Файл: Долорес Кэннон. Мы лшемді алам. Том Мскеу. Стигмарион баспасы, 2014 352 бет.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 163

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Д.: Басқа бөлмеден көрген әр түрлі күйлерді емдейтін құрылғы биологиялық құрылғыға ұқсайды деген едің. Мұнымен не айтқың келді?

Дж.: Тірі сияқты. Ол көлденеңінен және тігінен өсе алатын өсімдікті еске түсіретін компьютерлік терминал. Ол ашық жасыл түсті. Ғылыми-фантастикалық журналдарда көретін әлдебір затты еске түсіретін сұйықкристалды дисплейі бар. Бірақ өздігінен өсіп, үлкейе алатындай.


Д.: Бұл бөлмеде адамның қай жері ауыратынын кім анықтайды?

Дж.: Ол заманда адамдар өте саналы болған. Олар бұл орталыққа ет жақындарының өлімінен соң келетін, қоштасып, өз сүйіспеншілігін білдіретін. Мұнда уайым-қайғы және көптеген басқа дерттер емделеді. Олар өте саналы еді, тән қалай қызмет ететінін жақсы білетін. Тәніндегі ахуалды ешкімнің көмегінсіз өздері де сезіп отыратын.

2001 жылы осы кітапты жазып жатқанымда, Мемфистегі сеанс кезінде алған ақпаратым болды. Мен сеанс жүргізген әйел Атлантидада болған жиілік машинасын сипаттап берген. Бұл машинада тәннің тербелісін үйлесімді етіп, емдеп беретін жарық бар. Машина таза қуаттан тұратын зерденің көмегімен қосылатын. Кейін оны қолданбайтын болған. Себебі, ғалымдар бұдан да тиімді болатын машина ойлап тапқан. Олар қуатты бүлдіретін кристалдардан қуаттанатын зор машиналарды қолдана бастады. Кристалдар сұйықтығы бар құтыға салынатын. Солардан өткен жарық бөлмедегі адамның зердесінің көмегімен қуат бөлетін. Бұл машинаны теріс пиғылда қолданып кетті (әсіресе, жыныстық бағытта). Содан теріс нәтижеге қол жеткізді. Атланттар қуат жөнінде көбірек білген сайын оны басқарудың мүмкіндігіне мәз болысты. Қуатты қолданудың жаңа қырларын ашты. Қуатты позитивті мақсатта қолдануды ұмытты. Мәселен, тепе-теңдікті емдеу мен қалпына келтіру сияқты. Қуат (көп адамның зердесінің күшейтуімен) теріс пиғылда қолданыла берген соң ол бағытынан айныды, бүлдіргіге айналды. Ол өте қатты күшейді. Содан адамдардың өзіне зиянын тигізді. Бұл Атлантиданың күйреуіне жеткізген себептің бірі болды. Кітапханаға келесі жолы барып, біз одан да көп ақпарат алдық.



Дж.: Шырақшы қандай тақырып қызық деп сұрап жатыр?

Д.: Бізді әлі де Атлантида қызықтырады. Күйреудің алдындағы, гүлденіп тұрған кезеңі туралы бірнеше сұрақ қойсам. Дамудың шыңына шыққан кезі туралы. Сол кездегі адамдардың отбасылық өмірі жайлы білгіміз келеді. Сен соны көре аласың ба?

Дж.: Иә, ол маған Атлантиданың суреттерін көрсетіп жатыр. Олардың отбасы болған. Отбасы мүшелері бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста екен. Адамдар ұзақ өмір сүрген, сондықтан олар көп еді. Отбасы бір қаланың адамындай, әлде сәл кемшін. Дегенмен, өте көп адамнан тұрады. Әрбірінің өз орны болды. Әрбірі маңызды еді. Әр адамның өз қабілеті болды, басқаларына көмектесе алатын. Бірақ олар бірге тұрмайды. Алайда бірге тамақтану үшін, сөйлесу үшін жиі кездесіп тұратын. Әрбірінің жеке баспанасы болды. Тіпті ерлі-зайыптылардың жеке бөлмесі, не үйі болды. Үйлері өте кең, бөлмесі көп. Бәрінің терезесі ішкі аула тәрізді жерге қарайтын. Әр түрлі адамдарды көріп тұрмын, олар тығыз байланысты. Бірақ сонысына қарамастан әрбірінің жеке даралығы бар. Қарияларын көріп тұрмын, олардың жасы жүзде емес, бірнеше жүз жасағандары бар. Олар бала тәрбиелейді. Оларға сонысы ұнайтын секілді. Кей адам медитация жасап отыр. Басқалары ғылыми зерттеулермен шұғылданып жатыр. Әрбірінің өз кеңістігі бар. Мысалы, өз ісімен айналысатын бөлмесі сияқты. Жеке бастың даралығы олар үшін үлкен рөл ойнаған екен.


