Файл: Долорес Кэннон. Мы лшемді алам. Том Мскеу. Стигмарион баспасы, 2014 352 бет.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 157

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Бұл арқылы ескі карталарды түсіндіруге болады. Теңізшілер алыс қашықтыққа жүзгісі келмеді. Колумбтың кезінде де құбыжықтар мен жоқ боп кеткен кемелер туралы хикаялар айтылатын. Шамасы, Жердің шетінен құлап кеткен кемелер туралы аңыздарға да бұл жайттың қатысы бар-ау. Адамдар кемелердің су асты жартастарына соғылып, батып кетерін білмеді. Олар қайраңға шығып қап, экипаж аштан өлуі ықтимал еді. Саргасс теңізі мен Жоғалған кемелер теңізіндегі аңыздарды осындай жайттармен түсіндіруге болатын секілді.


Д.: Апат болған кезде жердің түбінде қалған адамдар батып кетті ме?

Б.: Жоқ, олар хаоста қалды. Дүние дүр сілкінді. Көше-көшеден лава ақты. Бұл сондай қорқынышты еді. Адамдар мұхитқа қарай жүгірді. Лавадан, сілкінген жерден аулаққа жүзіп кеткісі келді. Кемемен қашқандар батып кетті. Себебі, жер сілкінісі алып толқындарды тудырды, олар құрлықты жан жағынан соққылады. Осы толқындар лава мен жер сілкінісінен аман тұрған құрлықтың қалдығын жуып-шайып, жоқ қып кетті.

2000 жылы Жаңа Орлеанда болған жағдайды айтып өтейін. Менің клиентім өткен шаққа барып, Атлантида деп бір жерді сипаттап берді. Ол сондағы бір топ абыздың бірі болды. Топтың басшысы бас абыз еді. Олар кристалл қолданып, бір топ ғалымға қарсы шығады. Шамасы, сол ғалымдар зердесінің күшін жамандыққа қолданған. Абыздар ғалымдардың кристалл күшімен жасаған әрекеттерін жойғысы келеді. Бірақ көп қиындыққа тап болады. Қолдарындағы бір топ кристалды белгілі бір реттілікпен қойып шығу керек еді. Сонда күші қуаттырақ болады дейді. Бірақ онысы ойлағандай әсер етпеді. Олар кристалдардың орнын ауыстырып тексере берді. Өз зерделерінің күшін қолданады. Бәрібір түк шықпайды. Жағдай қиындай берді. Жерде өте жоғары сейсмикалық жағдай орнады. Құрлық судың астына кететінін білді. Мұны қайдан білді деп сұрап ем, клиентім бұны ғалымдардың әрекеті тудырды деді. Бұл үйлесімділікті бұза берді. Содан сейсмикалық ахуал күрделене берді. Олар Атлантида суға батып кететінін түсінді. Сондықтан құрлықты тастап, басқа жаққа кетпекші болады.

Олар сол тобымен кемеге мініп, құрлықты тастай қашады. Кемелер қандай еді деп сұрадым. Олардың түрі бір қызық деді. Үлкен дөңгелек көпіршікке ұқсайды деді. Әр көпіршікке елу адамнан сыяды екен. Жүзген кезде көпіршіктің жартысы суға батып, мөлдір боп тұрады. Кеменің ішіндегі адамдар кристалдың және өз зердесінің күшімен кемені жүргізді. Олар өз кристалдарын бірге ала кетті. Абыздар кемені мұхитта жүзгізу үшін қуат жасамаққа зейін қояды. Олар Мысыр деп аталатын жерге бармақшы болды. Мысырға жеткенде кристалдың көмегімен өздеріне баспана тұрғызды. Құрлықтың күйі нешік болғанынан хабарсыз қалды. Себебі, тірі қалған ешкімді көрмеді. Бұл жерде жергілікті халық өмір сүріп жатты. Олардың экстрасенсорлы қабілеті дамымаған еді. Абыздар олармен араласпады. Өздерін оқшау ұстады. Өз жұмыстарын жалғастырып, кристалл мен зерде күшін қолдана отырып жаңа өркениетті тудырмақ болды. Дамып кеткен ғылымдарын қолдануды жалғастыруды көздеді.


