Файл: Долорес Кэннон. Мы лшемді алам. Том Мскеу. Стигмарион баспасы, 2014 352 бет.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 174

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Д.: Олардың басқару органдары болды ма?

Б.: Бастапқы кезде болды. Бірақ өркениет дамыған сайын жағдай өзгерді. Экстарсенсорлы қабілеттердің дамуына байланысты мұның маңызы болмай қалды. Соның салдарынан басқару біртіндеп басқа міндеттерге бейімделді. Басқару көбіне көп басқа салаларда ұйымдастырушылық мәнге ие болды, әсіресе ғылым саласында.


Д.: Түнгі қауымдастық? Әлде ол заманда мұндай боп саналмаушы ма еді?

Б.: Ондай боп саналмайтын. Олардың зерттеуі негізінен мистикалық және экстрасенсорлы заттармен байланысты еді. Бұл шамасы дара ізденіс болған. Егер адамдар жаңалық ашса, оны ұйымдастырушы құрылымға хабарлайтын. Бұл құрылым сол жағдайды ескеріп, оның жалпы қоғам өміріндегі рөлін зерттейтін, себебі әр жаңалық маңызды саналатын. Олар мұндай жаңалықтың бәрін жинайтын, салаларға бөлетін, ортақ сұранысқа сай сәйкестендіретін. Осылайша Ғаламның құрылымын түсінуге тырысатын. Бұл үдеріске бәрін тартатын. Ұйымдастыруға өте мұқтаж үдеріс еді.


Д.: Олар мұны жазып отырды ма?

Б.: Иә, егжей-тегжейлі сипаттап отырды. Олардың компьютерлері болмады. Бірақ олар экстрасенсорлы қабілет арқылы Ғаламның негізгі қуатына қол жеткізіп, соны қолдана отырып ақпараттарды сақтайтын. (Шамасы, біздің ақпарат жинайтынымыз сияқты). Бұл олардың басты ақпарат сақтайтын орыны еді. Сондықтан сіздердің археологтар дым таппады. Ол ақпараттар әлі де сол жерде. Оны табу үшін қажетті қабілетті дамыту керек. Оларда балаға оқу мен экстарсенсорлы қабілетін дамытуды үйрететін қағаз бұйымдар болды. Бірақ олар баяғыда құрып кеткен.

Д.: Ғалымдар жазылған, яки ойып жазылған бірдеңе іздестіріп жатқандай.

Б.: Иә. Жазбалар сақтаулы. Бірақ психикалық деңгейде. Олар өте жақсы сұрыпталған, қолданысқа дайын. Бұл жазбалар сіздің әлемге өте пайдалы болар еді. Бұлар Акаши ақпарларына ұсқайды. Айырмашылығы Акаши ақпарлары Ғаламның бір бөлігі. Олар осы концепцияларды қолданып, қуат деңгейінде өз жазбаларын жазып қалдыру үшін пайдаланды.


Д.: Мен пирамидалар туралы, не сондай нәрсе туралы ойладым. Белгілі бір нақты жерден ақпаратты алу мүмкіндігі бар ма?

Б.: Жоқ. Алайда пирамидалар мен сол секілді аспан денелеріне сәйкестендіріліп тұрғызылған мегалитикалық құрылыстар, мысалы Еуропадағы құпия тас шеңберлер, бұл шеңберлер сол ақпаратты алуға көмектесетін қуат фокусын туралайтын механизмдер. Мұндай мақсатта қуатты қолдану үшін оны реттеп әрі фокусын туралап отыру маңызды.


Д.: Егер біреу-міреу осындай ежелгі жерлерге зиярат етсе, бұл оған сол ақпараттарды алуға көмектесер ме еді?


Б.: Иә. Алайда күн мен түн теңелу кезіндегі прецессия салдарынан тас шеңберлердің бірі дұрыс бағытталмай тұр.


Д.: Жер мен аспанның арасы өзгеріп бара жатыр дегіңіз келіп тұр ма?

