Файл: Долорес Кэннон. Мы лшемді алам. Том Мскеу. Стигмарион баспасы, 2014 352 бет.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 177

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

К.: Мачу-Пикчу?

Д.: Иә, мен ол жерде болдым. Ол жерден көрген құрылымдар мүлде басқа замандарға тән сияқты көрінді.

К.: Мачу-Пикчу ескерткішінде түрлі дәуірлердің ізі бар. Бірі тым көне болса, бірі аса емес. Кейде бір емес, екі өркениет дәуірлегендей. Шын мәнінде солай.

Д.: Сол жердің бақсысы осылай деп еді. Оның айтуынша, заңғар шығыршықтардан тұратын құрылыстарды инктер салмаған.

К.: Солай. Инктер онда алдыңғы өркениеттің қалалары салынып қойған кезде келген. Қазір олардың қирандысы ғана қалды ғой. Бұлар инктерден көп бұрын салынған. Алдыңғы өркениет ғаламшардан кеткен соң барып бұл жерді инктер қоныстана бастады.

Д.: Мен тура солай ойлап ем. Бақсы да солай айтқан еді. Инктер келген соң тапқан дүниені пайдалана бастады деген.

К.: Иә. Олар жақсы жер тапқан кезде: «Бірдеңе жасап әуре болудың не қажеті бар, бәрін біз үшін салып қойыпты ғой» десті.

Д.: Олар салған құрылыстардың кейбірі өте сапасыз болды.

К.: Солай. Себебі, олар алдыңғы өркениеттің білімін жойып алды.

Д.: К алдыңғы тірішілік иелеріне не болды? Олар қалаларын бос қалдырып, бір жаққа кете салғандай. Оларға не болғанын ешкім білмейді.

К.: Олар эволюцияға ұшырады. Тербелістік деңгейге жетті. Мұндай деңгейде оларға адам тәні керек болмай қалды. Олар таза қуатқа айналып кетті. Сіз айтпақшы – әншейін жоқ бола салды. Сіз білетін адам тәнінің массасы мен тығыздығынан көшіп кетті. Физиологиялық пішіннен өсіп кетті. Бұл қалаларды Атлантиданың жойылуын бастан кешкен адамдар салған, олар Перуге жер ауып келген. Олар бұл ғаламшарға келгенде жоғарғы тербелістік деңгейде еді. Олардан бөлініп, жаңа қауымдастық құрғандар осынау тербелістік жиілікті жоғалтып алды, себебі олар бүтіннен бөлініп қалғандар. Бүтін – өркениеттің ең алғашқы қалпы. Жұлдыздар арасынан келгенде олар бүтін болып жаратылған еді. Олар жаңа қауымдастық пен кішігірім өркениет түзе бастаған кезде жоғары жиіліктегі тербелістерін жоғалта бастады. Тербеліс жиіліктері кеміді. Олар тығыздана бастады. Соның кесірінен өзіңізге таныс тығыз физиологиялық пішінге енді.

Д.: К анау қатты дамыған тіршілік иелері өз тербеліс жиіліктерін қатты үдетіп, содан өз пішінін өзгерте алатын деңгейге жеткен болды ғой?

К.: Олар пішінін тұтастай өзгертті. Олар тығыз болмай қалды. Олар жарыққа айналып кетті.


Д.: Олар жарыққа айналса да, Жер бетінде өмір сүріп жатыр ма?


К.: Олар әлі де осында өмір сүреді.


Д.: Неге біз оларды көрмейміз?

К.: Себебі, олардың қуат тербелістері тым жоғарғы жиілікте, олар физиологиялық пішінге мұқтаж емес, сондықтан көзге көрінбейді.


Д.: Бірақ олар немен айналысады? Кәдімгі өмір сүре ме?

К.: Иә. Олар көбіне рухани көмекші болады. Мұның не екенін сіз білесіз. Егер сізге тіршілік иесі не қуат келсе, осындай жоғарғы жиіліктегі әлдекім болуы ықтимал. Олар мұндай жоғарғы жиілікте «рухани ұстаз» деуге әбден лайық. Бұл өркениет – бір топ тіршілік иелері – біртұтас еді. Олар сол біртұтас күйі эволюцияға ұшырады. Енді оларға тән керек емес.


Д.: Олардың тәніне не болады?

К.: Әншейін еріп кетті.


Д.: Олар көшкен жер – бұл бір қала ма, әлде ел ме?

