Файл: Долорес Кэннон. Мы лшемді алам. Том Мскеу. Стигмарион баспасы, 2014 352 бет.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 173

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Д.: Иә, сен кей адамдардың ғаламшардан шығуына рұқсат бар деп ең ғой.

Ф.: Солай.


Д.: Басқа ғаламшар адамдары да мұнда ұшып келіп тұрушы ма еді?

Ф.: Иә. Олар мұнда екі тарапқа да пайдалы білім алмасуға болатынын көрді. Оларда бар білімді толықтыратынын білді.


Д.: Мұндай қарым-қатынас қанша уақытқа созылды, оның мүмкін екенін қалай білді?

Ф.: Ғаламның басқа түкпірінде мұндай қарым-қатынас Жер пайда болғанға дейін бар еді. Алайда ендігі жерде тұрғындар сананың эволюциялық дамуының арқасында өзге ғаламшарлықтармен араласа бастады.


Д.: Менің білейін дегенім, өзге ғаламшарлықтар оларды байқамай тұрып Жерге келіп, кетіп жүрген бе?

Ф.: Атлантидаға дейін Ғаламның түкпір-түкпірінен Жерге келіп кетушілер болды. Олар ерте ме, кеш пе Жер тұрғындары эволюцияланатынын білді. Олардың телепатиялық тұрғыда өзге ғаламшардан келгендермен ғана емес, өз ғаламшарында қалғандармен де тілдесуді мүмкін ететінін білген.


Д.: Бұл қалада басқа машиналар болды ма?

Ф.: Коммуникациялық машиналар болды. Олар ақпаратты жинап, сақтайтын. Ғимараттардың ыңғайлы болуын қамтамасыз ететін машиналар. Азық-түлікті сақтайтын, киімді таза ұстайтын машиналар.

Д.: Қызық. Біздің тоңазытқыштар туралы ойладым. Бірақ сен киімді қосып айттың, бұл басқа бірдеңе болды ғой.

Ф.: Біз жалпылама айтып жатырмыз. Нақты бір затты емес. Бұлар шынында да сіздердің тоңазытқыш пен кір жуатын машиналарға ұқсайды.

Д.: Меніңше, олар мұндай заттарға әрқашан мұқтаж болды ғой.

Ф.: Солай. Адамдар сан ғасырдан бері тазалықтың маңызын жақсы біледі.


Д.: Бұл қалада хайуанаттар бар ма?

Ф.: Құрлықтың басқа шетіне қарағанда кристалды қалада хайуанаттарды серуендетуге тыйым салынған. Олар қаланың қуат деңгейіне бейімделе алмас еді.


Д.: Адамдар біз сияқты ұзақ жасады ма?

Ф.: Ол кезде адам өмірі қазіргіден қысқа болды, бірақ денсаулықтың нашарлығынан емес. Осындай деңгейдегі қуат өрісінің болуынан еді. Алайда бұл кездің адамы бір ғұмырда кейінгі ғасырларда бірнеше өмір бойы жинайтын білімді жинап алатын. Білім жинау үрдісі қазіргіден жылдам жүрді. Сондықтан осындай деңгейдегі қуат өрісінің шегінде өмір сүрген тәндер тез тозатын, қуат әсер етпегендер ұзақтау жасады. Құрлықтың басқа жақтарында таралатын ауру мен дерт мұндай қалаларда болмады.


Д.: Басқа жақта өмір сүрген тұрғындардың өмір жасы бұл қаланың тұрғындарына қарағанда ұзақтау болды ғой?

Ф.: Иә. Қуатты қала тұрғындарының өмір жасы орта деңгейлі ғұмыр кешу ұзақтығынан аз болды. Шамамен, олар қырық-елу жас жасады. Қаланың сыртында өмір сүріп, тазалық пен азық-түлікті қамтамасыз еткендер алпыс, не жетпіс жасауы мүмкін еді. Алайда кейбірі тым жұпыны өмір сүргендіктен аз жасады.


Д.: Меніңше, бұл дүние медицинаның даму деңгейіне тәуелді болған секілді.

Ф.: Солай. Өмір жасының ұзақтығы адамның сана деңгейіне байланысты болды.

Мен сеансты аяқтайын дедім. Кристалды қала туралы жеткілікті ақпарат алған сияқтымыз. Осындағы адамдардың қабілеті мен білімі жайлы білу үшін мұнда қайтып келуіме бола ма деп сұрадым.

