Файл: Долорес Кэннон. Мы лшемді алам. Том Мскеу. Стигмарион баспасы, 2014 352 бет.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 164

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Дж.: Жоқ, мұндай он шақты жаратылыс жүр. Меніңше, олар жүзден аса, не екі жүзге жуық. Олардың бәрі аренада тұр. Бір-бірімен өмір үшін төбелесіп жатыр. Айналада адамдар қарап тұр. Олар қол шапалақтамайды, айқайламайды. Олар жай ғана рақаттанып қарап тұр.


Д.: Араласқан басқа қандай жаратылыс көріп тұрсың?

Дж.: Бұқаға ұсқайтын біреуі тұр. Беті, денесі, мүйізі бұқанікі, аяғы адамдікіндей. Бұл бір сұмдық көрініс! Адамның беті бар жылан сияқты бірдеңе жүр. Сосын... Ох! Адамның беті бар керік жүр.

Мұндайды көру оны шошытып жатқаны сезілді.

Д.: Әр нәрсені сұрай беріп, сенің жүйкеңе салмақ түсіргім келмейді.

Дж.: Меніңше, бұл бір тектен кеткен қателіктер сияқты. Олар көбейе алмайды, неге ажалын күтіп, жай ғана өмірден өтуіне мүмкіндік берілмейді екен. Бұл адамдар үшін ойын-сауықтың түрі екен. Бұлар өте қатыгез адамдар.


Д.: Егер олар телепатиялық түрде сөйлессе, ендеше өте мейірімді, түсініктері мол деп ойлап ем. Бұлай болмай тұр ғой?

Дж.: Адамдар өте тәкәппар. Мына жаратылыстарға менмендікпен қарап тұр. Олар үшін Жер бетінде өмір сүретін басқа түрлер жиіркенішті хайуан ғана екен.


Д.: Сеніңше, жануарлардың бәрін жинап, аренаға төбелесуге алып шықты ма?

Дж.: Мұндайды үнемі жасап тұрады, себебі әркез тәжірибе жасайтын әлдене табылады.

Д.: Бұл жаратылыстардың қаруы бар ма, әлде тек бір-бірімен төбелесе бере ме? Мен гладиаторлар туралы ойлап тұрмын.

Дж.: Жоқ, олар табиғи инстинктерін қолданады. Адамдар еш сезімін көрсетпестен қарап тұра береді екен.

Д.: Біреудің рақаттанып, дым сезімін көрсетпей тұра беретінін түсіну қиын боп тұр.

Дж.: Рас, олар еш сезімін білдіртпейді. Бұларда бәрі басқаша. Бұлар шынымен жаман адамдар, қатал, тоқмейілсіген адамдар. Кристалдан жасалған тапанша секілді әлденесі бар. Төбелестен соң аренаға шығып, тірі қалған жануарлардың жүрегін дәлдеп атады.


Д.: Төбелесте өлмегендерін өлтіре ме?

Дж.: Иә, оларды да өлтіріп жатыр. Тапаншадан жарықтың сәулесі шығады да, жүрекке түседі. Лазерге ұқсайды. Бірақ сәуле өте жарық. (Жиіркенішпен). Мен енді басқа жердемін. Әлгі жаратылыстарды жасайтын жерде. Жеке тор қапаста жануар тұр. Олар картинаның айналасына жиналған. Картинада адамның басы бар жануардың суреті салынған. Олар зерденің күшімен осы адамның бетін әлгі тордағы жануарға проекция жасайды. Жануар итке ұқсайды. Оның жаны қиналып жатыр. Мұндайдан өту өте қиын екен. Ауыртатын үдеріс. Сондықтан мен оларды қатігез деп есептеймін. Мұны бір әйел және үш еркек жасап тұр.



Д.: Олар мұндайды тек зерденің күшімен жасап жатыр ма?

Дж.: Иә. Олар жануардың бетін өзгертуге күш салып жатыр. Оның жасушалық құрылымын өзгертіп жатыр, жануар қиналып тұр.


Д.: Бұл зердені бақылау сияқты жаттығуға ұқсай ма?

Дж.: Солай сияқты. Олар өздеріне ит не мысық сияқты үй жануарын ұстағысы келеді. Бірақ оның бойында адамның бет-бейнесі болуы тиіс.


Д.: Бөлмеде осындайды жасауға көмектесетін құрылғылар, машиналар бар ма?

Дж.: Иә... Бұл кристалдан жасалған айнаға ұқсайды. Сосын тастар, өте жұмсақ тастар. Резеңке сияқты. Оларды мыжып, неше түрлі нәрсе жасауға болады. Тастарды бөлменің интерьеріне қолданады.


