Файл: Долорес Кэннон. Мы лшемді алам. Том Мскеу. Стигмарион баспасы, 2014 352 бет.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 160

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Д.: Күн деген бізге белгілі күн бе, басқа бірдеңе ме?

К.: Сіздерге белгілі Күн.


Д.: Оларда қазір біздің қолда бар құрылғыларға ұқсас заттар болды ма?

К.: Оларда қатты жетіліп кеткен түрі болды. Сіздерде үлкен Күн батареялары бар. Сіздердікі Атлантидада қолданғаннан да үлкен. Олардың құрылғылары әлдеқайда тиімді әрі аз орын алатын. Технологиялар орталық Күнмен үйлесімді болды – ол қуаттың қайнар көзі еді. Ұлы қуат көзіне қосылғандай. Олар жұлдыздардың да қуатын қолданды.

Джон олардың Айдың қуатын қолданғанын айтып қалып еді. Бартоломью де ежелгі адамдардың осындай білімі болғанын айтқан.

К.: Олар басқа ғаламшардағы, басқа жұлдызды жүйенің тіршілік иелерімен тілдесіп тұрды, ақпарат алмасты, алған білімін өз технологиясында, компьютерлерінде, басқа құрылғыларында қолданды.


Д.: Оларға басқа ғаламшардың тіршілік иелері көмектесті ме?

К.: Иә. Олар серіктес болды.

Д.: Маған олардың ғалымдар зерде күшін қолдануда біршама жетістіктерге жетті деп еді.

К.: Солай. Олардың дамығаны сонша, басқа ғаламшарда саналы тіршілік иелері өмір сүреді деген ақиқатты қабылдады. Содан бастап сол тіршілік иелерімен байланыс орнатып, шектеулі ойлау жүйесінің көкжиегін, сезімі мен ұстанымдарын кеңейтті. Өзге ғаламшар мен әлемдерден келетін дүниенің бәріне есіктерін айқара ашты. Басқа ғаламшар тұрғындары оларға ақпаратты телепатиялық тұрғыда беріп отырды. Олар сана деңгейінде тілдесті, сіздердегідей телефон сияқты байланыс құралдарына мұқтаж болмады. Осылайша олар түрлі ғаламшарлармен байланыс орнатып, телепатиялық тілдесу қабілетін дамыта берді. Осылайша адамзат нәсілінің жеке секторына қарсы жаһандық қауымдастық қалыптасты.

Д.: Олар бұрынғыдан гөрі зор жетістіктерге жетті. Сен осыны айтпақ болдың ба? (Иә). Маған ол заманда Атлантида деп бір ел емес, тұтас құрлық аталған деп еді?

К.: Күллі белгілі әлем.


Д.: Әлемнің барлық өңірі осылай қатты дамыған ба еді?

К.: Барлығы емес. Кей өңірдің адамы қарабайыр өмір сүрді. Мұндай тілдесудің мүмкіндігін танымай өтті. Құрлық тұтасымен осыншама жоғары тербеліс деңгейіне шықпады. Тұрғындардың бір бөлігі жүрек көзін ашқысы келмеді, жаңа өмір салтын, жаңа өмірді қабылдамады. Олар аластатылғандар қатарында болды. Өз шектеуінен аттай алу мүмкіндігі бар дегенге сенбегендер болды. Шектеулі өмірде маталып қалғандар ғаламшардың бір шетіне қоныстанды. Жүрек көзін, зердесін шексіздік әлемге ашқандар прогреске жетіп, өзге ғаламшармен байланыс орнатты.


Д.: Бір-бірімен ортақ ештеңе жоқ секілді болған ғой.

К.: Иә.

Д.: Осы қатты дамып кеткен адамдар қай жерді мекендегенін қазіргі заман картасынан көрсете аласың ба? Одан бері дүние көп өзгергенін білемін.

К.: Иә, дүние көп өзгерді. Ол кездегі атақты құрлық қазіргі Атлант мұхитының орнында болған.