К.: Иә. Олар кез келген қалада өмір сүре алады. Кез келген қала, жер олардың үйі бола алады. Сіздерше айтсақ, «эфирлі қала» деген қалалар бар. Олар сіздердің қалаларға ұқсайды. Бірақ олардың тербеліс деңгейі өте жоғары, сондықтан жай адамдар мұндайды көре алмайды. Дегенмен, олар бар.

Д.: Олар жарық пішіндегі жаратылыстар.

К.: Иә. Егер сіз санаңызды тығыз пішінге мұқтаж емес деңгейге дейін дамытсаңыз, сіз де оларды көрер едіңіз. Сіз ары-бері қозғалып, күнделікті жұмысыңызды тәні бар адам сияқты орындай берер едіңіз. Бірақ сіздің тербеліс тек таза ой деңгейінде орындалар еді. Бұл деңгейде қуат тербелісіңіздің жиілігі жоғары болғаны соншалық, сіз тығыз пішінге мұқтаж болмай қаласыз. Тек сол жерге көшіп кетесіз.


Д.: Бірақ таза жарық күйде олар ешқашан бұл жерде өлмейтін боп тұр ғой?

К.: Жоқ. Өлмейді. Сіз де ешқашан өлмейсіз. Тіпті тығыз пішінде де өлмейсіз.


Д.: Солай ма? Біз тек пішін ауыстырамыз ба?

К.: Иә. Сіз тек тербеліс жиілігін ауыстырасыз. Бәлкім, тербеліс жиілігін дамытсаңыз, сіз шекарадан аттай беретін деңгейге көтерілуіңіз әбден мүмкін. Тығыз пішінді тастап шыққанда да, сіз дамуды жалғастыра беруіңізге болады, басқа тербеліс деңгейлеріне көтерілуіңізге жол ашық. Түрлі тербеліс деңгейлері өте көп.


Д.: Дегенмен, бәрі біртұтас жаңа деңгейге көтерілгенде де олардың кармасы қалып кеткені ме?

К.: Тербеліс деңгейінің осы шегіне көтерілгенде, бұл бесінші өлшем дейтін шектен де жоғары болмақ. Мұндай деңгейде карма жоқ. Ол толықтай өтелген боп есептеледі.




Д.: Олар онда мәңгілікке қап кете ме?

К.: Қанша қалғысы келсе, сонша уақыт қалады.


Д.: Егер олар өлмейтін болса, онда олар не істей алмақ?

К.: Олар тығыз пішінге орала алады. Олардың: «Әбден қызықтап болдық, тағы да бір рет көрейік» деу ықтималдылығы бар.


Д.: Онда олар қайтадан карма шеңберіне түсіп қалады ғой?

К.: Иә, ол да мүмкін.

Д.: Мен мұны өзім естіген басқа заттармен салыстырып отырмын. Адамдар өлген соң өтетін рухани деңгейден бөлек. Бұл тіршілік иелері басқа жерде болды ғой?

К.: Сол жер болуы да ықтимал. Бәрі де рухани дамудың деңгейіне байланысты. Егер бір адам дәл қазір алмасудан өтсе, ендеше ол да осы өркениет өмір сүретін тербеліс деңгейінде болуы мүмкін. Немесе осы деңгейге жету үшін өзінің эволюциясын жалғастыра береді. Алмасу сәтінде адам қандай ізгілік деңгейінде тұрғанына байланысты.

Д.: Яғни, қазіргі жерді мекендейтіндердің басым бөлігі тәннен шыққан соң өздерінің кармалық түйткілдерін шешу жолына түсе ме? Сондықтан Жерге қайтып келе ме? Перудегі өркениетке қарасақ, олардың алмасуы басқаша өткен сияқты.

К.: Иә. Олар алмасуды бәрі бірге жасады.

Д.: Яғни, шамасы біз бәріміз сондайды жасауға ұмтылатын боп тұрмыз ғой – қайта келуге зәру болмайтын деңгейге өту.

К.: Бұл соңғы мақсат.

Д.: Соңғы мақсат – Жаратушыға, яғни Құдайға қайта оралу деп естіп едім.

К.: Солай. Сіздер Құдай деп атайтын қайнар көзге оралу, сол жарыққа жету.

Д.: Иә, оның аттары көп.

К.: Иә. Маңыздысы сіз үшін ол кім, әлде не болатыны ғой.

Д.: Яғни, бұл адамдар Жаратқанша мейлінше жақын болды ғой.

К.: Өте жақын. Өте, өте. Бұл өркениет мүлде бөлінбестен, біртұтас күйде тура Жаратқанның жүрегіне қайтты. Енді олар Құдаймен біртұтас, бүкіл жаратылыспен біртұтас. Бүкіл жаратылыс деген солар. Себебі, соңғы мақсат – Құдаймен бірігу. Егер бөлінуді сезінсеңіз, сіз Құдаймен біріге алмайсыз. Себебі, адамдар Құдайдан алшақ болу үшін бәрін жасап бақты. Рухтың соңғы мақсаты – Құдайға қайту. Ең басында қайдан келсек, сонда оралу.