Д.: Бұл тастар машиналардың әлдебір бөлігі ме?

Дж.: Жоқ. Оларды жай ғана интерьердің бөлігі ретінде қолданады. Қабырғаны бояудың орнына осындай тастармен көмкеріп тастаған.

Д.: Яғни, олар қолданатын заттың бір бөлігі кристалдар болды ғой.

Дж.: Иә. Мұнда түрлі түсті кристалдар көп. Мен кристалдардан тұратын басқару тақтасын көріп тұрмын. Төбеде бір топ кристалл ілініп тұр. Олардан жарық тарап тұр.


Д.: Бұл машинаны біреу басқарып тұр ма?

Дж.: Олар мұны кристалға екпін түсіре отырып зерденің күшімен жасап жатыр.

Д.: Мұндай ақпаратты сен біле аласың ба, білмеймін, бірақ мен жануарды осылай жартылай адам, жартылай жануарға айналдыру қалай әсер ететінін білгім келеді? Бұл оның ойына, әрекетіне қалай әсер етеді?

Дж.: Жануар мұндайды жек көреді, себебі бұл жанын қинайтын нәрсе.


Д.: Жануар қосымша адамның мінезін сіңіре ме дегенді білгім келеді?

Дж.: Иә. Ол адамға қаттырақ ұсқап кетеді, бірақ оның бойынан оянған қасиеттерді жақсы деп айтуға келмейді.


Д.: Мұның бәрі оның өмірлік күшіне, жануардың жанына қалай әсер етеді?

Дж.: Олар жануарды нашар жаратылыс, өздерін жоғарғы жаратылыс санағандықтан осындай тәжірибе жасап жатыр. Олар өз қарым-қатынасын былай сипаттайды: «Біз биікпіз, сондықтан кез келген нәрсені жасауға қақылымыз».


Д.: Мұндай тәжірибеден соң жануар нашар жаратылыс болуын доғармай ма?

Дж.: Жоқ, олар жануарды эволюцияның анағұрлым жоғары сатысына көтергісі келеді, себебі оның жаны жоқ деп есептейді. Өздерінің жаны бар болғандықтан, қалағанын жасай алады-мыс. Олар өздерін Құдайдай сезінеді. Шынында да Құдай сияқты. Олардың қолынан көп нәрсе келеді, иттің бетін өзгерте алады, оны адам сияқты жасай алады.

Д.: Бірақ мұның бәрін еш мақсатсыз жасап жатыр ма? Бұл жаратылыстарды аренаға шығарып, әншейін төбелестіріп, бір-біріне айдап сап қырғызады ғой?



Дж.: Олар кейбірін құл сияқты жұмсайды. Мұндайды қалыпты дүние деп қабылдайды.

Д.: Оларды адамға ұқсатқысы келеді. Бұл ойын секілді.

Дж.: (Ол қабағын түйді). Меніңше, бұл ойын емес. Олар жаман адамдар. Олар маған ұнамайды.

Д.: Мұндайға қарата беріп саған жағымсыздық туғызғым келмейді.

Дж.: Ох, маған жануарлардың бір-бірін өлтіргеніне қарау ауыр болды. Олар ылғи жанталасып жатады. Себебі, олардың молекулярлық құрылымы бұзылған.

Д.: Шамасы, бұл әрекеттер Ғаламның өмірлік күшіне, қоршаған ортаға қарсы бағытталған.

Дж.: Сол себепті Атлантида күйреген.

Атланттарды ең парасатты адамдар деп сипаттаушы еді. Шамасы, олар адам тәнінің тектік модификациясын жасау өнерін меңгеріп алған сияқты.

Осы өнерді кемелдендіріп, адам тегін жануардың тегімен модификация жасап, араластырған. Бұл олар үшін жаңа зерттеу алаңына айналды.


Д.: Сананың көмегімен тағы не істей алатындарын көре аласың ба? Мұншалықты деструктивті емес қабілеттері де бар шығар?

Дж.: Иә. (Ауаны терең жұтып жатып). Олар адамды оргазмға тек ойдың күшімен жеткізе алады. Оларға осылай істеген ұнайды. Өзге адамдармен араласқанды, оларды сүюді ұнатады. Бұл ойын. Олар ғаламшарды мекендейтін өзге жануарларға үстемдік жүргізе алады. Өздерінің артықшылығын сезінеді. Ең мықтымыз деп түсінеді. Оларға айналаның бәрі бас ию тиіс деп қабылдайды. Төмен деңгейлі жаратылыстарға менмендікпен қарайды. Сондықтан жануарларға осындай тәжірибелер жасайды.