Д.: Түскі ас кезінде бас қосып тұра ма?

Дж.: Иә, олар әркез бас қосып тұрады. Көңіл көтеру үшін, тамақтану үшін, ән салу үшін, билеу үшін, түрлі отбасылық мерекелерді өткізу үшін. Бірақ шын мәнінде әрбірі жеке өмір сүрген.


Д.: Өнер, музыка туралы не айтасың?

Дж.: О, иә, өнерлері тамаша. Олар ұсақталған кристалдар қосылған бояуларын араластырса, бітті, бәрі жарқырап шыға келетін. Картиналары спираль сияқты. Құдды бір картиналар саған қарап тұрғандай болады екен. Музыкаға да кристалдарды қосатын. Бірақ біз білмейтіндерін. Бастапқыда кәдімгі кристалл болады, сосын оларды зертханада трансформация жасайды, содан спираль текті жіп алып, соны музыка аспаптарында қолданған. Олар біздің гитараға, не сондай аспаптарға ұқсамайды. Ішекті аспаптардан бөлек, сыбызғылар болған. Сосын өте үлкен, ұзыншақ кристалға ұқсайтын аспаптары болды. Мұндай аспапта тек жаңғыратын арнайы жерлерде ғана ойнайтын. Музыкалары шынымен де керемет. Рухтандырады, жанды жадыратады

, жүректеріне нұр құяды. Музыкасын тыңдасаң, жан тыныштық сезінесің. Адамдар гүлден тәж жасап алып, ән салып, билеп жүр. Бұл ежелгі Грек не Рим елдеріне ұқсамайды. Әрбірі түрлі түсті көйлек киген: қызыл, көк, жасыл, сары. Музыкасы синтезатор мен классиканы қабыстырған. Бірақ дыбыстар синтезделмеген. Мүлтіксіз таза шығып тұр. Бұл музыканы өз ғұрыптарында, шіркеу мен ғибадатханаларында қолданады. Өнерге келсек, айналаның бәрі өнер. Айнала өте әсем боялған. Олар қолданатын бояулар сұйық емес. Керісінше, қатты. Кей картиналар кенеп сияқты затқа салынған. Басқалары – қабырғаларға салынған. Боялған рельефті мүсіндер бар.


Д.: Үйлеріндегі жарық неден жанатынын көріп тұрсың ба?

Дж.: Олар созылмалы кристалдың қуатын қолданады. Қуат барлық жерден шұғыла шашады, сондықтан үйлері әрқашан жарқырап тұрады. Олар қолымен ишара жасап, жарықтың жарқындығын өзгерте алады. Ұйықтауға жатқанда қабырғаға қаратып қолдарын төмен түсіреді, сонда жарық азаяды. (Ол қолын баяу түсірді). Қабырға олардың тербелісін қабылдайды екен. Содан бөлмедегі жарық сөнеді. Айналадағының бәрін өз қуатымен басқарады екен.


Д.: Джон, олар қалай тамақтанады?

Дж.: Олардың үлкен бақтары не жүзімдіктерге ұқсайтын жерлері бар. Онда бір қызық жаратылыстар жұмыс істейді, кентавр, су перісі, ешкілер сияқты. Асүйге жеткізілетін барлық тамақты солар өңдеп отырады екен. Олар егін егіп, соны жинайды. Сол үшін оларға да тамақ береді. Атлантиданың көп тұрғыны оларды жақсы көреді. Төрт түлігін жақсы көретін малшы сияқты. Оларға қамқорлық жасайды. Бұл жаратылыстарға мейірбан мал сияқты қарайды. Шамасы, құрлықтың кейбір жақтарында бұл жануарларды бағалаған сыңайлы.