Д.: Иә, мен енді түсіндім. Дәл осылай тобымен алмасу жасаған басқа өркениеттер болды ма?

К.: Бұлай жасағандар көп еді.


Д.: Олардың арасында біздің тарихымызда белгілісі бар ма?


К.: Жоқ.


Д.: Бұл өте ертеректе болған ба?

К.: Иә, өте ерте замандарда болды.

Д.: Шамасы, Атлантида тұрғындары өте қатігез өліммен өлген сияқты. Яғни, жаһандық апаттар болатын оқиғалар кездеседі ғой.

К.: (Үзілістен соң). Жаһандық апаттар туралы бір нәрсені ғана айта аламын. Өркениет, бір топ адам, әлде бір топ рух, басқа деңгейге өтудің осындай жолын таңдай алады. Немесе басқа жерге көше алады. Сонда барып өзінің эволюциясын жалғастыра береді. Бұл олардың таңдауы.

Д.: Байқасаңыз, менің сұрақтарым көп.

К.: Иә. Сіздің сұрақтарыңыз өте жақсы. Сондықтан сізді таңдаған едік. Сол себепті бұл білімді сізбен бөліскіміз келді. Сонда адамзат баласы құпия қалған, жасырылған ақпараттарды алсын дедік. Сізбен тағы сұқбаттасқымыз келеді. Клара да негізі сіз істеген нәрсені істеп жүр. Сәл басқашалау. Сіз адамзатқа ақпаратты жеткізсеңіз, ол адамдармен қарым-қатынас орнатып, ақпаратты бізге жеткізіп отырады. Сондықтан сізге қарай ақпарат беретін талай адамды бағыттадық.

Д.: Жұмыс барысында ақпарат күн өткен сайын күрделеніп барады.

К.: Себебі, күн өткен сайын ашып жатқан есіктеріңіз көбейді. Көбірек есік ашқан сайын, көп есікке кірген сайын ар жағынан жаңа есіктер ашылады, сіз басқа шынайылықты көресіз, анағұрлым күрделі ақпаратты аласыз. Біз сізбен серіктес болғанымызға қуаныштымыз.

Д.: Сіздердің сенімдеріңізге селкеу түсірмеуге тырысамын.

К.: Біз оны білеміз. Әйтпесе, біз сізге келмес едік.

Мен Клараны уақытқа сәйкестендірдім де, есін жиғыздым. Есін жиған соң ол сеанс кезінде не сезінгенін сипаттап берді.

К.: Мен осы шақта болғанымды сездім. Мен келешекте, өткен шақта, осы шақта бір мезетте болғанымды сездім. Уақыттың бәрі бір мезетке түйісіп, осы шаққа айналып кеткендей.


Д.: Сен өзіңді бөлшектеніп қалғандай сезіндің бе?

К.: Жоқ. Мен келешек пен өткен шақтың бірлігін сезіндім. Өте алыста қалған өткен шақтың. Бұл жаратылыс үшін уақыт деген өлшем жоқ секілді. Бүкіл уақыт бір сәтке тоғысқандай.

Д.: Осындай жолмен шекарасыз кез келген ақпаратты алуымызға болатынын көріп тұрсың ғой.

