Файл: Долорес Кэннон. Мы лшемді алам. Том Мскеу. Стигмарион баспасы, 2014 352 бет.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 170

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Ф.: Солай. Оған түрлі табиғи апаттар себепкер болды. Ол замандарда Жер ұзақ та жарқын өмір сүруге дайындық жасап жатты. О заманда Жер қазіргіге қарағанда жас еді, тұрақсыздау болды.

Д.: Біздің ғалымдар ежелгі заманда Жерде адамдар болмады деп есептейді. Ф.: Олай емес, ғалымдар Жерде мүлде өмір болмады деген кезеңдерде де адамдар болған. Бірақ ғалымдардың қолында сол адамдардың өмір сүргені жайлы дәлел жоқ. Әрбір өзгеріс сайын Жер ойран болды. Бұрын өмір сүргендер мен олардың мәдениетінен дым қалмады. Адамның бәрі із-түссіз жоғалып кетті деген сөз емес. Бірақ олардың жетістігі құрдымға кетіп отырды. Оған Жердің табиғи өзгерістерін тудырып отырған алапат апаттар себепкер болды.


Д.: Яғни, әркез адамзаттың бір бөлігі тірі қап кетіп отырды ғой?

Ф.: Иә. Себебі, қай заманда да өзгерістен қашып құтылу мүмкін емесі белгілі еді. Соны білгендер өзгеріске дайындалатын, сондықтан тірі қалатын. Адамзат тарихында ең үлкен жетістік қазір қолда бар жетістік деген пікір бар. Өкінішке орай, ежелгі өркениеттердің көбісі сол пікірді ұстанатын. Адам болмысы сондай.

Кей сеанстарымда өркениеттер Жерде орын алған өте ауыр өзгерістердің салдарынан жойылғанын айтатын. Біресе топан су басты, біресе жанартау жарылды. Мұның бәрі Атлантидаға дейін болғанын айтқан еді. Содан адамзат өзінің бұрынғы жетістігі туралы білмей қалған. Ғалымдардың ешбір дәлелі болмаған. Себебі, баяғы өркениеттердің қалдықтары не судың астында қалды, не Жердегі биік таулардың астында қалды. Біздің ғаламшар ылғи бір бүйірден екіншісіне дөңбекшіп шығатын мазасыз кәрі кемпір секілді.

Мен Филдың көргендеріне қайтып оралдым.


Д.: Көз ұшында қала көрдім дедің ғой?

Ф.: Иә. Бұл қалада білім сақтаушылар бар. Ежелгі заманның Элохимдері, ақиқат адамгершілік заңдардың сақтаушылары. Адамзаттың жаратылыстану мен физика заңдарын саналы түрде қабылдауы, рухани саналылықтың ең биік деңгейі.


Д.: Жалпы бұқарамен салыстырған экстрасенсорлы қабілеті барлар көп болмаған секілді ғой?

Ф.: Жоқ, бүкіл қала жоғары саналылық деңгейінде өмір сүреді. Құдды қаланың өзі ерекше қуатпен нәрленгендей, елдегі басқа өңірлердегі қалаларға қарағанда.


Д.: Неге бұл қала жарқырап тұр?

Ф.: Кристалдан және ғимараттарын салған материалдан.


Д.: Қаланы қарап шығатындай жақындықта тұрсың ба?

Ф.: Маған қалаға жақындау қиын секілді. Қуат деңгейі төмендер қалаға кіре алмайтын сияқты. Себебі, қала тән мен жан секілді біртұтас жаратылғандай, сол тұтастыққа зиян тиетіндей. Егер адам қуатын қолдана білмесе, бұл қаланың қуат деңгейі кернеуді арттырып жібереді. Сондықтан қауіпсіздік шарасы ретінде біз оған алыстан ғана көз тастай аламыз. Бұл қаланың қуаты өте күшті.



Д.: Мұны маған айтып бергенің жақсы болды. Саған зияны тиетін нәрсені істемейік. Алыстан бақылап, ақпарат алуға бола ма?

Ф.: Иә. Қаланың периметрінде біздің келгенімізді білетіндер бар. Олар ешбір қуатты бүлдірместен бізге ақпарат бере алады. Мұндай қарым-қатынастан өзіне пайда келтіре алатынын түсінетіндер бар. Сондықтан олар осы қалаға саяхаттайды. Оларды көзге көрінбейтін бір күш осында тартып отырады. Бұл жерде олар Ақиқат Қарауылдарымен қарым-қатынасты түйсікпен сезеді. Олар Қарауылдармен тілдеседі де, іздеген ақиқатын табады.


