Файл: Долорес Кэннон. Мы лшемді алам. Том Мскеу. Стигмарион баспасы, 2014 352 бет.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 151

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Д.: Топтың зердесі бір адамның зердесінен күштірек боп тұр ма?

К.: Анағұрлым күштірек. Топтың қол жеткізгісі келетін ортақ мүддесі барда ол үнемі күшті.

Д.: Мен үнемі бұны левитацияның көмегімен жасады деп ойлаушы ем.

К.: Сіз мұны левитация деп атасаңыз да болады. Сіздің ой левитацияланды немесе сіз: «Жақсы, менің ойым мына тасты өңдейді, мен оны жасаймын» дей аласыз. Бұл жақсы балама. Сіздердің сызықтық ойлау жүйесінде мұны левитация деп те атауға болады.

Д.: Маған левитацияны дыбыстың көмегімен де жасауға болады деп еді.

К.: Ол да мүмкін. Бірақ ой дыбыстан жылдам. Ой жарықтан да жылдам.


Д.: Сеніңше, адамдар өз зердесін қолдануды ұмытып қалған соң дыбысты қолданды ма?

К.: Иә, иә. Адамдар даралығына мән бергені сонша, күнделікті жұмысына қатты беріліп кетті де, ұжымнан қол үзіп қалды. Қайнар көзден қол үзіп қалды. Болмыстан қол үзіп қалды. Табиғаттан қол үзіп, дербестенді, дараланып кетті. Олар қайнар көзден бөлініп кетті. Бөліне сап өз ойларын қалай қолданғанын ұмыта бастады. Сондықтан олар басқа тәсілдерді қарастырды.


Д.: Яғни, олар кейінгі замандарда дыбысты қолданды?

К.: О, иә.


Д.: Пирамиданы топпен ойлау арқылы тұрғызғандар адамзат баласы болды ма?

К.: О, әрине. Олар өте дамыған адамзат баласы болды.


Д.: Атлантиданың күйреуінен кейін аман қалғандар ма?

К.: Жерге жұлдыздардан оралғандар.


Д.: Олар Мысыр, Перу, Мексикада өмір сүрді ме?

К.: Бастапқы кезде, иә. Сосын жаңа жерлерді ашты, жаңа ғаламшар, жаңа әлемдерді таныды. Осылай саяхаттап жүріп, жаңа тайпаларды құрды. Басында жеке-дара саяхаттамайтын. Олар топ боп жүрді. Себебі, бейтаныс жердегі жабайылардан, басқа қауіптен сақтану керек еді.

Д.: О баста олардың осы білімі болды. (Иә). Бірақ оларға мұндай ірі монументті тұрғызу үшін бәрібір топтық зерде қажет еді. (Иә). Үлкен пирамида не мақсатпен тұрғызылғанын айтып бере аласың ба?

К.: Ол Жер туралы бүкіл білімді сақтап тұратын қойма. Үлкен пирамидада Жердің бүкіл құпиясы мен жаратылысы жөніндегі білімнің кілті бар.


Д.: Үш Сүмбі ғаламшарындағы білім қоймасы сияқты болуы керек пе еді?

К.: Неге болуы керек еді? Ол қазір де сондай білім қоймасы.

Д.: Көп адам оның құпиясы ірі өлшемі мен орналасу жерінде деп есептейді.

К.: Ол да рас. Бірақ мұнымен шектелмейді. Қазіргі адамдар зердесінің тұтас әлеуетін қолдануды ұмытып қалған. Олар қолда бар нығметтің титтей бөлігін ғана қолданып жүр. Адам ешбір шектеу жоқ дегенге жүрегін ашып, қабылдауды үйренуі керек. Адам кеңістік пен уақыттың шегінен асып кете алады. Қалағанын біле алады. Келешекте алатын ақпаратыңыз көбейеді. Себебі, қазір пирамида қуаты белсенді болып, жерде жаңа өзгерістер жүре бастайды.



Д.: Адамдар пирамидадағы білімді қалай ала алады?

К.: Қазір адамдар бұған дайын емес. Олар әлі де жүрегін ашпады, пирамиданы тек мазар деп есептейді. Пирамидада Ғалам мен оның жаратылуы, Жер мен жұлдыздар, күллі Ғалам туралы ақпарат сақталуы мүмкін дегенге әлі илікпеді.

Брэнда: Пирамиданы салған адамдардың мәдениеті Атлантидамен байланысты болды. Тастан тұрғызылған құрылыстар солардың ғылымдарының бір бөлігі еді. Атлантида күйреген соң тастан тұрғызылған құрылыстар өз қызметін орындай алмай қалды. Себебі, көбісі құрлықпен бірге қирап қалды.


