Файл: Долорес Кэннон. Мы лшемді алам. Том Мскеу. Стигмарион баспасы, 2014 352 бет.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 167

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




Д.: Мен бір нәрсені түсінгім келеді, адам өлген соң жануардың тәніне ене ме, әлде адам тәнінде қала беретін бе еді?

Ф.: Олар адам тәнінде қала беретін. Алайда дәлелденгендей, сана бір тасымалдаушыдан екіншісіне өте береді. Олар медитация жасағандай болады. Өз тәнінен шығып, жануардың физиологиялық денесіне енетін.

Д.: Егер бұл тәжірибе болса, олар өліп, сосын жануар боп қайтып тірілуі керек шығар деп ойладым. Бұл нағыз трансмиграция болар еді.

Ф.: Кей жағдайларда рух әлемінде қалғандар физиологиялық тәнде қалғандарға көмектесетін. Сондықтан кейде реинкарнация болатын жағдайлар кездесіп тұрды десек болады. Бірақ дәл қазір сіздің ғаламшарда боп жатқандай емес.

Д.: Атланттар рухани және зияткерлік тұрғыда қатты дамығаны сонша, осы тектес тәжірибе жасай алатын болған ғой.

Ф.: Дұрысын айтқанда, олар өте саналы еді. Ашық болды, әсершіл болды, бірақ зияткерлік тұрғыда қатты дамымады. Себебі, бұл бірдей түсінік емес. Адамның зияты аса дамымауы мүмкін, бірақ ол саналы болуы ықтимал. Ал келесі адамның зияты өте дамып кеткен, бірақ бес түрлі сезімнен әрі аспауы мүмкін. Бұл жетістіктердің қайсысы артық не жоғары екенін біз айта алмаймыз.

Д.: Меніңше, олар қатты дамып кеткен сияқты.

Ф.: Біріншісі екіншісімен ілесіп жүруі шарт емес.


Д.: Мен тек түсінуге тырысып жатырмын. Сол себепті мүлде таяз дүние айтуым мүмкін. Бірақ олар қандай да бір ойын ойнаған секілді?

Ф.: Жоқ. Бұл жеңіл-желпі дүние емес еді. Бұның бәрі өте маңызды зерттеулер еді. Адам санасының жануар тәнінде өмір сүруінің ақырын білуді көздейтін зерттеу.

Д.: Бірақ олар өз санасын жануардың тәніне проекция жасайтын. Яғни, олар қаласа, өз тәніне қайта орала алатын болған ғой.

Ф.: Кей жағдайда оралған. Бірақ көп жағдайда сана бір тәннен екіншісіне көшіп кетіп отырған.


Д.: Яғни, толық миграция жүрген?

Ф.: Солай десек те болады. Алайда қазіргі таңда айтып бере алмайтын айырмашылықтар болған. Біздіңше, қазіргі кезеңде сізде параллельді сананың физиологиялық салдары туралы толық түсінік жоқ. Дегенмен, кей жағдайда адам өзінің тәнін тастап, басқасына ауысып кетіп отырған.


Д.: Мұндай жағдайда олар ескі тәнге орала алмады ма?



Ф.: Солай.


Д.: Ескі тәні өліп кетуші ме еді?

Ф.: Оған басқа сана көшіп келуі мүмкін еді. Бір қарағанға, алмасу жүргендей.


Д.: Жануардың санасы адам тәніне көшпеген шығар? Осындай алмасуды айтасыз ба?

Ф.: Жоқ. Жануарда сана болмаған. Жануар санасы деген ұғым атымен жоқ. Сананың рухани табиғаты бар. Ол тек жаңа тәндермен тәжірибе жасады. Алайда сана өзі қалауы тиіс еді. Ал, жануарлар адаммен тән алмасатындай дамып кетпеген, олардың ерік-жігері болмады ғой.

Өзімнің зерттеулерімде тапқаным, «Ажал мен өмір арасында» атты кітабымда сипатталғандай жануар жаны адам жанынан өзгешеленеді. Олар Құмырсқаның илеуі не араның омартасы секілді топтық жанға ұқсайды.