Ф.: Қазіргі кезеңде не білуіңізге болатынын хабарлауға тырысамыз. Бұл сеанстарда белгілі бір ақпараттың ашылуы өте маңызды болған соң ақиқатын айтатынымызды түсінсеңіз болғаны. Бір сеанста қисынды көрінген дүние, екіншісінде орынсыз болуы ықтимал.


Д.: Жауап алуға қандай қуат түрі қолданылғанына байланысты ма?

Ф.: Нақты жағдайдың жалпы қуатына байланысты. Себебі, бұл жұмысқа тек сіз қатысып жатқан жоқсыз. Ортақ мүддеге тартылған тараптардың барлығы байланысты болады. Біз оның өзін, өмірін түсінуге тырысқанын қолдауымыз керек. Бұл көбіне көп бір нәрсе еместігін ажыратпайды. Көп адам менің өмірім – бұл мен деп түсінеді. Бірақ шын мәнінде адам өмірі – оның «менінің» бір бөлігі ғана. Адам өзін өз өмірінен сырт ұстай алады. Өмір деп әлеуметтік-мәдени жақты ғана қарастырамыз. Тән емес. Өмір деген тәжірибе.

Бұл мен үшін өте күрделі сеанс болды. Фил қалаға жақын бармаса да шұғыла шашып тұрғандай көрінді. Содан басым ауырғандай. Менің ойлануыма және сұрақ қоюыма әсері болды. Назарымды жинақтауым қиын боп кетті. Сеансты аяқтап, Нострадамус материалдарына қатысты Джонмен сеанс жасайын деп оның пәтеріне келгенімде, бір қызық жағдай болды. Сол күні ашулы Имам маған өз қуатымен соққы жасады. Бұл жағдайды «Нострадамуспен сұқбаттар» кітабының екінші томында айттым. Бір күнде екі рет тосын қуаттың ықпалында қалдым. Сәйкестік пе?

Жердің құпияларына қатысты сұрақтар қойғанымда Фил келесі сеанста қосымша ақпараттарды айтты.

Д.: Атлантиданың тарихын аяғына дейін түсінгім келеді. Атлантиданың адамдары психикалық қабілеттерін керемет дамытты деп еді, сонда қазіргі заманның адамдары істей алмайтындай ақылдың күшімен олар нендей әрекет істеді екен. Олардың нақты қабілеттері туралы айтып бере аласың ба?

Ф.: Атланттар деп атайтын адамдар үшін кей заттар өте қарапайым болды. Олар Ғаламның демімен үйлесімді өмір сүрді әрі көп дүниені түсіне алды. Сіздердің қазіргі қоғамға қарағанда олардың қабілеті білсем деген сөзбен ынталанды, алсам дегенге илікпеді.


Д.: Біз істей алмайтындай нені істей алды?

Ф.: Олар бүгінгі таңда істелмейтіндей ештеңе жасамады. Алайда сіздің ғаламшардың қазіргі тұрғындарында құлышыныс жоқ. Бірақ жоғалған білімді қайтаруға тырысып жатқандар бар.




Д.: Сонда біз қай қабілетті жоғалтып алдық?

Ф.: Трансформация жасау қабілеті жоғалды. Өз пішініңді өзгерту. Атом құрылымын өзгертсе, алдын ала таңдалып қойған пішінге ұқсастыруға болатын. Бұл қабілет бүгінгі белгілі модельдерден өзгешелерін қабылдауға ықпал еткен. Негізгі идея физикалық ғаламшарды жасау кезінде әртүрлі қуат түрлері арасында қуаттар қандай болуы тиіс дегенге қатысты тиянақты келісім болады. Тас тас сияқты болсын, ал ағаш – ағаш сияқты болсын деген келісім бар. Мұндай келісім жекелей қуаттардың тілегі мен сұранысын үйлесімді етеді. Бірақ шынайылықты өзгертіп, өзге шынайылыққа айналатын, не өзге тіршілік иесіне айналып кететіндері бар. Бұл Ғаламның заңдылығына қайшы емес. Тек соларды қолдану. Сіздердің ғаламшардың бүгінгі тұрғындарының көбісінің осындай қабілеті бар, бірақ қолдануға қорқады. Қабілетін сезінуі мүмкін. Түрлі үрей мен міндеттің жетегінде жүріп, оны қабылдамай тастайды. Алайда Атлантида кезеңінде бұл қабілет кеңінен тараған еді.

Голливудтың қиял-ғажайып киноларын айтпағанда, мен мұндайды бірінші рет естіп тұр едім. Сол себепті, аз-кем айқындап алғым келді.


Д.: Сенің айтпағың, мысалы, адамдар хайуанның тәніне ауыса алады немесе хайуаннан адамға айнала алады дегің келіп тұр ма?

