Файл: Долорес Кэннон. Мы лшемді алам. Том Мскеу. Стигмарион баспасы, 2014 352 бет.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 166

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Ф.: Солай.

Д.: Яғни, ол замандарда Жер бетін осындай жаратылыстар кезіп жүрген екен ғой. Бірақ адамдар оларды мүлде жақтырмаған ғой.

Ф.: Жер бетін кезіп жүрді деп айтуға келмес. Олар бүкіл ғаламшарға таралмады. Олар тек мәдениеті тым жоғары, осындай тәжірибе жасайтын деңгейі жоғары өңірлерде болды.

Д.: Сондықтан мұндай аңыздарды нақты бір мәдениеттерден ғана көреміз.

Ф.: Солай. Мұндай нәрсе ғаламшардың эволюциясының әр түрлі кезеңдерінде көп адамға белгілі болған. Алайда физиологиялық сипаттың өзгеруі тек Атлантида да мүмкін болды.


Д.: Ф, ал сиқыршы адамдардың кей адамды жануарға айналдырып жіберуі туралы оқиғалар ше?

Ф.: Шамасы, мұндайды өзгенің өмірін басқаруға тырысқандардың қиялы деп қарастыруға болатын шығар. Сиқыр қатты тараған замандарда сиқыршылар айналасын уысында ұстағысы келген. Тарихта мұндай манипуляция мүмкін болған. Бұл кей адамның табиғат күштерінен өзінің мықтылығын көрсетудегі психологиялық қажеттілігінің сипаты еді. Сондықтан адамдар осындай хикаяларды айтып, өздері соған сенетін. Олар сиқырлы күшім бар деп қиялданатын, соның салдарынан айналасын уыста ұстады. Бұл сіздердегі бүгінгі таңда ғылымның физикалық әлемге жүргізіп отырған билігінен алыс емес. Бұл тағы да табиғат күштерін қадағаласам деген мұқтаждықтан туған сұраныс.


Д.: Яғни, Атлантидада басқа шынайылықты сезінгісі келетін адамдар болған ғой?

Ф.: Солай.


Д.: Бірақ өзіңіз айтпақшы, бұған кейіннен тыйым салынған ғой?

Ф.: Бұның пайдасынан гөрі бейүйлесімділік тудырып жатқаны анық еді. Сондықтан анағұрлым жоғары деңгейдегі қуаттар мұндай тәжірибе жасаушыларға тыйым салды, бұл жалпы адамзаттың және сол тәжірибе жасаушылардың игілігі үшін деп қаулы етті.


Д.: Яғни, бұл рухани әлем және қуаттың үйлесімін бұзған әрекет болды ғой? Бұл тәжірибе олардың болмысын не жанын бүлдірді ме?

Ф.: Солай. Содан соң... лайықты сөз іздеп жатырмыз... мұндай құбылыстарға тыйым салынған. Ол заманда мұндайға рұқсат етілмеді, қазір де рұқсат жоқ. Алайда келешекте тыйым алынуы ықтимал. Ғаламшардағы қазіргі жағдайды есепке алсақ, жуық келешекте рұқсат етілуі екіталай.



Д.: Атлантиданың күйреуінен соң бұл жайлы естелік сақталған. Сондықтан бізге аңыздар жеткен ғой?

Ф.: Солай. Ұрпақтан ұрпаққа өтіп отырған жәдігерлерде бұл туралы жазылған. Олар сан ғасырдан бері аңызға айналған.


Д.: Бұл бейүйлесімділік қосымша карманы тудырды ма?