Б.: Солай. Сондықтан олар о бастағы сәйкестендірілген нүктеден ауытқып барады. Арасында күнмен теңескендері бар, солардың бағыты әлі де сәйкес тұр, қолдануға болады. Мысалы, Атлантида жойылған соң негізгі фокус Мысыр пирамидалары боп қалған. Олар құрылысы басталған сәттегідей әлі де тиянақты теңескен күйі тұр, содан да болар олардың күші кемімеді. Сондықтан пирамиданың белгілі бір бұрышында көп уақыт өткізген адамдарда галлюцинация басталып кетеді. Себебі, бұл қуаттың фокус түсіру орталығы. Бұл эманацияны (шұғыла шашу, сәулелену) сезбес үшін тас керең, мақау, соқыр, ақыл-есі кем болу керек шығар. Атлантидада осыған ұқсас мегалитикалық құрылыс нысандары болған. Егер сіздердің археологтар бірдеңе тапса, бұл сол құрылыстар болмақ. Атландиданы жойған кезде қатты қирады. Содан соң олардың теңесуі бұзылды. Археолгтарыңыз бір кезде бұл құрылыстардың да басқа бұзылған мегалитикалық құрылыстар секілді Күнге теңелгенін байқауы мүмкін. Олар Ғаламның түрлі қуат деңгейлеріне қол жеткізу үшін арнайы фокус ұстау үшін Жердің және жақын ғарыштың еркін қуат ағындарын қолданатын алып тас компьютерлер сияқты.


Д.: Атлантиданың адамдары металды қолданбады деп едіңіз?

Б.: Аз қолданды. Себебі, материалдың бастапқы пішіні қаншалықты көп өзгеріске ұшыраса, содан Ғаламмен үйлесімділігі тез бүлінетінін, ал бұдан көбірек тербеліс жоғалтатынын байқаған. Егер жерден әлдене алып, оның молекулярлық құрылымын айтарлықтай өзгертпестен қолданса, ендеше ол қуат деңгейлерімен үйлесімділікті сақтап қала береді, оны лайықты мақсатта пайдалануға әбден болады. Сол себепті олар өз құрылыстарында тасты көп қолданды. Себебі, тас – кесіліп, басқа орынға көшірілген жердің қатты бөлігі ғана, ал белгілі бір металдарды тазалау үшін балқытады.


Д.: Яғни, олардың бүкіл құрылысы, өмір сүрген үйлері де тастан тұрғызылған ба?

Б.: Не тастан, не саздан, не ағаштан, осы тектес материалдардан. Кейбір жиһазды да тастан ойып жасаған. «Ойып» деп айтқаным, бұл сөзді сіздің тілде қолданады. Бірақ бұл негізгі үдерісті толық сипаттауға келіңкіремейді. Олар жер астынан тасты алғанда, оның қуат шеңберін уақытша өзгертіп отырған. Содан ол саз сияқты иілімді болды. Осы себепті тастан кез келген пішінді жасай беретін. Саздан жасағандай. Сосын олар тастың қуат шеңберін орнына келтіріп, оны қалыпты пішінге келтіретін, тас қайтадан тас болып қататын. Оларда өркениетке лайық барлық ыңғайлы өмір болды.




Д.: Ал тамақ жайы қалай?

Б.: Олар қуатты зерттеу кезінде дұрыс қоректенудің теңгерімін үйренген. Сіздердің өркениеттегі теңгерімі жоқ қоректенудің салдарынан пайда болатын көптеген медициналық қиындықтардан, аурулардан құтылған. Елдің көбі көкөніс, жасұнығы көп дақылдармен азықтанған, етті аз жеген. Қазіргі вегетариандықтар сияқты шектен шығып кетпеген. Олардың тәні нәруызға мұқтаж болды. Олар үнемі жұмыртқа жеуге тәуелді болмады. Сондықтан ет қатты қажет болған кезде мал сойып жеді. Кейбір қатты дамып кеткен мистиктер тамаққа мұқтаж болмады. Олар қуатқа қосылып, тәніне керек дүниені азық-түлік сынды делдалдан емес, тікелей Ғаламнан алды.

(Кейбір Жерден алыс орналасқан өркениеттер осылай қоректенеді). Бұл өте дамыған техника. Атлантиданың жалпы прогресіне қарамастан мұндай тәсілді тек кейбір дамып кеткен тұрғындары ғана үздіксіз қолданды.


Д.: Олардың малы қазір Жердегі малға ұқсайтын ба еді?

Б.: Негізінен, ұқсайтын. Сіздердің археологтар ежелгі өркениет деп санайтын – яғни, хайуанаттарды қолға үйретіп, егін егуді үйренген алғашқы өркениеттер – шын мәнінде құрдымға кеткен ұлы өркениеттің мұрагерлері еді. Олар өз өркениетін қирандылар арасынан аршып алуға барын салды. Солардан қолға мал ұстау таралды: сиыр, ешкі, қой, түйе, жылқының кей түрлері. Тұқымдары басқа еді, түрлері басқа еді. Оның себебі, адамдар үнемі сұрыптау жасап, қолға ұстайтын малдың сыртқы әлпетін өзгертіп отырды.