Долорес: Олардың басты қызметі не еді?

Б.: Мен мағынасын ұқсата алған концепция – бұл компьютерлер. Олардың компьютерлері бір-бірімен байланысты болды, астрономиялық есептеулерді жүргізу үшін қолданылды. Одан бөлек, ғарыштың қуатын, жердің ауырлық күші сияқты қуаттарын қолданды. Әр түрлі мақсатта қолдануға болатын күрделі құрылғылар еді. Бірақ бұл концепцияның басым бөлігін сіздердің тілге аудару мүмкін емес. Себебі, сіздердің өркениет ондайға әлі жетпеді.

Д.: Пирамиданың құпиясы соның ішінде сақтаулы деп еді. Цифрлар мен өлшемдерде.

Б.: Солай. Пирамидалар — әсіресе, мысырлық үш ірі пирамида — өте тиянақты дәлдікпен салынған. Олардың арақашықтығы, басқа параметрлері, бірінің төбесінен екіншісінің төбесіне дейінгі қашықтық мейлінше дәлдікпен ойластырылып, салынған. Пирамидаларда сол өркениетте болған барлық математикалық формулалар кіріктірілген. Сол формулалардың көбісі сіздердің өркениетке әлі беймәлім. Кейбірін пирамидалардан білетін боласыздар. Бірақ соны бірден ұғына қоймайсыздар. Қалай қолдануын таппайсыздар. Оларды тауып алудың өзі ғажайып болып көрінеді. Пирамидаларда сол өркениеттің тұтас ғылымы сақтаулы.


Д.: Олар қандай қуат көзін қолданғаны белгілі ме? Олар Атлантида су астына кеткен соң дұрыс қызмет ете алмады деп едің ғой?

Б.: Қуат көзі Жердің өзі болды. Бірақ олардың дұрыс қызмет ете алмауы Жер қуатына қатысты тепе-теңдік бұзылғандықтан еді.

Д.: Бізге пирамидалар мысырлық перғауындардың мазары дейтін.

Б.: Өркениет пирамиданың қажеттілігі туралы білімді жоғалтып алғанда адамдар оны перғауынның мазары деп ойлады. Осы хикаяны бірнеше ғасырдан бері айтып келеді. Пирамида және арнайы платформада тасты көтеріп жатқан құлдардың суреттері мен иероглифтер табылған. Сол суреттер салынған кезде пирамидалар өте көне болған болуы керек. Сондықтан бұл адамдардың пирамида қалай салынғаны жөніндегі өз болжамдары болған-ау. Пирамида ол заманда да қазіргідей жұмбақ болған секілді.




Д.: Пирамиданың ішінен ешбір дене табылмады ма?

Б.: Оның ішіне ешқашан ешкімді көмбеген.


Д.: Онда пирамиданың ішіндегі бөлмелер не үшін қажет болған?

Б.: Оның сағана болудан әлдеқайда күрделі мақсаты бар. Кейбірі арнаулы қуатпен манипуляция жасайтын орын ретінде қолданылды. Бірақ көп бөлмесі арнайы өлшеммен салынды. Олардың өлшемі мен пропорциясы неғұрлым көбірек математикалық формулалар жазылатындай етіп салынған.


Д.: Мұндай ірі тастардан қалай тұрғызылған?

Б.: Бір шетінен Жердің күшіне манипуляция жасалды, бір шетінен тасты сұйықтыққа айналдыру арқылы жасалды. Бұл сізге айтылған.


Д.: Олар Атлантида да қолданылған тәсілдерді пайдаланған. (Иә). Біреу маған олар музыканы қолданған деп еді?

Б.: Қуатты қадағалаудың бір тәсілі музыканы қолдану болғаны рас.