Д.: Осы жануарлар туралы көбірек білгім келеді. Олар қайдан келді?

Дж.: Тек инженериясын қолданып арнайы жасаған.


Д.: Сен олардың арасында су перісі болды дедің ғой?

Дж.: Иә, су перісі суға сүңгиді де, себет толы балық алып шығады. Адамдар осында кеп жатыр. Олар күліп, ән салып, осы жануарларды құшақтап, беттерінен сүйеді, жақсы көретіндерін көрсетеді. Жұмыстары үшін ризалығын сездіреді. Бұл жаратылыстар тамақ дайындайды. Су перісі емес. Су перілері сол көлде қап кетеді, себебі олар жартылай балық, жартылай адам. Кішкентай кентаврлар жемістер мен балық тола себеттерді әкеледі, оларды орталық асүйге жеткізеді. Онда түрі адам, аяғы ешкі сияқты жаратылыс бар. Бұл жер біздің асүйлерге қатты ұқсайды.

Мұнда серванттар, шкафтар бар. Түрлі заттар сақталған. Бірақ көбіне тамақтарын пісірмейді екен. Тек тазалап, өңдейді. Мысалы, жемістерді тазалап, турайды. Балық пен кей азықты бір затқа салса, өздігінен тез пісіп шығады. Микротолқынды пешке ұқсайды, бірақ басқа. Кристалдан жасалған камераға ұқсайды. Соның ішіне азық-түлікті салса, дайын боп шығады. Мен ет көріп тұрғам жоқ, тек балық, шаянтектестер, қабыршақтар. Оларды тынысы тоқтағанша жоғары температурады қыздырады. Сосын дастарханға әкеледі.



Д.: Бұл жаратылыстарды адамдарға қызмет көрсету үшін жасаған ба?

Дж.: Иә. Алайда адамдар оларды жақсы көреді. Егер де біреуі жарақаттанса, бүкіл отбасы оны қуатымен емдеуге жиналады. Бұлар малай. Біз ит, мысығымызды қалай жақсы көрсек, олар да малайларын солай жақсы көреді, қамқор болады. Адамдар бұл жануарларға жасап жүрген істері үшін әбден разы. Олардың беті адамдікіндей, денесі жануардікі. Оларды адам емес, жануар деп есептейді.


Д.: Олардың мінез-құлқы мен зияты қандай?

Дж.: О, олар бұйрықты түсінеді, сөйлей алады. Олар қарапайым заттарды түсінеді, бірақ адамдай болуы қиын.

Д.: Олар жартылай адамға ұқсағанмен, адам сияқты ақылды емес.

Дж.: Олардың түрі өрескел не анайы емес. Түрлері қарапайым. Оларға бәрі қамқор. Бір тәрелке жеміс даярлаған қызметшінің бірін көріп тұрмын. Әйел адам оның қолынан тәрелкені алды да, бетінен сүйді, басынан сипады. Оның басында кішкентай мүйізі бар. Әйел сол мүйізін сипалап (қолымен ишарат көсретті), оған былай деді: «Сен сондай жақсысың, мынаған қарашы, бұл сондай тамаша. Өте әдемі. Бұл бәріне ұнайды деп ойлаймын. Біздің ортамызға шықшы...». Ол басқа отбасы мүшелерінің алдына шықты, оны бәрі мақтады, бәрі жақсы көретінін көрсетіп жатыр. Оларды үй хайуандарын жақсы көргендей жақсы көреді.


Д.: Бұл жаратылыстар көбейе ме, әлде өз жаратылысында жалқы боп өте ме?

Дж.: Жоқ, олар көбейе алмайды. Әрбірі жеке дара. Егер осындай жараталыстардың көмегіне мұқтаж болсаңыз, оларды сатып алатын жер бар.

Джон транстан шыққан соң есінде қалған соңғы көріністі, яғни асүйдегі жаратылысты сипаттап берді.

Беті жартылай сиырға, жартылай адамға ұқсаңқырайды. Мәселеңки, адамның сиыр сияқты тұмсығы мен мүйізі болғаны секілді. Жаратылыс әйел жынысты болса керек. Үстіне алжапқыш сияқты әлдене киген.