Ф.: Иә. Бұл бір не екінші шынайылықтың үйлесімділігін қайта құрылымдау. Соның нәтижесінде ол мүлде басқа шынайылыққа айналады. Тек өз тербелісіңді өзгертсең болды. Мұндайды өз мақсатында жасайтындар бар. Атлантиданың күйреуінің алдында мұндайды көбісі теріс пиғылмен не жамандық үшін жасады. Олар тек қоршаған ортаға емес, өздеріне де зиянын тигізді. Бұл қабілеттің ең ұтымды тұстарын өзімшілдікпен қолданды. Сондықтан бұл қабілет жойылды.

Д.: Бірақ ондайды жасаудың не қажеті бар? Бұл бір ойынға ұқсап кетті.

Ф.: Ойынның бәрі бірдеңе үйретеді ғой. Алайда кей ойынды теріс пиғылда қолдануға болады. Өлім мен бүлінуге итермелеген ойындар соған қатысты адамдардың обалында кетті.


Д.: Пішін өзгерту қалай өлім мен бүлінуге итермелейді?

Ф.: Ол заманда алдау мен сатқындық болмады. Бұл өркениеттің ең осал тұсы өзін өзге адам етіп көрсетіп, соның болмысын пайдаланумен ерекшеленді. Өзгенің болмысына айналғандар өз болмысынан айни бастады. Шын мәнінде кім, не болғанын ұмыта бастады.


Д.: Бұл қабілетті дұрыс жолда қолданбады дегің келіп тұр ма?

Ф.: Солай. Бұл қабілетті бастапқы мақсатынан айнытып жіберді. Сондықтан адамдардан бұл қабілетті тартып алып қойды. Күллі өркениетті құрдымға кетірмеу үшін.



Д.: Бұл қабілеттің жартылай адам, жартылай хайуанға айналғандар туралы аңызға қатысы бар ма?

Ф.: Иә. Мысалы, минотаврларды алыңыз. Кейбір адамдар жартылай басқа хайуанға, жартылай адам болмысын сақтап қала алатын. Сосын өзі кім екенін ажырата алмай қалатын. Сондықтан екі болмыстың да айрықша белгілерін қалдыратын. Бұлай жасау Жер бетін мекендеушілердің даралығын сақтауды қиындатты, қауіп төндірді. Мұндайға жол беруге болмады.

Д.: Мұндайды басқа адамдарға еш рұқсатсыз істей беретінін естіп едім.

Ф.: Мұндайды жүзеге асыру үшін адам кім болғанын және кім болғысы келетіні анық білуі тиіс еді. Яғни, бұлай болмыс ауыстыру үшін арнайы айтып, ескерту жасау қажет. Кей жағдайда адамға бір болмыстан екіншісіне, одан үшіншісіне және т.б. өту туралы нұсқау берілген жайттар белгілі. Соның нәтижесінде адам өзінің бастапқы болмысын жоғалтып алатын болған. Бұл біреудің көзін жоюдың тәсілі болған, оны басқа қауіпсіздеу бірдеңеге айналдырып жіберу.

Д.: Бірақ бұл адамгершілік заңдылықтарына қарсы ғой. Ғаламның заңдылықтарына да қайшы.

Ф.: Шамасы, бұл тәсіл Ғаламның заңдылықтарына қайшы болмаған. Әйтпесе, бұл мүмкін болмас еді. Алайда мұндай әрекеттердің адамгершілік астары Жер бетіне өмір сыйланған күннен қабылданған хартияларға қарсы боп шықты. Бұл хартияларға сәйкес адамзат баласының эволюциясына ықпал етуге рұқсат, кедергі келтірмеу керек еді. Бұл әрекеттер эволюцияға зиянды еді. Сондықтан оларға тыйым салынды.


Д.: Біз жоғалтқан не дамытпаған тағы қандай қабілеттері болды?

Ф.: Ондай қабілеттер көп еді. Алайда олардың бәрі әмбебап ақиқатты мойындау еді. Бір күн болмаса, бір күні адамзат баласы қайтадан осы... қалай атарымды білмеймін... шынайылықты мойындар.


Д.: Яғни, олардың өз қабілетін және Ғалам заңдылығын дұрыс жолда қолданбауы кесірінен бұл қабілеттен айырылған болды ғой?

Ф.: Солай.

Бұл бөлігін басқа сеанстан алған едім. Сондықтан бұл бөлімде тура сол туралы айтылып тұр ма, әлде басқа ма, айыра алмадым.

