Файл: Долорес Кэннон. Мы лшемді алам. Том Мскеу. Стигмарион баспасы, 2014 352 бет.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 161

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Д.: Мұндай хикаялар ежелгі Грек, Рим, Мысыр елдерінде таралған. Олардың бәрі өте ертеректе болған нақты фактілерге құрылған аңыздар болды ғой. Солай ма?

К.: Бұның бәрі ежелгі Мысыр мен Римнен көп бұрын болған.

Д.: Бірақ сол оқиғалар ел жадысында сақталып қалған. Сол себепті бұл оқиғалар аңызға айналған.

К.: Рас. Бұл ұжымдық сананың жадысындығы оқиғалар.

Д.: Мен әрдайым аңыз деген болған оқиға негізінде құрылатынына сенуші едім.

К.: Барлық аңыздар өмірде болған оқиға негізінде айтылады. Әйтпесе, қалай аңызға айналар еді? Аңыз туған сәтте әркім оны өзінше көмкеріп, тартымды етуге тырысады.

Д.: Бірақ әр нәрсенің бастауы болады ғой.

К.: Иә, әр нәрсенің өз бастауы бар.


Д.: Ғалымдар орта жолда тоқтатуға тиіс басқа нәрселер жасады ма?

К.: Бұл ең маңыздысы болды. Осы сәтте, осы кезеңде сіз сұраған нәрсе, сізге айтуға болатын ақпараттар.

Д.: Біздегілер қазір тура сондайды жасап бастады. (Иә). Қазір, жиырмасыншы ғасырда кей ғалымдар осындай тәжірибе жасап жатқанын естіген едім. Бұл туралы не айтасың?

К.: Ол рас. Олар текпен ойнаудың ең басында тұр. Қоғам бұл туралы білген кезде қарсы шығады. Себебі, бұл болмысқа қарсы дүние.

Д.: Елге айтқандарынан әріге кетіп қалған-ау деп күдіктенуші едім.

К.: Иә, солай. Олар ақпаратты аз-аздан бөліп береді. Ақпараттың өзегін жасырады. Атлантиданың кезінде де солай болған. Тек қоғамда үлкен дау туғызбайтынын ғана айтып отырды. Алайда әлдекім ақпаратты толық ашып, қоғамға айтқанда, қоғам: «Мұндайды болдырмау керек. Бұл адамзат баласын жояды» деп қарсы шығады.

Д.: Тарих қайталанады.

К.: Иә. Қазір қолда бар байланыс құралдары арқылы адамдар ақпаратты жылдам алады. Бұл адамзатты жоятын әрекет екенін білсе, қоғам қарсы шығады.


Д.: Біздің ғалымдар түрлі ДНҚ біріктіруді бастады ма?

К.: Иә. Бірақ бұны өте құпия сақтап отыр.

Д.: Осы туралы не айта аласың? Олар қаншалықты бұл тәжірибелерге дендеп кетті? Бұл өте маңызды тақырып екенін түсінемін.

К.: (Терең күрсінді). Қазіргі кезеңде бұл тақырыпты ары қарай талқылаудың қажеті жоқ.

Бұл тақырыпты білгім келген кезде маған үнемі осындай жауап айтылады, ол туралы «Сақтаушылар» кітабында жазғанмын. Бөгде ғаламшарлықтар маған көп ақпарат айтты. Бірақ кей нәрсені айта алмады. Негізінен ақпаратты өткізіп отырған адамға зияны тиетіндіктен айтпады. Мұндай сәттерде мен араласа алмаймын.


Д.: Жарайды. Бөгде ғаламшарлықтар біздің билікке осындай тәжірибе жасауға көмектеседі деп естіп едім, бұл рас па? (Иә). Олар боп жатқан жағдайды бақылап отыр ма?

К.: Бөгде ғаламшарлықтар бұл үдерісті бақылап отыр. Олар адамзат өз-өзінің түбіне жетпеуін қадағалайды.


Д.: Олар бұл тәжірибелер немен тынатынын біледі ғой?

К.: Иә.


Д.: Біздің ғалымдар оларды тыңдар ма екен?

К.: Сіздің ғалымдарға шектен шықпау керек дегенді ұғындыратын тәсіліміз бар.


Д.: Мұндай тәжірибелер құпия жерде жасалатын шығар?

К.: Иә. Ғаламшардың әр бұрышында. Қалай болғанда да, бұл жағдай Жерге зиянын тигізбеуді қадағалап отырамыз.