Д.: Бірақ біз шын мәнінде олардың келешегінен кеп тұрмыз ғой. Олар өзге уақыттың адамдарымен тілдесіп көрген бе?

Ф.: Уақыт кедергісінен өтетін мүмкіндік әркез болған. Себебі, шын мәнінде мұндай кедергі жоқ. Әрдайым жоғары деңгейге көтерілгендермен телепатиялық тұрғыда байланыс орнатуға болады. Ой үшін ешбір кедергі жоқ. Егер біреу байланысқа шыққысы келсе, олар оған әрқашан қуанышты.

Өйткені, мұндай адам ойлау жүйесінің биік деңгейіне шыққаны. Әйтпесе, мұндай байланыс мүмкін болмас еді.

Д.: Мен әрдайым білім іздеп жүремін. Сен қауіпсіздікте болу үшін қаладан алыс қашықтық сақтайық, осы қалаға байланысты бірнеше сұрағымды қойсам деймін.

Ф.: Өткізуші адамға зияны тимейтін және жалпы сіздің мақсатыңызға қажетті, өзіңіз өмір сүретін заманыңызға әкететін ақпараттарды алуыңызға болады.


Д.: Егер бұл қаланың қуаты сондай күшті болса, мұндағы адамдар қалай өмір сүреді? Олар қалаға кіре ала ма?

Ф.: Кей адамдар жақындауға тырысады, бірақ қаланың қуат деңгейі күшті екенін айттық, олар түйсік деңгейінде жақындауға болмайтынын сезеді. Санасы жақындауға болмайтынын сездіртеді. Өйткені, өздеріне зияны тиеді. Бұл олардың туабіткен түйсігі. Ол үшін Қарауылдың қажеті жоқ. Себебі, қалаға кіруге рұқсаты барлар теріс айналып, кетіп қалу қажеттілігін сезбейді. Бұл санасы төмендерге арналған автоматты қауіпсіздік шарасы.


Д.: Бұл сол замандағы осындай жалғыз қала ма?

Ф.: Мұндай бірнеше қала болды. Әрбірінің өзгеше қуаты болды. Сондай қалада тұратын тұрғындардың даму деңгейі, білім деңгейі өте өзгеше еді. Дегенмен, бұл қалалар бір-біріне ұқсайтын, қуат деңгейлері ұқсас еді.


Д.: Мұндай қаланың әрбірінің өз мақсаты болған ғой?

Ф.: Солай. Бір қалада физика заңдылықтарын зерттейтін. Басқаларында – психология және рухани заңдылықтарды зерттеді.


Д.: Бұл қала нені зерттеді?

Ф.: Мұнда табиғат пен денсаулықты зерттейді. Яғни, денсаулықты нығайту үшін қажет болатын денені жаттықтыру мен рухани жетілдіру, осы тән мен жанның теңгерімін түсінуге тырысатын дүниені зерттейді.



Д.: Ғимараттар туралы ақпарат алуыңа бола ма? Олар кристалдардан жасалған деп ең...

Ф.: Құрылыстарда кристалл ұнтақтар қолданылады. Сондықтан кристалдан жасалғандай көрінеді. Ғимараттар үлкен кристалды құрылғыларға ұқсайды.

Д.: Мен үлкен кристалдардан жасалған екен деп ойлап ем.

Ф.: Олай емес. Олар ұнтақтан, өте ұсақ кристал дәндерінен жасалады.


Д.: Ғимараттарды тұрғызатындай үлкен кристалдар жоқ шығар. Қабырғаны қалау үшін ұнтақты бірдеңемен араластырған шығар?

Ф.: Иә. Оны арнайы ерітіндімен араластыратын, содан соң ол қатып, қажетті пішінге енетін. Ерітіндіні арнайы пішіндерге құяды, біраз уақытқа қалдырады, сосын қатады. Соны қыздыру үшін күн сәулесін қолданатын.


Д.: Ғимараттар үлкен бе еді?