Бірақ, жалпы алғанда сол мал. Бірақ мысалы, қазіргі сүтті сиырдың үнділердің зебу сиырынан айырмашылығы бар ғой.


Д.: Олардың көлігі болды ма?

Б.: О, әрине. Олардың көлігін сендер аңыздарда ұшатын кілем деп атайтынсыңдар. (Мен таңғалып, күлдім). Олар еш қиындықсыз ұша алатын. Себебі, қуат пен ауырлық күшін меңгерген. Сондықтан негізінен әуемен ұшатын. Егер оларға бір затты ала кету керек болса, бірақ қолдарына ұстағысы келмесе, әуеде жеке ұшырып қуатын жұмсағысы келмесе, сол затты ұстаған күйі кілемге отыратын да, солай ұшатын.

Д.: Түсінікті, «Мың бір түндегідей».

Б.: Солай. Олар қуаттың арқасында көптеген заттарды жасап үйренді. Әсіресе, жер бетінде саяхаттауды меңгерді. Егер жақын жерге барғысы келсе, онда қуатын ысырап етпей, мініс малды қолданды. Оларға көлік пен ұшақтың керегі болмады. Галактикалық қауымдастық бұларына дән риза болды. Олардың қуатты басқару амалы ерекше еді. Бұл адамзат баласының Галактикалық қауымдастыққа қосатын маңызды үлесі болар еді. Себебі, басқа ғаламшарлар даму үшін машина мен транспорт қолданатын.


Д.: Қазіргі біз сияқты.

Б.: Иә. Галактикалық қауымдастық қазіргі адамдардың экстрасенсорлы қабілетін дамытпағанына алаңдаулы. Бірақ олар мұндай қабілет қолданғанда барып дамитынын біледі. Оның үстіне олар алдыңғы өркениетке не болғанын жақсы біледі. Егер бұл қабілетті өзіміз тауып, «ашпасақ», онда олар өткен замандағыдай бізді соны тануға итермелейді. Бұл қуаттың түрін жеке адамның үлкен арақашықтықты еңсеруі үшін және тас бағандарды қозғауға қолданатын. Сендердің қазіргі өркениетте елден оқшау өмір сүретін кейбір микстиктер соны жасай алады. Олардың кейбірі үндінің джунглиін мекендейді. Бірақ бұл қасиетті елден жырақ Тибет тауын мекендейтін ламалар қатты меңгерген. Оларға Атлантиданың күйреуі қатты әсер етпеді.


Д.: Олар сауық-сайран құру үшін бірдеңе істеді ме?

Б.: О, әрине, бұл адам болмысының сұранысы ғой. Бәрі де нақты өркениет пен оның мәдениетіне байланысты. Мәселен, Атлантида да адамдар қолына не киіміне түрлі-түсті бау байлап, сосын әуеге көтеріліп, бір-бірінің үстінде ұшып жүретін, сонда әр түрлі өрнек пайда болатын. Балаларға осындай нәрсені бақылау ұнайтын. Қиялы жеткеннің бәрін ойлап табуға тырысатын. Оларда драма мен музыка болды. Олар тірідей қойылым көргенді жақсы көретін. Бірақ басқа уақытта болып кеткен дүниені көргісі келсе, экстрасенсорлы қабілеттерін пайдаланатын. Бұл теледидарды еске салады.

Д.: Шамасы, олардың экстрасенсорлы қабілеттері өте жоғары деңгейде болған секілді.

Б.: Иә, бірақ оларды Атлантиданың күйреуі қатты шошытты. Бұл олар үшін психикалық жарақат секілді болды. Егер адамның бала күнінде жаны жараланса, ол өмір бақи соның салдарымен күресіп өтеді. Егер сол жан жарасын сезініп, сол мәселені түбегейлі шешпесе, жағдай қиындайды. Бұл нәсіл тұтастай сондай ауыр күйді бастан кешті. Атлантиданың күйреуі мен фокус нүктелерінің бүлінуі олардың экстрасенсорлы қабілеттеріне кері әсерін тигізді. Бұл шамамен егер сіз жарылысты тым жақын жерден көріп, көзіңіз уақытша соқыр боп қалғандай күй.