Д.: Бұл тәжірибелер ғалымдардың уысынан шығып кетуі ықтимал ма?

К.: Әбден мүмкін. Бұл ғаламшарда таңдау жасау еркіндігі бар. (Ол өзін ыңғайсыз сезінгендей).

Д.: Жақсы, маған артық ақпарат алуға болатын сәтті айтып отырарсыздар, мен бұл қолдауларыңызды бағалаймын. Атлантидаға қайтып оралайықшы. Ол күйрегеннен кейін не болғанын айтып бере аласыздар ма? Оны судың астына жібергеннен кейін қандай оқиға болды?

К.: Бүгін ол туралы айта алмаймын.


Д.: Неге?

К.: Ол кезде болған жағдайды бүгін айтуға болмайды. Келешекте бұл ақпаратты білетін күн туар.


Д.: Жақсы. Күйрегеннен кейін аман қалғандар болды ма?

К.: Ол кезде көптеген тіршілік жойылды. Жер ғаламшары тіршілікке қайтадан мұқтаж болды.

Д.: Жерге тіршілікті сырттан әкеледі дегенге сенемін. Бұл мені таң қалдырмайды. Мендегі теориямен бөліскім келеді. Сіз не солай, не олай емес деп айтыңыз. Мен үнемі кей адамдардың аман қалғанын ойлаймын, солар әлгі алып монументтер орналасқан әлемнің әр бұрышына, Мысыр мен Перуге қоныстанғандай. Бәлкім, солар кей білімді сақтап қалған шығар? Мысалы, тастан түйін түюді? Солай ма?

К.: Атлантида кезінде біз Жердің тұрғындарымен тілдесіп тұрдық. Атлантиданың тұрғындары басқа жұлдызды жүйеге ұшып барып келетін. Сол басқа жұлдызды жүйелерге ұшып кеткен атланттардың бірі қазіргі Мысырдың орнына тіршілік алып келді, қоныстанды. Басқа жерлерге де сөйтті. Осылайшы Атлантида туралы білім мен естеліктер сақталды. Түрлі аңыздар туып, тарады. Себебі, басқа жұлдыздарға ұшып кеткен Атлантидалықтар адам қалпында оралып, ғаламшарға тіршілікті қайта алып келді.

Д.: Олар толыққанды адам болып оралды ма? (Иә). Менің білуімше, алғашқы өмір жасуша деңгейінен бастап эволюцияға ұшыраған.

К.: Иә. Бірақ бұл жолы бәрі басқаша болды. Бұл тіршілік иелері Атлантидадан шығып, алыс жұлдыздарға демалуға кеткен. Атлантида Жер бетінен жойылып кеткенде, басқа жерлер пайда болды. Олар ғаламшарға оралып, жаңа тіршілікті бастады. Басқа жұлдызды жүйеден көбісі қайтып келді, олар Жердегі өмірді қалыпқа келтіруге тырысты. Себебі, ғаламшар аяқ астынан, лезде әрі түгі қалмай жойылып кеткен. Бар айтарым осы. Бәлкім, келесі жолы кеңес рұқсат етсе, бұдан да артығымен айтармыз.



Клараның жұлдызды жүйелерге кеткен, апаттан соң қайтып оралған адамдар туралы айтқаны бұрынырақ алған ақпаратыма ұқсады. Осы кітапта ары қарай соны жалғастырамын. Мұқтаждық туған сәтте адамзатты эвакуация жасау жоспары болуы әбден мүмкін.

Шамасы бұрын солай болған болуы ықтимал, тарих қайталанып жатыр. Бөгде ғаламшарлықтар адамзаттың құрып кетуіне жол бермейміз деп әрдайым айтып келеді. Бұл дамуға тым көп уақыт пен қуат жұмсалған. Егер оларды тыңдамасақ, олар бәрібір бізге көмектеседі. Клараның Атлантиданың күйреуі туралы ақпарат бере алмағанына ренжімедім. Мен ол ақпаратты басқа клиенттерден алдым. Осы кітапты жазғанға дейін бұл ақпаратты көп жыл сақтап келем. Сол кезде барып маған қажет ақпараттың бәрі қолымда бар екенін байқадым. Жылдар бойы ақпаратты тамтұмдап беріп отырған еді. Осынау ұлы өркениет зерде күшін шектен тыс қолданып, адам тегіне тәжірибе жасап, Ғаламның адамгершілік құрылымын бұзғаны үшін күйреуге тиіс болғанын білеміз. Алайда Атлантиданы басқан топан судың шығу себебі әлдеқайда күрделі болар деп күдіктенуші едім. Бұл ақпаратты рухани әлемдегі үлкен Кітапхананың кітапханашылары берді.

