Файл: Долорес Кэннон. Мы лшемді алам. Том Мскеу. Стигмарион баспасы, 2014 352 бет.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 178

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Осынша жыл бойы мен әуестікпен терең транстағы клиенттеріме сан алуан тақырыпта көптеген сұрақтар қойдым. Осы тарауда берілетін ақпараттар он бес жыл бойы жинақталды. Ақырында осы кітапқа енгізетін уақыты келді. Атлантидаға қатысты кей ақпарат бір қарағанға тым кереғар болып көрінуі мүмкін. Бірақ мен мұнымен келіспеймін. Себебі, клиенттерім Атлантиданы әр түрлі кезеңдерде көрген. Атлантида құрлық, қала, жай жер емесін білдім. Сол дәуірлердегі әлемнің атауы солай болған. Оны көбіне дамыған өркениетпен байланыстырған. Алайда ол дәуірлердегі әлем тұрғындары қазіргідей түрлі даму деңгейде болған ғой. Бұл атышулы өркениет мыңдаған жыл бойы өмір сүрген. Сондықтан ол кездегі адамзат баласы прогрестің анағұрлым жоғары даму жолына түспес бұрын көптеген өзгерісті бастан кешкен. Сосын барып құлдырап, өшкен. Біздің заманымыздың алғашқы мыңжылдықтарындағы өркениеттерге қарасақ та солай ғой. Сонда өзгерістер параллелін көруге болады, жақсысын да, жаманын да байқайсыз. Маған қазір тірі жүрген көп адам сол Атлантида кезінде де өмір сүргенін айтты. Біздің қазір қайтып оралуымыздың себебі, адамзат баласы құлдырауға таяу тұр, баяғыда Атлантиданы жұтып қойған тұңғиықпен тағы да бетпе бет келуі ықтимал. Спираль бойымен жүріп бара жатқан уақыт бізді тура сондай жағдайға тіреп тұр. Біз тура сол жолмен кетіп барамыз. Біз адамзат баласы сол кезде жасаған қателігін қайталамайтынына сенімді болу үшін оралдық. Осынау алмағайып шақта өмір сүріп – ондаған өмір жұмсалатын карманы тазалап, өтей аламыз. Сондықтан қазір Жер бетінде өмір сүруге рұқсат алған бәріміз өз ықтиярымызбен келгендерміз. Брэнда Атлантида өркениеті гүлденген кезең туралы ақпарат берді, құлдыраудың алдындағы шақ.

Брэнда: Атлантида тарихы мыңдаған жылдарды қамтиды. Біз алдымен оның дамуын жалпылама айтып берейік, сосын егжей-тегжейлі білгіңіз келсе, осы өркениет тарихының түрлі қырларын сипаттармыз.


Долорес: Жер бетіндегі ең алғашқы қатты дамыған өркениет пе еді, әлде оған дейін де дамыған өркениеттер болды ма?

Б.: Атлантида өміршең болды. Сондықтан жауап беру қиындау боп тұр. Шамасы, Атлантида Жер бетінде түрлі Галактикалық қауымдастықтан құралған басты өркениет болды. Олар адамзат баласына өз өркениетін құруға көмектесті. Сөйтіп ақырында өзі де Галактикалық қауымдастыққа қосылатын деңгейге жетер деді. Осындай оймен Атлантида туды. Атлантида жойылмас бұрын адамзат сол қауымдастыққа қосылудың аз-ақ алдында тұр еді. Сондықтан қауымдастық құсалы боп қалды. Бұл жайт адамзат баласын қатты күйзелтті, дамудың кері жолына қарай ығыстырып жіберді. Сол себепті қауымдастықтың біріне айнала алмады.


Д.: Неден бастағыңыз келеді? Бәрі рет-ретімен айтылғанын жақсы көрем. Маған солай ыңғайлы.

Б.: Жақсы. Жаңа айтқанымдай, о баста Жерде Галактикалық қауымдастықтың түрлі қоныстары болды. Олар Атлантидаға аяққа нық тұруға көмектесті. Олар адамзатты бақылап, оларға эволюциядан өту үшін көзге көрінбестен көмектесуге тырысты. Адамзат егін егумен айналысты. Сосын от жағуды үйренді. Қарапайым қалалар тұрғызды. Сонда бұлар адамзат өздері туралы білуге дайын деп шешті. Оларға Атлантидадағы бір топ адам ең дамыған болып көрінді. Олар тауар, өнер, әдебиетте үлкен жетістікке жеткен еді. Бұл топтың мәдени деңгейі өте жоғары болды. Бұлар осы топтың өркениетін дамытуға көмектеседі. Себебі, олар шығармашылық ойлауды оятатын қуатты білетін. Сол қуатпен адамдардың ақылын дамытты. Содан адамдар тезірек жаңа заттар ойлап тапты. Осылай істеудің нәтижесін көрген олар әлемдегі басқа да өркениет ордаларында соны қайталап, жаңа өркениеттердің тууына әсер етті. Сіз Атлантиданы сұрағандықтан, мен тек соның тарихына тоқталып өтейін.


