Файл: Долорес Кэннон. Мы лшемді алам. Том Мскеу. Стигмарион баспасы, 2014 352 бет.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 176

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Д.: Кристалл неғұрлым ірі болса, күші соғұрлым көп деп есептеуші едім.

Б.: Олай болуы шарт емес. Оларда белгілі бір қуат түріне фокус жасайтын кристалл болды, оның ұзындығы үш дюйм, өте жіңішке, үшкірленген линзаға ұсқайтын, ені жағынан бесжұлдызды еске түсіретін. Жуандығы сегізден бір дюйм болды. Осындай жіңішке болғанына қарамастан бұл кристал фокус түсіретін қуатына қарай өте күшті еді. Мен оның пішінін көріп тұрмын, бірақ оны неге қолданғаны туралы ақпаратты таппай тұрмын.

Д.: Түсінікті. Яғни, олар қандай қуат қажетін, қуат түрлері неге жарайтынын білуі тиіс еді.

Б.: Солай. Сіз енді түсіне бастағандайсыз. Оларда сан түрлі мақсатта пайдаланатын түрлі қуатқа фокус түсіретін түрлі кристалдар болды. Мысалы, ғарыш сәулесіне, ультракүлгін сәуле шашу, түнгі жарықтандыру үшін жұлдыздың жарығына фокус түсіру үшін керек болды. Бұл кристалдар дененің инфрақызыл сәуле шашуын да қолданатын. Сіздердің археологтар мұндай кристалдардың кейбірін Орталық Америка джунглилерінен тапты. Олар бірнеше дәуір бойы қолданылмаған. Бірақ түн ішінде әлі де жарқырайды. Бұрынғыдай жарық сәуле шашпаса да, жарқырап тұрады. Археолгтар оларды түрлі өлшемдегі әншейін тас шарларға ұқсатты. Олар неге арналғанын, қалай жұмыс істегенін сол күйі түсінбеді, себебі бұл кристалдардың ерекше түрі. Оларды тапқан жерде түнгі шам ретінде қолданылған. Сондықтан оларды көптеп тауып алып жатыр. Басқа өркениеттер секілді Атлантиданың тұрғындары да түнде қолдан жасалған жарықтандыруға мұқтаж болды.



Д.: Қала көшелерін жарықтандыратын үлкен шамдар секілді ме?

Б.: Иә. Көше шамдары, үй шамдары, нүктелі шамдар, қандай шам түрі қажетіне байланысты. Кейбір кристалдар жылу бөліп, үйді жылытатын. Сондықтан оларға орманда отын шауып, от жағудың қажеті болмады. Оның орнына осы кристалдарды қолданды. Ағаштан жиһаз жасады. Әлде жай өсе берсін дейтін. Ағаштар ауаны оттегімен қамтамасыз ететін.


Д.: Үйді жарық ету үшін нақты қай кристалды қолданды?

Б.: Археологтар Орталық Америкада түрлі өлшемдегі кристалдарды тапты. Сіздер тек үлкен өлшемдегі кристалдар туралы естідіңіздер. Бірақ олар кішірек өлшемдегі шарларды да тапты, боулингтің шары секілді, екі қолмен көтере алатын.

Д.: Бұл тастар ғой, бірақ сіздер оны кристалл деп атайсыздар.

Б.: Бағанадан айтып өткенімдей, сіздердің археологтар оларды тас деп атап жүр, тасқа ұқсайды. Бірақ бұл кристалдың ерекше түрі.

Д.: Мен кристалды мөлдір зат деп елестетем.

Б.: Олардың кейбірі мөлдір. Кейбірі мөлдір емес. Оларды сыртқы түрі үшін кристалл деп атамайды. Олардың молекулярлық құрылымы үшін кристалл дейді.


Д.: Түсінікті. Яғни, бұл кішірек шарлар үйді жарық ету үшін қолданылған болды ғой?

Б.: Солай. Қабырғаларда арнайы тығырықтар ілінетін, соларға осы кристалдарды сап қояды. Немесе төбеден төніп тұратын конструкцияларға ілінетін. Бір немесе бірнеше шар сап қояды. Қаншалықты жарық болғанын қалағанына қарай.