Ф.: Бәлкім, карманы бір жағынан бейүйлесімділік деп те атауға болатын шығар немесе бейүйлесімділікті – карма деуге. Қуатты нығайту үшін осы бейүйлесімділікті жою керек болды. Осы мағынада оны карма деуге болады. Біздің түсінігімізде, сіздерде карма деген түсінік қуаттың тепе-теңдігінің бұзылуы не бейүйлесімділігі, оны тәжірибемен өтейді деп есептейсіздер. Бірақ біздіңше, дәл бұл мағынадағы карма – лайықты термин емес, мұнда сауапты ештеңе жоқ. Біздіңше, қазіргі таңда карманы сауап не жазамен байланыстырып қабылдайды. Біздіңше, бұл мүлде дұрыс емес түсінік. Сіздер атайтын «жаман» карма – бұл бар болғаны тепе-теңдіктен шыққан қуаттар болуы ықтимал. Сондықтан біздіңше, адам өз кармасын өтеуі дегеніміз өз қуаттарын тепе-теңдікке келтіріп жатқаны.


Д.: Осы қабілетті шектен тыс қолдану Атлантиданың күйреуіне әкелді ме?

Ф.: Нақтырақ айтқанда, Атлантиданың күйреуіне осы құбылыстардың әсері болғаны рас. Бірақ тікелей күйреудің себебі басқа еді. Алайда осы мәдениеттің күйреуіне тікелей әсер еткен себептер осы құбылыстарға да байланысты болды.

Д.: Ұмытпай тұрғанда тағы бір нәрсе сұрап алайыншы. Осы өмірлік күш шамасы генетикалық манипуляцияның арқасында әлде соған ұсқас нәрселер жануардың сыртқы әлпетін өзгерткендей. Сонда біз де өз тәніміздің жасушалық құрылымын басқара аламыз ба?

Ф.: Иә. Мұндай басқару көбіне көп бейсаналы деңгейде жүретінін түсініп тұрған шығармыз. Тәннің көрсеткені ішкі қуаттың дәл сипаты, сондықтан өзіңіздің ішкі қуатыңызды тез-тез өзгерте алмайсыз. Ішкі қуатты өзгерту тәннің де сондай өзгерісін көрсетеді. Айнадағы сұлбаңызды өзгерте алмайсыз. Сіз сыртқы келбетіңізді өзгертуіңіз мүмкін, тәніңізді өзгертуіңіз мүмкін, сонда сұлбаңыз өзгереді. Бірақ ішкі қуатты, яғни бастау көзін өзгертпей тұрып сұлбаңыз өзгермейді. Тән деген бұл жай ғана сұлба. Оны өзгерту үшін оның ар жағындағы нәрсені өзгерту керек.


Д.: Сіз сонда біздің тәніміз, мүсінімізді өзгерту мүмкін емес дегіңіз келіп тұр ма?



Ф.: Егер сіздерге қуаттарды қайтып араластыруға рұқсат етсе, онда бұл мүмкін болар еді. Мысалы, шөптің қуатын адамның қуатымен араластырса, нәтижесінде адамның шашының орнына шөп өсер еді.

Д.: Бұл хикаялар қайдан шыққанын енді түсіндім. Адамдар осылай жасау мүмкін деп ойлаған ғой.

Ф.: Бұлай жасау шынында да мүмкін. Алайда мүмкін мен рұқсат ету – әр түрлі ұғымдар ғой.

Д.: Егер біз текті басқара алсақ, сыртқы әлпетімізді өзгертіп, мүлде басқаша болар едік.

Ф.: Сұлбаны өзгертудің еш құндылығы жоғын түсіну керек. Егер сұлбаның астарында тұрған қуатты араластыру мүмкін болса, сонда бұл тәжірибе құнды болар еді. Шын мәнінде қарапайым қызық сұлба жасаудан гөрі тек жоғары деңгейге қатысы бар дүние ғана маңызды.

Атлантиданың ұзақ тарихында тұрғындары санасын жоғары деңгейге дейін дамытқанын түсіндім. Ғылыми әуестіктің арқасында бұл деңгейдегі сұраныс түрлерді араластыру сияқты күрделі жағдайға жеткізген. Ғылыми дамудың зор биігіне шыққан бұл адамдар жаратылудың құпиясын шешкісі келгендей. Бұл бүгінгі таңдағы біздің жағдайды еске түсіреді. Бәлкім, мұндай ғылыми зерттеулер ақылдың мүмкіндіктерінің бәрін зерттеп тастағаннан іш пыса бастаған соң туған шығар. Қолжетімді дүниені олар шығармашылық пен пайдалы мақсатта қолданудың орнына, мүлде теріс бағытта қолданып кеткен сияқты.