Д.: Олар зерделерін конструктивті түрде қолдана ала ма?

Дж.: Иә. Зерденің күшімен қалалар салады, ауыр заттарды көтереді, оларды телепорт жасай алады.

Д.: Левитацияның көмегімен? Бұны жағымды қасиет десек болады екен.

Дж.: Олар өте өзімшіл. Бәрі соларға бағынышты болуы тиіс.

Д.: Мені бағанағы созылмалы тастар қызықтырып тұр.

Дж.: Тасты қалалар мен эскалаторлар салу үшін қолданады.


Д.: Тастар сол күйінде табиғатта кездесе ме?

Дж.: Соны сұрап жатырмын. Зерденің көмегімен оларға манипуляция жасайды, сосын олар созылмалы болып қалды. Бұл адамдар өте, өте ақылды. Бірақ олар басқа тіршілік иелерін менсінбейді. (Үзіліс). Ох, мұнысы сұмдық! (Ол мүдіріп қалды). Мұнда қалғым келмейді. (Жиіркенішпен).


Д.: Жақсы. Сен бұл жерден кете аласың. Құрлықтағы басқа адамдар дәл осындай қалада тұра ма?

Мен оның назарын жағымсыз жайттан басқа нәрсеге аударғым келді.

Дж.: Кей адамдар ауылда тұрады. Әдемі бау-бақшалары бар. (Таң қалды). Мұнда жәндіктер жоқ... Олар көшеде жүре береді. Тәжірибелердің салдарынан көптеген жексұрын жәндіктер жасалған. (Үзіліс. Таң қалды). Бұлар каннибал. Олар адамды жеп қойды.



Д.: Сеніңше, әлгі хайуандардың бірі деп ойлайсың ба?

Дж.: Жоқ, олар адамды ұстап алды. Олар үшін көкке шығып, демалу сияқты. Мұнда ұшақпен ұшып келді де, осындағы адамның бірін ұстап алды, сосын пісірді де жеп қойды.


Д.: О, Құдайым! (Тақырыпты өзгерткім келді). Ал, жаңағы жексұрын жәндіктер не болды? Сен оны да тәжірибе дедің ғой?

Дж.: Иә. Сондықтан Атлантида күйреуі тиіс еді. Олар өмірді ойыншық етіп, жаңа бірдеңе ойлап таба берді. Бұлар жаман адамдар. Маған мұнда қалған ұнамайды. Бұл жерден кеткім келеді.

Д.: Жарайды. Егер саған ұнамаса, од жерде қалма.

Дж.: Мен кеткім кеп тұр. Мәселе, олардың тәкәппарлығында. Олар өздерін биік санайды. Ал қалғандары оларға бағынсын дейді.

Д.: Маған осы ақпаратты бергеніңе рақмет. Сен мұндай жайсыздық сезінсін демеп ем.

Дж.: Мені каннибализм мазалап тұр. Бұл сондай жауыздық. Осының кесірінен біздің әлемде де әлі каннибализм боп тұратын шығар. Бірақ олар адам төзгісіз істерді әншейін ойын үшін жасайды.

Д.: Егер өзіңді жайсыз сезінсең, сен көру залынан шықсаң болады.

Дж.: Мен өмір бой атланттар мықты адамдар деп ойлап келген едім. Олай емес екен. Олар қатты дамып кетіпті. Дамыған сайын менмендікке салынған. Өзге тіршілік иелеріне мұрнын шүйіріп қараған. Бізге мұны түсіну қиын. Олар тасжүрек екен.

Д.: Бәлкім, әншейін іштері пысқаннан шығар.

Дж.: Жаңа Гвинеяның жергілікті адамына ұқсаған адамды ұстап алғанда мен де солай ойлаған едім.

Д.: Ол заманда да жергілікті адамдар болған ғой.

Дж.: Болған. Олар жергілікті адамдар тұрған жерге ұшып келді де, оны ұстап алып, пісіріп жеп қойды. Маған бұл қылықтары жауыздық болып көрінді.

Д.: Кез келген нәрседе кемелдікке жеткен соң олардың іші пысатын шығар. Осылай көңіл көтерген шығар.

Дж.: Мен де солай ойлап қалдым.

Д.: Олардың зердесі эволюцияланғаны сонша, мүмкін емес дүние болмай қалған ғой. Сондықтан жаңа бірдеңе сезінгісі келген-ау.