Д.: Адамзат бір замандарда тауып аларлық сол өркениеттен бірдеңе қалды ма?

К.: Тек эфирлі деңгейде.


Д.: Яғни, физикалық деңгейде ештеңе табылмайды ғой?

К.: Қазіргі таңда егер адам табам дегенге сеніп, соған жүрегін ашса, тауып алу мүмкіндігі бар.

Д.: Кей адамдар су астынан қала, жол, ғимараттардың қалдығын көрдік деп жатыр.

К.: Олай емес. Олардың көргені одан көп кейінгі өркениеттердің қалдығы. Атлантидадан соң өмір сүрген өркениеттер ғой.


Д.: Атлантида ғалымдары физиологиялық тәжірибелер жасайтын деңгейге дейін өсіп кетті деп еді. Сен сондай бірдеңе көріп тұрсың ба?


К.: Ол қандай физиологиялық тәжірибе?

Д.: Адамның тегіне жасалатын, не сол тектес.

К.: Қазіргі таңда Жер бетінде жасалған дүниенің бәрі бір кезде Атлантидада да жасалған. Алайда Атлантиданың күйреуінің алдында көп ғасыр бұрын жасалған. Тек туралы айтсақ, олар жануарларды клондады. Адамдарды клондады. Бірақ олар бұлай жасауға болмайтынын түсінді. Бұл адамзат нәсілінің ДНҚ құрылымын бұзып жатқанын білді. Мұндай тәжірибені жалғастыра берсе, адамзатқа айтарлықтай зардап тигізерін білді. Тоқтату қажеттілігін ұқты.

Физиологиялық құрылымға зердемен әсер етуден бөлек, текке тәжірибелер жасады. Бұлардың қайсысын бұрын жасағанын сол күйі түсіне алмадым. Әлде бәрін бір кезеңде жасады ма? Олардың танымында шек болмағандай. Сол жағдай ішінара бүгінде қайталанып жатқандай.


Д.: Мұндайды нақты мақсатпен жасады ма?

К.: Бұл жай тәжірибе еді. Бұл шын мәнінде мүмкін екенін білгенде көптеген кедергілерге тап болды. Мұндай тәжірибенің салдары өте ауыр болды, сондықтан оларды тоқтату жөнінде шешім қабылданды.


Д.: Қандай кедергіге ұшырады?

К.: Тәжірибеден алған пішіндер адамдарға ұқсамады. Олар жасаған тәжірибе... не деп айтса болады... шағылыстыру ма? (Қажетті сөз іздеп тұр). Түраралық клондау? Араластыру. Содан шыққан клондар адамға емес, жануарға көбірек ұқсап кетті. Эволюция үдерісін күл-талқан етті. Жер бетінде адамның өмір сүруіне қауіп төндірген аурулар таралды, адамзат жойылып кете жаздады.

Д.: Өте радикалды жағдай екен.

К.: Солай болғаны рас.

Д.: Олар сәйкестендірілген клон жасаудың орнына, ДНҚ мен текті шағылыстырған, содан не шығарын көрейік деген ғой. Сен осыны айтып тұрсың ба?



К.: Иә. Бұл оларға қызық болды. «Осылай жасап көрейік, не шығатынын байқайық» дейді. Олар түрлі өсімдіктердің, көкөністердің, ағаштардың гибридін жасады. Өздері ойлады: «О, керемет болды. Адамдарға да солай істеп көрсек, қайтеді» деді. Бәрі осылай басталды. «Ох, тамаша, енді мынаны жасап көрейік, сосын мынаны». Ақырында бұл бәрін құрдымға кетірді.

Д.: Олар түрлі текті шағылыстырып, алған клондары адамнан гөрі жануарға ұқсап кете берді.

К.: Иә, эволюцияны кері айналдырғандай болды. Бірақ клондары аса бір гротеск клондар болды. Өте қатыгез боп шықты.

Д.: Соның салдарынан олар қаламаған нәтижелерге тап болды.

К.: Иә.

Д.: Бірақ, олар өміршең болған сыңайлы. Олар өмір сүрген ғой.