Ф.: Кейбірі он шақты қабаттан тұратын. Егер қажеттілік туындаса кейде отыз қабатты үйлер де болды. Мұндай ғимарат тұрғызу туралы қажетті білімді білді. Олардың соған сәйкес өндірісі мен басқаруы болды. Сіздердегідей ақпаратты жинау мен тарату механизмдері болды.


Д.: Яғни, бұл қаладағы барлық ғимаратты бірдей құрылыс материалынан тұрғызған?

Ф.: Қала тұтастай сол материалдан тұрады. Қала мен қала тұрғындары осы қуатты алу үшін солай істеген.


Д.: Бірақ қарапайым қалалар басқа материалдан тұрғызылған ғой?

Ф.: Маңызы анағұрлым аз қалалар балшық, тас, ағаш сияқты кең тараған құрылыс материалдарынан тұрғызылған.

Бұл Брэнданың көрген қаласына ұқсайды.

Д.: Бұл қала неге басқа деңгейдегі қуатпен сәулеленгені түсінікті болды.

Ф.: Солай. Қала өз тұрғындарының жоғары деңгейдегі рухани қалпын көрсетіп тұрғандай.

Ол сипаттаған жиһаздар бүгін біз пайдаланып жүрген заттарға ұсқас боп шықты. Адамдар мен олардың киімдерінде айтарлықтай ерекшелік болмады. Олар негізінен мантия мен туника (ежелгі заманғы ұзын етек‚ қысқа жеңді сырт көйлек) киіп жүрген.

Ф.: Кристалдың қуаты жарық беретін. Арнайы жарықтандыратын кристалдар көкшіл түсті жарық сәуле шашатын. Ол заманда кей кристалдар қуат түзетін, солар ғарыш қуатын физикалық жарыққа айналдыра алатын.


Д.: Еден мен қабырғалар да осы кристалл материалдан тұрды ма?

Ф.: Иә. Қала тұтастай осы материалдан тұрады.



Д.: Сен аспанда көрген ұшу құралдарынан басқа көліктер бар ма?

Ф.: Мұнда неше түрлі көліктер бар. Көбісі жүк тасуға арналған. Жолаушыны тасымалдауға емес. Себебі, құрылыс пен реконструкцияға көп түрлі құрылыс материалдарды алыс жерден тасымалдау керек.


Д.: Жолаушыны тасымалдайтын көліктердің түрі қандай?

Ф.: Олар ғарыш кемелеріне ұқсайды. Мен қазір екі адамды тасымалдайтын кемелер туралы айтып тұрмын. Мен осының алдында сипаттап бергендей. Төменнен қарасаң, олардың пішіні жұмыртқаға ұқсайды. Алдына қарағанда артқы жағы доғалдау. Алдыңғы жағында адам отыратын кеңістік бар. Айналаны, астын, үстін бақылайтын терезелері бар. Ол заманда қазір сіздер қолданатын фрикционды механикалық жылжытуға деген мұқтаждық болмады. Бұл кемелер кристалдың көмегімен қозғалып, әншейін әуеде қалқып жүретін. Қосымша салмақты екшеу үшін бөлінетін қуат көлемін ұлғайту қажет еді. Бұл құрылғыларды іске қосу үшін бірнеше түрлі кристалдар керек еді, солардың қуатын кіріктіре отырып, қажетті салмақты әуеге көтеретін.


Д.: Бұл кеме таситын жүктің салмағына қарай бірнеше кішігірім кристалды қолданады дегің келіп тұр ма?

Ф.: Иә. Бірнеше бірдей кристалл болады, олардың ортақ қуаты жалғыз кристалдың қуатынан бірнеше есе күшті болатындай орнатылады. Мұндай кристалдар табиғатта кездесетін, бірақ арнайы өңдеуден өткізетін, сонда олардың қуатын басқаруға болатын.


Д.: Сен оларды қуат сәулесі әлдеқайдан проекция жасап іске қосады, соның әсерінен магистраль түзетінін айтып ең?

Ф.: Иә. Алыс қашықтыққа тасымалдау үшін кристал қуатының маяктары қолданылды. Мұндай кристалл қуатын шашатын шұғылалар өз сәулесі белгілі бір қашықтықта тұрған маякқа жететіндей орналасатын. Сол себепті тамысалдайтын көлік осы маяктарға бағытталып қозғалатын. Сонда ол сәуленің бойымен қозғалатын. Бір нүктеден екіншісіне жету үшін және кері қайту үшін сәуле бағытын кезегімен ауыстырып отыру керек еді. Ол үшін кристалдардың орнын ауыстырып отырса жеткілікті болды. Сәулелер жуан еді, сондықтан олардың бойымен бір сәтте бірнеше кеме жүйткіп жүретін, тіпті қарама-қарсы бағытта да.