Бұл мен үшін күйреген құрлықтан аман қап, оның үстіне өз білімін ала кеткендердің тосын хикаясы болды. Олар ескі өркениеттің қателігін қайталамайтындай жаңа өркениет құрмақшы болады. Атлантидадан бас сауғалай қашып, басқа құрлықтарға аяғы жеткен тағы қанша адам болды екен? Біздің ғалымдар бас қатырып жүрген алып монументтердің қайдан шыққанын осылай түсіндіруге болатын шығар. Бастапқы білім бірнеше ұрпақ ауысқан соң тоқырап кеткен сыңайлы. Бұл ықтималдылықты келесі тарауда қарастырып көреміз.

7 ТАРАУ

ПИРАМИДАНЫҢ ҚҰПИЯСЫ

Клиенттерім терең трансқа түскен сайын оларға қоятын сұрақтарым көбейеді. Шексіз ақпарат ағыны мен үшін ашық екенін білгенімде, әуестігім еселенді, өзім елестете алған дүние туралы бәрін білгім келді. Фил ақпаратты Үш Сүмбі ғаламшарынан алатын.

Фил: Ақпарат бұл ғаламшарда жоқ екен. Бірақ ол ақпаратқа ғаламшардағы коммуникациялық жүйе арқылы қосылуға болады.



Долорес: Ақпаратты жинап, өңдейтін орталық секілді ме? Коммуникациялық жүйе басты торап па?

Ф.: Иә, солай десек те болады.


Д.: Мұнда Жердің өткен тарихы туралы жәдігерлер бар ма?

Ф.: Иә. Тарих осында. Тарих ылғи барлық жерде бар. Қазір мен үшін осы жерде бар боп тұр.


Д.: Мысыр пирамидалары қалай соғылғаны туралы теориялар өте көп. Осы жөнінде ақпарат алуға бола ма?

Ф.: Бұл құрылыстарды левитация көмегімен салған. Мұндайды қазіргі таңда Жердің кей өңірінде қайтып ашып жатыр. Тастарды таза зерденің күшімен қозғалтқан. Мұндайды ол заманда да жасау мүмкін еді, қазір де жасауға болады. Ол үшін тек зейін қою керек. Осындайды және тағы да басқа көптеген заттарды істеу үшін бес-жеті адамнан тұратын абыздар тобы үйретілетін. Бұл олардың дайындықтарының іргетасы болды. Білім Атлантидадан келген. Пирамида Атлантиданың сыйлығы.


Д.: Тасты көтерудің жалғыз тәсілі левитация болды ма?

Ф.: Мұндай кезде ән салатын. Бұл олар үшін діни ғұрып еді.

Д.: Кейбір пирамидаларды басқа тәсілмен салған деп естіп едім.

Ф.: Әлемде неше түрлі саудаластық бар. Түрлі құрылыстардың қалай салынғанын білмеген кезде қазіргі өркениетке белгілі тәсілдер туралы теориялар туындаған. Басқа тәсілмен соғылғаны жөніндегі болжамдар жасанды боп кетер еді. Көптеген тәсіл бар, солардың бірнешеуі өте маңызды болды.

Д.: Бір әйел маған оларды бүгінде бетонды құйғандай қалыпқа құятынын айтып еді.

Ф.: Біздің мағлұматтар бойынша, бұл тастарды жердің астынан қазып алып, өңдеп, левитацияның көмегімен орнын ауыстыратын. Алайда бұл ақпаратқа да күмән келтірмейміз. Себебі, бүкіл білімге толық бақылау жүргізбейміз. Ол ақпарат та рас боп шығуы мүмкін. Біздің көргеніміз бойынша, бізге белгілі тастарды басқа жерден қазып алып, өңдеп, сосын телепатиялық түрде тасымалдайтын. Тасымалдау кезінде тасқа абыз ілесіп жүретін. Сосын тасты левитацияның күшімен қажетті жерге көтеретін. Бұл қара жұмыс емес, негізінен менталды жұмыс болды.