Джонды терең трансқа енгізген соң оған Даналық ғибадатханасындағы рухани әлемдегі ұлы Кітапханадан ақпарат алудың жолы ашылатын. Менің кітаптарымда жариялаған оның ақпараттарының дені осы кітапханадан алынған. Әдеттегідей ғимаратқа кіргенде бізді кітапхананың шырақшысы қарсы алды. Біздің мақсатымызды білді. Сосын шектеулер туралы ескертті.

Долорес: Ол бізге мұрағатты көрсете ала ма – әлде оларды қалай атайды екен – Атлантида туралы сақталған қандай да бір ақпарат бар ма?

Джон: Иә. Ол Атлантида туралы ақпарат өте көп дейді. Көру залына өтуіме рұқсат.


Д.: Бұл не зал?

Дж.: Ол мені кинотеатрға ұқсайтын жерге апара жатыр. Мен бар назарымды Атлантида туралы ойға шоғырландырып, түрлі суреттер көре аламын. Олар қабырғада пайда болып жатыр.


Д.: Қабырғада экран ілініп тұрғандай ма?

Дж.: Экран деуге келмейді. Менің айналамда суреттер, ал мен ортада отырып, көріп жатырмын. Ох, бұл керемет, керемет қала. Алтынмен апталған. Қаланың қабырғалары жарық шашып тұрғандай, содан ол жарқырап тұр. Қазір түн. Жұлдыздар көрініп тұр. Толысқан ай көрінді. Шамасы, олар айдың қуатын қолдана алатын сияқты. Бұл сондай әдемі. Мен осы пейзаждың ортасында отырмын. Енді адамдарды көрдім, қастарына келдім – олар да тамаша.


Транстан шыққан соң Джон алыстан қала пирамидаға ұқсағанын айтты. Тура ортасында ең биік мұнара тұрған, түрлі ғимараттармен қоршалған, олардың биіктігі орталықтан алыстаған сайын кішірейе берген. Бұл ғимараттардың төбесі бір бірімен біріктірілген.


Д.: Бұл адамдардың түрі қандай?

Дж.: О, олар тура біз сияқты. Тек киножұлдыздарға ұқсайды. Бәрінің тістері аппақ, шаштары жалтырап тұр. Олар шаштарына түрлі түс пен сән жасап тәжірибе жасайды екен.

Кейіннен ол бір сәтте шаштарына түрлі түс беретінін айтты: қызыл, сары, жасыл, көк. Түрлі өрнек сап өрілген, буылған шаштар. Қазіргі замандағы панктерге ұқсайтын сияқты. Бірақ ол қарсылық танытты. Соншалықты жабайы көрінбеді деді. Олардың шаштары өте әдемі әрі жарқырап тұрды деді.

Дж.: Олар киген көйлек... не деп айтса болады, туника не мантия деуге келеді. Онысы жарқырап тұр, құдды бір жіптеріне түрлі түсті спектр өрнектелгендей. Жарықтың түсуіне қарай түсін құбылтып тұрады екен. Киімнің түсі күлгін болуы ықтимал, бірақ оған басқа бұрыштан қарасаң, ол көгілдір түсті болып көрінеді, сосын алхоры түске боялады. Ол өзгеріп, жарқырайды, өте әдемі. Олардан түрлі әшекей көрдім, әшекейлердің арасында кристалдар бар.


Д.: Дж, қала қандай? Неге оның қабырғалары жарқырап тұр деп ойлайсың?

Дж.: Білмеймін. Мұнда шынымен үлкен ғимараттар бар. Бірі ежелгі грек ғибадатханаларын еске салса, бірі қазіргі біздің заманның үйлеріне ұқсайды. Кей ғимараттар жиырма не отыз қабатты.


Д.: Әр қабатқа қалай көтеріледі екен?