Фил: Кристалдарды қолдану мүмкіндігі біз білгеннен де көп екен. Беймәлім мүмкіндік мәлім мүмкіндіктен көп. Алайда адамның зердесі беймәлімді қабылдай алатын деңгейге дейін өседі де, оны қолдану материалданды. Кварц кейде адамның қуатын күшейтеді. Бізге мұны түсіндіру қиын. Себебі, сіз қуаттың нақты концепциясын түсінбейсіз. Дегенмен, адамның қуатын басқа жаратылыстың қуатымен араластыру мүмкін. Оны мүмкін ететін осы кристалдар. Кристалдарды қуатты араластыру не бөліп алу үшін қолданады. Бәрі де кристалды бағыттап, не басқарып отырған адам не бір топ адамға байланысты. Кристалл дегеніміз фильтр. Оларды әр түрлі тәсілмен қолдануға болады. Қолдану тәсілі тек қолданушының қиялына тәуелді.



Д.: Егер сіз айтқандай, ғарыш сәулесін фильтрлейтін тастарды алсақ, олардың мақсаты не?

Ф.: Оларды фильтрлеу үшін және фокус түсіру үшін қолдануға болады. Бұл процестер жекелей өтуі, не бір мезетте жасалуы мүмкін. Қуатты фокус жасау кезінде белгілі бір салаға назар аударады. Фильтрлеу үшін не фокус жасау үшін кейде бір тас, кейде әр түрлі тастар қолданылуы мүмкін. Бәрі мақсатқа байланысты. Ғарыштық қуаттар өте күшті. Бұл ғаламшар өзіне әлі өте бай, күштілігі ғаламшардағы кез келген қуаттан миллион есе зор болатын шикі қуаттарды ашуы тиіс.


Д.: Мәселе тек оның ашылуында ма?

Ф.: Мәселе тек осы концепцияны қабылдау үшін зердені дамытуға тіреліп тұр. Әрі сол қуатты қолдану үшін нақты жауапкершілік алуды білу керек. Бір кездері бұл қуатты ғаламшарлықтар қолданған. Дегенмен осы білімге деген жауапкершіліктің жоқтығынан білімді жоғалтты.


Д.: Бұл Атлантиданың кезінде болып па еді?

Ф.: Иә, солай. Ол кезде көп дүние жоғалған. Көптеген түрлер мен пішіндер. Басында Атлантиданың адамдары физикалық шынайылықты құрайтын қуаттың не екенін түсінді. Бірақ сосын сол қуатты теріс пиғылда қолданды.

Клара Филдың Үш Сүмбі ғаламшарын еске салатын жерден ақпарат алып отырды. Оның ғаламшарында да үшкір құрылыстар болды. Ақпарат ғаламшардың өн бойында сақталды, құдды ғаламшар білім сақтайтын қойма секілді. Фил да тура осылай сипаттап берген. Клара да, Фил да бұл жерді «үй» деп атаған. Бұл ғаламшарды қалай тапқаны туралы осы кітаптың алдыңғы тарауында толық айтылды.


Долорес: Маған Атлантида туралы не айтып бере аласың? Ол жерде Атлантида туралы ақпарат бар ма?

Клара: Атлантида судың астына кетті.


Д.: Ол су астына кеткенше қандай болғанын білгім келеді. Оның өркениеті қандай болды?

К.: Ол өте өнерлі, технологиясы қатты дамыған ел еді. Қазіргі Жер ғаламшарына оның деңгейіне жетуге әлі ұзақ уақыт бар.


Д.: Бұл өркениет ұзақ жасады ма?

К.: Иә, өте ұзақ.


Д.: Маған олардың техникалық жетістігі туралы айтып бере аласың ба?

К.: Олар қуатты кеңістік пен уақытқа сіздерден гөрі тиімдірек көшіретін. (Ол сөз таппай қиналды). Хм, сіздер алдыңғы қатарлы технологияны не деп атайсыздар? Компьютер мен коммуникация құрылғыларын? Олардың құрылғысы кей ақпаратты ойдан жылдам таратқан.


Д.: Олардың құрылғылары қандай қуатты қолданды?

К.: Бәрі де Күннің қуатымен жұмыс істеді. Ұлы орталық Күн.


Д.: Оларда біздікіндей электр жарығы болмады ғой?

К.: Бір кезде болған. Кейіннен олар тек Күн қуатын ғана қолданатын болды.