Менің кейбір клиенттерім өткен өміріне өткен шақта пирамидалар туралы ақпарат алатын. Стивпен сеансты 2000 жылы Жаңа Орлеанда өткіздік. Содан бірнеше ай бұрын Стив Мысырдағы Үлкен пирамидаға барғанда тосын жайт болғаныны айтты. Сеанс кезінде ол зерттегісі келген тақырыптың бірі осы болды. Стив Мысырға баруды жоспарламаған, пирамиданы көруді армандамапты. Бірақ әйелі екеуі Швейцариядағы туыстарына қонаққа келгенде, туыстары тосын сый жасайды. Олар Стив пен әйеліне Мысырға жолдама сыйлайды. Стив барғысы келмейді. Бірақ таңдау жасарлық шамасы болмапты. Бір қызығы, Мысырда тамаша тосын жайт болады. Мысырлықтар шетелдіктерді қатты талғайды. Пирамидаға күніне тек 300 адам кіргізеді. Жолбасшылары билет алғанша, Стив әйелі мен туыстарынан бөлініп кетеді. Ол Гиза алабында, көпшіліктің арасынан пирамидаға бірге баратын топтастарын іздейді. Мұнда жүздеген адам жүреді, автобустардың қарасы да көп. Бәрі жыпырлап жатты. Сөйтіп, пирамидаға жақындағанда бір нәрсе болды. Құдды уақыт кері айналып кеткендей. Ол әлгі Гиза алабында жалғыз қап кетіпті. Адамдар мен автобустар жоқ боп кетеді. Оның тынысы сол қалпы. Айналасына қарайды. Ешкім жоқ. Пирамидаларға қарағанда, бір қызық сезімді бастан кешеді. Үйге қайтып келгендей сезім. Бұл жер оның үйі екен. Тамаша сезім. Ол пирамидаларға қараған күйі сезімге бой алдырады. Әп-сәтте бәрі өз орнына келеді де, ол алға қарай жүріп бара жатады. Дым болмағандай. Тек дыбыстар қайтып келгенде, құлағы аздап шуылдайды. Адамдар мен автобустар қоршап тұр екен. Әйелі көпшіліктің ортасынан тауып алғанда, ол жылап тұрған. Ол таң қалады. Олар пирамидаға кіреді. Стивке экскурсия қатты ұнайды. Бірақ бағанағы бір сәтті есінен шығара алмайды. Бір сәтке уақыт тоқтап қалғандай болады. Айналасы өзгеріп, бұрынғыдай бола кетті. Стив терең трансқа түскенде ол стандартты регрессияны өтті. Оның сұрағына жауап алу үшін түпсанасымен сөйлесе бастадым.



Долорес: Стив Мысырға кеп, пирамидаларды көргенде, қызық жағдайды бастан кешеді. Ол не болғанын білгісі келеді?

Стив: Бұл сый еді. Жан тыныштығын сезінетін жерге барды. Шын қуанышты сезінді.

Д.: Сонда барғанына қуанды ма? (Иә). Бұл не жағдай? Оның айтуынша, бір қызық жағдай.

С.: Жаны шаттанды. Сол шаттығын көрсеткісі келді. Бұл оған арналған сый.

Д.: Оның айтуынша, бәрі жоқ боп кетті.

С.: Сөйтті.


Д.: Бірнеше секунд басқа жерге кетіп қалды ма?

С.: Жарым жартылай. Саналы түрде – жоқ. Олар жоқ боп кетті. Бұл оған жаңа күш беруі керек еді.


Д.: Неге оның жаны пирамиданың қасына келгенде шаттанды?

С.: Оның өткен өміріне қатысты. Ол пирамиданың құрылысына қатысқан.


Д.: Ол құрылыста нақты не істеді?

С.: Кесектерді бөлетін.


Д.: Оны қалай істеді?

С.: Түрлі тәсілмен. Солардың біріне қатысы болды. Әр тас өзіне белгіленген орынға тұруы керек еді. Бұл өте күрделі ғылым болды.


Д.: Тастар бірінің үстіне бірі әдемі қатталып тұруы керек болды, солай ма? (Иә). Мұны құралдардың көмегімен жасады ма?

С.: Кей дүниесін құралдардың көмегімен. Кейбірін зерденің күшімен.


Д.: Зерденің күшімен қалай жасаушы еді?

С.: Мидың толқынын тастың тербелісіне сәйкестендіретін.


Д.: Синхрон жасаушы ма еді?

С.: Иә, дыбыс пен ойдың күшімен.


Д.: Ол мұндайды бір өзі жасады ма, әлде басқа адамдар көмектесті ме?

С.: Ол мұндайды өте дамып кеткен адамдармен бірігіп жасады. Олар өз тәсілдерін қолданып, құрылыс жүргізді.


Д.: Сол өңірді мекендейтін адамдар ма?

С.: Иә, олар сол жерді мекендейтін. Сонда көшіп барған.


Д.: Олар дыбысты да қолданады дедің ғой?

С.: Иә. Тас кесектердің молекулярлық құрылымымен үйлесетін жоғары жиіліктегі дыбыс. Бұл дыбыс тасқа кез келген қажетті пішінді беретін.


Д.: Бұл дыбысты әлдененің көмегімен шығаратын ба еді?