Дж.: Жылжымалы эскалаторлар бар. Соған тұрасың да, қалаған жеріңе жетесің. Бірақ бұның бәрін сипаттап беру оңай емес, себебі үйлері біздегідей лифт қолданатын үйлер сияқты салынбаған. Сатылы үйлер, түрлі биіктіктегі ғимараттың үстіне ғимарат боп салынған, арасын эскалатор жалғаған секілді. Олар адамды қажет жеріне лезде жеткізеді.



Д.: Қалада нендей көліктер бар?

Дж.: Иә. Неше түрлі көліктер. Ұшақтар мен темекі пішінді автокөліктер. Бірақ қала ішінде негізінен эскалатормен жүреді екен.


Д.: Олардың автокөліктері біздікіне ұқсай ма екен? Дөңгелегі бар ма?

Дж.: Дөңгелегі жоқ, олар жердің бетінде ұшып жүргендей.


Д.: Қалай оталады екен?

Дж.: Кристалдар арқылы өтетін күн сәулесінің қуатымен оталады.


Д.: Ұшақтар қалай оталады? Олардың қанаты бар ма?

Дж.: Жоқ, қанаты жоқ. Біздің ұшақтарға мүлде ұқсамайды. Үлкен темекіге ұқсайды. (Күлді). Ортаңғы жағында терезесі көп. Тұмсығы тұста орналасқан үлкен кристалл арқылы іске қосылады. Олар мұнараға не айлақтағы мачтаға ұқсайтын нәрседен қуат алады.


Д.: Сонда олар алысқа ұшып кете алмай ма?

Дж.: О, олар мыңдаған миль қашықтыққа ұша береді, күн қуатын жинап тұратын аккумуляторлары бар.


Д.: Байланыс құралдары бар ма?

Дж.: Оларға телефон керек емес. Олар телепатиялық түрде сөйлесе береді.


Д.: Дж, алыс қашықтықта қалай сөйлеседі? Тым қашықта тұрып телепатиялық түрде сөйлесе ала ма?

Дж.: Иә. Радио мен теледидарға ұқсайтын ештеңе көрмедім. Олар мұндай дүниеге мұқтаж емес. Алайда ойын-сауық заттары бар. Олар музыканы жақсы көреді. Мұнда арена бар. (Ол үзіліс жасады, сосын аяқ астынан ауыр тыныстай бастады). О, Құдай! Бұл сұмдық! Бұлар зұлым адамдар екен!

Бірдеңе бүлінгенін білдірген бірінші белгі осы болды. Осы жерге дейін оның сипаттамасы басқа клиенттерімнің айтқанына ұқсайтын. Шамасы, бәрі соншалықты тамаша емес боп шықты. Бұрын айтқанымдай, Атлантида бірнеше мың жыл өмір сүрген. Бәлкім, Джон, күйреудің алдындағы мезетін көрді. Қала мен адамдар әдемі еді. Бірақ сырт әлпеттің ар жағы қорқынышты болып шықты.

Дж.: Мұнда шынымен қатігездік орын алып жатыр. Бұл жануардың тәніне байланған адамдарға ұқсайды. Оларды аренаға шығарады да, бір-бірімен төбелестіреді. Римдік гладиаторлардың ойынына ұқсайды.


Д.: Ол жануарлардың түрі қандай?

Дж.: Мен бір жануарды көріп тұрмын. Ер адам жылқының арқасында тұрғандай. Кеудеге дейін адам, төрт аяқты. Жылқының басы тұруға тиіс жер бос тұр.


Д.: Сенің не айтпағыңды түсінгендеймін. (Бұл сипаттама кентаврға келіңкіреді). Басқа жануарлардың түрі қандай?

Дж.: Ох... қабыланға ұқсайды... беті қабылан... аяғы адамдікі... Алды адам... Ох, бұл сұмдық қой! Олар мутанттарға ұқсайды. Оларға шектен тыс қатігездік көрсетіп жатыр.


Д.: Онда тек осы екі жануар ғана ма?