын ақпаратты осында әкеледі. Бұл дамуға әсер етеді. Кеңеюге әсер етеді. Өйткені, бұл уақыт пен кеңістік даму жолын таныған кезде кеңейіп, бөлінеді екен. Басқа уақыт пен кеңістікке айналады.


Д.: Білім көбейген сайын кеңейеді деймісің?

К.: Иә.


Д.: Ақпарат жинау үшін олар басқа жаққа саяхаттай ма?

К.: Олар жарықтың сәулесімен саяхаттайды. Кейде сол сәуле созылған шар сияқты пішінде болады. Бір жағынан сопақ әрі күмістей жылтырап тұрады. Екінші жағынан дөңгелек, күміс дискіге ұқсап кетеді. Әншейін ауада сырғанап жүреді.



Д.: Олар тығыз, материалды ма?

К.: Иә, иә.

Д.: Бірақ сен олар жарықтың сәулесіне ұқсайды деп едің ғой.

К.: Солай. Олар тығыз бола алады. Кейде таза қуат болады. Қандай жерге түссе, сол жерге лайық пішінге айналады. Біздер таза қуатқа не тығыз дискіге айналамыз. Қайда келсе, сол күйге айналамыз.


Д.: Олар осы технологияны ақпаратты өз бетінше іздеу үшін қолдана алмай ма?

К.: Қолдана алады. Тіршілік иесі саяхатты тәжірибе жинау үшін таңдаған.


Д.: Егер олар өз технологиясын қолданса, тәжірибеге қол жектізе алмауы мүмкін дегің келіп тұр ма?

К.: Жоқ. Тіршілік иесі диск, құмыра, не жаратылыс бола алады. Жаратылыс құмыра, құмыра жаратылысқа айнала алады.


Д.: Яғни, сыртқы пішін маңызды емес қой? (Иә). Бірақ сен олардың сыртқы пішінін көрдің?

К.: Олар сыртқы пішінін мен танысын деп өзгертті. Мен оларды тастап шыққанда қандай болса, сол күйге түсті.


Д.: Сен оларды тастап шыққанда олар сыртқы пішінін көрсетпеген бе? Солай ма?

К.: Олар сыртқы пішінге мұқтаж емес. Бірақ олар мен танысын деп сыртқы пішіндерін көрсетті. Себебі, мен кеткелі олар эволюцияға ұшыраған. Олар қазір таза қуат күйіне өте алады. Оларды ескі түрде тануым үшін сыртқы әлпеттерін өзгертті. Оларды тастап шыққанда мен де сондай едім.


Д.: Сен жоқ кезде олар тәнге мұқтаж емес күйге дейін дамып кеткені ме?

К.: Олар таңдау жасай алады. Егер қаласа, таза қуат болып қалады. Қаласа, тәнге, дискке, құмыраға айналады.


Д.: Бірақ оларға саяхаттау үшін бір нәрсе керек қой?

К.: Міндетті емес. Мен басқа уақыттан, басқа кеңістіке таза қуат болып, жарықтың сәулесі болып қайтып келдім. Пішін маған тек осы стратосфераға оралуым қажетін еске салу үшін керек болды. Мұнда атмосфера жоқ. Бұл жай ғана...


Д.: Бұл олар мекендейтін өлшем бе, әлде әлем бе?

К.: Иә. Олар мекендейтін әлем. Бұл үшін диск қолданылады. Басқа әлемдерге саяхаттау үшін дискті қолданамыз. Немесе біз тек таза қуатты қолданамыз. Бұл тек менің осы жерден кеткенімді есе салу үшін қажет болды.


Д.: Дегенмен ақпарат алу үшін ең жақсы тәсіл – сен сияқты әлдекімді соны жұту үшін жұмсайтын боп тұр ғой? Бұл дұрыс сөз бе?

К.: Бұл жақсы сөз. Жұтып қою, иә.