Д.: Бірде маған Жер бетіне рухтар тәнге қону үшін алғаш келгенде алдымен жануарлардың тәніне кіргенін айтып еді. Мұндайда ендігәрі жасауға болмайды деп едіңіздер. Бір нәрсе бүлінді ме? Неге олай жасауға тыйым салынды?

Ф.: Жерді мекендеушілерге трансмиграция деген түсінікке тәжірибе жасауға рұсқат етілді. Басқаша түсіндірсек, жануарлар тәніне сананы енгізу. Соның салдарынан жануарлар адам сияқты саналы боп кететін.


Д.: Ол заманда жануарлар қазіргіден әлдеқайда саналы болды дегіңіз келіп тұр ма?


Ф.: Біздің айтпағымыз, ол заманда жануарлар сіздер «адам» деп атайтын хайуанның санасындай санаға ие болды. Жануарлар сыртқы әлпетін өзгертіп жіберді деген сөз емес. Алайда оларда қазіргі адамды жануардан айыратындай тұнық сана берілді. Ол кезде сананы жануардың тәніне енгізуге рұқсат бар еді.


Д.: Жануарлардың болмысы содан өзгерді ме?

Ф.: Рухани деңгейде санасы қатты өзгере қойған жоқ; оған тек жануардың тәнінде өзін сезіну бұйырды немесе басқа пішінде. Сіздің санаңыз жануардың тәніне енгендей. Сіз де, сіздің санаңыз секілді көп өзгере қоймайсыз. Сіз даралығыңызды сақтап қаласыз. Бірақ тәніңіз өзгереді. Сіз жануар боласыз.

Д.: Яғни, мен жануар жасай алатын әрекеттермен шектелер едім.

Ф.: Сіз жануардың тәні шектелетін шектеулермен бетпе бет келер едіңіз.

Д.: Мен қазіргі заманның жануарларының күші туралы сұрап ем, оны басқаша деп еді.

Ф.: Солай. Жануардың күші адамдікіндей саналы, ақылды емес. Олардың қуат деңгейі адамның сана деңгейінен бөлек.


Д.: Яғни, ол ежелгі заманда бәрі басқаша болған ғой?

Ф.: Жануардың ақылы адамдікінен аса өзгешеленбейтін. Бірақ ол заманда ақылға түрлі тәндер ие болған.


Д.: Яғни, бұл өзіндік бір тәжірибе түрі болған ғой?

Ф.: Иә. Тәжірибе әлемінде бұрын-соңды болмаған жаңа нәрсеге сұраныс бар. Сондықтан осы тәжірибеге рұқсат етілді. Сол заманда ғаламшарды басқарғандар осындай трансмиграцияға рұқсат етті. Ақыл түрлі тәнде өмір сүріп көрсін деді. Физиологиялық тұрғыда өзін жақсы сезінуге мүмкіндік тудырады деп ойлады. Жаңа мүмкіндіктер ақылды жақсартуға тиісті еді... Нақты сөзді табу қиындап тұр. Себебі, сіздің деңгейде мұндай түсінік жоқ. Ақырғы нәтижесі білім алу деп түсінсеңіз болады.


Д.: Мұның барлығы рух Жер бетіне алғаш түскенде болған ғой?

Ф.: Жоқ, одан көп кейін болды. Атлантиданың кезеңінде өмірлік пішіндер өте жоғары санаға ие болды.


Д.: Мұндай тәжірибе кезінде Жер бетінде адамдар болмаған шығар, тек жануарлар болды ма екен?

Ф.: Жоқ. Егер бұл трансмиграцияның мақсаты адам эволюциясын дамытуға арналмаса, оған рұқсат етілмес еді. Яғни, адам тәніне инкарнация жасау тәжірибесі.


Д.: Яғни, ол заманда атланттар өте саналы нәсіл болды ғой?

Ф.: Солай. Олар өмірлік күштің қасиетінің мәнін жақсы түсінді. Оның адам тәні не жануар тәнінде қандай болатынын түйсінді. Бұл алдыңғы қатарлы ғылым түрі болды. Сондықтан оларға түрлі тәнмен тәжірибе жасауға рұқсат етілді. Ақыл не сананың феноменін жануардың тәнінде дұрыс түсіну үшін. Оларға осыған рұқсат берді. Бірақ олар мұның бәрін теріс пиғылда қолдана бастады. Ақырында хайуандық болмыс тектің тамырын бүлдіре бастады. Бұл тәннің қалауының үйлесімін бұзды. Егер олар адамгершіліктен аттамаса, түрлі жануарлармен тәжірибесін жалғастыра берер еді. Алайда үйлесімділік бұзылғандықтан тәжірибе сәтсіздікке ұшырады.