Д.: Атлантида нақты бір жер болды ма?

Б.: Бастапқы кезде солай еді. Өркениет дами берді. Оның ықпалы арта берді. Содан уақыт өте келе ең басында Атлантида деп аталған бір ел тұтас өркениетке айналды. Осы өркениеттің ықпалына түскен әр дүние оның бөлшегіне айналып кете берді.


Д.: Осы атауды қолданып қате жасап жатқан жоқпыз ба?

Б.: Бастапқы атау аздап өзгеріске ұшыраған. Өркениет ауқымды жерге таралғандықтан, оның негізгі тілінің диалектілері пайды бола бастады. Оңтүстікте дамып жатқан диалектіде бұл атау «Атланта» сынды естілді. Ал сіздің тілде ол тағы өзгеріске ұшырады. Бұл тікелей даму жолы еді. Сондықтан бұл атауды дәп осы өркениетке қатысты қолданудың еш әбестігі жоқ деп білем.

Д.: Басқа да өркениеттер болған, бірақ сіз қазір тек осы өркениетті айтып бермекшісіз.

Б.: Меніңше, сіз осы өркениетке қатысты ақпараттарды білгіңіз келді. Сондықтан басқасы туралы сөз арасында айта отырармын. Бәрі де тұрақты дамыған. Атлантида басқаларынан бір саты алда келе жатты, себебі ол даму жолына ең бірінші боп түсті. Дегенмен, басқалары да дамып жатты. Соның арқасында өзара қарым-қатынас орнатты. Бұл адамзат игілігі үшін қажет еді. Атлантида өкілдері өте жақсы адамдар болды. Шетінен сұлу, бақытты, дені сау, жаны сау адамдар еді. Сондықтан оларды жарқын жандар деуге әбден болады. Бұл олар жарық сияқты болды дегендіктен емес. Сипаттауға келгенде сіздің тіл тым тиянақсыз.





Д.: Білемін, маған мұны бұрын да айтқан. Олардың қандай ерекшеліктері болды, мысалы шашының түсі, тағы да басқа?

Б.: Басында ерекшелік болды. Сосын олар басқа адамдармен араласып кетті де, қазір сіздің елдегідей жағдай орнады. Олар кейде түріне қарап адамның ата-бабасы қайдан екенін анықтайтын, бірақ соның айтарлықтай маңызы болмады. Бастапқы кезде жирен шаштылар мен ақ шаштылар көп еді. Арасында қара шаштылар да болды. Терісі ашық түсті, көк көзді, қой көзді еді. Кейін ақ шаштылар да, қара шаштылар да көбейді. Ақ адамдар да, қара нәсілдер де көбейді. Негізінен олар сұңғақ бойлы, сымбатты болды.

Д.: Ойша олардың қандай болғанын елестеткім келді.

Б.: Сіздердің өркениеттен ерекшелігі, олар өз мәдениетін металмен байланыстырмады. Олар материалды өзінің табиғи негізінен алыстатпай қолдануға тырысты. Сондықтан үйлерін балшық пен тастан салды. Олардың ғылымы қуатты қалай қолдану қажетін зерттеді. Олар барлық қуатты басқаруды үйренді. Соның ішінде ауырлық қуатын да меңгерді. Сол себепті олар үлкен тастарды қозғалтып үй салатын жағдайға жетті. Бұл қазір сіздер үшін таң қаларлық қой.


Д.: Олар ешбір құрылғы не механизмді қолданбаған ба?

Б.: Қолданбады. Еш қажеті болмаған. Сіздің өркениетте қарапайым құрылғы, қуатпен мұндайды жасау мүмкін емес боп саналады. Олар түрлі қуат көздеріне қосылып, өз қалауы бойынша қуатты ойша басқара алды. Бұл түсініксіз көрінуі ықтимал, бірақ мұны сіздің тілде басқаша қалай сипаттау қажетін білмеймін.


Д.: Ол үшін көп адам керек пе?

Б.: Не істегендеріне байланысты болды. Әдетте лайықты құрылғысы болса, бір адамның қолынан да келеді. Бірақ қуат дұрыс бағытта ағу үшін оған өзгелердің қолдауы қажет болды.


Д.: Барлық адам зейін қойып, қуатты бірдей басқаруы тиіс емес пе еді?