Д.: Жылыту үшін қолданылғандары да осы тектес пе еді?

Б.: Олардың құрылымы бөлек болды. Сондықтан түрі де басқаша болды. Сіздер кристалл деп атайтын ұғымға жақындау болды. Олар түрлі түсті болды, сондықтан интерьер түсіне қарай таңдауға болатын. Жарық шашатын шарлардан сіз ойламаған нәрсені жасайтын. Шарлардың өлшемі әр түрлі болғандықтан, олар диаметрі бір не екі дюйм болатын кішірек шарларды жарық шамы сияқты емес, интерьерді сәндеу үшін де қолданды.

Д.: Бұл Атлантидамен аса байланысты болмаса да, есіме Иса мен оның Құмранда өткізген өмірі түсті, сол жерде сиқырлы жарық көзі бар еді, сіз сипаттаған дүниеге қатты ұқсайды. Бұл туралы не білесіз?

Б.: Шамасы, ол жарық көзі осы өркениеттен қалған ескі кристалдармен байланысты шығар, солар ұрпақтан ұрпаққа көшіп отырған. Олар тура алдыңғы өркениет жасағандай кристалл жасауды білмеді, сондықтан қолда барын қатты бағалайтын.

Д.: Олар көп жыл бұрын мекен еткен ежелгі адамдардан қалған мирас деп айтты. Сол адамдардан қалған көптеген нұсқалар болды.



Б.: Иә. Оларды ұрпақтан ұрпаққа мирас етіп, бағалайтын. Кристалдарға қалай қарау қажетін де ұрпақтан ұрпаққа айтып отырды. Егер кристалды тазалап отырса, олар мәңгілік жарық шашып тұра береді. Сондықтан кристалды сақтап қалу үшін тазалап отыратын.

Филмен бірнеше жыл қатарынан жұмыс істедім. Одан алған ақпараттарым менің көптеген кітабымда жарияланды. Ол рухани әлемдегі Кітапханаға барудың орнына Үш Сүмбі ғаламшарына барып ақпарат алатын. Ол өздігінен бүкіл білімді сақтайтын қойма іспетті еді. Қосымша ақпаратты он екі жаратылыстан тұратын топ қосып отыратын. Немесе оған әр түрлі көріністерді көрсететін, соны ол осы жаратылыстардың көмегімен сипаттап беретін. Біз бұл ақпараттарға қол жеткізу үшін көп клиенттерім үшін тиімді болған «бұлт тәсілінен» гөрі «лифт тәсілін» қолдандық. Фил өзін кеңседегі лифтте кетіп бара жатқандай сезінетін. Керек қабатына көтеріліп, біз іздеген ақпаратты сол жерден табатын. Бұл жолы біз Атлантида туралы кез келген ақпарат тапсақ деп ойлаған ек. Шын мәнінде тәсілдің анау дейтін маңызы жоқ. Бастысы – ақпаратқа қол жеткізу. Лифт тоқтады, есік ашылды, мен одан не көріп тұрсың деп сұрадым.

Фил: Көз қарықтыратын жарық. Мен жұмыс істейтін деңгейдегі қуат қой. Жарықты қақ жарып өтіп келем, ғарыш кемесіне ұқсас әлдене жасыл алаңқайдың үстінен ұшып келе жатқанын көріп тұрмын. Алды сүйір, ұзын, арты жұмыртқа секілді доғал боп біткен. Кабинасы бар, ішіне екі адам сыяды. Аспанда сондай кемелер ұшып жүр. Ішіне көбірек адам сыятындары да бар. Көз ұшында Күннің астында жарқырап тұрған қала көрінді. Сол заманда тұрғызылған көп қаланың бірі.


Долорес: Біздің қайда келгенімізді біліп тұрсың ба?

Ф.: Біз Жердің осы кезеңдегі тарихын айтып жаттық. Бұл Атлантида деп аталатын алып құрлықтың бір ғана қаласы.