С.: Кейде – иә.

Мен музыкалық аспап туралы ойлағанмын.

С.: Бұл камертонға ұқсайтын зат. Бұл іске зердені де қатыстыратын. Зердесіз түк бітпейді.


Д.: Олар осы дыбысты шығаратын құралды көріп тұрсың ба?

С.: Ол ұзыншақ құрал, сырты жылтырап тұр. Тістері көп. (Бір нәрсені зерттеп тұрғандай). Олар құралды тастарға тигізетін.


Д.: Құрал қаншалықты үлкен?

С.: Жоқ, кішкентай, сопақша.


Д.: Құралды тасқа тигізгенде не болады?

С.: Кейде тастар жердің бетіне көтерілетін, кейде бөлінетін. Өте қуатты құрал екен.


Д.: Тастарға тигізгенде дыбыс шығарды ма?


С.: Иә. Кейде дыбысын әрең естуге болады.

Д.: Бір адам құралды тасқа тигізгенде, басқалары зерделерін іске қосатын.

С.: Иә, солай.


Д.: Осылайша олар қуатты үдетті ме? (Иә). Бұл қатты дамып кеткен адамдар көшіп келген дедің. Қайдан келген?

С.: Білмеймін.


Д.: Бірақ олар мұны басқаларға үйрете алды ғой?

С.: Иә. Бірақ ол үшін өз ойыңды қадағалап үйрену керек. Елдің бәрі мұндаймен шұғылдана алмайды. Бәрі істесе, қауіпті боп кетер еді.


Д.: Неге?

С.: Бұдан адам өліп кетеді. Тербелістің жиілігі адамның молекулярлық құрылымына әсер етуі мүмкін. Адам өзін содан қорғай алуы тиіс.


Д.: Оны сыртқа шығарып үйрену керек пе? Әйтпесе, рикошетпен өзіңе тие ме?

С.: Солай десе де болады.


Д.: Яғни, мұндай қуатпен тек зердесі таза адамдар шұғылданды ма?

С.: Иә.


Д.: Бұдан түйеріміз, мұндаймен шұғылданған әр адамның зердесі таза болуы тиіс болды ғой?

С.: Иә, мұндаймен көп адам шұғылдана алмайтын.

Д.: Жұмысшылар көп болса, солардың зердесін қосып жұмыс істеуге болар ма еді? (Жоқ). Мұндайды тек зердесін басқара алатын адамдар ғана істеуі керек болды ма? (Иә). Бұл құрал қуатты тасқа бағыттауға көмектесті ғой?

С.: Иә.


Д.: Олар бұл құралды көшіп келген жағынан алып келді ме?

С.: Иә.


Д.: Сол себепті Стив мұнда келгенде шаттанған екен ғой?

С.: Иә. Бұл оған арналған сый еді. Оған күш беретін сый. Ол өткен өмірінде өте маңызды нәрселер жасаған. Ол қазір де соны жасай алады. Себебі, оның зерде күшінде шектеу жоқ. Ол өмірінде не істегісі келсе, соны істей алады, тек арнаулы пәндерді үйреніп шығуы тиіс.

Стив көрген аспаптың ұзындығы шамамен отыз сантиметр еді. Ол айнадай жарқырап тұрған металдан жасалған. Жіңішке тістері бар, ал қолмен ұстайтын жеріне кристалл қондырылған. 2000 жылы менің бір клиентім өткен өміріне өтіп, Мысырда ер адам ретінде басқарушы болып жүргенін көреді. Ол шөл даладағы қаланың шетінде үлкен бір құрылысты басқарып тұрды. Өте сәнді киінген. Аяғына алтын бау тағылған сандал киген. Алтын күннің шұғыласы шашылғандай етіп жасалған алтын алқа таққан. Алқа өте ауыр еді. Бірақ ол оны тағуға дағдыланып кеткен. Басына алтын дулыға киген. Дулығасын тотықұстың қанатындай қанаттармен әшекейлеген. Дулыға ауыр әрі ыңғайсыз еді. Себебі күн ыстық. Құрылыстың тым баяу жүріп жатқанына наразы боп тұрды. Құрылыстың ұзаққа созылғаны сонша, елдің бәрі одан шаршап кеткенін айтты. Құрылыстың сұлбасы пирамидаға ұқсайды. Бірақ оны теңестіру қисық кетіпті. Әмірші бұған дейін екі пирамида соққанын айтты. Оның бірі аяқталып қалған. Содан кейін тағы біреуінің құрылысын бастаған. Ел тоқтамайтын құрылыстан әбден зәрезап болған.