Д.: Оларды тасымалдау да левитацияның көмегімен жасалған ғой?

Мен тастардың тасымалын айтып ем, бірақ Фил абыздардың өзін левитация жасау деп түсініп қапты.

Ф.: Абыздар қалыпты тәсілді қолданды. Мысалы, күймеге отыратын. Бірақ тасқа ілесіп жүрді, тасты бақылауда ұстады. Зейінін таста ұстады. Тастарды құрылыс алаңына левитацияның көмегімен жеткізді. Тура сол тәсілмен қажетті құрылыс нүктесіне жеткізілді. Бәрі де левитацияның көмегімен жасалды. Левитация үшін қолданған қуат тастың өзінде болды. Әр таста аздаған қуат болды. Яғни, пирамиданың өн бойында өте ауқымды қуат жинақталған. Тастар кристалл сияқты әрекеттесті. Олар адамның қуатын сақтап қала алды. Одан бөлек көптеген қуатты сақтады.



Д.: Ән салуды айтып қалдың ғой. Олардың рөлі қандай?

Ф.: Бұл қуатты шоғырландырудың физиологиялық көрінісі.

«Иса мен Ессей» кітабымды жазғанда, ессейлердің шектен тыс жұмбақтығынан кей ақпаратты алу қиын болып еді. Дұшпаннан қорғанатын тәсілдері болды ма дегенді білгім келген. Бар білгенім бәрі дыбысқа келіп тірелді, бірақ олар қару-жарақ қолданбаған, себебі мұқтаждықтары болмады. Мен пирамидалардың құрылысы туралы да сұрадым. Жауабына олардың мәдениетінде кең таралған түрлі аңыз бен хикаяларды естідім. Пациент өткен өміріне регрессия жасағанда, сол замандағы адамгершілік құрылымының шегінде қап кетеді. Сондықтан кей клиенттеріме құпиясын ашуға зорлық жасай алмадым.

Бірнеше жылдан соң Құрама Штаттардың басқа жағынан келген әйел басқа клиенттер менталды шектеулердің себебінен айта алмаған бір ақпаратты айтып қалды. Бұл әйел өткен өмірінде Ессей қоғамында өмір сүріпті. Олардың сиқырын зерттеген. Бәрін өте қатаң құпияда сақтайтын. Толық сомнамбулалық трансқа түспегендіктен, ол есін жинай сала кейбір естеліктерін жадысында сақтай алды. Қалыпты санасы бола тұра мұндайды айту өте қиын деді. Себебі денесі тітіркеніп, тамағын қырнады. Бұл шектеулердің қаншалықты терең екенін көрсетті. Ессейлердің құпия сақтауының, ақпаратты қорғауының себебін түсінген. Егер кей дүниені біліп қалса, теріс пиғылда қолдануы әбден мүмкін болған. Бұл үлкен бақытсыздық тудыруы ықтимал деген. Ол өз санасында қап кеткен ақпаратты айтты: «Алқапты көрдім, онда жүз не екі жүз адам отыр. Олар өте үлкен тасты дыбыстың көмегімен көтеріп, қажет жерге тасымалдады. Бұл сиқырлы, киелі, сонысымен қатар жердің дыбысы. Оның өн бойына Ғаламда бар бүкіл дүние бірігіп кеткендей. Дыбысты тек адам дауысы емес, тағы бір аспапты қосып шығарды. (Ол аспаптың қалай аталатынын білмеді, себебі қазіргі өмірде көрген ешбір аспапқа ұқсамады). Ұзынша келген аспап, кейбірі кедір-бұдыр, кейбірі тіп-тік. Ұзақ дыбыс шығарып, біркелкі үндесіп тұр. Жұмыс біткенше дыбыс шығып тұрды. Яғни, осы дыбыс үздіксіз шығу үшін адамдар кезекпе кезек тыныстап отырды. Бұл ғұрыпқа қатысатындар саны нақты мақсатқа байланысты екен. Мақсат неғұрлым күрделі болса, соғұрлым көп адам қатысатын».