Б.: Жоқ. Бірақ арадағы келіспеушіліктен қуат ағыны кедергіге ұшырамас үшін бір ауыздан келісіп алу маңызды еді. Бұл сіздердің позитивті ойлау концепцияларыңызға ұсқас. Үнемі мақсатты ойлап отыру шарт емес дейтін. Тек белгілі бір деңгейде ойды бейімдеу қажет. Осындай қуаттарды зерттей жүріп, қуатты басқаруды үйрене жүріп, олар экстрасенсорлы қабілеттерін қатты дамытты. Сіздің өркениет мұқтаж талай зат оларға қажетсіз боп қалды. Мәселен, телефон не үкіметтік бюрократия. Басқару мен әкімшілендіру тікелей жүргізілді. Себебі адамдар телепатиялық түрде тілдесті. Егер бір нәрсе істеу керек болса, олар бәрінен ойша рұқсат сұрайтын. Бұл бір сәтте жүзеге асатын. Қазіргі әлемге тән көптеген түйткілдерді айналып өтуге мүмкіндік берген еді.



Д.: Олар ойша тілдесті ме?

Б.: Жоқ. Олардың тілдесуі вербалды және телепатиялық тәсілдер арқылы жүзеге асты. Шын мәнінде екі тәсіл арасында ешбір айырмашылық жүргізбейтін. Екі тәсілді де бір мезетте қолдана алатын.


Д.: Олар мұндайды үйренуі керек пе еді, әлде бұл өздігінен жүзеге асты ма?

Б.: Адамның бәрінде мұндайды меңгеруге табиғи бейімдік бар. Мұндай бейімдік нәсілдер тегінде жазулы, бірақ соны дамыту қажет. Мысалы, әр адамда бес саусақты қол бар. Бұл деген өте пайдалы құрал ғой. Егер қолды үнемі дамытып, бұлшықетін жаттықтырса, онымен өте нәзік жұмысты атқара алады. Экстрасенсорлы қабілеттер де сондай. Экстрасенсорлы қабілет әр адамда бар. Соны дамыту үшін алдымен қолданып көру қажет.


Д.: Бұл адамдарда мұндай бейімдік өздігінен пайда болды ма?

Б.: Жоқ. Мұндай қабілетті дамыту керек еді. Олар үшін бұл қабілетті жетілдіру есеюдің қарапайым жолы саналатын. Олар мұны қазіргі заман адамдарынан артық түсінетін. Адамның экстрасенсорлы қабілетін дамыту бұлшықетті жаттықтырғандай бала тәрбиесінің басты құндылығы болды. Олар қазіргі заман адамдары бас тартатын істерден бас тартпады. Оларда бұл қабілет болды, дегенмен соны дамыту үшін көп тер төгетін. Жүріп үйрену сияқты қиналса да үйренетін. Алғашқы адамдар мұндай қабілетін түсінбесе де, тірі қалу үшін қолданған. Өркениет дамыған сайын бұл қабілетті ұмытты. Бірақ қабілет жоқ боп кетпеді. Өркениет Галактикалық қауымдастық ықпалымен дами бастағанда, адамдар осы қабілетті дамытуға болатынын түсінді. Олардың ғылымы адамдарға біртұтас болып бірігу қажетін ұғындырды. Сонда күллі Ғаламмен үйлесімді өмір сүретінін көрсетті. Бұл олардың бір бөлігіне айналды. Мұндай қабілетті дамытпаса, тепе-теңдікке қол жеткізу мүмкін емес, үйлесімді бүтіндікке қол жеткізу қиын.

Өте сирек жағдайда біреу ауырып қалса, олардың экстрасенсорлы қабілеті Ғаламдық қуат деңгейлеріне қатысты қай тұста тепе-теңдік бұзылғанын анықтап береді. Осындай жолмен олар күнделікті күйбең тірлікте өз қабілеттерін қолданудың амалын тауып отырған. Мұндай амалдарды санамалап шығу қиын, олар өте көп. Адам психикасын ақылмен басқарса да, ақылына қарағанда психикасы епті. Ақыл мен психика — біз ми деп атайтын мүшенің екі түрлі қыры. Бір қыры күнделікті сұранысты қамтамасыз етеді. Психика ақылдың күші жетпейтін міндеттерді орындайды. Себебі, ақыл психика сияқты тым нәзік емес.


Д.: Көп адам осыншама дамып кеткен бе?

Б.: Иә, өркениетте өскендердің дені солай еді. Мәдениеті төмендердің психикасы мұншалық дамымайтын. Олар психикасына тек инстинкт деңгейінде ғана сенетін.