Д.: Бұл оларға бірнеше буын ұрпақ алмасқанша әсер еткен болды ғой?

Б.: Иә. Олардың қабілеті ешқайда кетпеді. Тек уақытша тоқтап қалды. Сосын уақыты өте келе естерін жинай бастады. Ес жиюға сіз ойлағандай көп уақыт кетпеді. Бірақ адамзат баласы сол жағдайды түпсанасында сақтады. Бірнеше мыңдаған жыл бойы сол жағдай қайталана ма деген үрейден экстрасенсорлы қабілетін дамытудан басын алып қашты.


Д.: Бұл түсінікті. Сонда олар осы даму деңгейінде ұзақ тұрып қалды ма?


Б.: Иә. Олар белгілі бір қуат түрлеріне фокус жасау үшін және галактикалық қауымдастықпен байланысу үшін кристалдарды қолданды. Мұны телепатиялық түрде жасады. Белгілі бір кристалдарды менталды қуатты күшейту үшін қолданды. Олардың кристаллографиялық ғылымы жақсы дамыды.


Д.: Олар Галактикалық қауымдастықпен байланысу үшін кристалл қолданды дедіңіз бе?

Б.: Иә, үлкен арақашықтықта байланысу үшін кристалл қолданды. Адамның қуатын жұтатпау үшін кристалдарды қолданды. Әйтпесе, Галактикалық қауымдастықта бәрі телепатиялық түрде тілдеспейтінін ескерсек, бұл тас кереңмен сөйлескендей болар еді. Сол үшін тілдесуге басқа тәсілдерді қолданды.


Д.: Олар кристалдың көмегімен қалай тілдесуге болатынын анықтады ма?

Б.: Солай. Бұл тәсіл оларға да, Галактикалық қауымдастықтың басқа өркениеттеріне де ыңғайлы болды.


Д.: Кристалды бір адам басқарды ма, әлде бірнеше адам керек болды ма?

Б.: Бір адам басқарса да болатын. Себебі, кристалдар электромагниттік өріс, ауырлық күші, күн сәулесі және т.б. Жердің түрлі қуаты мен қуат шеңберлерін пайдалана алатын. Нақты бір операциялар кристалл қандай қуатты қолданатынына да байланысты болды. Олар әр түрлі кристалды әр түрлі мақсатқа қолданды. Кейбір кристалдар белгілі бір қуат түрлеріне фокус жасауға арналған.


Д.: Кристалдар белгілі бір пішінге ену үшін өңделетін бе еді?

Б.: Олардың молекулярлық құрылымы, матрицасы, торы белгілі бір қалыпқа түсетін, көп жағдайда сырт пішіні де маңызды болатын. Олар кристалдармен тасты өңдегендей нәрсені жасайтын. Қуат өрісін өзгертіп, молекулярлық құрылымын белгілі бір қуат түріне фокус түсіретіндей етіп қайтып жасақтайтын. Содан кейін барып қуат өрісін бекітетін.


Д.: Белгілі бір мақсатқа қажетті пішінді осылай жасаған екен ғой?

Б.: Пішін емес! Кристалдың ішкі молекулярлық құрылымын! Содан кейін барып олар кристалдың сыртқы пішінін де өзгерте алды. Қажетті пішінге қалыптау үшін. Бірақ ең маңыздысы қажетті молекулярлық құрылымын жасау еді.

Д.: Мен кристалдың пішіні не кристалл қырларының бұрыштарына бір қатысы бар ма деп ойлап ем.

Б.: Алдымен дұрыс молекулярлық құрылымды жасау керек. Ол қылаудың құрылымына ұқсас. Бірақ одан гөрі нәзік қуат деңгейінде. Бәрін ерекше дәлдікпен жасау маңызды. Әйтпесе, дым жұмыс істемей қалады.


Д.: Кристалдың өлшемі маңызды болды ма?

Б.: Ақырында оның өлшемі мен пішіні не үшін қолданылатынына қарай маңызды болды. Бірақ бәрінен де оларды молекулярлық құрылымы қызықтырған еді. Кристалдың молекулярлық құрылымын құбылтуы себепті олардың кристаллографиялық ғылымы қарыштап дамыды. Сондықтан олар кристалды түрлі мақсатта қолданатын. Олар кристалдың молекулярлық құрылымын құбылта білді, соның арқасында пішіні мен өлшемін де өзгертіп отырды.