Д.: Яғни, маяктар ғаламшардың түрлі нүктесінде орналасқан ғой?

Ф.: Олай емес, мұндай көлік түрін қолданатын білім күллі ғаламшарға таралмаған еді. Маяктар құрлықтың маңызды не страгтегиялық нүктелерінде орналасқан. Кей аумақтар мұндай маяктарға мұқтаж болды, басқаларында мұқтаждық болмады.


Д.: Яғни, бұл қаланың ішінде көліктер басқаша жүріп тұрды ма?


Ф.: Қаланың ішінде қуат жеткілікті болды, сондықтан маяктарға мұқтаждық болмады. Атмосферада бар қуат мұндай құрылғылардың кез келген бағытта емін-еркін ұшуына жеткілікті болды.


Д.: Олар қала мен кристалл ғимараттардың шашып тұрған сәулесінің қуатын қолданды ма?

Ф.: Солай.


Д.: Яғни, қаладан шыққан соң басқа көлік түрін қолдану қажет болды?

Ф.: Солай.


Д.: Бұл қалада қарым-қатынасты қалай жасайтын?

Ф.: Телепатиялық тұрғыда. Ол кезде сіздердегідей телефонмен хабарласудың қажеттілігі болмады. Қала тұрғындары телепатиялық тұрғыда кез келген адаммен тілдесе алатын. Олардың арнаулы «машиналары» болды, сіздердің компьютерлеріңізге ұқсайды. Оларды ақпарат жинау мен тарату үшін қолданды. Бұл машиналарды қаланың өзінде ақпаратты тиянақты тарату үшін қолданған.


Д.: Адамдар алыс қашықтықта телепатиялық тұрғыда тілдесті ме?

Ф.: Иә. Кей адамдар ғаламшардың түкпір-түкпіріндегі жандармен тілдесе алды. Оларға қолдан жасалған құрылғылар қажет болмады. Басқа ғаламшардағылармен де телепатиялық тұрғыда тілдесе беретін. Бұл тілдесу тәсілі әлі де мүмкін, бірақ адамдар оны мойындағысы келмейді.

Д.: Қолданысқа енгізгісі келмейді ғой.

Ф.: Иә.


Д.: Ғаламшардың барлық тұрғыны солай тілдесе алатын ба еді?

Ф.: Жоқ. Кейбіреулер бұған немқұрайлы болды. Бәлкім, олар мұндай тәсілмен тілдесуге мұқтаж болмаған шығар, содан да қажетті дағдыларды меңгеруге мойын бұрмады.

Д.: Яғни, мұндай жоғары деңгейлі эволюциялық даму бүкіл ғаламшарға тән болмады.

Ф.: Солай. Кейбіреу білімге құмбыл болды, осындай тәсілмен тілдесуге ыңғай танытты, үйренуге барын салды. Тілдесу өздігінен білім іздеуге итермелемеді. Ол мақсат емес, жай ғана құрал еді.


Д.: Өзге ғаламшарлармен не үшін тілдесті?

Ф.: Олар өзін және өзгені жақсы түсінуге ықпал ететін ақпарат жинайтын. Ол қоғамдық сана эволюциясының арқасында мүмкін еді. Олар ғаламшараралық деңгейде әлеуметтік қызметтерді толық түсінуге тырысты.


Д.: Белгілі бір эволюциялық даму деңгейіне жеткенде өзге ғаламшарлық адамдар бұлармен қарым-қатынасқа шықты ма?

Ф.: Тура солай емес. Бәрі де сана эволюциясына байланысты. Ғаламшар тұрғындарының эволюция деңгейі дамығаны сонша, олар ғарышта жалғыз еместерін түсінді, өзге ғаламшарлармен қарым-қатынас орнатуға болатынын түсінді.


Д.: Басқа ғаламшарлықтармен жүзбе-жүз кездесулер болды ма?

Ф.: Иә, басында айтқанымдай, өзге ғаламшардың адамдарымен кездесті.