Д.: Қазір сен сол ақпаратпен бөлісу үшін оралған болдың ғой? Бірақ сен мәңгілікке қайтып келмедің?

К.: Қаламын ба, әлде басқа әлемге қосымша ақпарат жинауға қайтадан жұмсай ма, оны келесі жолы шешеді.


Д.: Жарайды. Алайда олар сені бір жаққа ертіп келе жатыр дедің ғой?


К.: Біз дөңгелек бөлмеге кірдік. Дөңгелек үстелдің басына отырдық. Бұл тіршілік иелерінің кеңесі сияқты. Мұнда мен барған әлемдерімнен жинаған ақпаратпен бөлісемін.


Д.: Ақпаратпен қалай бөлісесің?

К.: Біз отырмыз... сыртқы пішініміз бар (Түсіндіру қиын боп тұр, бірақ ол күлімсіреп отыр). Біз ақпаратпен телепатиялық деңгейде алмасамыз, не вербалды түрде. Ойпішіндер... Біздің телепатиялық ақпарат алмасуымыз кейде үзіліп қалады, топтағы біреу күлкілі әлдене айтқанда (күлді). Аз-кем ғаламшарлық қалжың айтылады.


Д.: Сен оларға күлкілі көрінген әлдене айттың ба?

К.: Иә. Олар да маған күлкілі көрінген нәрселерді айтты. Мұны дауыстап айтты. Мен құдды ақпаратты телепатиялық түрде компьютерлік мағлұмат банктеріне, солардың жүйелеріне өткізіп жатқандаймын.

Оның да көлігін бөгделіктер автострададан алып ғаламшарлық кемеге алып кеткенде Бонни де сөйткен еді. Басына жапсырған құрылғы арқылы олар оның барлық естеліктерін өз компьютерлеріне жазып алған. Мұндайды «Сақтаушылар» кітабында айтқам.


Д.: Сен сол жүйелерді көре аласың ба? Олар бөлмеде орналасқан ба?

К.: Жоқ. Жүйе олардың миында, ақылында, болмысында.

Д.: Яғни, ақпарат сенің ақылыңнан олардың ақылына көшіп жатыр ғой? (Иә). Сен оларды тастап шыққалы бері көрген бүкіл әлемдер туралы ақпараттар ғой? (Иә). Әлемдер туралы ғана ма, әлде сен сүрген әр өмір жөнінде ме ақпараттарың?

К.: Әлемдер туралы.


Д.: Өзің айтқан әлемдерде шын мәнінде өмір сүрмеген болып тұрсың ғой?

К.: Баяғыда мен өзге әлемдерге барып тұратынмын. Бірақ бұл жолы мен бір ғана әлемге бардым. Сол әлемнің мәдениеті, бейбіт өмірі, жүйесі жайлы ақпарат жинадым. Бұл өте үлкен жер. Онда күллі Ғаламдар, Галактикалар, барлық жерлер туралы ақпараттар жеткізіліп, жинақталады. Барлық кеңістік пен дәуірлер туралы тұтас ақпараттарды жинап қойған өте үлкен кітапхана секілді.


Д.: Мұнда сақталатын ақпараттарға кімдер ие?

К.: Бәрі. Күллі Галактикалардың жаратылыстары мұндағы ақпараттарды біле алады. Егер қалай қосылу қажетін білсе. Бұл ресурс орталығы. Әрбірі оған қосыла алады. Тек кілтің болса болғаны.

Д.: Өзің жинап келген ақпараттарды өткізіп жатқандықтан сен соның бір бөлігі болып тұрсың ғой. Өзің айтпақшы, бір ғана әлемнен ақпарат жинасаң, ол қандай әлем болды екен?

К.: Ол Жер ғаламшары.

Д.: Ақпарат жинау үшін Жерде өмір сүрдің бе? (Иә). Онда ақпарат жинауға көп уақытың кеткен болды ғой. Шамасы, өте көп ақпарат жинаған секілдісің.

К.: (Терең күрсінді). Өзім ойлағаннан да көп.