Осы сеанстан соң тосын жайт болды. Клара өзінің қонақүйдегі нөміріне оралады. Бірнеше минуттан соң ол маған қоңырау шалды да, келіп кетуімді өтінді. Мен келген кезде ол маған мойнын көрсетті. Шашын тарап тұрып, желкесінде қызыл дақ пайда болғанын көріп қапты. (Бұл қонақүйдің ваннасындағы айналар екіжақты еді, сондықтан Клара шашын буып жатқан кезде желке тұсындағы дақты байқап қалыпты). Қызыл дақ шаштың түбінен шамамен екі дюйм, шашы жоқ жағына жарты дюймдей созылған. Клара осы шетін байқапты. Ашық қызыл түсті. Сызық сияқты. Шашы жоқ тұстағы жуандығы жарты дюймнен төрттен үш дюймге дейін, ал шаштың түбіндегі сызықтың жуандығы бір жарым дюйм еді. Мен фотоаппарат алып, бірнеше рет суретке түсіріп алдым. Мен суретке түсіргенше, із жоғала берді. Ол жастықта еркін жатты. Сондықтан мойнына бататындай ештеңе болмаған еді. Оның айтуынша, дақ тұрған жері мүлде сезілмейді. Жағымсыз әсері жоқ. Әншейін, бұл қызыл дақ ненің ізі екенін білгім келді деді. «Сақтаушылар» кітабында осындай қуаттармен жұмыс істейтін адамдарда да түрлі іздер қалғанын жазып едім. Үздіксіз толығып отыратын күллі білімді сақтайтын ғаламшармен қарым-қатынасқа түсу менің басқа клиенттерімнің сөзін еске салды. Олардың айтуынша, олар барлаушы екен. Көп адамның денесінде
арнаулы импланттар бар, олар түрлі ақпаратты жеткізетін таратқыштар. Олар не көрсе, естісе, сезінсе, соны Жер ғаламшарының тарихын жазатын компьютерлік мағлұмат банктері жазып алады. Бұл жобалар өзді-өзі байланысты ма? Менің байқауымша, түпсананың негізгі қызметінің бірі – бәлкім, жанымыздың қалауы шығар – біз сүрген барлық өмірлер жайлы ақпаратты жинау сияқты. Біздің ақырғы мақсатымыз қайнар көзге оралу – Құдайға оралу, Жаратқанға қайту. Әр түрлі өмірлерде бастан кешкен сан алуан хикаялар мен саяхаттарымызды тамамдап, түптің түбінде Жаратушыға жинаған біліммен қайта ораламыз. Сол кезде бұл білім жұтылады. Осылай ойласақ, бізді Құдайдың денесінің бір жасушасы деп атауға болады.

Шамасы, білім мен ақпаратты жинау – адамның басты парызы, сондықтан ештеңе де дұрыс не бұрыс бола алмайды. Тек позитивті не негативті болады. Біз тәжірибе жинаймыз, бұл біздің кармамызды өтеуге мүмкіндік, бастаған ісімізді аяқтауға жол ашады, содан соң келген жағымызға қайтамыз.

Перудегі өркениет біртұтас күйде жоғары тербеліс деңгейіне көшіп, көзге көрінбейтін болғанын естігенімде санамда бір ой жылт етті. Мұндай жайт басқа өркениеттерде де болғанын айтып өтті ғой. Қазіргі таңда Жер өз тербелісін өзгертіп жатыр деген сөз көп айтылады, бұдан да жоғары деңгейге ауысып жатыр дейді. Кей адам басқа өлшемге ауысып кететін болады. Ал, кейбіреуі не болғанынан бейхабар күйде осында қала бермек. Бұл да сол өткен замандағы өркениеттердің басынан кешірген дүние емес пе?
ҮШІНШІ БӨЛІМ

ЖЕРДІҢ ҚҰПИЯЛАРЫ

6 ТАРАУ

АТЛАНТИДА

Адамзат баласын сан ғасыр бойы дүрліктіріп келе жатқан басты құпияның бірі – Атлантида өркениетінің болған-болмағаны. Көп адам бұл бар болғаны аңыз деді. Бірақ бұл аңыз өміршең боп шықты. Меніңше, бұл аңыз өмірде болған фактілерге сүйенеді, жұмыс барысында соған талай рет дәлел таптым. Клиенттер терең трансқа түскенде олардың түпсанасын түрлі тәсілмен ашып, сол түпсана деңгейінде өткен өмірі туралы кез келген ақпаратты білуге болады. Кей жағдайда олар ақпаратты өз бетінше алатын жерге тап болады – Рухани әлемдегі кітапханаларға барады. Бұл ғажап жерде өткен, не болатын жағдайдың әрбірі туралы, кез келген тақырыптағы ақпарат сақтаулы. Рухани әлемдегі менің сүйікті орным осы жер. Себебі, мен үнемі «жоғалып қалған» білімді іздеумен келем. Әдетте онда білімді алғысы келгендерді бақылайтын, олардың мақсатын анықтайтын шырақшысы болады. Мен ақпаратты мейлінше ақиқат күйінде, ешбір фактісін бұрмаламай таратқандықтан, маған қызық көрінген кез келген ақпаратты алуға жол ашық деп еді. Әрине, кей ақпаратқа мені жолатпайды, өйткені адамзат дамуы ондай ақпаратты қабылдауға әлі де дайын емес. Бірақ жиырма жыл бойғы жұмыс барысында байқағаным, бастапқы кезде ашылмаған ақпараттарды маған кейінірек ашуға рұқсат етіп келеді. Сол себепті, адам санасы ақырында күрделі концепцияларды түсіне алатын деңгейге көтеріліп келеді деп үміттенемін.