Д.: Сіз бұл тәжірибе үйлесімділікті бұзды дедіңіз?

Ф.: Иә. Өйткені, түрлі өмір пішіндері арасында интеграция жүріп жатты. Мутация басталып кетті. Шынайы пішіндер... Мұны дәл түсіндіру қиын болып тұр. Себебі, бұл кезеңде сізде тәндегі өмір пішіндері туралы толық түсінік жоқ. Қазіргі кезеңде белгілі концепцияларды қолданамыз. Шынайылықты қалай қабылдайтынымызды нақты түсіндіруге тырысамыз. Басқаша айтсақ, қазір сізге белгілі білімді қолданамыз. Дегенмен, сіз бұл сипаттау да тиянақты емесін түсініңіз. Ақиқатты қалай қабылдайтынымызды түсіндіру үшін сізге жақын ұғымдарды қолданып, кей дүниені аттап кетеміз. Егер ақиқат бүлініп жететінін білсек, мұны сізге айтпас едік. Сіздің саныңызда қажетті концепция болмағандықтан кей дүниені сізге айта алмаймыз. Себебі, бұл концепцияларды айтып түсіндірудің кез келген тәсілі бастапқы табиғатын бүлдіруі ықтимал.

Д.: Айта алатыныңызды айтып берсеңіз болды. Мен үшін істеп жатқандарыңызды өте бағалаймын.

Ф.: Нені нақты білгіңіз келетінін айтыңыз.

Д.: Олар мутацияға ұшырады дедіңіз.

Ф.: Олар емес, тәндері. Бұл жерде физиология мен рухани әлемнің ара жігін ажырату маңызды. Басқаша түсіндірсек, тән рухани болмысты нақтылап отырды. Яғни, адам тәні оның жанының сипаты екені мәлім ғой. Сондықтан рухани қуаттың араласуымен физиологиялық тәннің мутациясы жүрді.


Д.: Мен олар жануардың тәніне енген соң басқа жануарлармен шағылысты деп ойлап қалдым. Мутация деп нақты нені меңзедіңіз?


Ф.: Солай. Алайда түсінуге тиісті маңызды мәселе бар, жануарлар әлеміне түсу мутацияны болдырған жалғыз фактор емес. Егер кімде кім бір жануардың өмірлік пішініне ассимиляцияланып, сосын басқа жануардың тәніне миграция жасаса, осындай физиологиялық шекараны нақты кесіп өтетіндер ассимиляцияланған қасиеттерді бір пішіннен екіншісіне көшіреді, содан мутация басталып кетеді.

Д.: Мен жануарлардың басқа түрлі жануарлармен шағылыса алмайтынын естіген едім. Мутацияны айтқаныңызда, осыны айтқысы келді ме деп ойладым.

Ф.: Біздің басты айтпағымыз, тәннің істегені тек рухани ойдың сипаты. Егер бір құбылысты екіншісімен ауыстыра берсе, мутация жүреді.


Д.: Осылай істеп, олар адамның тегіне әсер етті ме?

Ф.: Иә, тектің құрылымы ең алдымен рухани дамумен екшеледі. Негізі адамның әрекеті ең алдымен рухани құбылыс екенін айту керек. Ал, сол құбылысты сырттай сипаттап көрсету тәннің жұмысы. Адамның мұндай пішіні Ғаламның әр бұрышында кездеседі, себебі бұл ұқсас сипаттар. Қай ғаламшарда жүргеніне қарамастан адам пішіні осыған ұқсас сипатта болады. Бірақ басқа да сипаттары бар. Бұл адами сипаттар емес, бірақ саналы түрде таңдалды, сондықтан егер бұл сипаттар осы ғаламшарда етек жайса, сіздерге беймәлім, тіпті қорқынышты пішінде таралар еді. Адам пішіні бар-жоғы рухани болмыстың тәни сипаттарынан тұрады.

Д.: Менің бірнеше сұрағым бар. Бәлкім, кейбіріне жауап алған да шығармын. Бұның бәрі жартылай адам, жартылай жануар болған жаратылыстар туралы аңыздарға тірек бола ала ма?

Ф.: Иә. Мұндай шағылысулар болды, суды лайлаған оқиғалар болған.