Дж.: Кітапхананың шырақшысы Жер бетіндегі көп адам атланттар жоғары қуат деңгейіне жеткен деп есептейтінін айтып жатыр. Алайда Атлантида құрлығын өмір күшін дұрыс қолданбағандықтан жойып жіберген дейді.

Д.: Басқалардың айтқанына қарағанда бұнысы шындыққа жанасады екен.

Кітапханаға келесі жолы барғанда тағы да ақпараттар алынды.

Дж.: Мен кітапханаға кіріп келем, шырақшыны көрдім. Ол маған: «Қызметіңізге әзірмін. Не қалайсыз?» деді.

Д.: Өткен жолы біз Атлантида туралы сұрағанда бізге көру залында суреттер көрсетіп еді. Суреттер өте қорқынышты болды. Мүмкін болса, олардың қабілетіне байланысты жағымды нәрсе көргіміз келеді.


Дж.: Иә. Ол мені көру залына шақырып жатыр. Өзі ұялып тұр. Атлантида неліктен судың астына кеткенін көргіміз келген шығар деп ойлапты.

Д.: Оған келесі жолы қайтып келеміз.

Дж.: Оның айтуынша, ақпарат содан кейін мені беймазалыққа салған сияқты. Олардың жасағаны күйреудің бір себебі. Бұл әділеттің орнауы. Егер осыншама көп жаман нәрсе жасасаң, өзіңе тек жаман нәрсені тартып аласың.

Д.: Қалай болғанда да сол ақпараттар үшін мың алғыс. Бұл жолы олардың емдік қасиеттеріне қатысты бірдеңе көрсек, осы салаға қатысты сол заманда неге қол жеткізілді?

Дж.: Ол маған кішігірім әдемі, ішінде мың кристалы бар хрусталь бөлмені көрсетіп жатыр. Қатып қалған терезенің әйнегіне ұқсайды. Бірақ бәрі кристалдан жасалған. Осы кристалдарды өңдеумен айналысады. Өздері ойлап тапқан гельді құммен араластырса, осындай тамаша кристалл боп шығады. Арнайы құрылғы бар. Биологиялық құрылғы сияқты.

Ол маған түрлі реңктегі жарық құйылып тұрған көркем жерді көрсетіп жатыр. Жасыл, көк, қызыл, алхоры түсіндей, сарғыш, ақ. Әр түс адам денесінің емделетін белгілі бір бөлігін білдіреді дейді. Ақ түс эфирлі және астралды денені емдейтін түс. Жасыл түс – денені емдейтін түс. Көк түс – эмоцияны емдейтін түс. Қызыл – каузалды денені емдейтін түс. Бұның бәрі адам денесінің әр бөлігі. Осындай үйлесімді кезекпен орналасқан түрлі түсті жарықтың астында отырып түрлі дерттен емделіп шығуға болады. Адам жататын үстелдің айналасында түрлі өрнекпен шектеулер қойылған.

Үстел тастан жасалғандай. Бірақ өте ыңғайлы. Үстіне өте жұқа мата жабылған. Бірақ жұқа боп көрінгенмен, өте берік. Күмістей жылтырақ түсті, ғарышкерлер қолданатын түске ұқсайды. Бірақ бәрібір ерекшеленеді. Себебі, үстіне жатсаң, поролонды еске түсіреді. Үстел түрлі түсті сәуленің астында дұрыс бағытта айналып тұрады. Егер кезек бұзылса, онда денсаулыққа зиян тиюі мүмкін. Бірақ ол маған әлі дұрыс бағытты айтпады. Қазір оның маңызы жоқ деді. Бұл Атлантидадағы ең үздік палата болған деді. Мұнда ақсүйектер мен үкімет басшыларын емделген деді.


Д.: Қарапайым адамдарға арналмаған ба?

Дж.: Жоқ. Оларға арналған ұсқас жерлер болған дейді. Бұл элитаға арналған клиника сияқты.


Д.: Олар ауруды жекелей емдемеген бе?

Дж.: Олар тәнді бүтіндей емдеген. Тек тәнді емес, күллі эмоцияны, менталды күйді де емдеп береді. Барлық күйді емдеу маңызды еді.


Д.: Егер адамның бір жері ауырса, оны жеке қарамайтын ба еді?

Дж.: Жоқ. Ауру әдетте рухани жетілу үшін не өткен шақта жіберген қателіктерді түзеу үшін жіберілетін. Негізінен психиатрияға ұқсайды. Ол маған сынық сияқты дерттерді емдейтін жерді көрсетіп жатыр. Біздің ота жасайтын бөлмелерге ұқсайды. Бірақ олар өте өткір кристалды құралдарды қолданады екен.