К.: Олар аздаған уақыт өмір сүрді. Сосын жағдайлары күрт «есінен адасқан» деп атайтын деңгейге жететін. Құбыжықтарға айналып, сосын бәрі бүлінетін.


Д.: Неге олар есінен адасты? Сеніңше, бұл үдеріс табиғи болмаған соң сол жаратылыстардың зердесіне әсер етті ме?

К.: Бір жағынан солай. Бірақ мәселе адамның тегін жануармен араластыруда еді. Ғалымдар үшін бұл ойынға айналып кетті. Қолдарынан не келетінін көргісі келді. Өздерін Құдай сезінді. Қалағанымызды жаратамыз деп ойлады. Бұрын-соңды жаратылмаған нәрсені жаратайық десті. Осының бәрі күйреуге әкелді.

Д.: Иә, аурулар шықты деп еді...

К.: Бұрын белгісіз болған аурулар таралды.


Д.: Олар қайдан шықты?

К.: Бәріне текті араластыру кінәлі боп шықты. Ауруды сау текпен араластырудан. Сосын... (тағы да сөз таппай қиналды)... сіздер үшін адам тәніне жат, «бөгде дене» деп атайтын ұғым... Ол не жануардың, не табиғат патшалығының басқа өкілі... ДНҚ шынжырының, не нәсілдің бір бөлігінде ауру болса, бұл ақырғы нәтижеге қатты әсер етті. Мүлде жаңа ауру тудырды.

Бұл реципиенттің денесіндегі жасырын ауру болуы ықтимал, оған иммунитет пайда болуы мүмкін. Бірақ ол клондау үдерісінде оянып, модификацияланды.

К.: Ауру мутацияланды. Егер ДНҚ бір шынжыры бір ауруды ексе, екіншісі екіншісін тудырды. Бұлардың комбинациясы өте күрделі бүліністі тудырды.

Д.: Яғни, бұл тіршілік иелерінің тек тәні, сыртқы келбеті, зердесі ғана ауыспады, бірақ кез келген... бактерия, молекулалары да мутацияланды, содан түрлі аурулар туды. (Иә). Бұрын-соңды ешкім көрмеген, білмеген дүниелер пайда болды.

К.: Солай. Мұндай тәжірибенің ауқымы тым аспандап кетті. Бәрін тоқтатуға тура келді. Жағдай уыстан шығып кетті, күллі адамзат баласына қауіп төндірді.


1997 жылы Англияда алғаш рет қойдың клонын жасау жөнінде ресми түрде хабарланды. Осы сеанстан соң сол жылы тамыз айында болған, биліктегілер клондаудың этикалық жағын ашық талқылауға көшкенде мен жұмыс барысында адамдар клондауды бұрын да бастан кешкенін анықтадым. Ел ішінде кең таралмайтын ақпараттар өте көп. Бізге М бөлшегі туралы хабарлап айтады (әсіресе, адамға ұсқас деген маймылды сәтті клондау туралы ақпаратты ескерсек), мұның барлығы ертең адамды клондау жүргізілгенде еш таң қалмастай оқиға болсын дегені ғой.

Ғалымдардың айтуынша, олар жануарларды клондай алады. Оларға адамның тегін егіп, ет сапасын арттырмақшы. Жануардың өзін жетілдіреді.

Олар жақында шошқаның бір асыл тұқымына адамның тегін егіп, солардың мүшелерін трансплантация кезінде алуға болатындай жасамақ. Егер донор-шошқаның тегі адамдікіндей болса, онда оны адам организмі қабылдайды. Адам тегі болмаса, адам организмі мұндай мүшені мүлде қабылдамайды.