Долорес: Атлантида туралы ақпараттарды тағы да қарастыра аламыз ба? Мен оның күйреуі туралы білгім келеді. Өткен жолы ол бізге Атлантиданың күйреуіне себепші болған бірнеше жайтты айтып беріп еді. Зерде күшін қолданудың шектен шыққаны туралы. Жалпы күйреудің қалай болғанын айтып берсең? Ол саған осыған байланысты бірдеңе көрсете ала ма?

Джон: Иә, ол маған жердегі терең сызаттарды көрсетіп жатыр. Оның бәрі кристалды қолданғаннан болыпты. Олар кристалдың қуаты арқылы жердің түбіне күн сәулесін өткізбекші болған. Бұл жер қыртысына күш түсіреді. Жердің ортасындағы ядроға жетпекші болады. Бұл қысымды көтеріп, құрлықты жоюға себепші болды. Олар ядроға қарай жерді бұрғылады, содан ядро жарылып кетті.


Д.: Мұны не үшін істеді?

Дж.: Олар жаңа қуат көзін іздеді. Оларға Күннің қуаты аздық етті.


Д.: Олар Күн қуатын кристалдарында қолданды. Олар ядроға қарай жерді қалай бұрғылады?

Дж.: Қарқынды түрде зейін қойды, зерденің күшін қолданды.

Д.: Зерделері қатты дамып кеткен сияқты. (Иә). Содан соң не болды? Кристалдардың көмегімен жерге сызат жасады деп ең, оған зерденің күші қосылды ма?

Дж.: Бұл нәрсеге кометалар қатысты.


Д.: Кометаның қандай қатысы барын біле ме?

Дж.: Жоқ. Ол маған осы жағдайдан хабар беру үшін аспанда кометалар ұшқанын көрсетіп жатыр. Ғалымдар ядроға жететін жерді бұрғылап болды. Бұл ядроның өзінде үлкен қысым туғызды. Бұл жердегі құрлықтарға ғана емес, басқа ғаламшарларға да әсер етті.



Д.: Біздің Күн жүйесіндегі ғаламшарларды айтасың ба?

Дж.: Иә. Себебі, бұл жарылыс алапат қуатты сыртқа тепті, сондықтан Атлантида суға батып кетті.


Д.: Олар өздері түсінбейтін нәрсемен ойнаған болды ғой?

Дж.: Ядрода қаншалықты қуат барын білмеді.


Д.: Яғни, кометалардың тікелей қатысы болмады ғой?

Дж.: Жоқ, бірақ жарылыс болғанда олар аспанда ұшып жүрді.


Д.: Содан не болды?

Дж.: Еріп кеткен ядроның массасы сызаттан ағып шығып, жердің осін қозғалтып жіберді. Содан соң Атлантида батып кетті.


Д.: Жанартаудың жарылғанына ұқсай ма?

Дж.: Иә. Бұл жанартаудың жарылуына жалғасты.

Транстан шыққан соң Джон маған пленкада көрсетілмеген тағы бір нәрсені айтты. Ең жарқын естелік соңғы тақырыпқа қатысты болатын әдеті.

Дж.: Олар астрологияны жақсы білген. Осы өнерді жақсы меңгерген. Пайда болған кометалар оларға жердің түбінен қуат көзін іздемеңдер деп белгі берді. Бірақ олар сонда да зерденің күшімен жерді бұрғылай берді. Жердің кіндігіне түсетін скважинаны елестетіп көріңіз. Олар ядроға жеткенде шектен тыс көп қуат сыртқа атылды. Бұл жанартаулардың жарылуына итермеледі. Лава қатты қысымнан жер бетіне шыққаны секілді. Қайнаған лава сыртқа атқылап, төгілгенін елестетіңіз?


Д.: Мен оны жанартау секілді бірдеңе деп ойлап ем, одан да зор болды ғой?

Дж.: О, иә. Одан көп есе қуатты. Олар бұл қуатты ырықтай алмасын түсінбеді.


Д.: Яғни, оны тоқтата алмады?

Дж.: Иә, қуат өте күшті еді. Жанартаудан миллион есе қуатты. Құрлықтың парша-паршасын шығарды. Кітапханашы мұны көңілсіз айтты. Адамдардың осындайды қайталауға ынта оянбаса дейтіндей.

Д.: Машинаның көмегімен бұрғылау туралы әңгіме болған.