Филдың ұшу құрылғыларын көруі секем туғызатындай, себебі Брэнда оларды көрмеді. Дегенмен, бұл өркениет мыңдаған жыл бойы өркен жайғанын ескерсек, көптеген дүние өзгеріп отырғаны анық. Қазір айтып отырған мезгілде Атлантиданың тұрғындары механикалық құрылғыларды ойлап тауып, түрлі технологияны қолдана бастаған секілді. Біз басқа өзгерістерді де байқадық.


Д.: Бұл кеме неден жасалғанын айтып бере аласың ба?

Ф.: Алюминий қорытпасы, бүгінде біздер қолданатын алюминийге ұқсас.


Д.: Оны қалай қозғалтады?

Ф.: Кристалл қуатымен қозғалтады. Мұнда барлық жерде кристалл қуатының сәулесі бар, олар құрлықтың түкпір-түкпіріне тарап жатыр. Бұл ұшатын құрылғылар сол сәулеге ыңғайланып, соның бойымен проекция жасайды. Қазіргі таңда сіздің елдегі, осы заманның автомагистралін еске түсіреді.



Д.: Оларда ғаламнан тысқары шығатын, ғарышқа саяхаттайтын ұшатын құрылғылар бар ма?

Ф.: Иә, бірақ олардың құрылымы басқа. Кей адамға ғарышқа ұшуға рұқсат етілген. Алайда олар негізінен абыздар мен жоғарғы шенділер еді – Галактикалық қауымдастықпен тікелей қарым-қатынасқа шыға алатындар. Қарапайым адамдар ғарышқа ұшпайды. Тек түсінігі мен рухани деңгейі жоғары дамыған адамдарды ғана ғарышқа ұшуға жіберген. Бұл тәжірибе олардың білім алуы мен рухани эволюциясының бір сатысы боп есептелген. Бұл еріккендік емес, білім беретін тәжірибе саналды.


Д.: Осы тұрғанда бастапқы құрлықтың қайбір бөлігі судың бетінде орналасқан ба?

Ф.: Атлантиданың кей бөліктері судың бетіне шыға бастаған. Алайда осы тұрғанда бастапқы құрлықтың бөлігі дерліктей ештеңе жоқ. Маңызды боларлық ештеңе жоқ.

Д.: Мен АҚШ аумағының біраз бөлігі Атлантидаға тән болған деп естіп едім. Ф.: Бұл негізі дұрыс емес. Атлантиданың бөлігі боларлық жерді сұрадыңыз. Негізі тұтас Америка құрлығы мұхиттың түбі болып саналған.


Д.: Қазіргі дүниежүзі географиялық картасымен өлшегенде Атлантида о баста қай жерде орналасқанын білесің бе?

Ф.: Атлант мұхитында. Қазіргі замандағы кей құрлықтар сол кезде судың бетінде тұрды, содан кейін барып су астында қалды. Кейіннен қайтадан судың бетіне шықты. Сонымен қатар ол кезде судың астында болған, бірақ қазір судың бетіне шыққан құрлықтар бар. Одан бері Жер бетінде көп дүние өзгерді. Жер мен су орындарын жиі-жиі ауыстырып тұрған ғой.

Д.: Яғни, қазір құрлықтың көп бөлігі судың астында қалды.

Ф.: Солай.


Д.: Дүниежүзінің басқа бөліктері туралы не айтасың? Атлантида адамы бар жалғыз құрлық болмаған шығар?

Ф.: Бұл аумақта көптеген түрлі өркениеттер болды. Әлеуметтік құрылымы бүгінгі сіздердің ғаламшардан соншалықты өзгешеленбейтін. Яғни, сан алуан әрі түрлі таптағы адамдар болған. Кедейлер, жұмысшы тап, оған қоса – экономикалық терминдермен сөйлесек – орта деңгейлі және жоғары деңгейлі адамдар болды.


Д.: Дегенмен, Атлантидадан бөлек басқа да құрлықтар болды ғой?