Д.: Бейүйлесімділік туралы айтқаныңызда осындай оқиғаларды айтпақ болдыңыз ба?

Ф.: Иә.

Д.: Бұлар шынында да өмірде болған жаратылыстар екен ғой.

Ф.: Солай. Олар өз қоғамында кісікиік болып өтті. Себебі, кей адам өзін ақсүйек санады, мұндайларды – тұқымы нашар деп санады. Яғни, қоғам арасында касталық бөлініс пайда болды. Қазіргі Үндістандағыдай. Бірі өзін жоғары каста, екіншілерін төмен каста санайтындар.


Д.: Мұндай жартылай адам, жартылай жылқы жаратылыстар өзара шағылысып, көбейді ме?

Ф.: Жоқ. Оларда тектік мөр болмады. Олар жай ғана рухани болмыстың сипаты болып қалды. Олар адамның не жануардың бірегей нәсілі ретінде саналмады.


Д.: Яғни, олар өз табиғатында жалқы жаратылыстар болды.

Ф.: Солай.

Д.: Осы тектес жаратылыстардың неше түрі туралы көптеген хикаялар бар.

Ф.: Солай. Мұндай миграция түрі көп болды. Бірақ олар сіз айтқандай «нәсіл» болмады. Мұны дұрыстап түсіндіру үшін мұндай рухани интеграция жайлы қысқаша айтып бергеніміз жөн шығар. Тән тұрғысында, не адами тұрғыда өзін көрсетуде қуаттар іске қосылады. Бұлардың болмысы адами. Біз тек рухани жағын қарастырамыз. Тәнге лайық бөліктерін айналып өтеміз. Адами қуаттар тән сипатын алғанда физиологиялық пішінге түседі. Себебі, шын мәнінде тәндегі өзгеріс бұл бар болғаны рухани болмыстың сипаты ғана. Адамның физиологиялық пішіні бар болғаны адами болмыстың қуаты. Адами болмыстың өмірлік күші физиологиялық әлемде дене пішініне көшеді. Басқа да қуаттар баршылық. Мысалы, шөптің қуаты. Шөп бар болғаны шөптің қуатының физиологиялық пішіні ғана. Байқағаныңыздай, түрлі қуаттар саны өте көп. Мұндай қуаттың бәрі физиологиялық деңгейде сан алуан болып түрленеді. Ғалам қуаттан тұрады. Физикалық Ғалам анағұрлым жоғары қуаттардан тұрады. Яғни, Ғаламның шынайылығы рухани қуаттардан құралады. Физикалық Ғалам – бұл бар болғаны рухани болмыстың сипаты. Рухани қуат тәнге трансляция жасайды. Физиологиялық пішінде сипатын көрсетеді. Негізі қандай қуаттан тұрса, сол қуаттың сипатын ғана көрсетеді. Айналаңыздан физиологиялық пішін көрсеңіз, бұл бар болғаны сипат не құбылыс деп қараңыз. Бұл құбылыстардың негізінде белгілі бір қуаттар бар. Трансмиграция кезінде осындай қуаттар араласып кетіп жатты. Мысалы, жылқының қуаты адамның қуатымен араласты. Аралас қуаттың салдарынан жартылай адам, жартылай жылқы пайда болды.

Д.: Сол себепті олардың түрі өзгерді – кентаврлар сияқты. Содан жартылай адам, жартылай жылқы туралы аңыздар өрбіді ғой.

Ф.: Иә. Алайда қуаттар араласқан кезде өлшемдері өзгеріп тұрды. Көбінесе оларды жартылай адам, жартылай жылқы деп санады. Бірақ бұл жаратылыстарда міндетті түрде жылқының денесі, адамның басы болсын деген қатқан қағида болмады. Әр құбылыс бір-біріне ұқсағанмен, әр кезде әр түрлі болды.

Д.: Яғни, аңыздарда жалпылама айтыла салады ғой.

Ф.: Солай.

Д.: Су перісі мен дәуқаршыға туралы хикаялар – жартылай құс, жартылай адам – шынында да болған оқиғаның сипаты екен ғой.