Дж.: Иә. Ол мұны айтқысы келмеді. Мен сұрақ қойып жалғастырсам болар еді, бірақ оның жауап айтқысы келмегінін көрдім.

Қосымша ақпаратты Үш Сүмбі ғаламшарына барған Филдың сеанстары кезінде алдық.


Долорес.: Атлантиданың күйреуі кезінде не болғанын көре аласың ба?

Фил.: Мұның анық және анық емес себептері көп. Бірақ сізді негізінен физикалық жағы қызықтыратын секілді. Күйреудің бірнеше қыры болды. Ең ауыры құрлықтағы жер сілкінісі салдарынан жанартаулардың жарылысы болды. Бұл күйреу сол кездегі биліктің кесірінен болды. Адамдар түрлі қуатты қолдану арқылы өз-өздерін жойып жіберетін мүмкіндік алды. Олардың қолында сан алуан қуат болды. Олар соны шектен тыс қолданды. Сондықтан ғаламшардың осы жағында күштердің үйлесімділігі бұзылды.



Д.: Бұл табиғи апат болды ма, әлде бұл күйреуге адамдардың да қатысы болды ма?

Ф.: Негізінен бұл күйреуді білместік пен ақымақтық тудырды. Алайда кей тұста бұл жағдайдың салдары болатынын түсінетін. Дегенмен, осындай әрекеттің соңы немен тынар деген ашкөздіктен бәрін ысырып қойған еді.


Д.: Бірақ сен олар қуатты қолданды, сол қуаттар бір жағынан жер сілкінісін тудырып, содан жанартау атылды деп ең?

Ф.: Солай. Олар кристалдың қуатымен Жердің қуат белдеуін бүлдірердей фокус түсірді. Осыны бейнелеп айтсақ, Жерді ұстап тұрған қуатты құртты. Содан үйлесімділік бұзылып, апат орын алды.


Д.: Осылай боларын өздері де күтпеген дегің келе ме?

Ф.: Салдары ауыр болады деп ескерткендер болды. Алайда шешім қабылдағандардың дені табиғат заңдылықтары мен Құдайдың алдында жауапкершілігімізді білеміз деп өзіне бек сенімді болды. Солардың әрекеті зор апатқа жеткізді.


Д.: Олар ойнауға болмайтын дүниемен ойнаған боп тұр ғой?

Ф.: Дұрысында бұлай ойнамаңдар дегенді істеді.

Д.: Олар салдарын көрді, бұл әрекеттері Атлантиданың күйреуіне әкелді.

Ф.: Солай.

Долорес: Мені мына нәрсе қызықтырып тұр. Егер Атлантида шын мәнінде жерұйық болғаны рас болса, оның адамдары қатты дамып кетсе, неге ол күйреді?

Брэнда: Күтпеген табиғи апат болды. Осы апат бәрін хаосқа айналдырды. Олар қатты дамыған. Бір топ адам билікті уыста ұстағысы келді. Бірақ олар дүниені бүлдіретін қуаттың қайнар көзін жасап үлгермеген еді. Атлантида екі түрлі тектоникалық жер қыртысында орналасқан. Осы екі жер қыртысының арасындағы қысым жер сілкінісін тудырды. Бұл өте қуатты жер сілкінісі болды. Қуатты болғаны сонша, жер қақ айырылды. Жер астындағы магма сыртқа төгілді. Мұны күллі әлем сезді. Екі құрлықтағы күллі ғимарат қирады.

Атлантиданың күл паршасы шықты.

Д.: Мен бір хикаяны естіп едім, бірақ оның қаншалықты шындыққа жанасатынын білмеймін. Бір топ адам билікті уыстан шығармас үшін кристалдарды қолданып, соның кесірінен апат туғызған деген.

Б.: Жер сілкінісін тудыруға әсері болса керек. Олар қолымыздан не келерін тексеріп көрейік денендей, содан іс насырға шапқан секілді.


Д.: Соның салдарынан құрлық судың астына батып кетті ме?

Б.: Ол бірден батып кетпеді. Ол батып кеткен соң әр тұстағы саяз жердің көптігінен қаншама ғасыр бойы кемелер бұл мұхитта жүзе алмады. Кемелер жүзе алмайтындай болды. Жер қыртысы қақ айырылғанда саяздық судың астына кетті де, кемелер емін-еркін жүзе бастады. Сіздердегі теңіз жаңалықтарында бұл туралы айтылды. Бірақ адамдар түсіндіруге келмейтін құбылыс дей салды.