Бір ғалым қарсы пікір білдірді. Адам тегі мен жануар тегін араластырудан жануардың бойындағы белгісіз ауру адамға көшуі ықтимал деді. Мысалы, шошқаның етін жегенде, оларды ұстағанда жұқпайтын аурулар клондағанда жұғуы мүмкін. Бірақ ғалымдар трансплантация жасалған мүше адамның тәніне кіріксе, ол арқылы қан жүрсе, соның ауруының ұрығы реципиенттің тәніне егілсе, олардан түрлі ауру мутацияланып, басқа адамдарға жұғуы ықтимал дегеннен қауіптеніп жатыр. Донорлық бағдарлама қосымша зерттеулер жасалғанша уақытша тоқтатылды. Тарих қайталанып жатқандай. Адамзат Атлантида кезіндегі қателіктерін қайталап жатыр. Бұл ақпараттың дәл қазір айтылуының сыры да осында шығар. Өткен шақ бізге ескерту жасап жатыр.



Д.: Яғни, ауру деген текке жасалған тәжірибеге ғана байланысты болмады ғой. Олар бүкіл ғаламшарға тарала бастады ма?

К.: Жоқ. Бірақ ғалымдар тәжірибесін жалғастыра берсе, солай боларын білді. Бұл жаратылыстар интеграцияға түссе, онда ауру тұтас өркениетке таралатынын ұқты. Соны болдырмауға барын салды.


Д.: Олар қолдан жасаған жаратылыстар көбейді ме?

К.: Жоқ. Бұлар жай ғана клон, олардың көбею мүшесі жоқ.


Д.: О баста бұл жаратылыстарды не үшін жасады? Нақты бір мақсатпен жасады ма?

К.: Басында осылай жасау мүмкін бе деп жасап көргісі келді. Нәтижесінде тәжірибе уыстан шығып кетті.


Д.: Бұл жаратылыстарды ештеңеге қолданбаған ба?

К.: Жаратылыстарға белгілі бір нәрселерді жасап үйретті. Сондықтан олар ғалымдардың айтқанын бұлжытпай орындады, робот сияқты болды. Ғалымдарға көмекші болды, олармен бірге ойнады, үйде жұмсайтын малай болды. «Мұның барлығын жасата алсақ, оларды қолданатын мақсат ойлап табу керек» деп ойлады ғалымдар.


Д.: Джон көрген тілалғыш қызметші-малайлар осы жаратылыстар болды ма екен?

К.: Содан олар: «Бәрі жақсы. Енді бұл текті басқа жануарларға егіп көрейік, не шығатынын байқайық» деп ойлады. Ақыры хаосқа ұласты.


Д.: Тәжірибені тоқтатудың басты себебі жағдай уыстан шығып кетіп, ауру ғаламшарға таралып кетеді деген үрей болды ма?

К.: Жалғыз себеп сол еді. Олар мұның бәрі өркениетті күйрететінін білді. Сондықтан қолдан жасаған жаратылыстардың көзін жойды.


Д.: Бұндай шешімді «жоғарыдан» біреу қабылдады ма?

К.: Иә. Билік қабылдады.

Д.: Яғни, олар ғалымдардың не істеп жатқанынан хабардар болды.

К.: Иә. Ақыры неге жеткізерін көргенше мақұлдап отырды.


Д.: Бұл тіпті «аластатылғандар» деп атағандарға да жетуі ықтимал ма еді?

К.: О, иә.


Д.: Олар қолдан жасаған бүкіл жараталыстарды жойып жіберді ме?

К.: Иә. Бірақ бәрін бірден құртпады. Бәрі табиғи жолмен құрығандай жасауға тырысты. Тұрғындар арасында ылаң туғызғысы келмеді. Тәжірибе кезінде алынған гротеск жаратылыстарды тұрғындар білмеген еді. Сіздердің билік елден көп нәрсе жасырғанындай. Атлантида кезінде де тура солай болған.


Д.: Жартылай адам, жартылай жануарлар туралы аңыздың көбі сол замандарға барып тіреледі-ау деп сезіктенетінмін. Бұл солай ма?

К.: Иә. Солай екені рас.


Д.: Атлантидадан соң мұндай жануарлар болмады ма? (Жоқ). Аңыздар соншалықты көне болғаны ғой?

К.: Иә. Олардың түп-тамыры Атлантидаға барып тіреледі.