Ф.: Иә. Аумақтар болды, бірақ құрлық емес, айтпағым олардың нақты атауы мен тиянақты шекарасы болмады. Ол кезде дүниенің тең жартысы Атлантида деп аталды. Дегенмен, адам аяғы жеткен жалғыз құрлық десек те дұрыс болмас еді. Сол замандардағы өркениеттің ордасы болды.


Д.: Басқа аумақтардың атауы болмады дейсің бе?

Ф.: Солай. Ол замандарда бұларды «әлемдік үкімет» деген топқа қосудың еш қажеті болмады.



Д.: Сол басқа аумақтарда мәдениет деңгейі Атлантидадағыдай болды ма?

Ф.: Кей аумақтар технология бойынша әлдеқайда ілгері еді. Алайда адамгершілік тұрғысында Атлантиданың алдына түсер ел болмады. Ол кезде Атлантида өркениеті ең шырқау биікке жеткен кезі. Сіздердің ғаламшардағы ақиқатқа жетудің шарықтау кезеңі еді.


Д.: Атлантида осындай жетістікке жеткенге дейін адамзат ұзақ жасап па еді?

Ф.: Бұған дейін көп ұрпақ алмасты. Сол кезде рухани эволюция ең жоғарғы деңгейге жеткен еді. Қазіргі өркениет ондайға әлі жетпеді.

Д.: Адамзат сол кезде эволюцияның шегіне жетті ме екен, соны білгім келіп еді.

Ф.: Иә, солай еді. Қазіргі ғаламшардың ондай жоғары деңгейге жетуіне әлі ұзақ жол бар.

Д.: Бізге беймәлім көне өркениеттер де болған шығар деп ойлап тұрмын.

Ф.: Иә. Атлантидаға дейін басқа өркениеттер мен құрлықтар болған. Алайда олардың ешбірі сол замандағы Атлантиданың рухани даму жолында жеткен жетістігіне қол жеткізе алмаған.


Д.: Атлантида құрлығы пайда болғанға дейін адамзат баласында осындай жетістікке жеткен кезеңдер болды ма?

Ф.: Адамзаттың жетістігі тұрақсыз, шөлдегі құм секілді. Өйткені, әр мәдениеттің өзгеден өзгешелеп тұратын өз жетістігі болды. Түрлі кедергілердің кесірінен бұл мәдениеттер өз жетістігін тұрақты ұстап қала алмады. Соның салдарынан үнемі құлдыраулар боп тұрды. Қайта жаңғырды, қайта құлдырады. Осылай жалғаса берді. Бір күні Атлантида құрлығында айтулы прогреске қол жетті. Бұған дейін көптеген мәдениет, жекеленген өкілдер Атлантида жеткен рухани деңгейге жеткен еді. Алайда тұтас өркениеттің мұндай деңгейге жеткені болған емес. Басқа мәдениеттердің жекелеген өкілдері Атлантиданың қарапайым халқына қарағанда өз ыждаһаттылығының, құрбандығының, мол тәжірибесінің арқасында зор жетістікке жеткен. Дегенмен, дәл қазір біз белгілі бір мәдениеттің тұтас тұрғындарының даму деңгейі туралы айтып отырмыз ғой. Яғни, күллі тұрғыны саналылықтың жоғары деңгейіне бірге жеткен мәдениет туралы. Атлантидаға дейін рухани тұрғыда қатты дамыған мәдениеттер болды, бірақ олардың ішкі ынтымағы берік емес еді. Олардың дамуы дара мінезге тәуелді болды.


Д.: Бірақ әркез адамзат ең төмен деңгейден бастауға мәжбүр болды ма?

Ф.: Әр заманда білім сақтаушылар болды. Білімді ерекше ықыласпен қастерлеп сақтаған. Бірақ білім қарапайым халыққа таралмады. Сондықтан білімді сақтайтын өте парасатты жандар әркез болды.

Д.: Яғни, Атлантида өркениеті пайда болғанша Жер өзгеріп отырды, құрлықтар пайда болып, жоғалып кетіп жатты.