«Дыбысты тек левитация үшін қолданбады. Басқа көптеген заттар үшін де қолданды. Зор дыбыс адамды сал ғып, не есінен адастыруы, ашулы етуі, не қоздыруы ықтимал. Дыбыстың көмегімен адамды өлтіріп қоюға да болады. Бірақ Ессейлер ешқашан олай жасамаған. Әдетте адамды сал етсең, сол да жеткілікті боп саналыпты. Олар дыбыстың көмегімен көзге көрінбейтін боп кететін. Бұл обертонмен байланысты болды, объектіде резонанс тудыратын математикалық есепті шығарудың табиғи тәсілі. Оны бір адам істей алатын. Мысалы, әскерді игеру үшін бірнеше адам керек еді».


Бұдан мен бірден Иисус Навин және Иерихон туралы інжілдік хикаяны еске түсірдім. Онда қаланың қабырғасын дыбыстың күшімен құлатқаны айтылады. Дыбыс шынында да мұндай нәрсе жасайтыны белгілі. Мысалы, жоғары жиіліктегі дыбыстар хрусталь стақанды шағып тастай алады. Сап түзеп біркелкі келе жатқан көп әскердің тербелісі көпірді сындыруы ықтимал. Осындай мықты қару неге кейінгі заманда қолданылмағанын білгім келді. Римдіктер Кумранды алып, Ессейлерді тұтқындап, азаптағанда. Кумран қолжазбалары немесе Өлі теңіздің жәдігерлерін үңгірлерге тыққан заман ғой. Бәлкім, дәуірді аяқтау қажеттілігін білген болар? Бәлкім, бұл тәсілді қолдануды ұмытып қалды, әлде оларға үйретпеді ме? Біз бұны ешқашан біле алмайтын сияқтымыз. Қалай болғанда да, ежелгі заман адамдары дыбыстың көмегімен левитация жасауды жақсы білген. Бірақ ақырында бұл білім өшкен. Мен пирамидалар туралы сұрақтарымды жалғастырдым.


Д.: Олардың бәрі бір тәсілмен соғылған ба?

Ф.: Пирамида тұрғызудың тәсілдері күн өткен сайын күрделене берді. Айтып түсіндірудің өзі қиын. Кедір-бұдырдан жіңішкеге дейін даму жолы болды. Бәрі де абыздардың бір-бірімен сәйкесуіне тәуелді болды. Бұл жай адамның қолынан келетін іс емес еді. Көп жылдық үйрену мен зейін қоюды тиянақтауға тірелді. Мұндай іс тек ат төбеліндей таңдаулылардың қолынан келетін.


Д.: Қазіргі заман адамдары левитацияны үйрене ала ма?

Ф.: Иә. Алайда бұл білімді игеретіндерге қатысты физиологиялық, психикалық, эмоционалды шектеулер бар. Бәрі адамның өз қолында. Шынымен қалай ма, дайын болса, лайықты білімді игеруге күш салсын.


Д.: Фил, адамдар айтатын пирамидалардың бір түрлі қуаттары туралы не айтар ең?

Ф.: Бұл адам тәнінде тоғысатын қарапайым қуат. Адам тәніне фокус жасай алмайтын қуат бар. Бірақ ондай қуат пирамидада жоқ. Пирамиданы салған адамдар қуатты өз бойынан өткізген жоқ. Пирамидада ерекше қуат бар, оны адам қабылдай алады. Материалды соған фокусын түсірген кез келген адам қуаттай алады. Кристалмен жұмыс істейтіндер мұны жақсы білген. Тура сол принцип мұнда да бар.


Д.: Пирамидаға не перғауын мазарына кірген адамды қарғыс атады, адам өліп кетеді деп оқып едім. Бұл рас па?